Логикалық есептер шығару курсы 6 сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...













Бағдарлама

6 сыныпқа арналған

Факультативтік курс

«Логикалық есептер шығару»




Құрастырған : Шайкова Анар Утепбергеновна

математика пәні мұғалімі


Түсінік хат


Білім беру сапасын жаңа деңгейге көтеру бүгінгі күнде қазақстандық білім беру жүйесінің негізгі мақсаты болып табылады.Орта мектеп бағдарламасындағы негізгі пәндердің бірі – математика. «Логикалық есептер шығару» факультативтік курсы оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыру, логикалық ойлауын дамыту, теориялық білімін тәжірибеде қолдана білу дағдысын қалыптастыру, есептер шешімін өз бетінше табуын жетілдіру .

Математикаға қабілетті оқушылардың ынтасын арттыруда ой орісін кеңейтуде курстың берері мол. Бұл бағдарламаны басшылыққа алу математикадан алған білік, білім дағдыларын, танымдық қабілеттерін және пәнге қызығушылықтарын арттырады.

Курсты  оқытудың мақсаты:

«Логикалық есептер шығару» тақырыбын оқыта отырып, оқушылардың ақыл – ойын, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Курсты  оқытудың міндеттері:
     
1) тұлғаның зейін, қабылдау, есте сақтау, ойлау, ауызша және жазбаша, сонымен қатар математика тілінде сөйлеу, психомоторика тәрізді функциональдық қасиеттерін дамыту; көрнекі-бейнелі және логикалық ойлауын дамыту;
      2)оқытуды білімнің келесі деңгейлерінде жалғастыру үшін оқушыға қажетті математикалық білім мен білікті, есептеу, өлшеу және графиктік дағдыны қалыптастыру; алгебра мен геометрияны игеруге алдын-ала мақсатты дайындықты жүргізу;
      3) оқуға деген ынтасын, математикаға деген оң көзқарасы мен қызығушылығын, танымдық қызығушылығын, өздігінен жұмыс атқару дағдысын қалыптастыру;
      4) стандартты емес және қызықтылық сипаттағы тапсырмалар негізінде жобалау қызметі және өмірлік жағдайлардағы (құзыреттілік) мәселелерді шешу арқылы математикалық және шығармашылық қабілеттерін ашу және дамыту;
      5) баланың тұлғалық қасиеттерін, яғни жауапкершілік, белсенділік, мақсатқа талпынушылық, жауапкершілік тәрізді қасиеттерін тәрбиелеу;
      
Курс соңында оқушылар көрсете білуі қажет:

  • ережелер мен үлгілерді және берілген алгоритмдерді математикалық материалда қолдану біліктігін;

  • қоршаған ортада болып жатқан әртүрлі жағдайларда және аралас пәндерде математикалық білімін, біліктігін, есептеу, өлшеу және графиктік дағдыларын

  • ауызша және жазбаша есептеулерді тиімді пайдалана отырып, практикалық есептеу техникасын;

  • математикаға тән ойлау стилін, оның абстрактылығын, дәлелденуін, қатаңдығын

  • дәлелдемелі пайымдау жүргізу, логикалық негізделген қорытындылар жасау біліктігін;

  • математикалық мәтінмен жұмыс жасау (талдау, қажетті ақпаратты алу), математикалық терминология мен символдарды қолдана отырып, өз ойын ауызша және жазбаша түрде анық және нақты түсіндіру біліктігін;

  • жоспар бойынша әртүрлі әрекеттерді жоспарлау орындау білігін;

  • өзін-өзі бақылау жүзеге асыруды;

  • өз іс әрекетін бағалауды;

  • оқу қызметінің әртүрлі формаларында коммуникативтік қабілеттерін қолдана білуі қажет.

Оқушылардың білімі мен дағдыларына қойылатын негізгі талаптар

деңгейіне қойылатын талаптар:
Оқушылар білуі керек

  • негізгі математикалық білімдерді меңгерту;

  • осы білімдер негізінде өзіндік дұрыс оқуға бейім болу;

  • осы білімдер арқасында дұрыс ойлаудың негізгі әдістерін үйрену;

  • негізгі математикалық білімдерін адам,қоғам өмірінде қолданылуын білу;

  • күнделікті өмірде осы білімдерді өз қажеттіліктерін өтеу үшін,дұрыс әрі орынды қолдану;



Оқушылардың оқуын ұйымдастырудың ерекшеліктері:

  • көрнекілік пен көркемдік принципін оптимал қолдану;

  • оқу материалын бейнелеу формасында беру;

  • оқушылардың дүниетанымдық көзқарасын жалпылауды практикалық есептер шығару барысында көздеу керек.


«Логикалық есептер шешу» факультативтік курсы 6- сыныпқа арналған. Аптасына 2 сағаттан,бір жылға 68 сағат.


Курсы бойынша мазмұны мен құрылымы:


І бөлім .Мәліметтерді талдау.-2 сағат

Дирихле принципі.Жалпы жиынтық және талдау.

ІІ бөлім.Бірінен-біріне ауыстыру тәсілі-4 сағат

Соңынан кері қарай шығаруға ыңғайлы есептер . Бір жүрген жерді қайталама . 

ІІІ бөлім.Ұқсастық-6 сағат

Қызықты сызықтар. Тең бөліктер .  Шырпы,таяқшалар.

ІV бөлім. Графтар-4 сағат

Графтар туралы түсінік.Эйлер графтары.

V бөлім.Таразы.Өлшеу.Сұйықтар.-6 сағат

Таразы. Өлшегіш заттар.Сұйықтар.Ыдыстан-ыдысқа құю.

VІ бөлім. Қарапайым сұрақтарға берілген есептер-10 сағат

Бассейн тақырыбына есептер шығару. Арифметикалық амалдар компоненттері арасындағы тәуелділік тақырыбындағы есептер. Өзен бойымен қозғалыс тақырыбына есептер шығару. Жұмысты есептеу. Лабиринт есептер

VІІ бөлім.Тұрмыстық заттар- 10 сағат

Орындықтар. Жіп,арқан, шынжыр байлау түрлері.  Шегелер.Қарындаштар. Сағаттың соғуы

VІІІ бөлім.Қызықты сызықтар-3 сағат

Түзу сызықты қозғалыс тақырыбына есептер шығару

ХІ бөлім.Күнделікті өмірдегі логика-4 сағат

Теңдеу құрмай шығару . Жұмбақ есептер. Заңдылықтар.            

Х бөлім.Геометриялық пішіндер-7 сағат

Кубик.шаршы.Сиқырлы квадраттар.Сандық ребустар.Әріпті есептер

«Судоку» ойыны.Танграм

ХІ бөлім .Мәселе есептер-10 сағат

Мәселе есептер шығару. Қозғалысқа берілген есептер. Бөлшек рационал теңдеулер құрып шығаратын есептер. Жұмыс өндірісіне байланысты есептер шығару. Стандартты емес есептер шешу.


ХІІ бөлім.Қайталау-2 сағат
































І бөлім .Мәліметтерді талдау


2 сағат




1

Дирихле принципі.

1




2

Жалпы жиынтық және талдау

1





ІІ бөлім.Бірінен-біріне ауыстыру тәсілі

4 сағат




3-4

Соңынан кері қарай шығаруға ыңғайлы есептер . 

2




5-6

Бір жүрген жерді қайталама . 

2





ІІІ бөлім.Ұқсастық

6 сағат




7-8

Қызықты сызықтар

2




9-10

Тең бөліктер

2




11-12

Шырпы,таяқшалар

2





ІV бөлім. Графтар

4 сағат




13-14

Графтар туралы түсінік.

2




15-16

Эйлер графтары

2





V бөлім.Таразы.Өлшеу.Сұйықтар

6 сағат





Таразы.

2





Өлшегіш заттар.

2





Сұйықтар.Ыдыстан-ыдысқа құю.

2





VІ бөлім. Қарапайым сұрақтарға берілген есептер

10 сағат





Бассейн тақырыбына есептер шығару.

2





Арифметикалық амалдар компоненттері арасындағы тәуелділік тақырыбындағы есептер.

2





Өзен бойымен қозғалыс тақырыбына есептер шығару.

2





Жұмысты есептеу.

2





Лабиринт есептер

2





VІІ бөлім.Тұрмыстық заттар


10 сағат





Орындықтар

2





Жіп,арқан, шынжыр байлау түрлері.  

2





Шегелер.

2





Қарындаштар.

2





Сағаттың соғуы

2





VІІІ бөлім.Қызықты сызықтар

3 сағат





Қызықты сызықтар

1





Түзу сызықты қозғалыс тақырыбына есептер шығару

2

















ХІ бөлім.Күнделікті өмірдегі логика

.


4 сағат





Теңдеу құрмай шығару

2





Жұмбақ есептер.

1





Заңдылықтар.            

1





Х бөлім.Геометриялық пішіндер

7 сағат





Кубик.шаршы.

1





Сиқырлы квадраттар

1





Сандық ребустар

2





Әріпті есептер

2





«Судоку» ойыны.Танграм

1





ХІ бөлім .Мәселе есептер


10 сағат





Мәселе есептер шығару.

2





Қозғалысқа берілген есептер.

2





Бөлшек рационал теңдеулер құрып шығаратын есептер.

2





Жұмыс өндірісіне байланысты есептер шығару.

2





Стандартты емес есептер шешу.


2





ХІІ бөлім.Қайталау

2 сағат


























Қолданылған әдебиеттер:


1.Математика.Логикалық тапсырмалар. Т.А.Алдамұратова, Алматы:Атамұра , 2015ж;

2. Математика.олимпиадаға дайындық есептер жинағы. Т.А.Алдамұратова, Алматы:Атамұра , 2015ж;

3. Шың» кітабы 2011,2014 ж.

4.Математика журналы 2013,2014ж,