Р.Мәрсеков атындағы орта мектебі
Ашық сабақ тақырыбы:
[pic]
Өткізген:Қабетова Инабат Қайратқызы
2015-2016 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Шаршы , тіктөртбұрыш қайталау
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:оқушыларға шаршы жайында толық түсінік бере отырып, геометриялық фигураларды ажырата білуге баулу, есепті әр түрлі тәсілмен шығаруға қалыптастыру, шаршының барлық қабырғалары тең деген терминді енгізу.
Дамытушылығы:ой-өрісін, танымдық қабілеттерін, логикалық ойлауын, зейінін, есте сақтауын дамыту, пәнге деген қазағушылығын және белсенділігін арттыру.
Тәрбиелілігі: бірлікке, ынтымаққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру.
көрнекілігі: семантикалық карта, венн диаграмма
барысы: ұйымдастыру
Психолигиялық дайындық
Біз әдепті баламыз,
Біз ерекше боламыз.
Қонақтарды көргенде:
Сәлеметсіздер ме! – деп
Сәлемдесіп аламыз.
Балалар бүгін бізде ерекші сабақ, өйткені бүгін бізге қонақтар келіп отыр Қазақьың мақалындай Келгенше қонақ ұялар, Келген соң үй иесі ұялар
Үй тапсырмасын тексеру балалар дәптерімен ауысып үй тапсырманы тексереді
Ал енді балалар біз осы қонақтарды жақсы қарсы алып бар білімізді көрсетіп ұялмайтындай болайық.
2. «Бәйге» ойыны:
10) Қосудың кандай қасиеттері бар? (ауыстырымдылық, терімділік)
20) 30 бен 50-дің арасындағы толық ондықты айт? (40)
30) 1 сағатта неше минут бар? (60)
40) Ең үлкен екі таңбалы сан? (99)
50) 1 центнерде неше кг бар ? (100)
60) 1 метрде неше сантиметр бар? (100см)
3
Жаңа сабақ. Ребус
[pic] , , [pic] , , [pic] ,,,
Ал енді балалар дәптерді ашып бүгінгі күнді жазыңдарда Ребустан шыққан сөз бүгінгі сабақтың тақырыбы Шаршы және оның қасиеттері. Бір жол 26 санды жазғызу .
Тақтаға нөмірленген геометриялық фигуралар ілінеді , балалар осы фигураларды атап шығады да, тек қана төртбұрыштарды табады
Енді қайсысы тік төртбұрыш болады? ---
Балалар тіктөқрт бұрыштын қасиетін айтады да
Үшінші фигура ол шаршы болады
Шаршының қасиеттерімен танысайық 4. Шаршы
4-қабырғасы
4-төбесі
4-бұрышы
Бұл шаршылар
Шаршының барлық қабырғалары бір- біріне тең болады.
Анықтама: Шаршы – барлық қабырғалары тең тік төртбұрыш.
5. Алдымызда шашылып жатқан фигураларды табайық
Төртбұрыштар: 6, 7
Тік төрбұрыш: 3, 5
Шаршылар: 4
Үш бұрыштар: 1, 2
6. Графикалық диктант
Дәптеріңнің торкөз сызықтарының түйіскен жерінен нүкте саламыз. . Сол нүктеден оңға қарай 4 торкөз санап алда, тағы да бір нүкте белгіле. Белгіленген әр нүктеден төмен қарай 4 торкөз санап ал да, тағы да екі нүкте белгіле.
Енді балалар көршілес нүктелерді қосамыз .
Сонда қандай фигура шықты? Шаршы
Оның шаршы екенін дәлелде және қабырғаларын өлшеп, дәптерге жаз.
(Барлық қабырғалары тең тік төрбұрыш шаршы деп аталады)
Енді барлық қабырғаларының ұзындықтарын қосайық, 2см+2см+2см+2см = 8см осы шыққан санды шаршының периметрі деп атаймыз
Оқулықпен жұмыс
Ал балалар оқулықпен жұмыс жасайық 90 бетте №2 есебін шығарамыз. Есептің шартын құрастырамыз. Балалар шартын құрастырғасын , қай қасиетті қолданған тиімді?
№2 Барлығы – 20(қ) және 10(ұ) Ш: (20+10)+4=34
10+(20+4) =34
Келді – 4 (0) 20+(10+4) =34
Болды - ? (0) Ж: 34 оқушы болды.
№3 Түптеуге тиіс – 48к Ш:48-(20+10) =18к
Түске дейін – 20к (48-20)-10=18к
Түстен кейін – 10к (48-10)-20=18к
Қалды - ? Ж: 18 кітап қалды
8. Сергіту сәті
Біз кішкентай баламыз,
Өніп өсіп толамыз.
Көкке карап талпынып,
Күнге қолды созамыз.
Қанат қағып ұшамыз,
Қарлығаштай қалықтап.
Бір отырып, бір тұрып,
Бір тынығып, аламыз.
9.
Кеспе жұмыс
Карточкалардың артында сұрақтар бар .
1.1 желтоқсан қандай мереке?
2.16желтоқсан – Тәуелсіздік күні. 1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы» ҚР-ның Конституциялық заңы жарияланды.
3.Ел басының туған күні? 6 шілде 1940 ж
. Семантикалық карта
Венн диаграммасы балалар ортақ қасиетті табу керек?
12. Қорытынды
Балалар бүгін сендер не білдіндер? Не үйрендіндер? Сабақ ұнады ма? Ұнаса смаиликтерінді көтеріндер№
Қиыншылық болды ма? Болса қызыл дөңгелектерді көтеріндер, ал қиыншылық болмаса жасыл дөңгелектерінді көтеріндер
Бағалау:
Үйге тапсырма №4 –91бет
Оқушыларға перфокарта тарату. Жүгіру стратегиясы кім жылдам есеп шығарады, екінші қосылғышты табу, (қосылғыш , қосылғыш, қосындының мәні)
11. Үнтаспа логикалық есептер Ал енді балалар логикалық есептер шығарайық.
Апам ала сиырын сауды. Ол 3 литр сүтті бидонға құйды, сонда шелекте 4 литр сүт қалды. Ала сиыр қанша литр сүт берген?(7л)
Кітап 20 теңге тұрады. Сәуле осы кітапты сатып алайын десе, 4 теңге жетпейді. Сәуленің неше теңгесі бар?(16т)
Әжесі немересіне 8 қолғап тоқыды. Немересі нешеу?(4-еу)
Біз кішкентай баламыз,
Өніп өсіп толамыз.
Көкке карап талпынып,
Күнге қолды созамыз.
Қанат қағып ұшамыз,
Қарлығаштай қалықтап.
Бір отырып, бір тұрып,
Бір тынығып, аламыз.
Біз кішкентай баламыз,
Өніп өсіп толамыз.
Көкке карап талпынып,
Күнге қолды созамыз.
Қанат қағып ұшамыз,
Қарлығаштай қалықтап.
Бір отырып, бір тұрып,
Бір тынығып, аламыз.
Біз кішкентай баламыз,
Өніп өсіп толамыз.
Көкке карап талпынып,
Күнге қолды созамыз.
Қанат қағып ұшамыз,
Қарлығаштай қалықтап.
Бір отырып, бір тұрып,
Бір тынығып, аламыз.