Сабақтың тақырыбы: Бір айнымалысы бар сызықтың теңдеу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: тақырып бойынша оқушылардың білімдерін бекіту, жүйелеу, жалпылау.
Дамытушылық: математикалық логиканы, дәлдікті және ойлау шапшаңдығын,
Математикалық мәдениетті дамыту. тәрбиелік: пәнге деген қызығушылығын арттыру, мектеп қабырғасында алған білімдерін өмірде қолдана білуге баулу, ұжымда жұмыс жасауға тәрбиелеу;
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Үй жұмысын тексеру
III. Карточкамен тақтада деңгейлік тапсырма орындау (екі оқушы тақтада есеп шығарады)
IV. «Миға шабуыл» (ережелер сұрау)
V. Білімді бекіту (ауызша есептеу)
VI. Өздік жұмыс (жазбаша)
VII. Деңгейлік тапсырмалар
VIII. Сәйкестік тестісі
ІХ. Қорытынды.
Х. Бағалау.
ХІ. Үйге тапсырма
Сабақтың эпиграфы:
“Адамның басшысы - ақыл, шолушысы - ой, жетекшісі - талап, қорғаушысы - сабыр, сынаушысы - халық, таусылмайтыны – арман, ең қымбаттысы - ар сақтау, бәрінен ардақтысы - өмір сүру, соның ішінде ең тәттісі – сыйластық!” (Төле би)
Бүгінгі сабақта біз «Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу» тақырыбы бойынша алған теориялық материалды қайталап, білімімізді жүйелеп, әртүрлі жұмыс түрлерін орындау арқылы қорытындылаймыз. Сіздердің әрқайсылырыңыз бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді ережеге сай және тиімді тәсілмен тез шығарып үйренулеріңіз қажет. Бұл тақырып күрделі теңдеулерді шешудің алғашқы баспалдағы болып табылады. Сіздерге бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешудің кілті қолдарыңызға берілді.
I. Ұйымдастыру кезеңі - 2 мин
II. Үй жұмысын тексеру (ауызша) – 2 мин
IIІ. Қызығушылығын ояту – 1 мин
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер - деп бүгінгі сабағымызда «Теңдеулер әлеміне» саяхатқа шыққалы отырмыз. Бәріңізге сәттілік тілеймін. алғашқы аттанатын еліміз «Ережелер»еліне тоқталып, ережелерді еске түсірейік.
III. Карточкамен тақтада деңгейлік тапсырма орындау (екі оқушы тақтада есеп шығарады)
В тобы:
С тобы:
1. Миға шабуыл: 1. Қандай теңдеулер бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу деп аталады?
Жауабы: ax=b түріндегі теңдеу бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу деп аталады. (мұндағы x - айнымалы, a және b қанда да бір сандар)
2. Қандай теңдеулер мәндес теңдеулер деп аталады?
Жауабы: Түбірлері бірдей немесе түбірлері мүлде жоқ теңдеулер мәндес теңдеу деп аталады.
3. Теңдеудің қандай қасиеттерін білесіңдер?
Жауабы:
1-қасиет: теңдеудегі қосылғыштың таңбасын қарама - қарсыға өзгертіп, оны теңдеудің бір жағынан екінші жағына көшіргенде теңдеу мәндес теңдеуге түрленеді.
2 - қасиет: теңдеудің екі жағын да нөлден өзге бірдей санға көбейткенде немесе бөлгенде теңдеу мәндес теңдеуге түрленеді.
4. Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуді шешу алгоритмі қандай?
Жауабы:
1) теңдеуді теңбе-тең түрлендіріп ықшамдау керек;
2) айнымалысы бар мүшелерді теңдеудің сол жағына, бос мүшелерді теңдеудің оң жағына жинақтау керек;
3) теңдеудегі ұқсас мүшелерді біріктіріп, теңдеуді ax=b түріне келтіру керек;
4) теңдеудің екі бөлігін де айнымалының коэффициентіне бөліп теңдеудің х= түбірін табу керек;
5. ax=b теңдеуін шешудің қанша жағдайы бар? Оларды ата.
Жауабы: 3 жағдайы бар
1) a≠0
2) a=0, b≠0
3) a=0, b=0
6. Егер a≠0 болса, бір айнымалысы бар сызықтық теңдеудің түбірі қалай табылады?
Жауабы: a≠0 болса, онда бір айнымалысы бар сызықтық теңдеудің бір түбірі бар және ол болады.
7. Егер a=0, b≠0 болса, бір айнымалысы бар сызықтық теңдеудің түбірі қалай табылады?
Жауабы: Егер a=0, b≠0 болса, онда бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу 0x=b түрінде жазылады, мұндай жағдайда теңдеудің түбірі болмайды.
8. Егер a=0, b=0 болса, бір айнымалысы бар сызықтық теңдеудің түбірі қалай табылады?
Жауабы: Егер a=0, b=0 болса, онда бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу 0x=0 түрінде жазылады, мұндай жағдайда теңдеудің түбірі кез келген сан болады. Теңдеудің шексіз көп түбірі болады.
V. Білімді бекіту (ауызша)
1. Теңдік тура болатындай етіп(*) орнына «+» және «-», ал нүктелердің орнына сандарды қойып шығыңдар:
А) (*6)+(*8)= 2;
Б) (*8)-(-...)= 0;
В) (*9)•(*4)= -...;
Г) (- 15):(*…)= - 3;
Д) 12: (*...)+5= 2;
Е)... • (*2)- 7= - 25.
2. Берілген теңдеулердің ішінен артық теңдеуді алып тастаңыздар.
Теңдеудің түбірін ауызша тап:
3х=6;
х+2, 7=3;
2х - 5=х - 1
(а+1)(а - 5)=0;
х+5= 2х - х+2;
- 16у+3=- 31у+15у+3
Теңдеудің түбірлерінің қосындысы мен көбейтіндісін тап:
1)
VI. Өздік жұмыс.
І нұсқа
1) 5(х - 18) - 7х = 21+х;
2) - (5 - х) - 8(6+х) = 11, 8+х
ІІ нұсқа
1, 7 - 8(х - 1) = 3, 7+2х;
6(х - 1)+12(3 - 2х) = 45 - 17х;
VIII. Деңгейлік тапсырмалар:
А тобы: Теңдеуді шешіңдер:
4(х - 2)=2х+6;
Шешуі: 4х - 8=2х+6;
4х - 2х=6+8;
2х=14; х=7;
Жауабы: 7
В тобы: Теңдеуді шешіңдер: 2 жолмен шығару
Шешуі: 5(х+7)=3(2х - 3);
5х+35=6х - 9;
5х - 6х=- 9 - 35;
- х=- 44;
х=44;
Жауабы: 44
С тобы:
Шешуі:
(х - 4)=0;
(х - 4)=0;
х=0 немесе х=4;
Жауабы: 0; 4.
IX. Сәйкестік тестісі:
Жауаптары: І нұсқа: 1) Б; 2) А; 3) Г; 4) В.
ІІ нұсқа: 1) Б; 2) Г; 3) В; 4) А.
Осы тест жауаптарының ішінен қандай қазақтың киелі сандарын көріп тұрсыңдар?
Осы сандармен қандай ұғымдар байланысты?
Тест жауаптарына сәйкес қандай мақал - мәтел, нақыл сөздер, ертегілер білесіңдер?
X. Қорытынды.
Қандай тақырыпты қорытындыладық?
Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу шешу барысы қандай тақырыптармен байланысты?
Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуді шешудің қанша жағдайы бар?
ХI. Бағалау.
ХII. Үйге тапсырма: (карточка тарату, ережелерді қайталау)