Мұқағали Мақатаевтың 85 жылдығына арналған алгебра және анализ бастамалары пәнінен Туындыны есептеу тақырыбына ашық сабақ жоспары

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«Шелек политехникалық колледжі» МКҚК







«КЕЛІСІЛДІ» «БЕКІТЕМІН»

Колледж әдіскері Колледж директоры

_________ З.Т.Ахметова _________ Қ.Қ.Дуйсебаев

«___»____________ 2016 ж «___»____________ 2016 ж





Ашық сабақ жоспары



Пән : Алгебра және анализ бастамалары



Тақырыбы: Туындыны есептеу.



Оқытушы : Абдыкадырова Жулдыз Сейтжановна















Сабақ №

Сабақтың тақырыбы: Туындыны есептеу. Есеп шығару

Сабақтың мақсаттары:

  1. Білімділік: оқушының туындыға қатысты білімін, туынды ережелерін қолдану дағдыларын бақылай отырып Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына саяхат жасау; туынды ұғымы бойынша оқушының ойлауын дамытуға, пәнді оқып үйренуге қажетті білім, білім және іскерлік дағдыларын меңгеруді бекітуге бағыт беру;

  2. Дамытушылык: оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру, логикалық ойлауын , математикалық дүниетанымын кеңейту; рухани танымын кеңейту.

  3. Тәрбиелік: оқушылардың бір-біріне көмектесу адамгершілігін, өзіндік дүниетанымын қалыптастыру, нәтижеге дәл және нақты жетуге, мақсат қоюға тәрбиелеу; туған халқының талантты ақынына, әдебиетіне, туған еліне деген суйіспеншілік сезімін оятып, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: білім дағдыларын қолдану сабағы

Оқыту әдістері: Ауызша, көрнекілік, сыни тұрғысынан ойлау стратегиясының элементтерін қолдану

Оқыту формасы: жекелік, топтық

Көрнекі құралдар: интербелсенді тақта, көрмелер, бағалау фигуралары

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі ( сәлемдесу, оқушылардың сабаққа дайындығын анықтау, сабаққа қатыспағандарды белгілеу, білімгерлерді позитивті көңіл күйге бағыттау) – 2 мин

Айтылмаған Мұқаңда арман бар ма?

Әр бір әні толы ғой армандарға

Шерте білген мұңдарын жас қайынға

Дәл Мұқаңдай қазақта ақын бар ма?

деп бүкіл саналы өмірінде елінің болашағын жырлап өткен , халқына деген махаббатын поэзия да ғана емес өмірде де, күресте де, үлкен азаматтықпен қорғай білген М.Мақатаев мұралары ешқашан өлмек емес. Оның рухани қазынасын ұлт иелігіне асыратын ХХI ғасырдың жастары- сендерсіңдер!

Сабақтың тақырыбы мен және мақсаттарымен таныстыру.







Бүгінгі сабақ 4 бөлімнен тұрады:

  1. «Ақынның жұмбақ әлемі» (Ақынның өмірбаяны)

  2. «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» (Мәнерлеп оқу)

  3. «Ақын-халықтың жүрегінде» (Нақыл сөздер)

I I. Оқушылардың білімін, дағдысын актуализациялау.

  1. Бөлім «Ақынның жұмбақ әлемі» (Ақынның өмірбаяны)- 10 мин

Бос орындарға қажетті айнымалыларды қою керек. Әр жауаптың астында ақын Мұқағали Мақатаевтың өмірбаянына қатысты даталар жазылған. Ол қандай күндер?

  1. (х)/ = …

  2. (5х2 ) / = ... х

  3. (... х4 ) / =16х...

  4. (7 ...) / = ... cos х

  5. (-2х-6 )= … х

  6. ( …) / = 1/ cos2 х

  7. (-6 cosх) / = ...

  8. ( 4х+ … 3х-4 - …)/ = -16 х-5 -... х-5 -0

Жауаптары: 1931ж- туылған жылы, 9 ақпан туылған күні, Қарасаз -туылған жері, Мұхамметқали азан шақырып қойылған аты , 10 жас әкесіне арнап өлең шығарды, 1948 ж- тұңғыш өлеңі жарық көрді , 1949 ж- жары Лашынмен отау құрды , 1976 ж – қайтыс болған жылы.

Дұрыс жауап берген білімгерлерге бағалау фигуралары беріледі.

2 – бөлім «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» (Мәнерлеп оқу) – 15 мин

Берілген есепті шығарып , жауабына сәйкес ұяшықты ашып ақынның қай өлеңі екенін анықтау және өлеңді жалғастыру керек.

1.f (х) / = х2 -3х +1 ; f (2) /=?

2. f (х) / = -6х2 - 13х-45; f (1) /=?

3. f (х) / = 7х8 -8х 7 ; f (0) /=?

4. f (х) / = 3х ( х+1) ; f (1) /=?

5. f (х) / = 3х / ( х+1) ; f (1) /=?

6. f (х) / = х5 -2х3 +3х-7; f (0) /=?

1-Жүргенде қатал тұрмыс илеуінде

Білмеймін сүйдім бе мен сүймедім бе?

............. (Махаббатым өзімде)

-25- Мен бақыттымын, бақытты жерде туылдым ........ (Қарасазым)



  1. Ана тілім- жүрегісін анамның......... ( Ана тілім)



9- Асыл анам, есіл анам , елжіреп есіркеймін есіме алам ...... (Анашыма)



  1. ............ Мен болмасам, болмайын. Сол аман ба? О, тәңірім! Неткен жан..... (Ғашықпын)

  1. Өзен де жоқ сыймаған арнасына, жылға да жоқ даламен жалғасуға .... (Аққұлар ұйықтағанда)



Дұрыс жауап берген білімгерлерге бағалау фигуралары беріледі.

Релаксация (сергіту сәті)- Мұқағали Мақатаевтың өлеңдеріне жазылған әндерді анықтау. (3-4 мин)





  1. Бөлім- «Ақын-халықтың жүрегінде» (Нақыл сөздер)







I I I . Сабақты қорытындылау – 2 мин

Біз бүгін



Өмір жайлы , өзің жайлы, ел жайлы

Әлі талай келер ұрпақ толғайды

Туған күні тойланған шын ақынның

Өлген күні болған емес болмайды! – дей отырып бүгінгі сабақты аяқтаймыз.