Сабақ жоспары Теңдеу. Теңдеудің түбірі 5 сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


5 б сынып 12.10.2015 жыл

Тақырыбы: Теңдеу. Теңдеудің түбірі

Жалпы мақсаты:

Оқушылардың теңдеу туралы алған түсініктерін толықтыруға, нығайтуға ықпал ете отырып, оқушылардың логикалық ойлау, есептеу, есеп шығару қабылеттерін, дамыту, еңбекқорлыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу

Негізгі мақсаттар:

  1. Өздігінен мәліметті білімді ары қарай дамытуға дағдыландыру.

  2. Сыни тұрғыдан талдап, өзін-өзі реттеуге дағдыландыру

Күтілетін нәтижелер:

  1. Топ жұмысына араласуға дағдыланады

  2. Өздігінен білім алып, нәтиже шығаруға үйренеді.

  3. Өзін-өзі реттеу түсініктері қалыптасады.

Ұйымдастыру:

Психологиялық ахуалын жақсарту

Топқа бөлу, топ ережесін талқылау

Бағалау критерийлермен танысу

Үй жұмысын тексеру

Ой қозғау. Топпен

Теңдеу құрастыру. Басқа топ шешіп, жауабын айтады.

1-топ

2+х=5+5

2+х=10

х=10-2

х=8

2+8=10

[pic]

Х+х+1=5

2х+1=5

2х=5-1

2х=4

х=4:2

х=2

[pic]

Х+24=52

х=52-24

х=28

Меңгеру:

Топпен Мысалдар келтіру. Сыни тұрғыдан талдау. Дәлелдеу

Құрамында әріппен белгіленген белгісіз саны бар теңдікті теңдеу деп атайды.

Белгісіз көбейткішті табу үшін көбейтіндінің мәнін белгілі көбейткішке бөлу керек.

Белгісіз азайтқышты табу үшін азайғыштан айырманың мәнін азайту керек.

Белгісіз бөлінгішті табу үшін бөлгішті бөліндінің мәніне көбейту керек.

Белгісіз азайғышты табу үшін айырманың мәніне азайтқышты қосу керек.

Белгісіз бөлгішті табу үшін бөлінгішті бөліндінің мәніне бөлу керек.

Белгісіз қосылғышты табу үшін қосындының мәнінен белгілі қосылғышты азайту керек.


3 жаста

8 жаста


(х+4)+(х+5+4) =19

х+4+х+5+4 =19

2х+13=19

2х=19-13

2х=6

х=6:2

х=3

Топпен есеп шығару, меңгеру №71

[pic]

75 есеп

100кг магнитті теміртас кенінің құрамындағы темірдің массасы тастың массасынан 44 кг артық. 100 магнитті теміртас кенінде неше килограмм тас бар?

Х+44+х=100

2х+44=100

2х=100-44

2х=56

х=56:2

х=28

Мектеп жанындағы шаруашылықтан оқушылар екі күнде 1260 кг картоп жинады. Оқушылардың екінші күнгі жинағаны бірінші күнгіден 2 есе артық. Оқушылар бірінші күні неше кг картоп жинады?

Х+2х=1260

3х=1260

х=1260:3

х=420

Марат түстен кейін түске дейінге қарағанда 2 балықты кем аулады. Ол барлық аулаған балықтарының жартысын атасының үйіне қалдырғанда, өзінде 5 балық қалды. Марат түске дейін неше балық аулады?

(х+х-2):2=5

2х-2=5·2

2х-2=10

2х=10+2

2х=12

х=6

Дүкендегі орам матадан 16 м мата сатылды. Қалған матадан әрбір көйлекке 3 метрден жұмсап, 8 көйлек тігілді. Дүкендегі орам мата алғашқыда неше метр болған?

Жауабы:

(3·8)+16=40

Қоймадағы ұннан 165 т ұн сатылған соң, қалған ұнды әрқайсысына 3 тоннадан 14 машинаға тиеді. Қоймада алғашқыда неше тонна ұн болған?

(3·14)+165=207

Дүкенде үш күнде 1400 кг көкөніс сатылды. Екінші күнге қарағанда бірінші күні 170 кг көкөніс артық сатылды, ал үшінші күні 120 кг кем сатылды. Екінші күні неше кг көкөніс сатылды?

Х+170+х+х-120=1400

3х+50=1400

3х=1400-50

3х=1350

х=450


Кері байланыс. Дербес (В,С есептері)

421,422, 431

Бағалау 3 балл – «5»

Топпен 1 балл 2 балл – «4»

Жұппен 1балл 1 балл – «3»

Дербес 1 балл

Үй жұмысы: 98 бет 413,414 7,8,9