Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың тақырыбы: Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу

Сабақтың мақсаты:

білімділік: Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу тақырыбы бойынша алған білімдерін жинақтау, есептер шығару.

тәрбиелік: экономикалық сауаттылыққа, үнемшілдікке, жинақылыққа, жаңа қоғамға сәйкес тәрбиелеу

дамытушылық: шығармашылық жұмыс істеуге, тез ойлауға, өз жетістігін бағалай білуге дағдыландыру, өз бетімен жұмыс істей білу дағдыларын дамыту

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес

Сабақтың әдісі: деңгейлік тапсырма

Сабақтың көрнекілігі: топтарға берілетін тапсырмалар, жетондар, интербелсенді тақта

Сабақтың жүрісі: І.Ұйымдастыру.

Сынып оқушылары үш топқа бөлінеді І топ «жұп сандар»

ІІ топ «тақ сандар»

ІІ. «Біліміңді сынап көр»

(Өткен тақырып бойынша пысықтау сұрақтары)

1.Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу анықтамасы

2.Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің шешімі

3.Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің 1 қасиеті

4.Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудегі а,в,с нені білдіреді

5.ах+ву=с теңдеуіндегі х пен у қалай аталады

6.Мына мәндер жұбының қайсысы 2х+у=8 теңдеуінің шешімі болады (2;4),(3;-2),(-1;-6)

ІІІ. «Білімді мыңды жығады»

1.«жұп сандар»

1) х+у=5 теңдеуінен у айнымалысын х арқылы өрнектеп, теңдеудің кез-келген шешімін тап.

2)Сәкеннің 50 теңгелік және 100 теңгелік монеталардан 400 теңге ақшасы бар. Сәкеннің неше 50 теңгелік, неше 100 теңгелік монетасы бар?

3) ах+3у=6 теңдеуінен х=-3; у=4 болғандағы а ның мәнін табыңдар?


2.«тақ сандар»

1)х-у=10 теңдеуінен у айнымалысын х арқылы өрнектеп,

теңдеудің кез-келген шешімін табыңдар.

2)7-ге еселік және 13-ке еселік екі санның қосындысы 61-

ге тең. 7-ге еселік санды табыңдар

3)ах-2у=11 теңдеуінен х=3; у=-1 болғандағы а ның мәнін

табыңдар


ІV. «Өнерді үйрен де жирен»

Әрбір топ мүшесіміз

Игі істе біз біргеміз - тәжірибе алмасу, топтық жұмыс

«Қарлы кесек» ойыны (есептің жауабы бойынша өз жұмыстарын тексеріп, бір-біріне түсіндіреді)

І нұсқа тапсырмалары.

1. 7х+2у=14 теңдеуінің шешімі (1; 3) сандар жұбы бола ма?

2. Сызықтық теңдеулерді көрсет:

А) 2х+5=у Ә) х+3= Б) 2+х+у=0

3. Сызықтық теңдеудегі а,в,с сандары коэффициент деп аталады.

4. у-ті х арқылы өрнекте 3х+2у=5

5. 8х-2у=16 теңдеуіндегі х=2 болса, у неге тең болады?

ІІ нұсқа тапсырмалары.

1. 2х+7у=20 теңдеуінің шешімі (3; 2) сандар жұбы бола ма?

2. Сызықтық теңдеулерді көрсет

А) х+у = Ә) 2х+= 5 Б) 3х = 5-у

3. Сызықтық теңдеудегі х-абсцисса , у- ордината деп аталады.

4. у-ті х арқылы өрнекте 2,5х+у = 4

5. 3х+5у = 25 теңдеуіндегі у = 2 болса, х неге тең болады?

V. Бағалап, бекіту (бағалау оқушылардың жинаған қорларына байланысты қойылады)

VІ. Үйге тапсырма. №1446, №1447