САНДАРДЫҢ АРИФМЕТИКАЛЫҚ ОРТАСЫ,МОДАСЫ,ӨЗГЕРІС АУҚЫМЫ,МЕДИАНАСЫ
Ескалиева Г.Б.(Қазалы ауданы ,Әйтеке би кенті ,№266 мектеп-лицейдің математика пәні мұгалімі)
Қысқа мерзімді жоспар
Сынып: 5 «Г» Пәні: Математика
Сабақтың тақырыбы
Сандардың арифметикалық ортасы,модасы, өзгеріс ауқымы, медианасы
Оқыту мақсаты
1.Санның арифметикалық ортасын, өзгеріс ауқымын, модасын таба білуге үйрету;
2. Оқушылардың сыни тұрғыда ойлауын , өзіндік танымын қалыптастыу, сабаққа деген қызығушылығын арттыру, топта жұмыс істеуге дағдыландыру;
3.Оқушыларды жауапкершілікке үйрету, оларға адамгершілікке тәрбие беру және де математикаға деген ынта – ықыластарының тиянақты болуын қамтамасыз ету. Оқушылардың өз ойын толық, дұрыс жеткізе білуге, тапқырлыққа,жылдамдыққа тәрбиелеу.
Оқыту нәтижесі
Санның арифметикалық ортасын, өзгеріс ауқымын, модасын таба біледі; Топта сыйластық, іскерлік атмосферасы орнығады,бір-біріне көмек береді.Сыни ойлаудың стратегияларын меңгереді.
Негізгі идеялар
Оқушының пәндік білімін жетілдіру және тақырыпты меңгеруде өз ойларын еркін айтуын қалыптастыру.
Бағалау
Критералды бағалау, формативті бағалау
Сабақтың оқыту құралдары және көрнекілігі
Математика -5 сынып. Дидактикалық материалдар және интернет материалдары.Интерактивті тақта
Сабақтағы әдіс-тәсілдер
Сын тұрғысынан ойлау. Топтық,жұптық,жеке жұмыстар.Бағалау,өзін-өзі бағалау және көшбасшылық.
Сабақтың түрі
Жаңа сабақ
Сабақтың пәнаралық байланысы
География,экономика,өмірмен байланыс
Сабақ барысы:
Мұғалімнің қызметі
Оқушының қызметі
І. Ұйымдастыру бөлімі
«5» - Алтын ұя мектебімізге -5 жыл
«25» - Тәуелсіздігімізге –
25 жыл
«55» - Ғарышқа –
55 жыл
«60» - А.Жұмаділдаев атамызға – 60 жыл
«ҒАСЫРДЫҢ ҮШ ТІРЕГІ:физика, математика,информатика»
-амандасу;
-түгелдеу;
-оқушының назарын сабаққа
аудару;
-оқу құралдарының дайындығын
тексеру
Топтарға бөлу
-амандасу;
-кезекшілік
міндеттерін атқару;
-сабаққа
дайындалу;
«5», «25»,«55», «60» цифрлары арқылы арифметикалық орта, өзгеріс ауқымы, мода,медиана топтарына бөлінеді.Топ басшыларын сайлайды.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
№1504.
Шамалардың жуық мәндерін бүтінге дейін дөңгелектеу
1) 7835 м ≈ 8 км
2) 316 см ≈ 3 м
3) 4235 м ≈ 4 км
4) 5416 г ≈ 5 кг
5) 857 кг ≈ 9 ц
6) 14257 кг ≈ 14 т
Оқушы өзін – өзі тексереді,ұпай санын топ басшысына айтады,топ басшысы бағалау парақшасына түсіреді.
5-6 есеп - 5 ұпай
4 есеп – 4 ұпай
3 есеп -3 ұпай
2 есеп – 2 ұпай
1есеп – 1 ұпай
Есеп шығарылмаса – 0 ұпай
Жаңа сабақты игеру
«Маган айт, мен оны ұмытамын, корсет, мумкін, есімде сактармын, мені кызыктыр, мен сонда тусінемін» мақсатында ресурсты пайдалана отырып,жаңа ақпаратты игеру
Топтық жұмыс
Тақырып 4 тақырыпшаға бөлінеді:
1) Cанның арифметикалық ортасын қалай табамыз?
2) Санның өзгеріс ауқымы дегеніміз не?
3) Санның модасын қалай анықтаймыз?
4)Сандар қатарының медианасы деген не?
Балалар өз бетінше оқып бір-біріне түсіндіреді. Түсінгенін постер арқылы қорғайды. Мысалдар келтіреді.
Жаңа материалды қосымша түсіндіру
Халық шаруашылығындағы қайсыбір шамалардың: егін өнімінің, заттың бағасының, қозғалыс жылдамыдығының және т.с.с. сан мәндері әр түрлі болады. Оларды есептеу статистикалық сипаттамалар бойынша жүргізіледі.
Статистикалақ сипаттамалардың жиі қолданылатын түрлері:арифметикалық орта, өзгеріс ауқымы, мода.
Бірнеше санның арифметикалық ортасы деп сол сандардың қосындысын қосылғыштар санына бөлгенде шығатын бөліндіні айтады.
Өзгеріс ауқымы дегеніміз берілгендер қатарындағы ең үлкен мәні мен ең кіші мәннің айырмасы.
Шаманың модасы – оның берілген мәндерінің ішіндегі жиілігі ең көбі. Қайсыбір жағдайларда берілген шаманың модасы болмауы да мүмкін немесе біреуден артық болуы да мүмкін. [pic] [pic] [pic] [pic] [pic] [pic] Қызыл түс-мода .Саны -3. Халықтың тұрмыстық қажетін өтеудегі, коммерциялық жұмыстардағы моданың бірі – халықтың көп сұрайтын сұраныс заты
Шамалардың орташа мәнін сипаттайтын статистикалық шама медиана деп аталады
Медиананы табу үшін:
Берілген сандарды өсу немесе кему ретімен жазу керек,егер сандар саны тақ болса,дәл ортадағы сан медиана болады.
Егер сандар саны жұп болса,дәл ортадағы екі санның арифметикалық ортасы медиана болады.
[pic]
[pic]
[pic]
[pic]
Жаңа білімді бекіту
1. Ауызша жаттығу орындау. №1518. Сандардың арифметикалық ортасын табыңдар:
5 пен 3 5)30 бен 50
7 мен 9 6)100 бен 90
3пен 10 7) 0,6 мен 0,4
15 пен 17 8)1,2 мен 1,8
9)0,25 пен 0,75
2. «Оқулықпен жұмыс» Жеке жұмыс №1519
1)15+21+17+18+19=90;
90:5=18; сандардың . . . . . . –18;
2)3,5;4,8;4,7;4,8; сандарының . . . 3)4,8;41;43;40;39; сандардың. . . . – 4; 4)2,5;3;2,5;1,8;1,8 сандарының . . . – 2,5 және 1,8.
1-топ: №1520. Сандардың арифметикалық ортасын табыңдар:
1)5;7;10;12;16
2)14;18;17;23
3)45;58;76;81
3-топ:№1521. Сандардың өзгеріс ауқымын табыңдар:
1)1;2;5;7
2) [pic]
2-топ:№1522. Сандардың модасын табыңдар:
2 [pic] ,1; 3,5; 4,6; 2,1; 0,3;
5,1; 7,5; 8,3; 10,2; 20;
4-топ:№1523.Сандар қатарының медианасын табыңдар:
1 [pic] )9;4;5,1;3,2;7;6,2;8,9;
2) 3,5;2,6;3,5;1,3;2,6;3,5;
Сергіту сәті
Оқушылар ауызша айтады.
№1518
(5+3): 2=4 (30+50): 2=40
(7+9): 2=8 (100+90): 2=95
(10+12): 2=11 (0, 6+0, 4): 2=0, 5
(15+17): 2=16 (1, 2+1, 8): 2=1, 5
(0, 25+0, 75): 2=0,5
№1519 есеп Жауабы:
арифметикалық ортасы
модасы
өзгеріс ауқымы 43-39=4
Модасы
№1520
[pic]
[pic]
[pic]
№1521.
7-1=6
[pic]
№1522.
1)2,1
2) [pic]
3)Жоқ
1)6,2
2)3,05
3)0,5
[pic]
Қорытындылау
Тест тапсырмасы:
1) 5+8+6+7+4+2=30 30:6=5
Арифметикалық ортасы 5
дұрыс
Дұрыс емес
2) 5,7; 5,9;5,8;5,7;
Модасы 5,7
Дұрыс емес
дұрыс
3) 12;56;48;25;23;34
Өзгеріс ауқымы 44
Дұрыс емес
дұрыс
1.Бірнеше санның арифметикалық ортасы қалай табылады?
2.Берілген сандардың өзгеріс ауқымы деген не?
3.Шама мәндерінің модасы қалай табылады?
4.Медиана деген не?
Үйге тапсырма.
Сандардың арифметикалық ортасы, өзгеріс ауқымы, модасы тақырыбын оқу
№1520 (4,5,6);
№1521 (4);
№1522 (4,5,6)
Үй тапсырмаларын күнделікке жазады
Бағалау
Қорытындылау
Рефлексия
Не сәтті болды? Не сәтсіз болды? Нені өзгертіп дамытар едім?
Бағалау парақшасы арқылы бағалайды.Бағаларын журналға түсіремін.Күделіктеріне қойдырады
Стикерге оз ойларын жазады