Ашық сабақ Жақшаны ашу. Ұқсас мүшелерді біріктіру

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Оқушылардың танымдық әрекетін белсендіру

Технологияның мақсаты – өздігінен дамуға ұмтылатын жеке тұлғаны қалыптастыру, сондықтан оның танымдық әрекеті белгілі бр дәрежеде белсенірілуі қажет. Технологияның тағы бір психологиялық негізі болатын теория – оқыту процесінде оқушының ақыл-ойының дамуы «актуальды даму» аймағынан «жақын арада даму» аймағына ауысуы. Бұл әрекет – тапсырмаларды қайталап орындауға арналған бірінші деңгейден өнімді іс-әрекетті қажет ететін жоғары деңгейлерге ауысу негізіндегі әрекет арқылы жүзеге асады. Жұмыс барысында көбіне деңгейлеп-саралап оқыту технологиясын пайдаланамын, себебі бұл технология мен үшін жоғарыда айтылғандай оқушылардың танымық әрекетін белсендіру әрекетін дамытады.

Назарларыңызға 6-сыныпта өткізілген «Жақша ашу. Ұқсас мүшелерді біріктіру.» тақырыбында өткізілген сабақ жоспарын ұсынып отырмын.

Сабақтың мақсаты. Білімділік: Алдында «+» таңбасы бар, «-» таңбасы бар жақшаны ашуды; ұқсас қосылғыштарды біріктіріп, әріпті өрнектерді ықшамдай білудағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық: Жақша ашу ережелерін, ұқсас қосылғыштарды біріктіріп, ықшамдауға берілген әр деңгейдегі есептерді шығару арқылы танымдық белсенділіктерін дамыту; мәтінді есептерді шығару барысында өрнек құрып алып оны ықшамдаған соң ғана әріптің мәнін орнына қойып өрнектің мәнін табу дағдыларын дамыту;

Тәрбиелік: орындаған тапсырмаларын қорытындылап отыруға бейімдеу; топпен жұмыс барысында сыйластыққа, түсінушілікке баулу.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Мотивациалық кезең.

  3. Өткенді қайталау кезеңі.

  4. Деңгейлік тапсырмалар орындау кезеңі.

  5. Тексеру, қорытындылау кезеңі.

  6. Қосымша тапсырмалар орындау.

  7. Топ басшыларының бағалауы.

  8. Мұғалімнің қортындысы, үйге тапсырма.

Сабақтың көрнектілігі: интерактивті тақтада жазылған слайдтар, карточкалар.

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Бүгінгі сабағымызда 3 топпен жұмыс істейміз. Әр топтың басшылары бар. Әрбір топ алдында рейтинг беті жатыр, онда топ басшылары сабақтың әр кезеңінде топ мүшелерінің жұмысын ұпаймен белгілеп отырады. Үй жұмысының орындалуын топ басшылары үзілісте белгілейді.

  1. Мотивациалық кезең.

Қазір сабақтағы жұмысымызды анықтау үшін әр топқа кроссворд сұрақтары беріледі. Үш кроссворд берілген, «Ұқсас», «мүшелерді», «біріктіру» деген сөздер шығады. 1 минуттан соң 1 оқушы сұрақтарды орнынан оқиды, ал 1 оқушы тақтадағы дайын кроссворд тор көздеріне жауаптарын жазып отырады.

Кроссвордтардың ерекше тор көздерінде қандай сөздер шықты? Бұл терминдермен сендер таныссындар ма?... Ендеше, бүгін тақырып қандай және сабақта не істейміз деп ойлайсыңдар? (Тақырып және сабақ мақсаты анықталады.)

  1. «Ережелерді білесің бе?» Өткенді қайталау кезеңі.

Тақырып анықталды, енді белгілі ережелерді қайталайық. Интерактивті тақтада Кейбір қажетті сөздері жоқ ережелер берілген. Жанындағы фигураның ішінен қажетті сөзді тауып, орнына жылжытып апару керек. Ережелер саны алтау, яғни әр топтан 2 оқушы жауап бере алады. Білмегенін топ мүшелері толықтырады.

  1. Деңгейлік тапсырмалар орындау.

Ережелерді еске түсіріп алдық, енді деңгейлік тапсырмаларды орындауға кірісуге болады. 10 минут уақыт беріледі. Әрбір деңгей тапсырмалары интерактивті тақтада жазылған.

Деңгейлік тапсырмалар

1-топ. А.

  1. Жақшаны ашып жазыңдар: x-(-4+2y-z)

  2. Жақшаны ашып, өрнекті ықшамдаңдар: 0.6(a+1)-0.6

  3. Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығарыңдар: 15a+21b; xyz-xy;

В.1) Жақша ашып, өрнекті ықшамдаңдар: -6(x+y)+3(2x+y)

2) Теңдеуді шешіңдер: -12.7+(x-5.3)=0.9

С.1) Өрнекті азайтып, айырманы ықшамдаңдар:

2.9x-0.5y-3z және 2.9x+0.5y-2z

2-топ.А. 1) Жақшаны ашып жазыңдар: a-(2b-3c+d)

2) Жақшаны ашып, өрнекті ықшамдаңдар: 1.7(2-b)+1.7b

3) Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығарыңдар: 35x-20y; abc-ab

В. 1) Жақша ашып, өрнекті ықшамдаңдар: -12(a-b)-4(a+3b)

2) Теңдеуді шешіңдер: 0.3-(7.1+x)=-1.5

С. 1) Өрнекті азайтып, айырманы ықшамдаңдар: m+n+9.1 және -0.25m+ n+9.1k

3-топ. А. 1) Жақшаны ашып жазыңдар:m-(-3+2n+k)

2) Жақшаны ашып, өрнекті ықшамдаңдар:-8(-3+2n+k)

3) Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығарыңдар: 25x-10y; mnk-mn

В. 1) Жақша ашып, өрнекті ықшамдаңдар: -9(m-2n)-6(3n+m)

2) Теңдеуді шешіңдер: 4.5-(1.6-y)=7

С. 1) Өрнекті азайтып, айырманы ықшамдаңдар: m-n+k және -m-4n+5k;

Деңгейлік тапсырмаларды құрастырғанда 6-сыныптың математикасы, авторы Алдабергенова Т.; 6-сыныптың математикасы авторы Нурк; 7-сыныптың алгебрасы, авторы Теляковский пайдаланылды.

Деңгейлік есептердің айырмашылығына назар аударып, зерттеу жүргізу мақсатында мынадай сұрақ қойылады.

  1. Тексеру, қорытындылау кезеңі.

Әр деңгейдің есептерінің қандай ерекшелігін айырмашылығын байқадың?

А. 1) жақша алдында «+», «-» таңбалары болған жағдай;

2) жақша алдында оң немесе теріс көбейткіші бар жағдай, өрнек ішінде жойылатын қарама-қарсы сандары бар;

3) ортақ көбейткіш сан түрінде, екі қосылғыш түрінде;

В. 1) өрнекте екі жақша бар;

2) жақша ашу арқылы теңдеу шығару;

С. 1) ондық бөлшек, жай бөлшек аралас берілген; ұқсас қосылғыштардың бірнеше тобы бар.

Топтарға тапсырмалары таратылады, оның ішіндегі ескертуге назар аударыңдар. Көрсетілген тапсырманытақтада орындап, түсіндіру керек. Уақыт біткен кезде тақтада 1 оқушы жазып жатқанда, топ басшысының жұмысын мұғалім тексеріп береді. Мүшелерінің жұмысын топ басшылары тексереді де ұпайларын қояды.

  1. Қосымша тапсырмалар орындау.

Енді осы білімімізді мәтінде есептерде өнрек құрастыруға, ықшамдап барып мәнін табуға пайдаланып көрейік. Карточкалармен жұмысқа 4 минут беріледі. Тапсырмалар таратылады. Біреуі карточкадағы есептің шешімін тақтаға жазып, түсіндіреді.

  1. Топ басшыларының бағалауы.

Әрбір топ басшысы рейтинг бетіндегі ұпай сандары бойынша әрбір мүшесінің жұмысына тоқталып, өз ойын айтып, бағалайды.

  1. Мұғалімнің бағалауы.

Мұғалім осы айтылған бағалармен келісетінін немесе келіспейтінін айтып, дәлелдеп өз бағасын береді.

  1. Үйге тапсырма. Интерактивті тақтада жазылған. Сол флипчартты ашып, түсініктеме беріледі.

В. №813, С.№817. Сатылы бөлшектер (Қосымша оқу үшін)

10. Қорытындылау. Балалар, сабақтан алған әсерлеріңді екі бірдей әріппен басталатын сөзбен қорытындылап көріңдерші! (Тамаша тақырып! Жаныма жақын! Көңілімді көркейтті! Мәнді мағыналы! Сүйікті сабақ!)

Карточка есептері.

1. Есеп шығару өрнегікн құрастырыңдар:

Катер 1,5 сағат өзенде ағыспен жүзген соң, 45 минут көлде жүзді. КАтердің меншікті жылдамдығы v км/сағ, ал ағыс жылдамдығы 2,3км/сағ. Катер барлығы қанша км жүзді?

2.Құйманың құрамында мыс, қалайы және мырыш бар. Ондағы қалайы m кг, мыс одан 5,2 есе көп, мырыш 0,08кг. Құйманың массасын табыңдар.

3.Жәшіктің ұзындығы а см, ені ұзындығынан 75%-не тең, ал биіктігі енінің 80%-не тең. Жәшіктің үш өлшемінің қосындысы канша?