Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні | Шманова Рысгул Рыспаевна
| Мерзімі: 3.12.15 Уақыты: 14.00 221, 321, 421 топтар | Батыс Қазақстан «АТиСО» академиялық колледжі |
Сабақ тақырыбы | Көпжақтар. Призма. Параллелепипед. Пирамида |
Сілтеме | Геометрия оқулығы, слайдтар, таратпа қағаздар |
Жалпы мақсаты | 1. Оқушыларды көпжақтардың анықтамаларын және қасиеттерін есеп шығаруда қолдана білуге үйрету, өткен сабақтағы білімдерін толықтыру. 2. Модельдермен жұмыс жүргізу арқылы геометрия пәніне оқушылардың қызығушылығын арттыру, психологиялық ерекшеліктерін, ойлау қабілетін, есте сақтау, елестету қабілеттерін дамыту. 3. Оқушыларды табандылыққа, адамгершілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. |
Оқу нәтижелері | Топпен жұмыс жасай отырып, бірлесіп білім алады Оқушылардың өзін және достарын бағалауға дағдыландыру Есеп шығаруда ережелерді қолдана білу дағдысы қалыптасады Математикалық тілде сөйлеу қабілеттері ашылады
|
Сабақтың түрі, әдіс-тәсілдері | Бекіту сабағы, топпен жұмыс, сұрақ-жауап, көшбасшылық |
Сабақтың көрнекілігі | Слайдтар, топтарға арналған тапсырма парақтары, үлестірме тапсырмалар |
Күтілетін нәтиже | Берілген есепті шығаруда қай формулаларды қолданатынын көре алады. Формула қорытып шығара алады. |
Ұйымдастыру кезеңі | Оқушыларды топқа бөлу (фигуралар бойынша) Бағалау критерийлері: Миға шабуыл, сұрақ қоя алу дағдысы Жұпта, топта жұмыс істеуі Математикалық сауаттылығы Өз ойын жинақтауы Топта өзін-өзі ұстауы
|
Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
1. Амандасу Сыныпта психологиялық ахуал туғызу 2 мин. «Жүрек жылуы» тренинг - оң алақанымызды жүрегіміздің тұсына қойып, лүпілдеп соққан кішкене жүрегіміздің дүрсіліне бір сәт құлақ түріп көрейікші. - Жүректеріңнің соғысын сезесіңдер ме? - Біздің жүрегіміз қандай, не деп соғады екен? - Менің жүрегім сендерге деген мейірімділікке толы. - Менің жүрегім қамқоршы - Менің жүрегім адал. - Менің жүрегім жақсылыққа толы - Менің жүрегім бақытты. - Менің жүрегім қайырымды, т. б. - Олай болса, осы жылы да жұмсақ, батыл да ақылды, қайырымды да мейірімді, нәзік те сыпайы, бақытты да қуанышты жүрегімізден шыққан жылуды айналамызға таратайық. /алақандарындағы жүректерінің жылуын үрлеу/
| Оқушылар бір - біріне жақсы тілек айтады
|
Геометриялық фигураларды таңдата отырып, үш топқа бөледі.
| Оқушылар парақ алып, фигуралар бойынша үш топқа бөлінеді
|
Үй тапсырмасын қайталау мақсатында «ыстық орындық» әдісі бойынша сұраққа жауап алу Қайталау сұрақтары
І топ «Призма» Призма дегеніміз қандай фигура? Бүйір жағы Биіктігі Көлбеу, тік призма Дұрыс призма
ІІ топ «Параллелепипед» Параллелепипед дегеніміз қандай фигура? Тік параллелепипед Тік параллелепипедтің бүйір жағы Тікбұрышты параллелепипед Барлық жақтары шаршы қандай фигура?
ІІІ топ «Пирамида» Пирамида дегеніміз қандай фигура? Төбесі Биіктігі Бүйір жағы Апофемасы
| Оқушылар өз еркімен шығады. Басқа оқушылар өткен тақырып бойынша сұрақтар қояды. Жауап бере алмаған жағдайда сұрақ қойған оқушы өзі жауап береді |
Топтық жұмыс тапсырмаларын береді де, әр топтың жұмыстарын бақылайды. Фигуралар беріледі солардан өз тобына сай көпбұрыш құрастыру. | Жылдамдыққа тапсырманы орындайды |
Формулаларды таба білуі. | Байқампаздыққа, еске түсіру қабілетін көрсетеді. |
Топқа есептер беріледі. Өздері жасаған әр топ модельдерінің табанының ұзындығын, апофемасын сызғышпен өлшеп, оның табанының ауданын, бүйір бетінің ауданын, биіктігін, толық бетінің ауданын табындар.
Призма тобы: Үшбұрышты тік призманың бүйір қыры 4 см, ал табанының қабырғалары 3 см, 5 см, 6 см. Призманың бүйір бетінің ауданын табыңдар. Дұрыс төртбұрышты призманың толық бетінің ауданы 80, бүйір бетінің ауданы 64. Призманың биіктігін табыңдар.
Параллелепипед тобы: Ағаш тақтайдың ұзындығы 6 см, ені 24 см, қалыңдығы 3 см. Оның толық бетінің ауданын есептеңдер. Егер кубтың қыры см болса, оның бүйір бетінің және толық бетінің аудандары неге тең?
Пирамида тобы: Дұрыс пирамиданың табанының ауданы 36. Бүйір қыры 5 см. Пирамиданың апофемасын және бүйір бетінің ауданын табыңдар. Дұрыс төртбұрышты пирамиданың толық бетінің ауданы 84, ал табанының ауданы 36 . Пирамиданың апофемасын табыңыз.
| Формулаларды қолданып есептер шығарады. |
Тест сұрақтары беріледі 1. Параллелепипед жақтарын қандай фигура құрайды? А) үшбұрыш В) параллелограмм С) ромб Д) барлығы да 2. Алтыбұрышты призма неше қырдан, неше төбеден, неше жақтан тұрады? А) қыры 18, төбесі 12, жағы 8 В) қыры 12, төбесі 18, жағы 8 C) қыры 24, төбесі 18, жағы 12 Д) қыры 18, төбесі 8, жағы 6 3. Текшенің жақтары қандай фигура? А) ромб Б) төртбұрыш С) үшбұрыш Д) шаршы 4. Барлық жақтары теңқабырғалы үшбұрыш болса, мұндай пирамида қалай аталады? А) текше Б) тетраэдр С) октаэдр Д) икосаэдр 5. Додекаэдр неше жақтан тұрады? А) 4 Б) 8 С) 12см 3 Д) 20 | Тест сұрақтарына жауап береді. |
IV. Үйге тапсырма.Үлкен пирамида — Хеопс пирамидасының — ежелгі заманда биіктігі 146 м болған, қазіргі кезде пирамиданың жоғарғы бөлігі қираған, сондықтан оның осы кездегі биіктігі 137 м.Қазіргі таңдағы Хеопс пирамидасының бүйір бетінің ауданы мен толық бетінің ауданын, көлемін табу және бұрынғысымен салыстыру. |
Қорытындылау |
Бағалау |
Топтардың бағасын талдап, қорытынды бағаны шығарады | Топтағы оқушылар бірін-бірі бағалау критерийлері бойынша бағалайды |
Рефлексия |
Кері байланыс Кішкене саусақ – бүгін қандай білім алдым Аты жоқ саусақ – бүгін не істей алдым Ортаңғы саусақ – бүгінгі көңіл күйім қандай болды Сұқ саусақ – басқаларға қандай көмегім тиді Бас бармақ – бүгінгі сабақта мен үшін не маңызды болды. | Оқушылар А4 қағазға саусақтарын салып, қияды да, әр саусақтың тұсына берілген талаптар бойынша толтырады |
|