Қызылорда қаласы,
Қараөзек ауылы
№39 «Қызылөзек» орта мектебі мұғалімдері
М.Бостанова
Г.Қайырбекова
Кіріктірілген сабақ
Қысқа мерзімді жоспар
пәні: алгебра, информатика Бостанова Мираш - математика пәні мұғалімі
Қайырбекова Гүлнұр - информатика пәні мұғалімі
Күні: 11.12.2015ж
Сабақтың тақырыбы
Виет теоремасы
Мақсаты
Виет теоремасы арқылы шығарылатын есептерге қолданылатын негізгі формулалар түрін білу;
Виет теоремасы арқылы квадрат теңдеу құруға және теңдеу түбірлерін табуға;
Тақырып бойынша виет теоремасы арқылы құзырлы тапсырмаларды орындай алу
Күтілетін нәтижелер
Барлық оқушы виет теоремасы арқылы квадрат теңдеудің түбірлерінің қосындысы мен түбірлерінің көбейтіндісін анықтай біледі;
Көпшілігі виет теоремасы арқылы квадрат теңдеу түбірлерін анықтайды және есеп шығаруда қолдануға үйренеді;
Кейбір оқушы түбірлері арқылы квадрат теңдеу құра алады және құзырлы тапсырмаларды орындай алады.
Керекті жабдықтар
Ламинад парағы, маркер, стикер, смайликтер, түрлі-түсті қағаздар, бағалау парақшалары
Қолданылатын әдіс-тәсілдер:
«Жұптарда өзара бағалау» (1-стратегия) , «Критериалды бағалау», «Ой қозғау», Топтық жұмыс, «Жеке жұмыс», «Жұптық жұмыс», «Түзетулерді орындау» (8-стратегия)
, Деңгейлік тапсырма
С а б а қ б а р ы с ы :
Сабақ
кезеңдері
Мұғалім әрекеті
Оқушы әрекеті
Кіріспе
7-мин
Саламатсыздар ма, балалар! Мен сендермен бірге сабақ өткізуге қуаныштымын.
Топқа бөлу:
Ортаға келіп, мына қағаздарда жасырылған квадрат теңдеулер бойынша 3 топқа бөлініңіздер.
Қандай теңдеу түрлері бойынша топқа бөліндіңіздер?
Үй тапсырмасын тексеру: №339 есепті ауызша тексеру.
Жауаптары:
1); 1. 2) 3; 7.
3) 0. 4) -2,1; 0,2.
Бағалау. Бақылаушының бағалау парағы бойынша бағалау жүргізіледі.
Әр жауаптың артында әріптер жасырылады. Жасырылған сөз "ВИЕТ"
Мұғаліммен амандасады.
Оқушылар 3 топқа бөлінеді.
Толымсыз квадрат теңдеулердің 3 жағдайы бойынша топқа бөліндік.
Оқушылар үй тапсырмасы бойынша жауап береді.
Excel бағдарламасында есептің нәтижесін тексереді:
Тұсаукесер
2-мин
Жаңа материалға тұсаукесер рәсімінде «Ой қозғау» әдісі арқылы сұрақ қою техникасы бойынша сұрақтар қойылады.
Түрткі сұрақтар
1. Балалар, қалай ойлайсыңдар неге "ВИЕТ" сөзін жасырдым?
Ендеше балалар бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы: «ВИЕТ теоремасы». Дәптерге жазыңыздар. Енді бүгінгі сабағымыздың мақсатын, яғни "Табыс критериін" белгілейік.
Мүмкін осы сөзге байланысты жаңа тақырып өтетін шығармыз.
Сынып сабақтың мақсатын былай белгілейді:
1. Виет теоремасының формуласын білу
2. Виет теоремасы арқылы квадрат теңдеу түбірлерін анықтауды білу
3. Осы формулаларды пайдаланып есептер шығара білу
Негізгі бөлім
10 мин
10-мин
10-мин
| Балалар, егер келтірілген квадрат теңдеу болса, түбірлерінің қосындысын және түбірлерінің көбейтіндісін қалай жазамыз. Осы сұраққа жауап беру үшін дайындалуға 5 минут беріледі. Жеке оқиды, жұппен талқылайды. Әр топтан бір оқушы шығып түсінгенін айтады.
Енді мысалдар келтірейік: (Топпен жұмыс) І топ 1-мысал: х2-7х+12=0 теңдеудің түбірлерін анықтаңыз Ж: х1=3 x2=4 ІІ топ 2-мысал: х1=2 x2=9 болатын квадрат теңдеуді құрастыр Ж: x2-11x+18=0 ІІІ топ 3-мысал
Ж: (7; 8) Бағалау. «Критериалды бағалау» арқылы өздерін бағалайды.
Бағалау. Критериалды бағалау жүргізіледі.
Критерий | Дескриптор | Ұпай |
Квадрат теңдеу түбірлерінің формуласын білу | Формуланы біледі, қолданып есепті дұрыс шығарған | 2 |
Формуланы біледі, есепте қате бар | 1 |
Формуланы білмейді, есепті шығара алмаған | 0 |
Деңгейлік тапсырмалар
І деңгей
№291 есеп
Түбірлерінің қосындысы мен көбейтіндісін табыңдар:
1) х2-37х+27=0
2) х2-210х=0
ІІ деңгей
Түбірлері бойынша квадрат теңдеу құрыңдар:
2) -3,4 және 6;
3) және 2;
ІІІ деңгей
№299
Теңдеулер жүйесін шешіңдер:
Мақалда кездесетін сандар, квадрат теңдеу түбірлері. Сол бойынша теңдеу құрастырыңыз:
Мысал. 1 тал кессең, 10 тал ек.
х1=1 х2=10
х1+ х2=11
х1- х2=10
х2-11х+10≠0
3)Мақалда кездесетін сандар, квадрат теңдеу түбірлері. Сол бойынша теңдеу құрастырыңыз:
Мысалы. Төртеу түгел болса төбедегі келеді алтау ала болса, ауыздағы кетеді:
х1=4 х2=6
4+ 6=10
4•6=24
х2-10х+24=0
Бағалау. Әрбір дұрыс есепке 1 ұпай
Оқушылар тақтаға шығып формулаларды жазады.
Әр топ А3 форматтағы ламинантталған параққа топтасып, мысалды шығарады
Оқушылар сол арқылы білімдерін бір жерге жинақтап, жаңа тақырыпты ұғып алады.
Оқушылар деңгейлік тапсырмаларды жеке орындайды.
Қорытын
ды
8-мин
1)Бекіту сұрақтары: Тест Kahoot
1) Теңдеу түбірлерінің қосындысы мен көбейтіндісін табыңдар: х2-2х+5=0
2) Келтірілген квадрат теңдеуді анықтаңдар
3) Берілген теңдеу коэффициенттерін анықтаңдар: 2,5 х2-5=0
4) Түбірлері бойынша квадрат теңдеу құрастырыңдар: х1=-2; х2=3;
5) Теңдеу түбірлерінің қосындысы мен көбейтіндісін анықтаңдар: х2-12х+7=0
2) Табыс критериіне талдау жасау
3)Үйге тапсырма: №291, 292, 294, 299 қалғандары
4)Бағалау: Сабақ барысындағы жұмыстануы бойынша, сабақ критерилеріне сәйкес оқушыларды сыныппен кеңесе отырып бағалаймын, бағаға түсініктеме беріп, жетілу жолдарын айтамын.
5)Рефлексия: Оқушы аты-жөні:________
Сіз үйренген үш жаңа нәрсені атаңыз:
«Не білдім?»
«Не үйрендім?»
«Не қиын болды?»
(рефлексия парақтарына түсіреді) [pic]
- Сабақ аяқталды!
- Сау болыңыздар!
Тақырып бойынша алған білімдерін қорытындылайды.
Тест жауаптарын Activote бағдарламасында белгілейді.
Тест жауаптары:
1. В
2. Д
3. А
4. С
5. В
Табыс критериі парақшасына мақсатқа жеткен, жетпегендіктерін күн, бұлттан шыққан күн, бұлт арқылы белгілеп көрсетеді.
Үй тапсырмасын түсіріп алады.
Оқушылар бағаланады.
Сабақтан алған әсерін баяндайды. Кей оқушы сыныпқа оқып береді.
Сабақтың өзіндік талдауы
Сабақ бойынша өзгертулер