Математика факультатив 5-сынып
Сабақтың тақырыбы: 2-ге және 5-ке бөлінгіштік белгісі
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділігі: Оқушыларға 2-ге және 5-ке бөлінгіштік белгісін үйрету.
2.Дамытушылығы: Оқушылардың білім және білік дағдысын дамыту, өз бетінше есеп шығару, іздену, шығармашылықпен еңбек ету қабілеттерін дамыту.
3.Тәрбиелілігі: Оқушыларды шапшаңдыққа, сұрақтарға нақты жауап беруге, алған білімдерін практикамен ұштастыруға, өз білімін көрсете алатын қасиеттерін ашуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері:
І кезеңде – сұрақ- жауап;
ІІ кезеңде –а) оқулықпен өз бетімен іздену әдісі;
б) ой бөлісу
в) практикада бекіту әдісі.
Ш кезеңде –үш деңгейлік тапсырмаларды өз бетімен біртіндеп орындату арқылы бағалау әдістері.
Сабақтың өту барысы:
І кезеңде – а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру.
Сыныпты рухтандыру (көшбасшының сөздері)
Көбейту кестесін саусақпен есептеу.
Сұрақ- жауап арқылы теорияны қайталау.
1. Қандай сандарды натурал сандар деп атайды?
2. Ең кіші натурал санды ата.
3. Санды немен жазамыз?
4. Қанша араб цифры бар?
5. Жұп сандар дегеніміз не?
6. Тақ сандар дегеніміз не?
7. Құрама сандар дегеніміз не?
8. Жай сандар деп қандай сандарды айтады?
9. Санды және әріпті өрнектер дегеніміз не?
Математикалық диктант:
148,225,256,540,561,785,845,924,1010 сандарының ішінен
1) 2-ге бөлінетін;
2) 5-ке бөлінетін;
3) 2-ге және 5-ке бөлінетін сандарды жазыңдар.
« Түн мен Күн»
ІІ кезеңде- а)Жылдамдыққа есеп шығару: (801 - 819 : 13) ∙ 37 : 9 // (5 оқушы + 30 сек)
63 2) 738, 3) 27306, 4) 3034
Анықтаймыз: жылдамдық, зейін, есеп, шешу.
б)Есту және ойлау қабілеттерін байқау: Есептің шарты 1 рет қана оқылады.
- Бір қалам 125 теңге тұрады. Осындай 56 қалам сатып алу үшін қанша теңге төлеу керек?(7000тг)
-Тіктөртбұрыштың ұзындығы 28 см, ал ені 25 см. Тіктөртбұрыштың ауданын тап. (700см2)
- 143 саны 13-ке бөліне ме? Неге? (143 = 130+13)
-27306 саны 9-ға бөліне ме? Неге? (2+7+3+6 =18, 18/3)
Сергіту сәті. Би «Қай қала?» интерактивті тақтада көрсетілген қимылды қайталау.
в)Ауызша есептеу (слайд 1,2,3) 11-дің көбейту кестесі және 125-тің көбейту кестесі
ІІІ кезеңде- а)Жылдамдыққа есеп шығару:
А) 36 ∙ 25 - 43 ∙11 +125∙ 48 // (5+ 30 сек)
1)900 2)473 3) 6000 4) 427 5)6427
Б) 3000 : (210 –х) = 125 (186)
Анықтаймыз: жылдамдық, зейін, есеп, шешу.
ІY кезеңде- Бос орынды толтыр. (слайд)
Оқушылар кезекпен шығып толтырады;
Қатемен жұмыс жасалынады.
« Тік бұрыш, сүйір бұрыш, доғал бұрышты» оқушылар қимылмен көрсетеді»
Y кезеңде- Бағалау. «Кім қай жерде?»