Сыныбы: 5 «Г»
Пәні:Математика
Сабақтың тақырыбы: Берілген санның процентін табуға есептер шығару.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: процент туралы білімін, берілген санның процентін табуды қайталап еске түсіріп, қарапайым және күрделі есептер шығару.
2.Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту,белсенділіктерін арттыру.
3.Тәрбиелік: Жауапкершілікке, өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгендеу, оқу – құралдарын дайындау.
II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: Шығарылмаған есептерге түсінік беру.
III. Есептер шығару.
№1293. Берілген шаманың процентін табыңдар:
3,2 метрдің; 8,6 дециметрдің; 6,4 сантиметрдің 35%-ін
9 тоннаның; 710 килограмның; 180 грамның 62%-ін.
№1294. Санның процентін табуды микрокалькуляторда орындаңдар:
1) 970 – тің 25%-ін; 310-ның 16%-ін; 220-ның 18%-ін;
2) 36 санынан 15%-ке; 20%-ке; 30%-ке артық санды табыңдар;
3) 120 санынан 10%-ке; 25%-ке; 30%-ке кем санды табыңдар.
№1295. Есептеңдер:
Г.(5,23+6,47):78=0,15
Ц.(6,51 – 4,16):0,47=5
Й.7,28(4,65 – 3,74)=8
М.9,5: (3,54+1,46)=1,9
А.(6,25+0,18)*100=643
И.(9,07 – 3,91)*0,25=1,29
К.7,74:5,16*10=15
Н.0,34*(27,17:4,18)=2,21
Жауабы: Магницкий.
№1296.
Бағасы 420 тг ойыншық машиналар 15%-ке арзандатылып сатылды. Балалар бақшасы 7 ойыншық машинаны арзандатылған бағамен сатып алса, неше теңге үнемделеді?
Шешуі: 420 тг – ойыншық
15% - арзандаған
Жауабы: 441 тг.
V. Қорытынды.
VI. Үйге тапсырма. №1299-1300
VII. Бағалау.