№ 3. Тақырыбы: Шамалар, олардың өлшем бірліктері.
Мақсаты: шамалар туралы білімдерін пысықтау, олардың өлшем бірліктерімен амалдарды орындай білу дағдыларын жетілдіру; кеңістіктік танымды дамыту.
Түрі: аралас Әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру, өздігінен жұмыс істеу.
Көрнекілігі: кестелер, қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгелдеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару .
ІІ. Үй жұмысын тексеру: № 2. (балалардың жазба жұмысын тексере отырып, жауабын салыстыру)
ІІІ. Ауызша сұрақтар бойынша сауалнама. .
Қандай шамаларды білесіңдер?
Ең кішісінен бастап, ұзындықтың өлшем бірліктерін ата.
Ең үлкенінен бастап, массаның өлшем бірліктерін ата.
Ғасырдан бастап, уақыттың өлшем бірліктерін ата.
2). Терме диктант. Соңынан өздерін өздері тексереді.
1 қатар – уақыт бірліктерін, 2 қатар – масса бірліктерін, 3 қатар – ұзындық бірліктерін жазып кесте құрып тақтаға іліп қойыңдар.
ІҮ. Мақсат қою кезеңі. Өлшем бірліктерімен амалдарды орындай білу дағдыларын жетілдіру
Ү. Жаңа сабақ: № 1.(ауызша). Сағаттардағы көрсетілген уақытты ата. (12 сағ 15 мин. 2 сағ 45 мин. 9 сағ 10 мин. т.с.с.
№ 2. жұптық жұмыс. Салыстыр.
9 ц > 90 кг 200кг = 2 ц 1 ж. > 345 күн 2 ж. < 810 күн
№ 3. Өздік жұмыс. Кестенің әр қатары бойынша есеп құрастыр және оларды шығар.
Ш: 14 ∙ 4 = 56 Ж: 56 г печеньенің жалпы массасы
Ш: 25 ∙ 6 = 150 Ж: 150 г ақ ірімшік жалпы массасы
№ 4. Есептің берілуін жазуды кесте түрінде жазуға болады.
5. Топтық жұмыс. Көрсетілген өлшем бірліктеріне өрнекте. 2 м 8 см = 208 см 72 дм = 7 м 2 дм 3 тәул. 6 сағ = 78 сағ. 95 мин =1 мин 35 с
ҮІ. Білімін тексеру.
Өз бетінше жұмыс. № 6. Кесінділердің ұзындықтарын өлше және жаз. 2). Қандай шамаларды білесіңдер?
Ү. Сабақты қорыту. Бүгінгі сабақтан не білдік?
ҮІ. Үйге тапсыру: № 7, 8. 9 бет. Бағалау.
№ 4. Тақырыбы: Теңдік, теңсіздік, өрнек, теңдеу.
Мақсаты: теңдік, теңсіздік, өрнек, теңдеу туралы білімдерін жетілдіру; алған білімдерін таныс және жаңа оқу жағдайларында пайдалана білу; математика бойынша білім-білік жүйелерін игеру деңгейлерін тексеру; логикалық ойлауларын дамыту.
Түрі: аралас сабақ Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, ауызша жылдам есептеу.
Көрнекілігі: кестелер.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа дайындықты тексереміз. Сабақтың қожайыны – оқулық, оның көмекшілері – дәптер, қалам, сызғыш, қарындаш және белгі карточкалары. Баланың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. № 7, 8. (балалардың жазба жұмысын тексере отырып, жауабын салыстыру)
ІІІ. Мақсат қою кекзеңі: Тақырыбы, мақсатын хабарлау. Теңдік, теңсіздік, өрнек, теңдеу туралы білімдерін жетілдіру
ІҮ. Жаңа сабақ: Ауызша жұмыс: 1. Математикалық диктант.
7 саны 91 –ден неше есе кем? (13)
68 шығу үшін 17-ні неше есе арттыру керек? (4)
8 шығу үшін 56-ны нешеге бөлу керек? (7)
Азайғыш – 1000 , азайтқыш – 450 . Айырманың мәнін тап. (550)
Бөлінгіш – 320. Бөлінді – 4. Бөлгіш нешеге тең? (80)
Санның төрттен бір бөлігі 60-қа тең. Сан нешеге тең? (240)
№ 1. Жасырын санды ата.
Ү. Өтілген материал бойынша жұмыс. Түсіндіріп шығару.
1). № 3. Есептерді әр түрлі тәсілмен шығару.
1 [pic] тәсіл. Амалдарды немесе өрнек бойынша есептеу.
Торкөз дәптер – 30 дана 70 дана Ш: 70 – 30 = 40 (жолды дәптер)
Жолды дәптер - ? дана Ж: 40 жолды дәптер.
2 тәсіл: Теңдеудің көмегімен есептеу. Теңдеу құрамыз:
Т [pic] оркөз дәптер – 30 дана 30 + х = 70
Жолды дәптер - х дана 70 дана Х = 70 – 30
Х жолды дәптер сатып алдық дейік. Х = 40 (жолды дәптер)
Ж: 40 жолды дәптер
(ә, б тапсырмаларды орындап теңдік, теңсіздік туралы білімдерін қорытындылау.)
2). № 4. (3 топқа бөлініп, І топ – а, ІІ топ – ә, ІІІ топ – б.)
І [pic] [pic] [pic] сөреде – 45 кітап. Ш: 145 – (45 + 45 ∙ 2) = 10
ІІ сөреде - ? , 2 есе артық 145 кітап Ж: ІІІ сөреде 10 кітап бар.
ІІІ сөре ?
3). Өздік жұмыс: № 5. Кестені пайдаланып, тура теңдіктер мен теңсіздіктер құрастыр.
165 : 5 < 29 ∙ 4 425 + 230 < 333 2 1000 – 111 > 150 – 117
ҮІ. Сабақтың қорытындысы. № 8. Өздік жұмыс. Фигуралардың периметрі мен ауданын тап.
Р = (5 + 3) ∙ 2 = 16 (см) S = 5 ∙ 3 = 15 (см2)
Р = 3 ∙ 4 = 12 (см) S = 3 ∙ 3 = 9 (см2) № 9 . шығармашылық жұмыс.
ҮІІ. Үйге тапсырма : № 2,7. 9, 11 бет. Бағалау.