Біріктірілген сыныптардағы инновациалық сабақ

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


[pic]

«Біріккен сыныптардағы инновациялық сабақ» атты мұғалімдер арасындағы кәсіби шеберлік сайыс

Жаратылыстануатематикалық бағыты бойынша 2016-2017 оқу жылы

  1. Баекенова Карлыгаш Утепбергеновна

  2. 14.07.1977г

  3. «Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің №2 Қазанбасы орта мектебі» ММ. Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Қазанбасы станциясы, Вокзальная 5 көшесі

[link]

  1. Математика және физика пәні мұғалімі

  2. Өтілі- 16,9жыл

  3. Математика және физика пәні мұғалімі

  4. 5 сыныпта – 1 оқушы, 6сыныпта – 5 оқушы

  5. Мектеп директоры : Нурманов Женис Брахметович , телефон 26-9-77



13.10.2016жыл _____________________________















Біріккен сыныптарда сабақ беру бойынша тәжірибемемен бөлісу


Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын игермей, үздік ұстаз болу мүмкін еместігіне көзіміз жетті. Жаңа технологияларды меңгеру мұғалімнің бойында интеллектуальды, кәсібилік, адамгершілік, рухани, азаматтық қасиеттер дамыған болса, оқу тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыруында көп көмегі тиері сөзсіз. Сонымен, заман талабына сай технологияларды меңгеру- жаңа формациядағы мұғалімге қойылатын талаптың бірден бірі.

 Шағын жинақталған мектеп дегеніміз балалардың саны аз, оқу - тәрбие процесін ұйымдастырудың өзіндік ерекшелігі бар, біріктірілген сыныптардан тұратын жалпы білім беретін мектепті айтамыз. Нақты айтқанда, 1999 - жылғы маусымның 7 - сінде (№389 - І ҚР3) бекітілген Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында ШЖМ - ке мынадай анықтама беріледі: «шағын жинақталған мектеп - сынып - жинақтамалары аралас және оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік нысаны бар, оқушылар саны шағын жалпы білім беретін мектеп» . Президентіміз Н. Ә. Назарбаев «Ауыл - бұл халық өмірінің бейнесі, мәдениеті, дәстүрінің, салты мен рухани өмірінің қайнар көзі. Тек қана осы факторлар жиынтығы біздің ауыл мәселелеріне, соның ішінде оның мектебіне өте сергек қарауды талап етеді» деп атап көрсетті.

Мектепбімнің алға қойған өзекті міндетінің бірі: «Оқытудың жаңа технологияларын пайдалана отырып, оқушылардың білім сапасын арттыру». Осы міндеттін негізінде әдістеме бірлестігі, оның ішінде әр пән мұғалімі өз алдына шешуді қажет ететін өзекті мәселелер қойылып отыр.

Биылғы оқу жылында маған біріктіліп оқытылатын 5және7 бірікен сыныпқа сабақ бере бастадым. Сол күннен бастап өз алдыма «сабақты қалай жоспарласам сабақ тиімді және нәтижелі өтеді» деген сұрақ туындады. Бұл сұрақты шешу үшін мен өз денгейімді, сонымен қатар оқушылардың денгейін және оқушылардың жас ерекшеліктеріне ескере келе алдыма мақсат пен міндет қойдым.

Мақсатым:
- Біріктірілген сыныптардағы әр оқушының алған білім денгейі мемлекеттік білім стандартына негізделген және бағдарламаға сәйкес болуын көздеу.
- Оқушылардың шығармашылық денгейін арттырып, өз беттерінше жұмыс істей білуге дағдыландыру.
- оқушыларды алған білімдерін мірде қолдана білетін, құзыреттілігі дамыған саналы да тәртіпті шәкірт болуын қалыптастыруды негізге алу.


Міндетім:

  • теориялық білімді күнделікті заман талабына сәйкес етіп жетілдіру.
    - Жаңа оқу технологияларының элементтерін тиімді пайдалану.
    - Сабақ жоспарларын құрастыру барысында оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін және сабақ жоспарын құру барысында жеті модульды ықпалдастыру арқылы оқушы білімінің сапасын арттыруға негіздеу.
    - Сабақта пайдаланатын қажетті көрнекілік құрал жабдықтардың, сонымен қатар талапқа сай болуын ескеру.

  • Интерактивті тақта, интернет желісін, электронды оқулықтарды тиімді пайлана білу.
    Біріктірілген сыныптарда

 оқу - тәрбие жұмысының өзіндік ерекшеліктері бар:
- біріншіден, сабақтың ерекшіліктері: бірнеше сыныппен бір уақытта жұмыс істеу сабақтың құрлысын анықтауды, оқушы мен мұғалімнің дұрыс ұйымдастыруды қажет етеді, өзіндік жұмысты мұғалім әр сынып сайын міндетті түрде ұйымдастырып отыруы тиіс;
- сабақтын екінші ерекшелігі - тікелей мұғалімнің басшылығымен атқарылатын жұмыстың оқушының өздік жұмысымен алмастырыла жүргізілуі;
Осы екі ерекшелік – біріктірілген сыныптарда төмендегі ерекшелігін туғызады:
- бір сыныптын өздік жұмысына бөлінген уақыт мұғалімнің басшылығымен жұмыс істеп отырған келесі сыныпқа бөлінген уақытқа байланысты;
- екіншіден, 5 -
6 сыныптары қатар оқытылғандықтан, сабақ кестесін, сабақ жоспарын дұрыс жасау, оқушылардың өздері орындайтын жұмыстарын шебер ұйымдастыру, сабақ уақытын дұрыс, тиімді пайдалану қажет.
- бір сабақтын үстінде мұғалім әр түрлі жастағы, ой - өрісі мен білім дәрежесі әр түрлі оқушылармен жұмыс жүргізеді, сондықтан ол балалардың психологиясы
мен қатар, танымдық қабілетіне назар аударғаны дұрыс;
- мұғалім әрбір сыныппен сабақтың белгілі бір бөлігінде ғана жұмыс жасауға мүмкіндігі бар, ал қалған уақытта тек оқушылардың өздік жұмысын ұйымдастыруға, оны басқаруға ғана жұмсалады
.

Біріккен сыныпта сабақ беру кезінде мұғалімге қойылатын талаптың бірі: 45 минут ішінде екі сыныпқа бірдей білім мазмұнынын толық жеткізу. Мұғалімнің шеберлігімен біліктілігінің арқасында оқушының білімді қабылдап алуға мүмкіндігі болады. Біріккен сыныпта оқыған оқушылар көбіне өз бетінше жұмыс жасауға дағдыланады. Біріктірілген сыныптар оқушылардың жас ерекшеліктері және сабаққа даярлығы сабаққа әсерін тигізбей қоймайды.Осы орайда біріктірілген сыныптарда оқу үрдісінің ұйымдастыруда: «Сабақтың құрылымы қандай болу керек?»-деген сұрақ туындайды. Мұғалім,алдымен екі сыныпқа ортақ ұйымдастырушылық жұмыстарды атқарған соң,жаңа материалдарды түсіндіреді. Содан соң бір сыныптың оқушыларымен жұмыс жасау үшін екінші сыныптың оқушыларына тапсырмалар беріліп, оны өз бетінше орындауға тапсырма береді. Бір сыныптың оқушылары оқу  тапсырмаларын өз беттерінше орындау барысында мұғалім өткен тақырыпты сұрап,жаңа матеиалды пысықтау жұмыстарын жүргізеді,сондай-ақ екінші сынып оқушыларына өздік жұмыстары үшін кезекті тапсырмаларды түсіндіреді.

Ерекшеліктері:

1. Оқушылар өз бетінше жұмыс жасап үйренеді


2. Сабақ барысында көшбасшының көмегіне жүгіну

3.Уақыт көлемінің басқа сыныппен жұмыс уақыты көлеміне тәуелділігі.

Сабақ құрылымы екі компоненттік кезектесуінен көрінеді үнемі кезектесіп отырады.Осылай бірнеше рет жалғасады. Оқушы тұрғысынан да сабақ әдеттегі сабақтан ерекшеленеді:

  • Үзілмелі

  • Оқушылардың назарын үнемі тақырыпқа аударып отыру


 

Сабақтың жалпы кезеңінде оқушының іс-әрекетін ұйымдастыруда мұғалім әдістемелік қағиданы қатаң ескергені жөн. Сыныптарға ортақ ұйымдастыру кезеңі, сыныпта ынтымаөтастық атмосфераны қалыптастыру, сергіту сәттері.


Сыныпта оқушының саны аз болуы « психологиялық бірсарандылыққа» әкеледі,ал бұл өз төмендетуі мүмкін,олардың енжарлығын тудырады.Мұндай бірсандылықтан қашу үшін мұғалім шағын топтар жұмысында ойын және тренинг әдістерін қолданады.Бұл технология (тренинг) ынтымақтастыққа оқытуға бағытталып, « жай ғана бір нәрселерді бірге орындап қана қоймай ,бірге оқу» идеясын іске асырады.Бұл-өзара әрекет арқылы өздігінен жұмыс істеуінің нәтижесінде «топтық мақсатқа»  септігін тигізеді.
Шағын жинақты мектептің педагогикалық ерекшеліктерін ескерген мұғалім ғана өзінің шығармашылық жұмысын ұйымдастыра алады. Кез - келген әрекет талдаудан басталады. Біріктіліп оқытылатын оқушыларды талдауға үйретуде тәсілдер жүйесін мақсатты түрде пайдалана білген жөн. Сабақ - оқытуды ұйымдастырудың негізі. Демек әрбір сабақ - оқу үрдісіндегі шешуші буын, сондықтан ол - оқытуды жетілдіру, қажетті түрлендірулер мен мақсатты нәтижеге жетуді ойластыру. Сонымен бірге жоғары шеберлікті үнемі қажет ететін, дамуды керек ететін, даму үстінде сапалы оқуды іздестіретін үрдіс. Сол үшін бүгін жақсы оқытуымыз керек, ал ертең бүгіннен де жақсы оқуға тиіспіз.      Мен өз тәжірибемнен мынадай сабақ жоспарын ұсынып отырмын. Сонымен қатар біріккен сыныптардыа тақырыптық-күнтізбелік жоспар құру білім беру жүйесінде қарастырылмаған. Сондықтан оған ешқандай өзгеріс енгізуге біздің құқымыз жоқ.

Келешекте ауыл мектептерінде сыныптар оқушы санына тәуелді болмаса деген ой туындайды. Әр оқушы толыққанды білім алуына құқылы.































Біріккен сыныптар үшін күнтізбелік-тақырыптық жоспар үлгісі 2016-2017 оқу жылына

Математика 5 сынып – 6 сынып



Жоспарлау барысында қолданылды:

-Жоспарлау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Жалпыға міндетті білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің) мемлекеттік стандарты,

-2013-2014 оқу жылына арналған нұсқаулық-әдістемелік хаты, оқу бағдарламалары (Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығы),

- Жалпы білім беретін мектептің 5-9 сыныптарына арналған «Математика және информатика» білім саласы пәндерінің оқу бағдарламалары – Астана, 2013.

-Мемлекеттік тілдегі жалпы білім беретін мектептердегі 5 және 6 - сыныпқа арналған «математика» пәнінің оқулығы.


Типтік оқу жоспарының нұсқалары негізінде құралған

апталық сағат саны:

  • Аптасына- 6 сағат, барлығы- 204 сағат.

  • Бақылау жұмыстар саны- 5 сынып -15 , 6 сынып- 14.



Оқулықтар:

Алдамуратова Т. А., Байшоланов Е. С. Математика: 5 сынып – Алматы: Атамұра, 2015.

Алдамұратова Т.А., Байшоланов Т.С., Байшоланов Е.С. 6-сынып Алматы «Атамұра» 2015





Сабақ

Сабақтың тақырыбы

5 сынып

Сабақтың тақырыбы 6 сынып

Сағат саны

мерзімі


4 сыныптағы математика курсын қайталау 24 сағ

5-сыныптағы математика курсын қайталау 12 сағ



1

Натурал сандарды жазу

Жай бөлшекке амалдар қолдану

1


2

Жұп және тақ сандар

Жай бөлшекке амалдар қолдану

1


3

Кесінді

Ондық бөлшекке амалдар қолдану

1


4

Кесіндінің ұзындығы

Ондық бөлшекке амалдар қолдану

1


5

Координаталық сәуле. Бірлік кесінді. Координаталар басы.

Бөлікке байланысты мәтінді есептер шығару

1


6

Координаталық сәуле. Бірлік кесінді. Координаталар басы.

Бөлікке байланысты мәтінді есептер шығару

1


7

Натурал сандарды салыстыру.

Пайыз

1


8

Натурал сандарды салыстыру.

Пайыз

1


9

Қостеңсіздік.

Пайызға байланысты есептер шығару

1


10

Қостеңсіздік.

Пайызға байланысты есептер шығару

1


11

Натурал сандарды қосу.

Бақылау жұмысы № 0

1


12

Натурал сандарды қосу.

Қатемен жұмыс

1



I тарау. Қатынас және пропорция. 24 сағат


13

Натурал сандарды азайту.

Қатынас

1


14

Натурал сандарды азайту

Пропорция. Пропорцияның негізгі қасиеті

1


15

Өзіндік жұмыс

Пропорция. Пропорцияның негізгі қасиеті

1


16

Натурал сандарды көбейту

Пропорция. Пропорцияның негізгі қасиеті

1


17

Натурал сандарды көбейту

Пропорция. Пропорцияның негізгі қасиеті

1


18

Натурал сандарды бөлу

Пропорцияның белгісіз мүшесін табуға арналған есептер

1


19

Натурал сандарды бөлу

Шамалардың тура және кері пропорционалдығы

1


20

Арифметикалық амалдардың қасиеттері

Шамалардың тура және кері пропорционалдығы

1


21

Натурал сандарға арифметикалық амалдар қолдану.

Кері пропорционалдыққа арналған есептер

1


22

Натурал сандарға арифметикалық амалдар қолдану.

Бақылау жұмысы№ 1

1


23

Бақылау жұмысы №1 «Натурал сандарға амалдар қолдану»

Мәтінді есептерді пропорцияның көмегімен шығару

1


24

Қатемен жұмыс

Мәтінді есептерді пропорцияның көмегімен шығару

1


I тарау. Өрнектер. Формулалар.



25

Санды және әріпті өрнектер, олардың мәндері

Мәтінді есептерді пропорцияның көмегімен шығару

1


26

Санды және әріпті өрнектер, олардың мәндері

Мәтінді есептерді пропорцияның көмегімен шығару

1


27

Өрнектерді ықшамдау.

Санның пайызын және пайызы бойынша санды табуды пропорция арқылы шығару

1


28

Өрнектерді ықшамдау.

Санның пайызын және пайызы бойынша санды табуды пропорция арқылы шығару

1


29

Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару.

Диаграмманы салуда пропорцияны қолдану

1


30

Теңдеу. Теңдеу түбірі

Масштаб

1


31

Теңдеу. Теңдеу түбірі

Масштаб

1


32

Есеп шығару

Шеңбердің ұзындығы. Дөңгелектің ауданы. Шар. Сфера.

1


33

Формулалар

Шеңбердің ұзындығы. Дөңгелектің ауданы. Шар. Сфера.

1


34

Формулалар

Мәтінді есептер шығару

1


35

Есеп шығару

Бақылау жұмысы №2

1


36

Есеп шығару

Қатемен жұмыс

1



II-Тарау. Рационал сандарға амалдар қолдану. 50 сағат

37

Бақылау жұмысы №2 «Өрнектер. Формулалар.»

Оң және теріс сандар. Координаталық түзу

1


38

Қатемен жұмыс

Оң және теріс сандар. Координаталық түзу

1


39

Бұрыш. Бұрыштың шамасы.

Қарама қарсы сандар. Бүтін сандар. Рационал сандар.

1


40

Бұрыш. Бұрыштың шамасы.

Қарама қарсы сандар. Бүтін сандар. Рационал сандар.

1


41

Есептер шығару.Бұрыш. Бұрыштың шамасы.

Санның модулі. Белгісізі модуль таңбасының ішінде берілген қарапайым теңдеулерді шығару

1


42

Шеңбер

Санның модулі. Белгісізі модуль таңбасының ішінде берілген қарапайым теңдеулерді шығару

1


43

Шеңбер

Теңдеулер шығару

1


44

Дөңгелек

Рационал сандарды салыстыру

1


45

Дөңгелек

Рационал сандарды салыстыру

1


46

Дөңгелек сектор

Рационал сандарға амалдар қолдануға арналған есептер

1


47

Бақылау жұмысы № 3 «Бұрыш. Шеңбер»

Бақылау жұмысы № 3

1


48

Қатемен жұмыс

Рационал сандарды координаталық түзудің көмегімен қосу

1



II тарау. Натурал сандардың бөлінгіштігі (24 сағ)




49

Натурал сандардың бөлгіші және еселігі.

Рационал сандарды координаталық түзудің көмегімен қосу

1


50

Жай және құрама сандар

Теріс рационал сандарды қосу

1


51

Жай және құрама сандар

Теріс рационал сандарды қосу

1


52

Бөлінгіштіктің негізгі қасиеті

Рационал сандарды қосуға арналған есептер

1


53

Бөлінгіштіктің негізгі қасиеті

Таңбалалары әртүрлі сандарды қосу

1


54

Натурал сандардың 2-ге бөлінгіштік белгілері

Таңбалары әртүрлі сандарды қосу

1


55

Натурал сандардың 5, 10-ға бөлінгіштік белгілері

Таңбалары әртүрлі сандарды қосу

1


56

Натурал сандардың 3, 9-ға бөлінгіштік белгілері

Таңбалары әртүрлі сандарды қосу

1


57

Бақылау жұмысы № 4. «Натурал сандардың бөлінгіштігі»

Рационал сандарды қосудың қасиеттері

1


58

Қатемен жұмыс

Бақылау жұмысы № 4

1


59

Дәреже. Дәреженің негізі. Дәреженің көрсеткіші.

Рационал сандарды азайту

1


60

Дәреже. Дәреженің негізі. Дәреженің көрсеткіші.

Рационал сандарды азайту

1


61

Натурал сандарды жай көбейткіштерге жіктеу

Рационал сандарды азайту

1


62

Натурал сандарды жай көбейткіштерге жіктеу

Рационал сандарды азайту

1


63

Ең үлкен ортақ бөлгіш.

Координаталық түзудегі нүктелердің арақашықтығы

1


64

Ең үлкен ортақ бөлгіш.

Координаталық түзудегі нүктелердің арақашықтығы

1


65

Өзара жай саңдар.

Бақылау жұмысы № 5

1


66

Ең кіші ортақ еселік.

Рационал сандарды көбейту

1


67

Ең кіші ортақ еселік.

Рационал сандарды көбейту

1


68

Есеп шығару. Тест тапсырмасы

Рационал сандарды көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік қасиеттері

1


69

Есеп шығару

Рационал сандарды көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік қасиеттері

1


70

Есеп шығаур

Рационал сандарды бөлу

1


71

Бақылау жұмысы № 5. «Ең кіші ортақ еселік . Ең үлкен ортақ бөлгіш.»

Рационал сандарды бөлу

1


72

Қайталау. «Ең кіші ортақ еселік . Ең үлкен ортақ бөлгіш.»

Рационал сандарды көбейту мен бөлуге арналған есептер

1


III- тарау. Жай бөлшектер және оларға амалдар қолдану


73

Жай бөлшек. Жай бөлшектерді оқу және жазу.

Бақылау жұмысы № 6

1


74

Жай бөлшектің негізгі қасиеті

Қатемен жұмыс

1


75

Бөлшектердің теңдігі.

Рационал сандарға амалдар қолдану

1


76

Дұрыс және бұрыс бөлшектер

Рационал сандарға амалдар қолдану

1


77

Аралас сан. Аралас санның бүтін және бөлшек бөліктері.

Тест жұмысы

1


78

Бұрыс бөлшекті аралас санға айналдыру

Рационал сандарға амалдар қолдану

1


79

Аралас санды бұрыс бөлшек түрінде жазу.

Рационал сандарға амалдар қолдану

1


80

Жай бөлшектер мен аралас сандарды координаталық сәуледе кескіндеу.

Бақылау жұмысы № 7


1


81

Жай бөлшектер мен аралас сандарды координаталық сәуледе кескіндеу.

Қатемен жұмыс

1


82

Бақылау жұмысы №6. «Жай бөлшектер»

Мәтінді есептерді шығару

1


83

Қатемен жұмыс

Мәтінді есептерді шығару

1


84

Жай бөлшектерді ортақ бөлімге келтіру

Рационал сандарға амалдар қолдану

1


85

Жай бөлшектерді ортақ бөлімге келтіру

Рационал сандарға амалдар қолдану

1


86

Есептер шығару. Жай бөлшектерді ортақ бөлімге келтіру

Тест «рационал сандарға амалдар қолдану»

1




III-тарау. Өрнектер және тепе-теңдіктер. 15 сағат

87

Есептер шығару. Жай бөлшектерді ортақ бөлімге келтіру

Айнымалы

1


88

Жай бөлшектерді және аралас сандарды салыстыру

Рационал сандарды көбейтудің үлестірімділік қасиеті

1


89

Жай бөлшектерді және аралас сандарды салыстыру

Рационал сандарды көбейтудің үлестірімділік қасиеті

1


90

Бақылау жұмысы № 7


Жақшаны ашу

1


91

Қатемен жұмыс

Жақшаны ашу

1


92

Жай бөлшектерді косу және азайту.

Коэффицент. Ұқсас қосылғыштарды біріктіру

1


93

Есеп шығару. Жай бөлшектерді косу және азайту.

Коэффицент. Ұқсас қосылғыштарды біріктіру

1


94

Есеп шығару.Жай бөлшектерді косу және азайту.

Ұқсас қосылғыштарды біріктіру

1


95

Аралас сандарды қосу

Ұқсас қосылғыштарды біріктіру

1


96

Аралас сандарды қосу

Өрнектерді тепе-тең түрлендіру

1


97

Аралас сандарды азайту

Өрнектерді тепе тең түрлендіру

1


98

Аралас сандарды азайту

Өрнектерді тепе тең түрлендіру

1


99

Есеп шығару. Тест тапсырмасы

Өрнектерді тепе тең түрлендіру

1


100

Есеп шығару. Аралас сандарды азайту.

Бақылау жұмысы №8

1


101

Есеп шығару. Аралас сандарды азайту.

Қатемен жұмыс

1



IV тарау. Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер. 16 сағат

102

Есеп шығару. Жай бөлшектер

Санды теңдіктер және олардың қасиеттері

1


103

Бақылау жұмысы№8 «Жай бөлшектерді қосу және азайту»

Санды теңдіктер және олардың қасиеттері

1


104

Қатемен жұмыс

Бір айнымалысы бар теңдеу

1


105

Жай бөлшектерді және аралас сандарды көбейту

Бір айнымалысы бар теңдеу

1


106

Жай бөлшектерді және аралас сандарды көбейту

Сызықтық теңдеуді шешуге арналған есептер

1


107

Өзара кері сандар

Сызықтық теңдеуді шешуге арналған есептер

1


108

Жай бөлшектерді және аралас сандарды бөлу

Тест

1


109

Жай бөлшектерді және аралас сандарды бөлу

Теңдеудің көмегімен мәтінді есептерді шығару

1


110

Есеп шығару

Теңдеудің көмегімен мәтінді есептерді шығару

1


111

Есеп шығару. Өзіндік жұмысы

Мәтінді есептерді шығару

1


112

Жай бөлшектерді және аралас сандарға арифметикалық амалдар қолдану

Мәтінді есептерді шығару

1


113

Жай бөлшектерді және аралас сандарға арифметикалық амалдар қолдану

Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтыө теңдеулер

1


114

Жай бөлшектерді және аралас сандарға арифметикалық амалдар қолдану

Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтыө теңдеулер

1


115

Жай бөлшектерді және аралас сандарға арифметикалық амалдар қолдану

Теңдеулерді шешу

1


116

Есеп шығару. Жай бөлшектерді көбейту және бөлу

Бақылау жұмысы № 9

1


117

Санның бөлігін және бөлігі бойынша санды табу.

Қатемен жұмыс

1



V тарау. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер және олардың жүйелері . 20 сағат

118

Санның бөлігін және бөлігі бойынша санды табу.

Санды теңсіздіктер және лардың қасиеттері

1


119

Есеп шығару. Тест тапсырмасы

Санды теңсіздіктер және лардың қасиеттері

1


120

Бірнеше объектінің бірігіп орындайтын жұмысына берілген есептер

Сан аралықтар

1


121

Бірнеше объектінің бірігіп орындайтын жұмысына берілген есептер

Сан аралықтар

1


122

Бақылау жұмысы № 9 «Жай бөлшектерді көбейту және бөлу»

Сан аралықтарынң бірігуі және қиылысуы

1


123

Қатемен жұмыс

Сан аралықтарынң бірігуі және қиылысуы

1



IV тарау. Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану.


124

Ондық бөлшек. Ондық бөлшектерді оқу және жазу.

Сан аралықтарынң бірігуі және қиылысуы

1


125

Ондық бөлшек. Ондық бөлшектерді оқу және жазу.

Сан аралықтарынң бірігуі және қиылысуы

1


126

Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру

Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер

1


127

Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру

Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер

1


128

Ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу

Тест тапсырмалары

1


129

Ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу

Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесі

1


130

Бақылау жұмысы № 10

Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесі

1


131

Қатемен жұмыс

Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесі

1


132

Ондық бөлшектерді салыстыру

Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесі

1


133

Ондық бөлшектерді қосу және азайту

Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңсізідктер

1


134

Ондық бөлшектерді қосу және азайту

Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер

1


135

Ондық бөлшектерді қосу және азайту

Теңсізідк тақырыбына есептер шығару

1


136

Ондық бөлшектерді қосу және азайту

Бақылау жұмысы №10

1


137

Есеп шығару. Ондық бөлшек.

Қатемен жұмыс

1




VI тарау. Координаталық жазықтық. 13 сағат

138

Есеп шығару. Ондық бөлшек.

Жазықтық. Перпендикуляр түзулер мен кесінділіер.

1


139

Бақылау жұмысы № 11 «Ондық бөлшектерді қосу және азайту»

Жазықтық. Перпендикуляр түзулер мен кесінділіер.

1


140

Қатемен жұмыс

Параллель түзулер мен кесінділіер.

1


141

Ондық бөлшектерді натурал санға көбейту

Параллель түзулер мен кесінділіер.

1


142

Ондық бөлшектерді натурал санға көбейту

Координаталық жазықтық. Тікбұрышты координаталар жүйесі

1


143

Ондық бөлшектерді көбейту

Координаталық жазықтық. Тікбұрышты координаталар жүйесі

1


144

Ондық бөлшектерді көбейту

Тікбұрышты координаталар жүйесі

1


145

Ондық бөлшектерді көбейту

Тікбұрышты координаталар жүйесі

1


146

Ондық бөлшектерді натурал санға бөлу

Остік және центрлік симметрия

1


147

Ондық бөлшектерді натурал санға бөлу

Остік және центрлік симметрия

1


148

Ондық бөлшектерді натурал санға бөлу

Симметрияға арналған есептер

1


149

Ондық бөлшектерді натурал санға бөлу

Бақылау жұмысы №11

1


150

Ондық бөлшектерді натурал санға бөлу

Қатемен жұмыс

1



VII тарау. Функция. Сызықтық функция. 15 сағат

151

Есеп шығару. Тест тапсырмасы

Функция

1


152

Есеп шығару

Функцияны формула арқылы берілуі

1


153

Есеп шығару

Функцияны формула арқылы берілуі

1


154

Ондық бөлшекті 10; 100;1000: сандарына көбейту және бөлу

Функцияны кесте арқылы берілуі

1


155

Ондық бөлшекті 10; 100;1000: сандарына көбейту және бөлу

Функцияны кесте арқылы берілуі

1


156

Ондық бөлшекті 0,1; 0,01;0,001: сандарына көбейту және бөлу

Функцияны графиктік тәсіл арқылы берілуі

1


157

Ондық бөлшекті 0,1; 0,01;0,001: сандарына көбейту және бөлу

Функцияны графиктік тәсіл арқылы берілуі

1


158

Бақылау жұмысы № 12 «Ондық бөлшектерді көбейту және бөлу»

Функцияның графиктік тәсіл арқылы берілуі

1


159

Қатемен жұмыс

Сызықтық функция және оның графигі

1


160

Ондық және жай бөлшектерге амалдар қолдану

Сызықтық функция және оның графигі

1


161

Ондық және жай бөлшектерге амалдар қолдану

Сызықтық функциялардың графиктернің өзара орналасуы

1


162

Ондық және жай бөлшектерге амалдар қолдану

Сызықтық функциялардың графиктернің өзара орналасуы

1


163

Ондық және жай бөлшектерге амалдар қолдану

Есеп шығару

1


164

Ондық бөлшектерді дөңгелектеу

Бақылау жұмысы № 12

1


165

Ондық бөлшектерді дөңгелектеу

Қатемен жұмыс

1



VIII тарау. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер және олардың жүйелері. 21 сағат

166

Өзіндік жұмыс

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу және оның графигі

1


167

Берілгендер қатары. Берілген қатары ның ең кіші және ең үлкен мәні

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесі

1


168

Сандардың арифметикалық ортасы

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен шығару

1


169

Мода. Медиана.берілгендер қатарының ауытқуы.

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен шығару

1


170

Мода. Медиана.берілгендер қатарының ауытқуы.

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен шығару

1


171

Бақылау жұмысы № 13 «Сандарды дөңгелектеу. Сандардың арифметикалық ортасы»

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен шығару

1


172

Қатемен жұмыс

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілімен шығару

1


V тарау. Пайыз .14 сағат


173

Пайыз

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілімен шығару

1


174

Пайыз

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілімен шығару

1


175

Санның пайызын табу

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілімен шығару

1


176

Санның пайызын табу

Бақылау жұмысы № 13

1


177

Пайызы бойынша санды табу

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін графиктік тәсілімен шығару

1


178

Пайызы бойынша санды табу

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін графиктік тәсілімен шығару

1


179

Есептер шығару

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін графиктік тәсілімен шығару

1


180

Диаграмма. Бағанды, сызықтық және дөңгелек диаграммалар

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін графиктік тәсілімен шығару

1


181

Диаграмма. Бағанды, сызықтық және дөңгелек диаграммалар

Мәтінді есептерді екі айнымалысы бар сызықтық теідеу жүйесі арқылы шығару

1


182

Формула бойынша есептеу

Мәтінді есептерді екі айнымалысы бар сызықтық теідеу жүйесі арқылы шығару

1


183

Формула бойынша есептеулер

Есеп шығару

1


184

Есептер шығару

Есеп шығару

1


185

Бақылау жұмысы №14 «Пайыз. Диаграмма.»

Бақылау жұмысы № 14

1


186

Қатемен жұмыс

Қатемен жұмыс

1


5 сыныптағы математика курсын қайталау. 18 сағат

6 сыныптағы математика курсын қайталау 18 сағат

187

Натурал сандардың бөлінгішітігі

Пропорция

1


188

Арифметикалық амалдар қасиеті

Рационал сандарға амалдар қолдану

1


189

Жай және ондық бөлшектерге амалдар қолдану

Өрнектер және тепе теңдіктер

1


190

Жай және ондық бөлшектерге амалдар қолдану

Өрнектер және тепе теңдіктер

1


191

Құрамында жай және ондық бөлшектері бар өрнектердін мәндерін табу

Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер

1


192

Құрамында жай және ондық бөлшектері бар өрнектердін мәндерін табу

Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер

1


193

Теңдеу

Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер және олардың жүйесі

1


194

Теңдеу

Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер және олардың жүйесі

1


195

Мәтінді есептерді шығару

Функция . Сызықтық функция

1


196

Мәтінді есептерді шығару

Функция. Сызықтық функция

1


197

Пайыз

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер және олардың жүйелері

1


198

Санның пайызын және пайызы бойынша санды табу

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер және олардың жүйелері

1


199

Санның пайызын және пайызы бойынша санды табу

Сынақ сабағы

1


200

Сандарды өңгелектеу

Есептер шығару

1


201

Сандарды дөңгелектеу

Есептер шығару

1


202

Қорытынды бақылау жұмысы №15

Бақылау жұмысы № 14

1


203

Қатемен жұмыс

Қатемен жұмыс

1


204

Қорытынды сабақ

Қорытынды сабақ

1


Барлығы

204













Пәні : Математика Сыныбы: 5 «А»- 6 «А» сынып

Тақырыбы:

5 «А»сынып « Ондық бөлшектерді көбейту »

6 «А» сынып «Тік бұрышты координаталық жүйеде нүктелерді салуға есептер шығару»

Мақсаты: Ондық бөлшектерді көбейту ережесімен танысу, мысалдар қарастыру арқылы дағды қалыптастыру.

Тік бұрышты координаталық жүйенің анықтамасын пайдалана отырып, координаталық жүйеде нүктелерді белгілеудің үш түрлі жағдайы бойынша нүктелерді салу дағдыларын дамыту

Табыс критерилері: 1) Ондық бөлшектерді көбейте алады.

2) Координаталық жазықтықта нүктелерді белгілеудің үш түрлі жағдайын анықтайды 3) Нүктелердің координаталарын белгілеуді үйренеді

4) Ширектердегі нүктелердің таңбаларымен танысады

Күтілетін нәтиже: Оқушылар белсене араласады, бір-бірін оқытуға дағдыланады, көшбасшылыққа ұмтыладыла отырып, жауапкершілік сезімдері артады

Негізгі дерек көздер: Математика пәні оқулығы, электронды оқулық, үлестірмелі қағаздар

Көрнекіліктер: Слайд, стикерлер, плакат, маркер, АКТ

Сабақтың типі: Білім мен дағдыны қалыптастыру

Сабақтың түрі: Ізденіс сабағы


Кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Күтілетін нәтиже

Ұйымдастыру

( 2 мин)

Сары, қызыл, алқызыл, түстерді таңдау арқылы топқа бөлу

Ұран айту, түстердің астында жасырынып тұрған сөздер арқылы тақырыпты ашады

Балаларды топтық жұмысқа баулу, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Қызығушылықты ояту

(7 мин)

5 сынып

1)Кесте толтыру

a

0,1

0,2

0,3

0,4

a2





a3







2) Амалды орында: «Кім жылдам»

2,3*11+1,8*15

6,5*16+18,9*21

6 сынып

Миға шабуыл

1.-5

2.A(-3; 2 ) x пен y-ті тап

3.5x+12=6x теңдеуін шеш

4.B(-4; 5) нүктесі қай ширекке тиісті

5.1,1 ондық бөлшекті жай бөлшек түрінде жаз

6.4a+16b-c ортақ көбейткішті жақша сыртына шығар

7. Координаталық жүйенің анықтамасы

8. Координаталық жүйені ашқан ғалым

9. Координаталық жүйеде нүктелердің орналасуының неше жағдайы бар

10.

Теңсіздік

тер

X < - 5

X >-2

X >7

X > -4

x < 2

X+3x < -20






3x+4 >

2x+11






7+3x>

x-1






4(x-3)

x

6






2x+5








Өткенге шолу ретінде,

сұрақтарға жауап береді, кестедегі есептердің сәйкес жауаптарын табады





Балалардың мотивациясын арттыра отырып, жылдам әрі нәтижелі жұмыс жасауға үйрету, сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыта отырып, шапшаң ойлауға үйрету

Толықтыр

Әр топ мүшелері ережелерді толықтырады

Математикалық тілді дамыту

Деңгейлік есептер шығару (16 мин)

5 сынып: Оқулықпен жұмыс

1359 жұп

1360 тақ

1361 жұп

6 сынып:Оқулықпен жұмыс

  1. А-1124, В-1134, С-1142

  2. А-1126, В-1136, С-1143

  3. А-1127, В-1137, С-1144



Әр сыныптың топ мүшелері тақтаға шығып деңгейлік есептерді шығарады,

басқа топтар сәйкесінше тексереді




Диалогтік қарым-қатынасқа түсу арқылы жіберген қателіктерін түзете алады.әр сынып тақырып бойынша не түсінгенін біле алады

Сергіту сәті (5 мин)

Он сұрақ

Бір оқушыны шығарып шекесіне негізгі сөз жазылған стикер жапсырады [pic]

Қатысушы стикерде жазылған сөзді әр топқа барып сұрайды

(10 рет). Топ иә не жоқ деп жауап береді

Сабақта ЖАДА жүрді, тақырыпқа байланыстыра отырып дене жаттығуы мен қатар ми жаттығуларын жасауға болатындығын түсінеді

Сабақты бекіту

(10 мин)

5 сынып:

Дидактикалық ойындар . «Баспалдақ» , «Күн». Тапсырмалар үлестірмелі парақтарға жазылады.

6 сынып:Тест тапсырмалары (10 есеп)

1. Координаталық жазықтықта М(-2;-3), N(4;-3) ұштарының координаталары бойынша МN кесіндісін сызып, ұзындығын тап.

Бірлік кесінді 1см-ге тең

А) 6 В)5 С)3

2. B(x;3) және A(-2;1) нүктелері абциссалар осіне жүргізілген перпендикуляр түзуде жатыр. х-ті тап. Бірлік кесінді 1см-ге тең

А) 2 В)-2 С)1

3. D(-2;y) және C(3;2) нүктелері абциссалар өсіне жүргізілген перпендикуляр түзуде жатыр. y-ті тап. Бірлік кесінді 1см-ге тең

А) 3 В)-2 С)2

4. Координаталық жазықтықта абциссасы-(-3), ординатасы-(1)-ге тең нүкте берілген. Дұрысын тап

А)A(-3;1) В)B(1;-3) С)C(-3;-1)

5. Координаталық жазықтықта ABCD квадратының үш төбесінің координаталары

A(-3;-2), B(-3;2), C(1;2) бойынша D нүктесінің координатасын тап.

Бірлік кесінді 1см-ге тең

А)D(-3;1) В)D(1;-3) С)D(1;-2)

6. Координаталық жазықтықта M(6;-2), N(-3;4) нүктелері бойынша MN кесіндісін сызып, ординаталар осімен қиылысу ніктесінің координаталарын жазыңдар

Бірлік кесінді 1см-ге тең

А)D(0;2) В)D(1;-3) С)D(1;-2)

7. Координаталық жазықтықта ABCD квадратының үш төбесінің координаталары

A(-3;-2), B(-3;2), C(1;2) бойынша D нүктесінің координатасын тауып, берілген тіктөртбұрыштың периметрін тап.

А) 4 В)16 С)8

8. Координаталық жазықтықта ABCD квадратының үш төбесінің координаталары A(-3;-2), B(-3;2), C(1;2) бойынша D нүктесінің координатасын тауып, берілген тіктөртбұрыштың ауданын тап

Бірлік кесінді 1см-ге тең

А) 4 В)16 С)8

9. -4≤x≤1-шарттарын қанағаттандыратын нүктелер жиынын тап

А) -4;-3;-2;-1;1 В)-3;-2;-1 С)-3;-2;-1;1

10. -3≤у≤2-шарттарын қанағаттандыратын нүктелер жиынын тап

А) -3;-2;-1;1 В)-3;-2;-1 С)-3;-2;-1;1;2

Түртіп алу стратегиясы бойынша

интерактивті тақтадағы есептерді

шығарып, тексереміз


Балалар сыни тұрғыдан ойлауға дағдыланып, шапшаңдыққа үйренеді

Бағалау

(2 мин)


Гүл күлтешелерін ашу арқылы қай топтың гүлі ерте ашылады сол топ жеңіске жетеді және жиынтық баға қойылады.



Гүл күлтешелеріндегі тапсырмаларды орындайды және топ лидерлері бағалау парақшалары арқылы топ мүшелерін бағалайды

Өздерін, топтарын бағалай алады, өз ойларын еркін жеткізе алады, әділ бағалауға үйренеді

Үйге тапсырма

(1 мин)


5 сынып №1359 жұп

1360 тақ

6 сынып № 1186 № 1189

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады



Рефлексия

(2 мин)

Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазады







Тақыры п бойынша мынадай сұрақтарға жауап жазады:

Не ұнады? Не ұнамады? Не білдім? Нені түсіндім? Нені түсінбедім? Нені білгім келеді? Сабақтың қай сәті ұнады? Нені толықтырғым келеді?

Балалар сабақта не үйренгенін біле алады, қорытынды жасай алады, өзін-өзі бағалайды




























Пәні : Математика Сыныбы: 5 «А»- 6 «А» сынып

Тақырыбы:

5 «А»сынып « Жай бөлшекті және аралас санды салыстыру »

6 «А» сынып «Рационал сандарды көбейтудің үлестірімділік қасиеті »

Мақсаты: Жай бөлшекті және аралас санды саыстыру ережесін білу.Ережелерді есептер шығару барысында қолдана білу дағдысын қалыптастыру.

Рационал сандарды көбейтудің үлестірімділік қасиетін пайдаланып, есептер шығаруда қолдана алады.

Табыс критерилері: 1) Жай бөлшекті және аралас санды салыстыруды біледі.

2) рационал сандарды көбейтуде үлестірімділік заңын қолдана алады.

Күтілетін нәтиже: Оқушылар сабаққа қызығушылықпен қатысады, өзара оқытуға дағдыланады, көшбасшылыққа ұмтыладыла отырып, жауапкершілік сезімдері артады.

Негізгі дерек көздер: Математика пәні оқулығы, үлестірмелі қағаздар

Көрнекіліктер: Слайд, стикерлер, плакат, маркер, АКТ

Сабақтың типі: Білім мен дағдыны қалыптастыру

Сабақтың түрі: Ізденіс сабағы


Кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Күтілетін нәтиже

Ұйымдастыру

( 2 мин)


Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру барысында

« жүрек жылуы» атты тренинг өткізу.

Аңдар мен құстар арқылы топқа бөлу

1 топ Аңдар

2топ құстар


Оқушылар бір біріне жылы тілектер айтады.

Балаларды топтық жұмысқа баулу, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Қызығушылықты ояту

(7 мин)

5 сынып Математикалық диктант

1Жай бөлшекті ең кіші ортақ бөлімге келтіріңдер:.

а) б)

2. Бұрыс бөлшекті аралас санға айналдырып ең кіші ортақ бөлімге келтіріңіз:

а) б)

6 сынып:


Білімдерін жан-жақты тексеру «Қайталау оқу айнасы»

Тұжырымды жалғастыр...

1) Екі теріс санды қосу үшін ...

2) Таңбалары әртүрлі екі санды қосу үшін ...

3) Екі теріс санның қосындысы ...

4) Қарама-қарсы сандардың қосындысы ...

5) Таңбалары әртүрлі екі санды көбейту үшін ...

6) Таңбалары бірдей екі санды көбейту үшін ...

7) Таңбалары әртүрлі екі санды бөлу үшін ...

8) Таңбалары бірдей екі санды бөлу үшін ...


Өткен тақырыпты қайталау , пысықтау мақсатында математикалық диктант пен тұжырымды жалғастыру сияқты тапсырмаларды орындайды.









Топ мүшелері ережелерді толықтырады

Балалардың мотивациясын арттыра отырып, жылдам әрі нәтижелі жұмыс жасауға үйрету, сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыта отырып, шапшаң ойлауға үйрету


Бекіту (16 мин)

5 сынып: Оқулықпен жұмыс

938 тақтада орындайды

940

941

6 сынып:Оқулықпен жұмыс

594 жұп

596 тақ

598



Әр сынып өз тапсырмаларын орындайды




оқушылар топпен, жұппен жұмыс жасайды

Сергіту сәті (5 мин)

Дене мүшелері арқылы 1-5 сандарды жазу (баспен, қолмен, иықпен, аяқпен)

Дене мүшелері арқылы оқушылар қимылдар жасау арқылы денелерін сергітеді

Оқушылар дене мүшелерін қимылдату арқылы сергіп қалады

Сабақты бекіту

(10 мин)

5 сынып:

: Мына шеңбер неше бөлікке бөлінген және неше бөлігі боялған? Боялған бөлігін бөлшек түрінде жазыңдар. [pic] [pic]





Ал балалар мына фигураларды санмен өрнектеп жазайықшы: [pic]

[pic]





Шығармашылық жұмыс. «Дарынды дарабоздар» [pic]

с=4 см

d=5 см

Табу керек: Р-? Х-?

фигураның периметрін тап:

a=20 см

в=6 см



6 сынып:



Сен мұғалімсің! Қатесін тап»

1) -5.6:(-7)+3.8=-0.8+3.8=4.6 5.6:(-7)+3.8=-0.8+3.8=3

2) -8.6*(-5)+7.5:(-1.5)=-43+5=-38 -8.6*(-5)+7.5:(-1.5)=43-5=38

3) (1.2-2.8):(-0.4)*5=-1.6:(-0.4)*5=-20 (1.2-2.8):(-0.4)*5=-1.6:(-2)=0.8

4) 99-(20-180:3)=99-40=55 99-(20-180:3)=99-(20-60)=99+40=139

5) -12.5*(-10)=-1.25 -12.5*(-10)=125







Түртіп алу стратегиясы бойынша

интерактивті тақтадағы есептерді

шығарып, тексереміз


Балалар сыни тұрғыдан ойлауға дағдыланып, шапшаңдыққа үйренеді

Бағалау

(2 мин)


Бармақпен бағалау


Бармақпен өз жұмыстарын бағалайды

Өзін өзі бағалайды

Үйге тапсырма

(1 мин)


5 сынып № 950

6 сынып №600

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады


Рефлексия

(2 мин)

Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазады да құмыраға іледі






Тақыры п бойынша мынадай сұрақтарға жауап жазады:

Не ұнады? Не ұнамады? Не білдім? Нені түсіндім? Нені түсінбедім? Нені білгім келеді? Сабақтың қай сәті ұнады? Нені толықтырғым келеді?

Балалар сабақта не үйренгенін біле алады, қорытынды жасай алады, өзін-өзі бағалайды


Пәні : Математика Сыныбы: 5 «А»- 6 «А» сынып

Тақырыбы:

5 «А»сынып « Теңдеу »

6 «А» сынып «Масштаб »

Мақсаты: Оқушыларда теңдеу туралы және оның түбірі туралы түсініктер қалыптастыру.Теңдеудің белгісіз компоненттерін табу арқылы теңдеуді шеше білуге үйрету.Теңдеудің шешуін жаза білуге және оның түбірінің дұрыс табылғандығының тексере білуге үйрету , теңдеу құру арқылы тақырыптық есептерді шығара білуге үйрету.

«масштаб»түсінігін еңгізу; оқушылардың математикалық мәтін есептерін шығаруға байланысты дағдысы мен біліктілігін қалыптастыру;


Табыс критерилері: 1) Теңдеудің түбірін таба алады.

2) масштабқа байланысты есепті шығара алады

Күтілетін нәтиже: Оқушылар белсене араласады, бір-бірін оқытуға дағдыланады, көшбасшылыққа ұмтыладыла отырып, жауапкершілік сезімдері артады

Негізгі дерек көздер: Математика пәні оқулығы, үлестірмелі қағаздар, атлас картасы

Көрнекіліктер: Слайд, стикерлер, плакат, маркер, АКТ

Сабақтың типі: дағдылау сабағы

Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы


Кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Күтілетін нәтиже

Ұйымдастыру

( 2 мин)

«жалғасын тап» атты тренинг арқылы сыныпта ынтамақтастық атмосферасын қалыптастыру

Геометриялық фигуралар у арқылы топқа бөлу

Геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлінеді

Балаларды топтық жұмысқа баулу, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Қызығушылықты ояту

(7 мин)

5 сынып

«Түймедақ »

әдісі бойынша теңдеулер шешу

X+23=41 85+z = 97 x+97 = 127

36+y=74 53 – y = 25 132-z= 84

6 сынып Миға шабуыл

  1. Ауызша .

  1. Қатынас дегенміз не?

  2. Қатынас нені көрсетеді? Қатынастың негізгі шарты?

Сайқымазақ тышқан массасының піл массасына қатынасын анықтағысы келді.Тышқанның массасы 50 г,ал пілдің массасы 5тонна .»Қатынас құрамыз 50:5» - деді сайқымазақ.»Тышқан пілден 10 есе ауыр»Сайқымазақ дұрыс айта ма?





Өткенге шолу ретінде,

сұрақтарға жауап береді, кестедегі есептердің сәйкес жауаптарын табады




Балалардың мотивациясын арттыра отырып, жылдам әрі нәтижелі жұмыс жасауға үйрету, сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыта отырып, шапшаң ойлауға үйрету

Әр топ мүшелері ережелерді толықтырады

Математикалық тілді дамыту

Жаңа тақырыпты түсіндіру

(16 мин)

5 сынып: шығармашылық жұмыс

1 тапсырма: Таразының сол жақ табақшасында қауын және 2 дорбашасындағы ұн және 1кг гір тасы, ал оң жақ табақшасында 5кг гір тастары бар. Сурет бойыншша теңдеу құрып, қауынның массасын табыңдар.

2 тапсырма: Таразының сол жақ табақшасында қауын және 2кг гір тасы, ал оң жақ табақшасында 10кг гір тастары бар. Сурет бойыншша теңдеу құрып, бір дорба ұнның массасын табыңдар.


6 сынып:

  1. Жаңа тақырып.

Географиялық карта адам мәдениетінің негізгі құжаттарының бірі . Үлкен аймақтар , мемлекеттер немесе географиялық карталарда жер жүзінің бөліктері көрсетіледі.Карта бетіндегі әр сызық,әр штрих – жер қопарушылардың,саяхатшылардың ,зерттеуші – ғалымдардың көпжылдық еңбектерінің нәтижесі. Қазақстан картасына қараңдаршы –біздің еліміздің, туған жеріміздің картасы. Атластарыңды ашыңдар. Ел ордасы Астана қаласын табамыз және біздің облысымыздың басты қаласы Петропавл қаласынтабыңдар. Енді Астана қаласымен Петропавл қалаларының арақашықтығын сызғыш арқылы өлшеңдер. Қандай арақашықтық табылды? Айтыңдаршы , негізінде солай ма? Жоқ. Астанамен Петропавл қалалырының арасындағы арақашықты біз кейін табамыз. Картада жер беті кішірейтілген түрде көрсетіледі . Мысалы, 1 километр картада – бұл 1 сантиметрге тең кесінді.

Картадағы кесінді неше есе кем жер бетіндегі арақашықтықтан ?

1см


1км



Біз кесіндінің ұзындығының жер бетіндегі сәкес арақашықтыққа қатынасын таптық. Бұл өлшем масштаб деп аталады.

Анықтама Картадағы кесінді ұзындығының оған сәйкес жер бетіндегі қашықтыққа қатынасын масштаб деп аталады. Масштаб , картадағы арақашықтық жер бетіндегі арақашықтық неше есе кем екенін көрсетеді.

Картада

1см

Жер бетінде

1км = 100000см

Масштаб

1 : 100000



Әр сыныптың топ мүшелері тақтаға шығып деңгейлік есептерді шығарады,

басқа топтар сәйкесінше тексереді




Диалогтік қарым-қатынасқа түсу арқылы жіберген қателіктерін түзете алады.әр сынып тақырып бойынша не түсінгенін біле алады

Сергіту сәті (5 мин)

«Памогатор» бойынша би билеу

Оқушылар би билеу арқылы сергіп қалады.

тақырыпқа байланыстыра отырып дене жаттығуы мен қатар ми жаттығуларын жасауға болатындығын түсінеді

Сабақты бекіту

(10 мин)

5 сынып:

Оқулықпен жұмыс: № 421 , № 422

6 сынып:


159

Картада

1,5 см

Жер бетінде

х см

Масштаб

1 : 1000

156 (өзіндік жұмыс )

Картада

х см

Жер бетінде

20м = 2000см

Масштаб

1 : 1000



Практикалық тапсырма ( топпен)

Солтүстік облысының картасы бойынша табыңдар:

1-ші топ – біздің селомыздан аудан орталығына дейігі арақашықтық ( км)

2-ші топ –біздің селомыздан облыс орталығына дейінгі арақашықтық – Қостанай қаласы (Жауабы: км)

Картаға қарап облысымыздың масштабы


Түртіп алу стратегиясы бойынша

интерактивті тақтадағы есептерді

шығарып, тексереміз


Балалар сыни тұрғыдан ойлауға дағдыланып, шапшаңдыққа үйренеді

Бағалау

(2 мин)


«Бағдаршам» арқылы бағалау



Формативті бағалаудан соң жиынтық бағалау қойылады.

Өзін өзі бағалайды, топ басшысы бағалайды.

Үйге тапсырма

(1 мин)


5 сынып №418

423

6 сынып № 182

185


Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады



Рефлексия

(2 мин)

Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазады







Тақыры п бойынша мынадай сұрақтарға жауап жазады:

Не ұнады? Не ұнамады? Не білдім? Нені түсіндім? Нені түсінбедім? Нені білгім келеді? Сабақтың қай сәті ұнады? Нені толықтырғым келеді?

Балалар сабақта не үйренгенін біле алады, қорытынды жасай алады, өзін-өзі бағалайды
























[pic]

Рецензия

Математика пәнінің мұғалімі Баекенова Карлыгаш Утепбергеновна «Біріккен сыныптардағы инновациялық сабақ» атты сайысқа дайындаған материалына рецензия. Қарлығаш Утепбергеновна математика пәнінен 5 және 6 біріктіліп оқытылатын сыныптарда дәріс береді. Біріккен сыныптарға арналған тақаырыптық күнтізбелік жоспар үлгісін ұсынған және бұл жоспар білім берудің мемлекеттік стандартына , оқу бағдарламасына және 5-6 сынып арналған «математика» оқулығына сүйене отырып жасаған. Осы сыныптар бойынша үш сабақ жоспарын ұсынып отыр. Сабақ құрылымы білім беру стандартына сай құрылған. Сабақ жоспарын құрастыру барысында оқытудың жаңа әдіс тәсілдерін, яғни жеті модульді ықпалдасиыра білген. Екі сыныпқа бірдей сабақты ұйымдастыру кезеңінде ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру, сергіту сәті, кері байланысты қолдана алды. Сабақ жоспарын құрастыру кезінде екі сыныптың жас ерекшеліктері,қолданылған әдіс-тәсілдер, тапсырмалар мазмұны оқушылардың білім деңгейіне сай құрылған.





Директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары: М. Дуйсенова