Алматы облысы, Ақсу ауданы, Б.Сырттанов ауылы,
Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебі
Математика пән мұғалімі Қаймұханов А.Қ.
8 сынып
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: Квадрат үшмүше. Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу.
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларда өз бетінше іздене отырып, квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу туралы теориялық білім қалыптастыру және алған білімді өмірде пайдалануға дағдыландыру. Оқушының бойында білімге деген құштарлық, көшбасшылық және еңбекқорлық сияқты қасиеттерді қалыптастыру.
Түйінді идеялар: Оқушылар өз бетінше іздене отырып, квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеуді үйренеді.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: Қатемен жұмыс, Математикалық диктант, Инсерт әдісі, Мәтінмен жұмыс, Есептер шығару.
Ресурстар: Алгебра пәнінен 8 сыныпқа арналған оқулық, бағалау парағы, интерактивті тақта, бейнероликтер, фотосуреттер.
Сабақ жоспары
І. Ұйымдастыру.
1) Топқа бөлу (2 мин).
Мұғалімнің әрекеті:
Оқушыларды еліміздегі танымал тұлғалардың суреттерін еңбек еткен саласына қарай «Ғалымдар», «Спортшылар», «Ақын-жазушылар» топтастыра отырып топқа бөлу. Топтарға бағалау парақшасын тарату.
Оқушының әрекеті:
Топқа бөлінеді, өзара топ басшысын сайлайды, оқуға қажетті құрал-жабдықтарын дайындайды.
2) Кіріспе (3 мин).
Мұғалімнің әрекеті:
Оқушылардан «болашақта арман-мақсатыңа жету үшін қандай қасиеттер қажет деп ойласыңдар?» - деген сияқты сұрақтарға пікірлерін тыңдай отырып,
«Көшбасышылықтың сыры неде?» тақырыбында оқушыларға еңбекқорлық, білімге деген құштарлық, көшбасшылық сияқты қасиеттерді дәріптейтін танымал-көшбасшы тұлғалардың өмірбаянынан бейнеролик көрсету.
Оқушының әрекеті:
Қойылған сұрақтарға пікірлерін айтады, бейнероликты тамашалайды.
Білу
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. (5 мин)
Мұғалімнің әрекеті:
Оқулықта бойынша үйге берілген №376-380 есептің шығару жолдары мен жауаптарын интерактивті тақтада көрсетеді.
Оқушының әрекеті:
Әр оқушы жұмыс дәптеріндегі қатесін тексереді, өзін-өзі бағалайды. Бағалау парақшасына түсіреді. Топ басшысы бақылайды.
Түсіну
ІІІ. Жаңа материалды меңгеруге дайындығын тексеру. (6 мин)
Мұғалімнің әрекеті:
«Математикалық диктант» алады, интерактивті тақтада жауаптарын көрсетеді.
Жалпы түрдегі квадрат теңдеу
Квадрат теңдеуді шешу алгоритмі
Квадрат теңдеу түбірлерінің саны
Толымсыз квадрат теңдеу түрлері және шешу жолдары
Виет теоремасы
Екі өрнектің қосындысының және айырымының квадраты
Оқушының әрекеті:
Аталған мәліметтерді формула түрінде жазады, соңынан тексеру жүргізіп, өзін бағалау парақшасында бағалайды.
IV. Жаңа материалды меңгеру (15 мин).
Мұғалімнің әрекеті:
«Инсерт» әдісінің шартымен таныстыру («V» - білемін, «+» - мен үшін жаңа, «-» - түсінбедім), жаңа материалды өз бетімен меңгеруге бағыттай отырып, оқулықта мәтінмен жұмыс істеуге тапсырма береді. Жаңа материал бойынша оқушылардың білімдерін толықтыру үшін квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу туралы бейнеролик көрсетеді.
Оқушының әрекеті:
Оқулықта мәтінмен жұмыс жасай отырып, өзіне түсінікті мәтіннің немесе формуланың астын сызып, тұсына «V» белгісін, жаңа түсінген формуланың астын сызып тұсына «+» белгісін, түсініксіз болғанына «-» белгісін қояды. Түсініксіз материалды топта болмаса мұғаліммен талқылайды. Нәтижесінде ax2+bx+c=a(x-x1)(x-x2) формуласын пайдаланып есптер шығарады.
Қолдану.
Талдау
V. Оқулықпен жұмыс (10 мин)
Мұғалімнің әрекеті:
№326 (1-5) есептерін шығаруға нұсқау беру. Интерактивті тақтада шығару жолдарын және жауабын көрсету.
Оқушының әрекеті:
№326 (1-5) есептерін орындайды, интерактивті тақтамен қатесін тексереді. Бағалау парағында шығарған есебі бойынша жаңа білімді меңгеру деңгейін бағалайды.
VІ. Оқушы білімін бағалау (3 мин)
Оқушының әрекеті:
Әр топ басшысы топ мүшелерінің бағалау парағында өзіне қойған бағасының ортақ балын шығарып, мұғалімге өткізеді.
Мұғалімнің әрекеті:
Мұғалім журналға бағалау парақшасында қойған бағамен өзінің ортақ бағасын қояды.
VІІ. Қорытындылау (1 мин)
Кері байланыс. Оқушылар «білгені мен білгісі келетін» ұсыныстарын стикерге жазып мұғалімге өткізеді.
Бағалау парағы
Аты-жөні
Үй тапсырмасы
Математикалық диктант
Мәтінмен жұмыс.
Қолдана аламын – 5,
Түсіндім-4,
Түсінбедім -3,
Оқулықпен жұмыс
№326 есеп
Ортақ бал
Мұғалім бағасы
1
2
3
4
5
6
7