Ұқсас қосылғыштарды біріктіру (7 сынып)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


7 сынып Алгебра


Сабақтың тақырыбы: « Ұқсас қосылғыштарды біріктіру »
Сабақтың типі : Ақпаратты коммуникативті технологияны қолдану арқылы жаңа сабақты енгізу
Сабақтың мақсаты: Ұқсас қосылғыштарды біріктіру алгоритмімен танысу және қолдану.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік:
- ұқсас қосылғыштарды біріктіру алгоритмімен танысу;
- ұқсас қосылғыш ұғымын енгізу;
- «ұқсас қосылғыштарды біріктіру» дегенді түсіндіру;
- есептеу дағдыларын жетілдіру.
Дамытушылық:
- ойлау, салыстыру және аналогиялық тұрғыда орындау қабілеттерін дамыту;
- берілген тақырып бойынша талдау және жүйелеу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік:
- оқушыларда білімге деген оң көзқарас қалыптастыру, топта жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
Берілген тақырыпты игеру барысында оқушылар ұқсас қосылғыштар ұғымын түсінумен қатар, ұқсас қосылғыштарды біріктіруде көбейтудің үлестірімділік заңын қолдана білуі қажет.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегиялары:
«Инсерт» - түртіп алу арқылы оқу;
«Блум Таксономиясы»;
Сабақта қолданылатын әдістер:
Зерттеу (ұқсас қосылғыштарды біріктіру алгоритмін іздеу-кітаппен жұмыс);
Жартылай іздеу ( ұқсас қосылғыштарды біріктіру алгоритмін құрастырудағы эвристикалық әңгіме)
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: интерактивті тақта, кестелер.
Сабақтың құрылымы және барысы.
1. Мұғалім тақтада жазылған сөздерге назар аударады:
«Адамның құндылығы – оның ойлау қабілетінде» (Блез Паскаль).

« Егер айтсаң - ұмытпаймын, көрсетсең - есімде қалады, қызықтырсаң - түсінемін».
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың көңілін сабаққа аудару.
II Ауызша есептеу.
№1 кесте
А). Өрнектердің коэффициенттерін ата:
-7ас; -203вс; -у; 10.3z; 5t.
Ә). Теңдеуді шеш:
-х=-6; -2х=-3; -8х=2; -5х=10; 2х=-5; -х=8.

С) Өрнекті ықшамда:
х+х; а-а; 0-а; в*в*в; х-0; х:х; х*х; а-0; в+в+в; х+0; с*0; х:0.
Д) Жақшаларды аш:
- (а+в+с); (х+у)-х; ( с+5,4)-( 4,9 + с); ( а-в) + ( -а +в).

III.Сабақтың тақырыбымен таныстыру.
Берілген кестені оқушылармен бірге толтыру.

№2 кесте
«Б» Білемін
«Б» Білгім келеді
«Ү» Үйрендім

Білгім келеді: оқушылар оқулықтың 4.4 параграфын ашып, мұқият оқып кестенің екінші бағанын толтырады.

VI. Берілген тақырып бойынша жұмыс .
1.Тақтада жұмыс: Жақшаларды ашу:
6 (а-в-с) =
9 ( -х+у) =
-5 ( 3m +k-n) =
3 ( 2х +6у) =
Мұғалім: жақшаларды ашуда көбейтудің қандай қасиеттері қолданылады?

5а-9a + 4а -11а.
Мұғалім: Қосылғыштарға назар аударамыз. Олардың ұқсас элементтері қандай? ( бірдей әріптік өрнектер)
Олар немен ажыратылады? ( коэффициенттерімен)

Мұғалім: оқулықтан тек қана коэффициенттерімен ажыратылатын әріп бөліктерін қалай атайтынымызды оқиық. ( оқушылар жауап берді)
Тапсырма: Өрнектердегі ұқсас қосылғыштарды табыңыз:

№3 кесте
2а + 3в +5а – 5;
-3у +2х +3х;
m+ 2m + 6m – 3n;
11p + 2p + 20p – 3x.

(Әр топқа жеке-жеке тапсырмалар беріледі). I топ. №780, 1-3 тапсырмалар.
II топ. №781, 1-3 тапсырмалар.
III топ. №780, 4-6 тапсырмалар.
IV топ. №781, 4-6 тапсырмалар.

Мұғалім: Ұқсас қосылғыштар немен ажыратылады?
Сергіту сәті: « Мақалдың мағынасын түсіндір» ( Әр топқа жеке мақалдардың мағынасын түсіндіру ұсынылады)
1. Жеті рет өлшеп, бір рет кес;
2. Тоғыз ат бір қазыққа байланбас;
3. Айла алтау, ақыл жетеу.

Мұғалім: Ендігі кезекте ұқсас қосылғыштарды біріктіруді үйренеміз, ол үшін ұқсас қосылғыштарды біріктіру алгоритмімен жұмыс жасаймыз.
(оқулықпен жұмыс)
№4 кесте
Алгоритмді тексерейік.
Ұқсас қосылғыштарды біріктіру алгоритмі:
Ұқсас қосылғыштарды біріктіру үшін:
1. Олардың коэффициенттерін қосу керек;
2. Алынған нәтижені ортақ әріп бөлікке көбейту керек.
Мұғалім: ұқсас қосылғыштарды біріктіру алгоритмін бекітейік.
№782 есеп (180 бет)
Мұғалім: Енді өтілген теориялық материалды бекітеміз, ол үшін Блум Таксономиясын қолданамыз.
1. Білім: жақшаларды аш ( а-в) – (а +в); жақшаларды ашу алгоритмі.
2. Түсіну: ұқсас қосылғыштарды біріктір: 2а -6а + 8а –а -5в +4;
3. Қолдану: 5(7у- 2)- 7(5у + 2)
4. Талдау: ұқсас қосылғыштарды біріктіру алгоритмі не үшін қажет?
5. Синтез: а-ның кез келген мәнінде өрнектің -ге тең болатынын дәлелде..
6. Бағалау: - көбейтудің үлестірімділік қасиеті ұқсас мүшелерді біріктіруде қажет пе?
- Ұқсас қосылғыштарды біріктіру өрнектердің мәнін табуда қажет пе?
VII Рефлексия

«Б» Білемін
Оң және теріс сандарға амалдар қолдану; жақшаларды ашу; өрнектегі сандық коэффициентті анықтау;
көбейтудің үлестірімділік қасиетін қолдана білу.
«Б» Білгім келеді
Көбейтудің үлестірімділік қасиетін пайдаланып жақшаларды ашу; ұқсас қосылғыштар;
ұқсас қосылғыштарды біріктіру алгоритмін;
бос мүше.
«Ү» Үйрендім
Көбейтудің үлестірімділік қасиетін қолданып жақшаларды ашу; ұқсас қосылғыштар; бос мүше;
ұқсас қосылғыштарды біріктіру алгоритмін.
Біздің бүгінгі сабағымыз сіздерде қандай әсер қалдырды? Не себепті?
VIII.Үйге тапсырма. №783, №786, №789. 180-бет.