Сарыкөл ауылы №47 негізгі мектебі
Тақырыбы: «Ең кіші ортақ еселік»
Орындаған: Қарқын Слида
2013-2014ж
Күні :
Математика 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: 2.8. Ең кіші ортақ еселік
Сабақтың мақсаты:
Ең кіші ортақ еселік туралы түсінік беру , ең кіші ортақ еселігін таба білуге үйрету .
Оқушылардың логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру.Белсенділіктерін арттыру , оқушылардың пәнге деген қызығушылығын дамыту.Оқушының ауызша сұрақтарға тез жауап беру қабілеттерін дамыту.
Оқуға саналы сезімге ,жауапкершілікке өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу.Тез ойлап , тез қорытуға және сөйлеу мәнеріне тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы
Сабақтың әдісі: баяндау ,әңгімелесе отырып түсіндіру,есептер шығару , сұрақ –жауап.
Сабақтың көрнекілігі: Сабаққа қатысты сызбалар , тірек схемалары , дидактикалық тапсырмалар . перфокартаға жазылған түрде беріледі.
Сабақтың өту жоспары:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Ой қозғау – үй тапсырмасын тексеру.
III. Ой толғау – жаңа сабақты өту.
IV. Ой түйін – есептер шығару.
V. Бағалау, қорытындылау.
VI. Үйге тапсырма беру
Сабақтың барысы
Еске түсіру сұрақтары :
1.Жай сан және құрама сан деген не?
2.Құрама санды жай көбейткіштерге жіктеу деген не?
3.Ең үлкен ортақ бөлгішті қалай табамыз?
4.Қандай сандарды өзара жай сандар дейміз?
4 санына еселік сандар : 4,8,16,24,28,32,36,4,...
6 санына еселік сандар : 6,12,18,24,30,36,42 ...
Екеуіне де еселік болатын сандар : 12,24,36 , ...
ЕКОЕ(4,6 )= 12
Анықтама: Берілген натурал сандардың әрқайсысына еселік болатын ең кіші натурал санды , сол сандардың ең кіші ортақ еселігі деп атайды.
Ең кіші ортақ еселікті табу жолдары :
Мысал ; ЕКОЕ(56,60)=840
2-тәсіл.
Берілген сандардың ең үлкенінің еселіктерін іріктей отырып , осы сандардың ең кіші ортақ еселігін табу.
Мысалы : 16 және12 сандарының ең кіші ортақ еселігін табайық.
Берілген сандардың ең үлкені-16 саны.
16 санының еселіктері: 16,32,48,64,80,96,… осы еселіктердің ішінде 12-ге бөлінетіні 48,96 сандарының ең кішісі-48 саны. Онда 48 саны -16 және12 сандарының ең кіші ортақ еселігі:
ЕКОЕ(16,12)=48.
Жай сандардың ең кіші ортақ еселігі , осы сандардың көбейтіндісіне тең.
Мысалы : 6 және 35 өзара жай сандарының ең кіші ортақ еселігін табайық:
6=2·3; 35=5·7;
ЕКОЕ:(6,35)=2·3··5·7=6·35=120;
Қысқаша: ЕКОЕ(6,35)=120.
Егер берілген сандардың біреуі қалғандарына бөлінетін болса, онда сол сан берілген сандардың ең кіші ортақ еселігі болады.
Мысалы : ЕКОЕ(57,19)=57
ЕКОЕ(8,16,32)=32
Ой түйін – Есептер шығару.
Кітаппен жұмыс
№ 308
№ 309(1,3,5)
№ 310
Үйге тапсырма
§2.8. ереже жаттау
№309(2,4,6)
№311
7.Бағалау: