6 сыныпқа арналған Тапқырлар тартысы математикалық тарбие сағаты

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...



1-жүргізуші:

-Уа, халайық, халайық!

Бәріңе жыр салайық

Бүгінгі кеш төрінде

Математика елінде

Математика тілінде

Есеп шешіп жарысып.


2-жүргізуші:

Шабыт тасып шалқысып

Есеппен ән салысып

Көңілді кеш жасайық.

Ат салысып аянбай

Бар өнерге басайық.


1-жүргізуші:

Құрметті аяулы көрермендер,

Білімменен сусындаған жас өрендер,

Қош келдіңіз бүгінгі ойын-сайысымызға

Бұл күн қалсын мәңгіге есімізде.


2-жүгізуші:

Шақырамыз үш топты ортаға

Қол соғады көрермендер таңдана.

Сайыскер өнеріңді ортаға сал,

Осы кеште біліміңді сынап ал.

Білмегеніңді осы  бүгін біліп ал.


1-жүргізуші:

Шеберлікпен білімді,
Сараптап сіздер көріңіздер.
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңіздер.


2-жүргізуші:

Сайысымызды бастамас бұрын оқушылардың білімдерін әділ бағалайтын әділ қазылар алқасын сайлап алайық!
1.
Рахимова Ширингуль

2. Қанатқызы Зере

3. Сиқымбаева Мөлдір






1-жүргізуші:

« Тапқырлар тартысы» сайысы 4 кезеңнен тұрады
І-кезең. Сәлемдесу / аты, ұраны, төс белгісі/
ІІ -кезең.Мықты болсаң жеңіп көр!

ІІІ -кезең. «Кім жылдам?»

IV-кезең.«Талантыңмен таныл» ойын.


2-жүргізуші:

Ал, қанеки сайысты біз бастайық

Ұрандарымызды айтып,

Өзімізді таныстырып тастайық.

(сөз кезегін әр топқа береміз)


1-жүргізуші:

Ойынды бастайтын команданы анықтау үшін, капитандары ортаға шақырылады,

1-мин ішінде « К » әрпінен басталатын математика терминдерін кім көп айтады, сол команда бірінші бастайды.(3-5ұпай)



ІІ-кезең.

2-жүргізуші:

Мықты болсаң жеңіп көр!
Әр топқа 5 сұрақ қойылады, ойланбастан бірден жауап беру қажет.
Әр дұрыс жауап 2 ұпай.
Бүгінгі күн сайыста
Сен ешкімнен қалыспа
Біліміңді көрсетер
Сұрақтарға жауап бер! (әр дұрыс жауап 2 ұпай)


1-жүргізуші:

1-топ

  • Ағаш үстінде 30 торғай отыр еді, аңшы оның екеуін атып түсірді.Торғайдың қаншасы қалды?Жауабы: /екеуі қалды/

  • Егер екі кірпіштің салмағы 8 кг болса, 1,5 кірпіштің салмағын тап. /6кг/

  • Барлық сандардың көбейтіндісі көп пе, әлде қосындысы көп пе? Жауабы: /қосындысы/

  • Жоқ өзінде баста, қаста, мойында
    Ұзындығы жазулы бір бойында.
    Жауабы: (сызғыш)

  • Төрт бұрыштан 1 бұрышын алып (қиып) тастасақ неше бұрыш қалады?

Жауабы: (5)




2-жүргізуші:

2-топ

  • Шеңбердің үлкен хордасы.Жауабы: /диаметр/

  • 1 қатарда 8 тас, аралары 2 см - ден, 2 – ші қатарда 15 тас, аралары 1 см - ден. Қай қатар ұзынырақ?
    Жауабы: бірдей

  • Күшіне сенген бір мықты
    Жығып алып сегізді
    Қайда барайын дегізді .
    Жауабы: (шексіздік)

  • Ұзындығы 10 метр жіпті әр бөлігі 2 метр болу үшін неше рет қию керек? Жауабы:4

  • Дорбадағы 10 асықты 10 бала алды. Сонда дорбада 1 асық қалды. Ол қалай? Жауабы: бір бала дорбасымен алған


1-жүргізуші:

3-топ

  • Жүзден бір бөлік .Жауабы: /процент/

  • Көбінесе ай 30 не 31 сан мен аяқталады. Ал қай айда 28 деген сан бар?.Жауабы:барлық айда

  • Біз санбыз сызықпен бөлінген
    Математиканы ұқпас адамға
    Құбыжық боп көрінген,
    Дұрыс, бұрыс, аралас,
    Ондық болып бөлінген.
    Жауабы: (бөлшек сан)

  • Қолыңызда 10 саусақ бар. 10 қолда неше саусақ бар? Жауабы:50

  • Түйеқұс 2 аяғымен турса тұрса 1 пұт тартса, 1 аяғымен тұрса неше пұт тартады? Жауабы:1


2-жүргізуші:

ІІІ-кезең.«Кім жылдам?»
Бұл сайыста үш топқа да есептер оқылады. Кім жылдам, сол бірінші жауап береді. Әр дұрыс жауап 10 ұпай.
Асып әсте саспайық,
Батыл қадам бастайық.
Еркіңді билер барынша,
Жарыста, сірә қалыспа.


1-жүргізуші:

1.Құдықтың тереңдігі 19 метр. Құдыққа түскен құрбақа сыртқа шықпақшы. Ол күндіз 4 метр жоғары тырбанады. Түнде шаршағандықтан 3 метр төменге сырғанайды. Құрбақа неше күнде құдықтан шыға алады?

Жауабы: 16



2-жүргізуші:
2.Бір кісіден қанша жаста екенін сұрағанда ол былай деп жауап берді: «Егер мен тағы да қазіргі жасымның жартысын, 1/3 және ¼ өмір сүрсем 100 жасқа келген болар едім». Адам қаншада?

Жауабы: 48


1-жүргізуші:
3.Қой мен тауықтардың бастарының саны 36, ал аяқтары 100. Сонда қанша қой, қанша тауық бар?

Жауабы: қой – 14; тауық – 22



2-жүргізуші:


ІV-кезең.«Талантыңмен таныл» ойыны

Ойын алаңы: магнит тақтада  1-ден  9-ға деінгі сандар, 4 конверт :жасыл, сары, қызыл, көк.

Топтың мүшелері бір сан таңдап алады, әр санға сәйкес тапсырма беріледі. 

1. Қызыл конверт- «Логика».

2. «Өрмекші торы».

3. Жасыл конверт- «Математика».

4. Лотерея билеті.

5. « От ».

6. Көк конверт- « жұмбақ ».

7. « Қамал ».

8. Сары конверт- « Мақал-мәтелдер ».

9. «Қарамысық».



1-жүргізуші:

Ойын шарты:

«Қарамысық» туссе жолыңыздың болмағаны, ойын кезегі келесі топқа беріледі.

« От » келсе, жинаған ұпайларыңыздың 3 ұпайы күйіп кетеді.

«Лотерея билеті»-керісінше 3 ұпай сыйлыққа беріледі.

«Қамалға» келсеңіз, қиын есепке ие боласыз. Олар арнайы сұрақ болады.

«Өрмекші торына» туссеңіз, торкөзді толықтырасың. Сұрақтың 

Дұрыс жауабын таппаса, тордан шыға алмайды.


2-жүргізуші:

«Логика».

Ал қанеки балалар

Құлақсалшы  сөзіме

Сұрақ берсем берейін

Логикадан өзіңе

«Логика» - қызыл конверттің сұрақтары   (3 ұпай).

1. Ойлаған санға бірді қостым, қосындыны екіге көбейттім. Көбейтіндіні төртке бөлдім. Бөліндіден үшті азайттым. Бір шықты. Мен қандай сан ойладым?Жауабы:(((х+1)*2)/4)-3 х=7

2. Қадай 3 натурал санның қосындысы олардың көбейтіндісіне тең? Жауабы:(1,2,3)


  1. жүргізуші:

«Өрмекші торы»

Ойла-ойла тереңнен,

Жақсы емес-ау көп бөгелген.

Сұрақтарды шешпесең

өте алмайсын бөгеттен

Кез келген бағыттағы сандардың қосындысы 30-ға тең болатындай етіп торкөздерді 2, 4, 6, 8, 12, 14, 16, 18 сандарымен толтыр.

Жауабы:

( 3ұпай)


2-жүргізуші:

«Қамал».

Тауды биік демеңдер,

Талаптансаң шығарсың

Арнайы сұрақ      (Төмендегі сандардың әрқайсысына бір әріп сәйкес келеді.

Бірдей цифрларға бірдей  әріптер сәйкес келеді.   1747  санына сәйкес     келетін сөзді  табыңдар.  (3 ұпай)

1).  5737              АРЗУ

2).  7147              КУЗУ

3).  6237              СУЛУ

4)   1747              УСЛУ                                      Жауабы:  1747  СУЛУ.


1-жүргізуші: 

«Математика»- жасыл конвертінің сұрақтары  (әр дұрыс жауап – 3 ұпай).

1. Екі қатынастың теңдігі? (пропорция)

2. Айырмашылығы тек таңбаларында ғана болатын сандар? (қарама-қарсы)

3.Сан аралықтарының неше түрі бар? Оларды атаңдар. Жауабы:

(5 түрі. Кесінді, интервал, жартылай интервал, сәуле, ашық сәуле)


2-жүргізуші:

«Мақал-мәтелдер» - сары конверт. (3 ұпай)

Құрамында сандар бар мақал-мәтелдер айтыңдар.


1-жүргізуші: 

« жұмбақ» - көк конверт .   (3 ұпай)

Түйе, бота маң басқан, 

Төрт аяғын тең басқан.

Шұнақ құлақ бес ешкі,

Қос лақты қос ешкі.

Екі қозылы екі қой

Бәрін бірге санап қой. Жауабы:(15)


2-жүргізуші: 

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың

Қиындықтан өткізер, - деп бүгінгі білім сайысын қорытындылаймыз. (Сайыс

нәтижесін әділ қазылар хабарлайды)


Сиқымбаева Мөлдір:

6(ә) сыныбы I орын

6(а) сыныбы II орын

6(б) сыныбы III орын