Сабақ № 14 Математика 6
Күні: 16.09.2016 жыл
Сабақтың тақырыбы: Берілген қатынаста бөлуге есептер.
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға қатынас ұғымы туралы түсінік беру, Екісанның қатынасын таба білу
дағдысын қалыптастыру.берілген қатынаста бөлуге берілген есептерді шығару
дағдысын қалыптстыру
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың түрі: түсіндіру , баяндау.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру:Оқушылар түгелденіп,кластың сабаққа даярлығы тексеріледі.
Үйге берілген тапсырманы ауызша оқу арқылы тексеру.
Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге берілген есепті тақтаға оқушы шығару арқылы тексеру.
Өткен сабақты пысықтау сұрақтары:
Екі санның қатынасы дегеніміз не?
Берілген қатынасқа кері қатынас қалай табылады?
Берілген қатынасқа тең қатынас қалай табылады?
Жаңа сабақ.
1-есеп. Шебер 18 сақина дайындаған уақытта, оның шәкірті 12 сақина дайындайды. Олар
бірлесіп жұмыс істеп, 180 сақина дайындады. Шебер неше сақина , шәкірті неше
сақина дайындады?
Шешуі: 1) 18 : 12 немесе 3:2 қатынасындай.
3 + 2 = 5
180 : 5 = 36
36 ∙ 3 = 108 , 36 ∙ 2 = 72
Жауабы: 108 сақина , 72 сақина.
2-есеп: 350 г тұзды су ерітіндісі дайындалды. Ондағы тұздың массасының судың массасына
қатынасы 2: 5 қатынасындай.Ерітінді құрамында неше грамм тұз бар? Неше грамм
су бар?
Шешуі: 1) 2 + 5 = 7
2) 350 : 7= 50 (г)
3) 50 ∙ 2 =100 (г) , 50 ∙ 5 =250 (г)
Жауабы: 100 г ; 250 г.
Сонымен берілген қатынаста бөлу үшін:
берілген қатынас мүшелерінің қосындысын табу керек.
Санды табылған қосындыға бөлу керек.
Шыққан нәтижені қатынас мүшелерінің әрқайсысына жеке-жеке көбейту керек
Жаттығулар орындау.
Сыныпта: № 28 ,29 , 30 , 35
Сабақты бекіту
Екі санның қатынасы дегеніміз не?
Берілген қатынасқа кері қатынас қалай табылады?
Берілген қатынасқа тең қатынас қалай табылады?
Үйге тапсырма: 1.2. Берілген қатынаста бөлуге есептер. 13- бет № 31, №34