Сабақтың тақырыбы: Рационал бөлшектерді қосу және азайту
1.Білімділігі: Оқушыларға рационал бөлшектерді қосу және азайту ережелерін тұжырымдап, рационал бөлшектердің бөлімдері бірдей, бөлімдері әртүрлі бөлшектерді қосуды, азайтуды меңгерту және рационал бөлшектерді қосуға, азайтуға үйрету.
2.Дамытушылығы: Рационал бөлшектерді қосу және азайту бөлшектің бөлімдерін ортақ бөлімге келтіре отырып, оқушылардың білім және білік дағдысын дамыту, өз бетінше есеп шығару, іздену, шығармашылықпен еңбек ету қабілеттерін дамыту.
3.Тәрбиелілігі: Оқушыларды шапшаңдыққа, сұрақтарға нақты жауап беруге, алған білімдерін практикамен ұштастыруға, өз білімін көрсете алатын қасиеттерін ашуға тәрбиелеу
Қолданылған модульдер
Сын тұрғысынан ойлауға үйрету.
Оқытуды басқару және көшбасшылық.
Оқыту мен оқуда жаңа тәсілдер
Әдістері
Блум таксаномиясы,
Кезеңдер
Мұғалім әрекеті
Оқушы әрекеті
Сағат
Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу. Оқушыларды түгендеу.
Сергіту сәті. Күй
Топқа бөлу.
Оқушылар түрлі түсті қағаздар арқылы топқа бөлінеді.
3мин
Білу
Үй тапсырмасын сұрау.
Бүтін өрнек деген не?
Бөлшек өрнек деген не?
Рационал өрнек деген не?
Рационал бөлшектерді қалай қысқартады?
Рационал бөлшектегі таңбалар қалай жазылады?
Рационал бөлшектердің негізгі қасиеті деп нені айтады?
Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап береді.
5мин
Түсіну
Жаңа сабақты түсіндіру
Оқушылар тақтаға өздеріне берілген есептерді түсіндіре отырып шығарады.
7мин
Қолдану
Сыныпта
І топ № 521(2,4)
ІІ топ №522 (2,4)
III топ № 523(2,4) (2,4) есептердің жұп нөмірлерін шығарту
12
Талдау
3 топқа 3 плакат беріледі. Оқушыларға сол плакаттар бойынша талдау жасатады.
Плакатқа берілген тапсырманы жазады, топпен талқылап, жан-жақты талдайды, сыни көз қарастарын қарастырады.
4
Жинақтау
“Ой қозғау”
Ойларын қозғай отырып, есептегі қателерін табады.
5
Бағалау
Топтарға берілген смайлктерді салыстыра отырып, мұғалім жиынтық баға қояды. Оқушыларды бағалайды.
Есептерді шығара отырып, нақыл сөзді анықтайды.
5
Үйге
Тақырыпты оқу, ережелерді жаттау
№ 511, №512,№513 тақ нөмірлерін шығару.
2
Рефлекция
Сабақ сендерге ұнады ма?
Несімен ұнады?
Стикерге оқушылар өз ойларын жазып тақтаға іледі.
1
Жаңа әдіс- тәсілдерді сабақта қолдана отырып,7- сынып бойынша алгебрадан ойын сабағы.
Сабақтың тақырыбы: Ойын сабағы.
Мақсаты: Оқушылардың ойын арқылы білім деңгейлерін анықтай отырып, алған білімдерін өмірде қолдана білуге сыни тұрғыдан ойлануға өз беттерінше шешім қабылдауға үйрету, бағыт- бағдар беру.
Сабақтың түрі: ойын сабағы,пән аралық,бір- бірімен қандай байланыста екенін білу.
Сабақтың өтілу әдісі: топтық
Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
Сергіту сәті, топқа бөлу.
Адасқан формулалар
Мақал мәтелді аяқтау
Сөз жұмбақ
Мақал мәтелдер.
Ердің құны-жүз жылқы,
Ары-мың жылқы
2.Жеті жұрттың тілін біл,
Жеті түрлі білім біл.
3.Қырық кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ.
4.Өнерлі баланың он саусағы тең,Өнерсіз баланың бір саусағы кем.
5.Туы бірдің түбі бір,жолы бірдің жүгі бір.
6.Бір күндік жолға шықсаң, үш күндік азық ал.
7.Қолыма жұмыс бергенің жаныма тыныс бергенің.
8.Дұшпаннан бір сақтан, Жаман достан мың сақтан.
9. «Сіз» деген әдеп, «біз» деген көмек.
10.Теңге тиыннан, ынтымақ ұйымнан
11.Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз.
12.Жалғыз ағаш орман болмас,жалғыз кірпіш қорған болмас.
13.Білмесең үндеме, білгенді күндеме.
14.Әдепті бала арлы бала, Әдепсіз бала сорлы бала.
15.Байлық мұрат емес, Кедейлік ұят емес.
16.Кітап алтын қазына
17.Кітап ғалым, тілсіз мұғалім.
18.Кітап қаймақ,білім оймақ.
19.Кітап оқығандікі, білім тоқығандікі.
Бұлаққа бұлақ қосылса «егізбіз» дейді, Көлге көл қосылса «теңізбіз» дейді.
Су анасы бұлақ, Сөз анасы құлақ.
Жұмбақтар:
1. Білімнен мол сый асы, Балғындардың ұясы.(Мектеп)
2.Білімнің жол басшысы, Шәкірттің қолбасшысы.(Мұғалім)
3.Ағайынды төрт батыр, Көтергені бір шатыр.(үстел)
4.Үсті жазық Төрт қазық.(үстел)
5.Үш тілі тақылдап, жаңылмайтын ақылды ақ. (сағат)
6.Төрт аяғы, арқасы бар, Жалпақ жайлы ортасы бар.
Ең алдына кісіні алып, Сынайды ылғи күшін сынап.(орындық)
7.Он екі ақ, он екі қара бала, Алаңға шығып ап, Айқасты дара дара.(дойбы)
8.Есігі біреу, бөлмесі бесеу. (қолғап)
9.Аузы біреу бес құдық, Қыстыкүні бойлатам. Бесеуіне бес қуыс, Сырттан кірер жолы бір. (қолғап)
10.Дөңгелек өзі,төртеу көзі.Ұстайды мықтап, Тұрғанды сырттап. (түйме)
11.Көзі де он, сөзі де он. (телефон)
12.Маған да, саған да,Жақын туыс бес адам.Үш әріптен тұратын, Есімдері тұрақты, Оңға оқы, солға оқы, Өзгермейді еш одан.Бәрі де өз жұратың, Айтады кім атын. (ата,ана,аға,апа,іні)
13.Белдеуде бес ат,бесеуі де қасқа ат.(саусақ)
14.Түсі аппақ,тысы қатты ақ. Екі түрлі уызы, жесең, тәтті ақ. (жұмыртқа)
15.
Сөз соңында: Өзен ұзақ ағады бұлағы болса басында, Іздеген бақыт табады жалықпаса жасында.
Сіздер математиканы оқуды жөн деп санайсыздар ма?
Математика қазақ тіліндегі қай сөз табында кездеседі?
Математика география пәнінде кездесе ме?
Математика тарих пәнінде кездесе ме?
Математика химия пәнінде кездесе ме?
Математика физика пәнінде кездесе ме?