Сабақтың тақырыбы: Екі өрнектің квадраттарының айырымы
Сабақ мақсаты:
Білімділігі: Екі өрнектің квадраттарының айырымының формуласын қолдануды үйрену.
Дамытушылығы: Оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін, танымдық белсенділіктерін арттыру
Тәрбиелік:оқушыларды жауапкершілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, ұқыптылыққа, әсемдікке баулу.
Көрнекілігі:кестелер, формулалар
Сабақтың типі: ұжымдық оқыту,саралап,деңгейлеп оқыту
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру: а) сабақтың мақсатының айтылуы
ә) мұғалімнің кіріспе сөзі
Өткенге шолу: /үй тапсырмасын тексеру /
«Кубизм» стратегиясы арқылы сұрақтарға жауап алу
Сұрақтар:
Екі өрнектің квадраттарының айырымы қалай оқылады?
Екі өрнектің квадраттарының айырымының формуласының маңызы қандай және не үшін қолданылады?
(а-в)(а+в)=а2-в2 оңнан солға қарай оқылады?
(а-в)(а+в)=а2-в2
а2-в2 = (а+в)(а-в )
Сонымен ,бүгінгі сабағымызда екі өрнектің квадраттарының айырымы тақырыбын қайталап ,еске түсіріп,есептер шығаруда қолдануды үйренеміз.
Формуланың оқылуы :Екі өрнектің квадраттарының айырымы олардың айырымы мен қосындысының көбейтіндісіне тең
/Сынып оқушыларын топқа бөліп, интерактивті тақтада есептер шығару/
Топпен жұмыс
І ІІ ІІІ
а2-16 в2-9 а2-100
(х+4)(х-4) (10-в)(10+в) (а-3)(а+3)
Математикалық диктант
16 мен х-тің екі дәрежесінің айырымы
9а-ның екі дәрежесі мен 25в-ның екі дәрежесінің айырымы.
а+2 мен а-2-ның көбейтіндісі
1-3в мен 1+3в-тің көбейтіндісі
х-у пен х+у-тің көбейтіндісі
100-с2
Дұрыс жауабын интерактивті тақтада тексеру.
Дұрыс жауабы:
16-х2=(4-x)(4+x)
9а2-25в2=(3а-5в)(3а+5в)
(а+2)(а-2)=а2-4
(1-3в)(1+3в)=1-9в2
(х-у)(х+у)=х2-у2
100-с2=(10-с)(10+с)
Оқушылардың шапшаңдығын бағалау
4.Ауызша есеп Дұрыс жауабы
а2-...=(а-5)(а+5) а2-25=(а-5)(а+5)
(…+m)(10-m)=100… (10-m)(10+m)=100-m2
9k2-…=(3…-4)(3…+4) 9k2-16=(3k-4)(3k+4)
Сынып оқушыларымен өз бетімен жұмыс жүргізу мақсатында деңгейлік тапсырма берілді.
5.Деңгейлік тапсырма
Амалды орында:
(х+у)(х-у)=
(n+1)(n-1)=
(m+5)(m-5)=
Теңдеуді шешіңдер:
81х2-9=0 2) х2-9=0
Тақтамен жұмыс:
№154,155 есептер
№155.Көбейтуді орындаңдар:
( а/3-в/2)(а/3+в/2)=
(2m/3+3n/4) (2m/3-3n/4)=
(0,2а-0,5b)(0,2+0,5b)=
№159.Көбейткіштерге жіктеңдер:
х3-49х=
2у3-8у=
Тақтада: №161,№162 есептер топпен шығару
№163. Теңдеуді шешіңдер:
1.81х-92=0 2.16-4у2=0
Алған білімдерін беркіту үшін:
Қатені түзе!
а2-в2=(а+в)(а+в)
с-9=(с-3)(с2+3)
(3а-5)(3а+5)=3а2-25
(4-5t)(4-5t)=16+25t2
Кестені толтыр
Екі өрнектің айырмасын оның қосындысына көбейту . Екі өрнектің квадраттарының айырмасын жазу
Екі өрнектің айырмасын оның Қосындысына көбейту
Екі өрнектің квадраттарының айырмасы
х
у
(х-у)(х+у)
х2-у2
5
2у
(5-2у)(5+2у)
9а2-в2
3а
в
(3а-в)(3а+в)
25-4у2
а
1
(а-1)(а+1)
а2 -1
Сабақты қорытындылау
Үйге тапсырма: № 164,165
Бағалау
[link]