Педагогикалық оқу-Математика сабағында өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...








Математика сабағында өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру



4. М.Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектептің математика пәні мұғалімі Абдрахманова К













Атырау облысы

Жылыой ауданы

Тұрғызба ауылы







Жоспар׃


І. Кіріспе. Білім негізі-өзіндік жұмыс


ІІ. Негізгі бөлім. 1. Жаңа технологияны өзіндік жұмыстарда

қолдану.

2. Ойын элементтері арқылы өзіндік

жұмыстарды ұйымдастыру.


ІІІ. Қорытынды. Өзіндік жұмыстың пайдасы






























І. Кіріспе


Баланы оқытудың мақсаты-оны әрі қарай

мұғалімнің көмегінсіз-ақ дамуға қабілетті ету. Э.Хаббард.




Қазіргі уақытта еліміздің білім кеңістігінде болып жатқан реформалар Қазақстанның болашақ мектебінің мазмұны мен білім беру бағдарламаларын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған.

Қазіргі білім берудің ең негізгі міндеті-өзгермей әлеуметтік-экономикалық жағдайда өмір сүруге дайын ғана емес ,айналасындағы шынайы өмірге белсенді қатынасын байқатып,оны жақсартуға ықпал ете алатын,бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып отыр.

Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін ұйымдастыруда өзара байланысты екі міндетті есте сақтаған жөн.

  • Оқушының өз бетімен жұмысы-бұл мұғалімнің қатысуынсыз бірақ оның тапсыруымен және басқарумен орындалады.

  • Өз бетімен жұмысты орындау кезінде оқушы білімін кеңейтеді,оның ойлау қабілеті арта түседі,ең бастысы оның өз-өзіне деген сенімі артады.

Оқушылардың өз бетімен жұмысын қалыптастыру оқушының пәнге деген қызығушылығынан туындайды.Өз білімін көтеру жекеленген оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу дағдысын дамытып,шығармашылық белсенділігін арттырады.

Өзіндік жұмыс-бұл әр адамның әрекетті саналы түрде таңдап алып,оны табандылықпен орындау арқылы сипатталатын қасиет.

Өздік жұмыстарының негізгі түрлері: оқулықпен жұмыс, тексеру, бақылау, рефераттар мен баяндамалар жасау, тест жұмысын орындау болып табылады.

Оқушылардың өзіндік жұмысы – бұл мұғалімнің тікелей қатысуынсыз, бірақ оның тапсыруымен, оның басшылығымен және бақылауымен орындайтын жұмысы. Өзіндік жұмысты орындау кезінде оқушы теориялық білімін кеңейтеді, тереңдетеді, белсенді іс -әрекет барысында ойлау қабілеттері дамиды, ал ең бастысы өзіне деген сенімі нығайып, жауапкершілікті сезіну қалыптасады.

Өздік жұмыстарды ұйымдастыру талаптары:

  • өздік жұмыстың мазмұны бағдарламаға қойылатын талаптарға сәйкес келу қажет;

  • оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға тиісті;

  • өздік жұмыстар түрі және мазмұны жағынан әр түрлі болуы керек;

  • әрбір өздік жұмыс тексеріледі және бағаланады.

  • өздік жұмыс тек қайталау кезінде ғана жүргізбей сабақтың барлық кезеңдерінде, орынды жерінде өткізу керек.

Өздік жұмыс ұйымдастыру формасы мынадай: жеке оқушымен, топпен жұмыс, барлық оқушымен болады.

Оқушылардың орындайтын өзіндік жұмыстарының барлығына мұғалім жетекшілік рөл атқарады. Өзіндік жұмыстарды ұйымдастыруға дидактикалық талаптардың орындалып отырылуы қамтамасыз етіледі. Олардың ішінен мыналар басшылыққа алынады:

  • жоспарлы түрде, жүйелі, түсінікті, бір ізіділікпен жүргізілуі;

  • жаттығулардың біртіндеп, яғни қиындық дәрежесіне қарай өз кезегімен күрделеніліп отырылуы;

  • теориялық, практикалық даярлықтары мен оқушылардың жеке дара ерекшеліктерінің ескерілуі;

  • сабақта орындалатын өзіндік жұмыстар мен сабақтан тыс орындалатын өздік жұмыстардың бір – бірімен үйлесімі;

  • теорияның практикамен байланысы;

- үздіксіз, жүйелі түрдегі бақылаудың үнемі болуы қажет.
Өздік жұмыстарға басшылық жасауда бұл дидактикалық талаптарды пайдаланудың кейбір ерекшеліктері бар. Әрбір өзіндік жұмыстың мазмұн көлемі оқушылардың шамасы келетіндей, жас және дара ерекшеліктері ескеріліп берілуі тиіс.

Оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстарды мақсатына қарай: оқыту; жаттықтыру; бекіту; қайталау; дамыту; шығармашылық яғни іздену мақсатында; бақылау болып бөлінеді

Мақсат бойынша оқушылардың өздігінен

орындайтын бақылау жұмыстарының сипатаммасы





Реті Түрлері Ерекшелігі

Оқыту

Мұндай мақсаттағы өзіндік жұмыс жаңа тақырыпты түсіндіру барысында тапсырмалар беру арқылы жүргізіледі. Оның мақсаты – жаңа материалға қызығушылығын дамыту, мұғалім нені түсіндіріп жатқанына әрбір оқушының көңілін аудару.

3

Бекіту

Мұндай мақсаттағы өз бетімен жұмыстар оқушылардың логикалық ойлау қабілетінің дамуына септігін тигізеді және әр түрлі ережелерді араластыра отырып қолдануды талап етеді.

4

Шығармашылық

Мұндай мақсаттағы өзіндік жұмыс өте жоғары деңгейде жүргізіледі.Мұндай тапсырмалар шығарылған есептің екінші, үшінші тәсілдерін табуға беріледі немесе кейбір теоремалардың дәлелдемесінің басқа тәсілдерін табу тапсырылады.

5

Қайталау

Мұндай мақсаттағы өз бетімен жұмысты мұғалім жаңа сабақты түсіндіргенге дейін жүргізеді, яғни оқушылардың дайындығын тексеру мақсатында, қиындық келтірген сұрақтар болса, анықтауға көмектеседі.

6

Дамыту

Мұндай мақсаттағы өзіндік жұмыс белгілі бір тақырыпқа байланысты баяндама дайындауға үйге тапсырма беру арқылы жүргізіледі немесе олимпиадаға дайындау, ғылыми – конференция, т.с.с.

Өзіндік жұмыс үшін ұсынылатын тапсырмалар оқушылардың ғылыми-танымдылық қызығушылығын ояту, ерік-жігерін тәрбиелеу, білім деңгейін ескерту, сондай-ақ өзін-өзі бақылауға үйретеді.













ІІ. Негізгі бөлім

Алдымен сабақ өткізудің мынадай әдістерін қолданамын:

1.Жаңа тақырыпты түсіндіру;

2. Жаңа тақырыпты меңгерді ме, жоқпа? (Сұрақтар қою арқылы қысқаша шолу жасау)

3.тақырыпты терең меңгерту , есептер шығару

4.үнемі өткен тақырыптарды қайталап, бақылау жасап отыру.

5. Оқушы білімін бағалауға қаталдыққа, немқұрайлыққа жол бермеу.

6. Оқушы білімін бағалауға жариялылықтың, нақтылықтың болуы.

Осы орайда өз тәжірибемді ортаға салғым келеді. Математикада өзіндік жұмыстарды жаңа технология былай қолданамын.

Өзіндік жұмыстың ең негізі-қайталау.

Жедел тест 5 -10 тапсырмадан есептен сұрақтан құралады. Уақытты тиімді пайдалану, оқушы белсенділігін арттыру. ҰБТ есептерін аламын.

Кез-келген сабағымда қолданамын, қайталау кезінде өзіндік жұмыс ретінде қолданамын. Мысалға ,9 –сыныпта «Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысы» тақырыбын өту барсында өткенге шолу пысықтау арқылы жедел тест жүргіздім. Сонымен қатар осы тақырыпта өткенді пысықтау арқылы «Миға шабуыл»оқушыларға сұрақтар қоямын.

6-сыныпта Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу тақырыбын 2-ші сағатын «Дешифратор» ойынын өткіздім.










Сабақ жаңа технологиялық әдістерді колдану.


Сабактың тақырыбы: Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысы

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысы ның формуласы;

Тәрбиелігі: Оқушыларды үнемділікке ,тәрбиелілікке тәрбиелеу.

Дамытушылығы:оқушылардың ойлау және есеп шығару қабілеттерін дамыту.

Көрнекіліктері: Интерактивті тақта

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру:

ІІ. «Ұшқыр ойдан ұтымды жауап».

Интерактивті тақта арқылы сұрақтар беріледі.

«Прогрессия» сөз жұмбағын шешеміз.

1. [pic] Тізбектің әрбір кейінгі мүшесінің алдыңғы мүшесіне қатысты орналасу ретіне қарай ап+1> аn қандай тізбек д.а.

2. Бір ғана саннан құралған тізбек.

3. Арифметикалық прогрессияның өзіне тән қасиеттері не арқылы берілген.

4. Сан тізбегінің берілу тәсілі.

5. «Прогрессия» сөзінің мағынасы.

6. Натурал аргументті функция.

7. Арифметикалық прогрессия қандай функция.

8. Екінші мүшесінен бастап әрбір мүшесі алдыңғы мүшесіне қандай да бір тұрақты санды қосқанда шығатын сан тізбегін қандай прогрессия дейміз.

9. Сан тізбегінің орналасу заңдылығы сөзбен берілсе, қандай тәсіл деп айтамыз.

ІІІ. Жаңа сабақ.

IV. «Іздеген жетер мұратқа».

(Жаңа сабақты бекіту).

1. Арифметикалық прогрессияның алғашқы n -ші мүшесінің қосындының формуласы.

2. Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысын анықтайтын формулаға геометриялық түсініктеме беріңіз.

3. Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысына қатысты теорема .

V . «Кім жылдам» .(Деңгейлік тапсырма).

І Деңгей- өзбетімен жұмыс 7 мин

1) №1. 103;101;... арифметикалық прогрессияның алғашқы сегіз мүшесінің қосындысын тап.

І Деңгей

2) № 2. Егер а1=7, d=4, n=13 болса, онда n-ші мүшесін және алғашқы n мүшесінің қосындысын тап.

І Деңгей

3. а1=10, d=4, an=50 берілген. n және Sn.

II Деңгей

  1. 190. а) 4; 8; ...... арифметикалық прогрессиясының қосындысы 112-ге тең болатындай неше мүшесін алу керек? ә) Егер арифметикалық прогрессияның айырымы 12-ге, ал сонғы мүшесі 15-ке және барлық мүшелерінің қосындысы 456-ға тең болса, прогрессияның мүшелерінің санын табыңдар;

II Деңгей

191. а) 2; 5; 8; ..... арифметикалық прогрессиясының он бесінші мүшесін және алғашқы он бес мүшесінің қосындысын табыңдар. ә) егер [pic] =10, [pic] =19 болса, онда арифметикалық прогрессиясының алғашқы он мүшесінің қосындысын табыңдар; б) арифметикалық прогрессиясының төртініш мүшеcі 9-ға, тоғызыншы мүшесі 6-ға тең. Осы прогрессияның қосындысы 54-ке тең болу үшін оның неше мүшесін алу керек?

II Деңгей

194. Егер а) [pic] =10, d=4, [pic] =330 болса, онда n мен аn –ді;

ә) [pic] =10, n=11, [pic] =330 болса, аn және d–ны;

б) d=4, аn=50, [pic] =330 болса, [pic] және n–ді табу қажет.

ІІІ Деңгей

251. а, 2а, 3а, ..... арифметикалық прогрессиясының 18 мүшесінің қосындысын табыңдар.

ІІІ Деңгей

  1. 254. 1) аn=3n+5; 2) аn=7+2n жалпы мүшесі берілген арифметикалық прогрессияның 60 мүшесінің қосындысын табыңдар

ІІІ Деңгей

  1. 257. Барлық үшорынды жұп сандардың қосындысын табыңдар.

Үй жұмысы:

Бағалау.




























Ойын элементтері арқылы есептер шығару


Сабақтың тақырыбы: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуге есептер шығару

Мақсаты:

Білімділігі: Оқушылар өткен бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу туралы білімін есеп шығаруда қолдану

Тәрбиелігі: Оқушыларды үнемділікке .жауапкершілікке тазалыққа, ұқыптылыққа баулу.

Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: Есептер шығару

Сабақтың әдісі: Дәстүрлі емес

Көрнекіліктер: сөзжұмбақ, дешифратор топшама есептері

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру

ІІ.Қайталау сұрақтары

ІІІ. Дешифратор топшамалары

ІҮ. Дешифратор цифрограмма

Ү.Қорытынды

І.Ұйымдастыру: а)оқушылармен амандасу, түгелдеу;

ә)оқушылардың зейінін аудару;

в)сабақтың жүрісін таныстыру;

ІІ. Дешифратор топшамалары

1,1. А тобы Теңдеуді шеш. │у│=9

1,2. А тобы 3х-1=2(x-2)

1,3. В тобы Сызықтық теңдеу құрып, оны шешіңдер: х-тің қандай мәнінде 1,2х+7 және 2х+3 өрнектері мәндері тең?

1,4. В тобы Екі санның қосындысы 348-ге тең. Бірінші санның 80℅-і екінші саннан 6-ға кем. Бірінші санды тап.

1,5. С тобы1) [pic] теңдеуін шеш.

2,1. А тобы Теңдеуді шеш. │у│=5

2,2. А тобы 3(x+5)=7-5x

2,3. В тобы Сызықтық теңдеу құрып, оны шешіңдер: х-тің қандай мәнінде 8,3-2,1х өрнегінің мәні 1,5х-11,6 өрнегінен 2 есе үлкен ?

2,4. В тобы Бірінші жәшіктегі мандариндер саны екінші жәшіктегі мандариндер санынан 25℅-ке артық. Бірінші жәшіктен 6 мандаринді алып, оның жартысын екінші жәшіктегі мандариндерге қосқанда , екі жәшіктегі мандариндер саны бірдей болады. Алғашқыда екінші неше жәшікте неше мандаринболған?

2,5. С тобы [pic] теңдеуін шеш

3,1.А тобы Теңдеуді шеш. │у│=6

3,2.А тобы 4х-2=2х+6

3,3. В тобы Сызықтық теңдеу құрып, оны шешіңдер: х-тің қандай мәнінде 13+28хжәне 5х+17+23х өрнектері мәндері тең?

3,4. В тобы Екі санның қосындысы 21-ге тең. Екі еселенген бірінші сан екінші саннан 3-ке артық. Бірінші санды тап.

3,5. С тобы [pic] теңдеуін шеш

4,1. А тобы Теңдеуді шеш. │у│=10

4,2. А тобы 13-(2х-5)=х-3

4,3. В тобы Сызықтық теңдеу құрып, оны шешіңдер: х-тің қандай мәнінде 6х-12 4х+24 өрнегінің мәні?

4,4. В тобы Теруші шығарманы үш күн терді. Ол бірінші күні шығарманың 40℅-ін, ал екінші күні 21 бетін терді. Үшінші күні теруге шығарманың 25℅-і қалды. Шығарма неше бет болған?

4,5. С тобы [pic] теңдеуін шеш

5,1. А тобы Теңдеуді шеш. │у│=3

5,2. А тобы3(2x-9)=5(x-4)

5,3. В тобы. Сызықтық теңдеу құрып, оны шешіңдер: х-тің қандай мәнінде 6х-18 мен 5х-20 тен.

5,4. В тобы Екі теруші компьютерде 140 бет терді. Бірінші теруші шығарманың 60℅-ін теріп, екінші теруші шығарманың неше бетін терді?

5,5. С тобы [pic] теңдеуін шеш


ІҮ. Дешифратор цифрограммасы

Дешифратор сұрақтары

  1. «+» және «-» таңбаларын І рет кім енгізді? /1489ж чех ғалымы Видман/

  2. «Нөл» сөзі қазақша?/Ешқандай/

  3. Бөлінді сөзінің орнындағы термин?/Қатынас/

  4. Теріс санды теріс санға көбейтуді түсіндірген швейцариялық ғалым? /Эйлер/

  5. Түбірлері бірдей теңдеулер ?/Мәндес/

  6. 1800-қа тең бұрыш?/Жазыңқы/

  7. Теріс және оң сан туралы түсінік берген сонымен бірге координаталық түзуді енгізген француз математигі?/Р .Декарт/

  8. «:», «∙» таңбасын енгізген ғалым?/Лейбниц/

  9. 2а өрнегіндегі 2 ?/коэффициент/

  10. 1,2,3,4,5,6,7,8,9 және 0 сандарды белгілеу үшін жасалған таңбалар?/цифрлар/

Дешифратор цифрограммасы

1,5

2,1

1,4

2,5

1,1

3,1











2,2

4,3

4,1

1,1

3,1

1,4

1,1

5,1










4,1

1,1

4,2

3,2

3,1

1,1

3,3









4,4

5,1

4,5

2,2

5,2















2,5

1,2

2,3

1,4

2,2

3,3










2,3

1,1

2,4

3,2

3,5

4,1

3,2






1,4

2,2

3,4

1,1

5,2

4,2











4,5

2,2

4,3

1,3

3,1

2,1

5,3















3,4

5,4

4,4

5,5

5,5

2,1

5,3

2,1

2,2

3,1

4,2

5,3

2,1

5,5

5,2

4,5

1,1

5,2
























Цифрограмма шешімі

В

И

Д

М

А

Н











Е

Ш

Қ

А

Н

Д

А

Й










Қ

А

Т

Ы

Н

А

С









Э

Й

Л

Е

Р















М

Ә

Н

Д

Е

С










Ж

А

З

Ы

Ң

Қ

Ы






Д

Е

К

А

Р

Т











Л

Е

Й

Б

Н

И

Ц















К

О

Э

Ф

Ф

И

Ц

И

Е

Н

Т

Ц

И

Ф

Р

Л

А

Р











Ү.Қорытынды. Үй жұмысы

Бағалау





















Қорытындылай келе, өзіндік жұмыс оқушы ойын жазбаша көрсете білумен қатар шығармашылық ойлау негізін қалыптастырады. Сондай-ақ сабақтан алған білімін кеңейтіп, тереңдетумен қатар теориялық материалдарды талдау дағдысын қалыптастырады.

Ал мұғалім өзіндік жұмыстың орындалу барысында оқушылардың алған біліміне сәйкес қаншалықты белсенділік, шығармашылық бағытта өсіп отыруын бақылауға мүмкіндік алады.

Сондай-ақ, өзім сабақ беретін сыныптардағы оқушыларды «Инфоурок» халықаралық қашықтық олимпиадасына қызығушылығын арттыру мақсатында қатыстырдым, өзбетімен жұмысты шығармашылыққа ұштастырып, үйден болсын қалай болғанда да, осы инфоурок олимпиадасының есептерін шығартып, осы оқушылардың нақты жауабын белгілетіп өзім басшылық , әрі бағыт-бағдар беріп осы сайтқа салып жібердім. Ол олимпиадада 15 сұрақтан тұрады,15 тапсырма дұрыс болса І дәрежелі диплом, 14 –ІІ, 13-ІІІ дәрежелі дипломнан тұрады әрі одан төмен жинағандарға сертификат беріледі. Тапсырма орысша қазақша аударамын,балдарды откізіп, жауаптарын. Содан оқушыларым жалпы жақсы көрсеткішке ие болды.