Конспект на тему Бірмүше (7 класс)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сынып: 7

Сабақтың тақырыбы: Бірмүше. Бірмүшенің стандарт түрі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Бірмүше туралы жалпы мәлімет беру.

Дамытушылық: Оқушылардың есеп шығару қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Жан-жақты болуға, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, тез шешім

қабылдай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Көрнекі құралдар: Интерактивті тақта, ұпайларын санайтын фишкалар.

Сабақ әдісі: сұрақ – жауап, Ж.Қараевтың деңгейлеп – саралап оқыту технологиясы.



Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру.

1.Оқушылармен сәлемдесу;

2.Оқушыларды түгендеу.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

Тест тапсырмасын орындау.

III.Жаңа сабақ.

Осы кезге дейін қолданылған санды және әріпті өрнектер алгебралық өрнектер деп аталады.

Мысалы: 5, 0, x, 1, 2/3 өрнектері – алгебралық өрнектер.

Санды өрнектер дегеніміз – сандардан тұратын өрнекті айтамыз. Ал әріпті өрнек дегеніміз – құрамында әріпі бар өрнекті айтамыз.

Мысалы: 15a, -2b, т.б.

Әріпті өрнектер санды өрнектер сияқты белгілі бір ереже бойынша жазылады. Мысалы, көбейтіндідегі сан әріпті көбейткіштің алдына жазылады және олардың арасына көбейту белгісі қойылмайды. b·25 немесе 25·b өрнектерінің орнына 25b.

Әріпті көбейткіштердің арасынада көбейту таңбасы қойылмайды.

Мысалы: а·у·z өрнегінің орнына ayz.

Құрамында әріптері бар бөлінді бөлшек сызығы арқылы жазылады.

Әріптерді санмен алмастыру әріпті өрнектің негізгі қасиеті болып саналады.

Алгебрада бүтін алгебралық және бөлшек алгебралық өрнектер бар. Егер өрнектің бөлімінде айнымалы болмаса, ондай өрнек бүтін алгебралық өрнек деп, ал өрнектің бөлімінде айнымалы болса, ондай өрнек бөлшек алгебралық өрнек деп аталады.

Әріпті санмен ауыстыруды алмастыру немесе сан мәнін орнына қою деп аталады.

Санның өзін айнымалының мәні, ал орнына қойғанда шыққан нәтижені өрнектің мәні деп атаймыз.

Анықтама. Санды және әріпті көбейткіштер мен олардың дәрежелерінің көбейтіндісі бірмүше деп аталады.

Мысалы: abc, 4a2x3y, 2x2y өрнектері бірмүше болып табылады.

Өрнек бір ғана санды көбейткіш және негіздері әр түрлі дәрежелерден тұратын бірмүшені стандарт түрде берілген бірмүше деп аталады.

Стандарт түрде жазылған бірмүшенің санды көбейткіші бірмүшенің коэффициенті деп атаймыз. Мысалы: 9x, коэффициенті 9.



3a [pic] ( 2,5a3) бірмүшесін стандарт түрге келтіру керек.

Көбейтудің ауыстырымдылық пен терімділік қасиеттерін және негіздері бірдей дәрежелерді көбейту қасиетін қолданамыз.

3a [pic] ( 2,5a3) = (3  [pic] 2,5)(a [pic] a3) = 7,5a4.

Анықтама. Әріптері ортақ бөлігі бар және бір-бірінен айырмашылығы тек қана коэффициентте болатын бірмүшелер ұқсас бірмүшелер деп аталады.

Мысалы: 5ab, -14ab.



ІҮ. Есептер шығару (математикалық қатар)



І қатар

ІІ қатар

ІІІ қатар

І деңгей

Бірмүшені стандарт түрге келтіріңдер.

  1. 3m(-5my);

  2. 9 [pic] 3 [pic] 100x2xy3y.




  1. [pic] xyxyxz;

  2. 6 [pic] 0,2(mnp)3



  1. ( 5xy )2 [pic] 2x;

  2. - [pic] x2y6 [pic] ( - 2 [pic] )x5y.

ІІ деңгей

Өрнекті ықшамдаңдар.




1) (-0,4mnp3)(-5mn2p)(-12m2np)

2) (-5xy)(- [pic] x2)(-16y).




1)(7m5n2p) (-4mn4p2);

2)(6 [pic] x3yz2) (2 [pic] x6yz3).




1)(2,5ap2c)2( [pic] )(-0,4a);

2)(-4 [pic] mn2)(- [pic] amn).

ІІІ деңгей

Амалды орындаңдар.


1)(3a
3b2)2 [pic] (-ab3);

2) 25a10 [pic] b15 [pic] (-0,2a-3b-2)2.


1)-x
3y4 [pic] (-3x2y3)4;

2)(-1 [pic] x-4y-3)(-1 [pic] x6y7)2.


1)(-1
[pic] x-2y3)(- [pic] x3y-3)3;

2)(-2x3)(4xy)-3y2.



ІV деңгей

Көбейтуді орындаңдар.

1) ( [pic] x2y3z) ( [pic] x3y2z2)

Логикалық жаттығу

V. Сергіту сәті.

1. Жыл он екі айдың ішінде 30 және 31 сандары ауысып отырады. Ал 28 және 29 сандары қай айда кездеседі?

2. Қосарланып жегілген ат-арбамен Самат 8 шақырым жол жүрді. Оның әр аты неше шақырым жол жүрді?

3. Ағаш үстінде 100 торғай отырды. Аңшы 5 торғайды атып алды. Торғайдың қаншасы қалды?



ҮІ. Бекіту. Математикалық Лото.

Бірмүше дегеніміз не?

  1. Бірмүшенің коэффициенті дегеніміз не?

  2. Ұқсас бірмүшелер дегеніміз не?

  3. Бүтін алгебралық өрнек дегеніміз не?

  4. Бөлшек алгебралық өрнек дегеніміз не?

ҮІІ. Үйге тапсырма.

№ 92, № 93.

ҮІІІ. Бағалау.