Урок на тему Сан аралығы. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


267 орта мектеп. Қызылорда қаласы

Сабақтың тақырыбы: Сан аралығы. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер.

Сыныбы: 6 а

Математика пәнінің мұғалімі: А.Байманова

Сабақтың тақырыбы

Сан аралығы. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу

Оқып үйренудің мақсаттары

1. Сан аралығы,бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік теңсіздіктер туралы ақпарат беру

2. Сан аралығын, теңсіздіктер шешімін таба білу туралы түсінік беру

3. бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік теңсіздіктердің шешімдерін сан аралықтарында кескіндеуге үйрету

Күтілетін нәтиже

1. Сан аралығы,бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік теңсіздіктер туралы ақпарат алады.

2. Сан аралығын, теңсіздіктер шешімін таба білу туралы түсінеді.

3. бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік теңсіздіктердің шешімдерін сан аралықтарында кескіндеуге үйренеді.

Сабақтың әдіс-тәсілдері мен тапсырмалар

Топтық жұмыс «Ой толғау»

Жұптық жұмыс «Сәйкесін табу»

Жеке жұмыс

Кері байланыс

Сабақтың көрнекілігі:

слайд,постер,интер тақта, маркер, стикер, марафон бағдарламасы

Сабақтың барысы (2 минут)

Ұйымдастыру кезеңі

1.Топқа болу (1 мин)

1.Қызыл түс 2.Көк түс 3.Жасыл түс

2.Топтық жұмыс

Кіші жоба қорғау

(7 минут)

Оқушылар оқулықта берілген ережені еске түсіріп, топпен бірлесе отырып, талқылайды. Топ баяндамашысы жұмыстарын қорғайды.

Топтар бір-бірін екі жұлдыз, бір ұсыныс арқылы формативті бағалайды.

1 топ тапсырмасы: Сан аралығы

2 топ тапсырмасы: Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер

3 топ тапсырмасы: Санды теңсіздіктер

3. топтық жұмыс.Ой толғау

(5 минут)


І топ

  1. (-2;5] сан аралығының аты:

  2. Белгіленумен жаз: 1 –ден 4 –ке дейінгі кесінді.

  3. Сан аралығындағы бүтін сандарды тап:

ІІ топ

  1. Белгіленумен жаз:

1 –ден 3 –ке дейінгі 3 саны қоса алынған жартылай интервал.

  1. Теңсіздіктер шешімін сан аралығымен жаз:

  2. [4;9] сан аралығының аты:

ІІІ топ

1. Белгіленумен жаз: 2 –ден 7 –ге дейінгі интервал.

2. [ -4;5) аралығындағы ең кіші және ең үлкен бүтін санды тап:

3.(3;10) сан аралығының аты:

4.Жеке жұмыс (8 минут)

Оқулықпен жұмыс

1039(2, 5)

2) 7х+4(х-2)>6(1+3х) 5) 6(3+5у)-(2+7у)≤5(4+3у)

7х+4х-8>6+18х 18+30у-2-7у≤20+15у

11х-18х>6+8 23у-15у≤20-16

-7х>14 8у≤ 4

х<14: (-7) у≤4 : 8

х<-2 у ≤ 0,5

Ж: (-∞; -2) Ж: (-∞; 0,5]

5. Сергіту сәті. (2 мин)


6. Жеңіс тауы (5 мин)

Оқушылар тапсырмаларды ауызша орындайды.

7.Жеке жұмыс. Блиц тур

(5 мин)

Оқушылар тапсырмаларды ауызша орындау арқылы ұпайлар жинайды.

8. Бекіту тапсырмалары.

Сәйкестендіру ( 3 мин)


Парақшаларға сәйкестендіру тапсырмаларын орындайды.

Белгіленуі

Аты

(а; +∞)

Жартылай интервал

(-∞; в]

Кесінді

(а; в)

Ашық сәуле

[а;в]

Сәуле

(а; в]

Интервал

9. Ауызша есептер.(4 мин)

Марафон бағдарламасы бойынша 10 есептен дұрыс шығарылған 4 есепті тауып, ауызша есептер шығарылып, қорытынды ұпай есептелінеді.

8. Үйге тапсырма(1 минут)

1. №1047 есеп.

2. Теңсіздіктерге берілген есептерден сөзжұмбақ құрастыру

9. Бағалау

Рефлексия (2 минут)

1.Мен бүгін білдім

_________________________________________________

2. Үйрендім _________________________________________________

3. Қолдана аламын ________________________________________________









Сәйкес сан аралығын көрсет.

Оқушының аты-жөні:


Белгіленуі

Аты

(а; +∞)

Жартылай интервал

(-∞; в]

Кесінді

(а; в)

Ашық сәуле

[а;в]

Сәуле

(а; в]

Интервал







Сәйкес сан аралығын көрсет.


Оқушының аты-жөні:


Белгіленуі

Аты

(а; +∞)

Жартылай интервал

(-∞; в]

Кесінді

(а; в)

Ашық сәуле

[а;в]

Сәуле

(а; в]

Интервал