«Натурал көрсеткішті дәреже» тақырыбына тізбектелген төрт сабақ топтамасы бойынша орта мерзімді сабақ жоспары

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


А.М.Горький атындағы мектеп лицейінің математика пәні мұғалімі

Амирова Айнагуль Тасбулатовнаның

7 «ә» сыныбы алгебра пәнінен «Натурал көрсеткішті дәреже» тақырыбына

тізбектелген төрт сабақ топтамасы бойынша орта мерзімді сабақ жоспары



Орта мерзімді сабақ жоспары мақсаты: Оқушыларды топтық жұмысқа тарта отырып сөз еркіндігіне, ойын бүкпесіз жеткізе білуге, сыныптастарының пікірін тыңдай отырып өзіндік ой түйіндеуге, талдау арқылы жан-жақты білім алуға бағыттау.


1 сабақ


Натурал көрсеткішті дәреже ұғымы


Оқушылар топта жұмыс жасай отырып жаңа білімді игеріп, оны есеп шығаруда тиімді таңдап қолдана білуіне ықпал ету


  1. Оқушылар топта жұмыс жасай алады

  2. Бір бірінің пікірін тыңдай отырып өзіндік ой тұжырымдайды


Диалогтік оқыту.

Ой қозғау.

Постер қорғау.

Миға шабуыл.

Топтық жұмыс.

Сергіту сәті

Блум таксономиясы




Формативті бағалау: бірін-бірі бағалау.

Жиынтық бағалау

Мадақтау

Критериалды бағалау


Топтағы рольдік ойындар

Топтық жұмыс

Жұптық жұмыс


7 сынып алгебра оқулығы(авторы Ә.Шыныбеков, «Атамұра баспасы»), 7 сыныпқа арналған әдістемелік нұсқаулық, MyShared сайтынан алынған материал


2 сабақ


Дәрежелерді көбейту және бөлу. Санның көрсеткіші нөлге тең дәрежесі.


Топта жұмыс жасау арқылы әр оқушы тақырып бойынша теориялық білімін қалыптастырады, есеп шығаруда қалыптасқан білімін нәтижелі таңдай отырып қолданады



Әр оқушы өзіндік пікірін жариялай отырып, пікірді талдап, топпен шешім шығарады, практикада орынды қолдана біледі.


Диалогтік әдіс.

Ой шақыру,

Өзара оқыту

Постер қорғау

Күрделілікке қызығу

Сергіту сәті


Формативті бағалау:

стикер арқылы бірін-бірі бағалау, мадақтау.

Жиынтық бағалау

Критериалды бағалау



Топта жұмыс

Жұптық жұмыс

Жеке жұмыс



7 сынып алгебра оқулығы(авторы Ә.Шыныбеков, «Атамұра баспасы»), 7 сыныпқа арналған әдістемелік нұсқаулық, Prezentacii.com сайтынан алынған материал

3 сабақ


Көбейтіндіні, бөлшекті және дәрежені дәрежеге шығару


Оқушылар топпен бірлесе жұмыстана отырып көбейтіндіні, бөлшекті және дәрежені дәрежеге шығару ережелерін тұжырымдап, есептеуде орынды қолдануға бағытталады



Оқушылар топта жұмыстануды біледі.

Ойын еркін, бүкпесіз жеткізеді.

Жолдастарының пікірін тыңдай отырып тақырып бойынша өзіндік тұжырымын қалыптастырады

Тақырып бойынша білімді нақты таңдай отырып есептер шығаруда қолдана біледі


Топтық жұмыс.

Сергіту сәті

Бірін-бірі тексеру әдісі.

Сандық көрсетілім.

Бағытталған оқу стратегиясы.

Диалогтік оқыту



Өзара бағалау, критерийалды бағалау. Топ аралық бағалау.

Жиынтық бағалау.


Топтағы рольдік ойындар

Топтық жұмыс

Жұптық жұмыс


7 сынып алгебра оқулығы(авторы Ә.Шыныбеков, «Атамұра баспасы»), 7 сыныпқа арналған әдістемелік нұсқаулық, Республикалық

ғылыми әдістемелік журнал «Математика және логика»


4 сабақ

Натурал көрсеткішті дәреже тақырыбын жинақтау.

Оқушылардың натурал көрсеткішті дәреже тақырыбы бойынша алынған теориялық білімдерін топта біргіп, талдап есептер шығарумен ұштастырып жинақтау.

  1. Көбейтіндіні, бөлшекті және дәрежені дәрежеге шығару ережесін біледі

  2. Көбейтіндіні, бөлшекті және дәрежені дәрежеге шығару формуласын есеп берілісіне сай нақты таңдап қолданады.

  3. Топта жұмыс жасай алады.

  4. Оқушылар пікірін анық жеткізеді

Өзінің іс-әрекетіне сараптама жасай алады

Топтық жұмыс.

Сергіту сәті

Сындарлы диалогті ынталандыру.

Қайта қарап өңдеу

Деңгейлік тапсырма беру.

Бірін-бірі тексеру

Сандық көрсетілім.

Диалогтік оқыту


Формативті бағалау, жиынтық бағалау, мадақтау

Топтағы рольдік ойындар

Топтық жұмыс

Жұптық жұмыс

7 сынып алгебра оқулығы(авторы Ә.Шыныбеков, «Атамұра баспасы»), 7сыныпқа арналған әдістемелік нұсқаулық, мультфильм, презентация