Бүтін көрсеткішті дәреже 7-сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың тақырыбы: Бүтін көрсеткішті дәреже

Сабақтың мақсаты:  Білімділік: Мысалдар арқылы санның бүтін теріс көрсеткішті дәрежесін анықтау; Осы анықтауға сүйене отырып, бүтін көрсеткіші дәрежелер үшін де натурал көрсеткішті дәрежелердің қасиеттері орындалатынын көрсету.

Дамытушылық мақсаты: Оқушыны ұқыпты тыңдауға,сұрақтарға нақты жауап беруге, практикамен ұштастыруға, өз бетімен көрсете алу қасиеттерін ашуға үйрету.

Тәрбиелік мақсаты:  Оқушыларды өз бетінше есеп шығаруға, ізденуге, шығармашылықпен еңбекетуге баулу.

Сабақтың әдісі: Деңгейлеп – саралап оқыту.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді игеру.

Көрнекілігі: Формулалар, деңгейлік тапсырмалар, тест тапсырмалар.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру бөлімі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру

ІV. Деңгейлік тапсырма

  1. Оқулықпен жұмыс

VІ. Тест тапсырма

VІІ. Бағалау, қорытындылау

VІІІ. Үйге тапсырма беру

Жаңа сабаққа кіріспе

Өтілген тақырыптар бойынша оқушыларға қайталау сұрақтары қойылып, ауызша жауап беру.

  1. Санның натурал көрсеткіші деп нені айтады?

  2. Дәреженің негізі деп нені айтады?

  3. Дәреже көрсеткіші деп нені айтады?

  4. Негіздері бірдей дәрежелерді көбейту ережесін айт.

  5. Негіздері бірдей дәрежелерді бөлу ережесін айт.

  6. Көбейтіндіні дәрежеге шығару ережесін айт.

  7. Бөлшекті дәрежеге шығару ережесін айт.

  8. Дәрежені дәрежеге шығару ережесін айт

Жаңа сабақ. Проблемалық сұрақтар қою арқылыжаңа тақырыпты түсіндіру.

 

1.Формула  тақтаға жазылыады:

  1. 10. аn *а=an+m 20. an/am=an-m                      50.(am)=amn

40 ( a*b)n=an*dn

 

IV Деңгейлік тапсырманы орындау

«А» деңгейінің есептер

А)3х-5;  а-1в,  m-2 * n-3

Ә)73*7-2: 2/2-2

 

«В»Деңгейіндегі есептер

а)18*(-9)-1;   (2/3)-2;      2-3 – 3-2

ә) 3n * 3n+1 * 31-n

 

«С»деңгейіндегі  есептер

100; 0,01*100n+3;  0,01n:102-2n

  1. Оқулықпен жұмыс №144

(0,25 а -4 у-3)2 * (а-3/4у2)-3 = (1/4a4y3)2 *(4y2*a3)3 =43y6a9/42a8y6 = 4a

 

  1. VI. Бекіту «тест»

1.Амалды орында: (-3ав3)3

А. 27 а3в9;   В. -27 ав9;   С. 3ав9

2.Дәреже түрінде жаз:   (n11: n8)* n4

А. n7; B. n3; C. n5

 

3.Ықшамда: (х934): (x7)4

A. x4; B.x3; C.x6

  1. x5x8xm =(x3)6 теңдігі m-нің қандай мәнінде орындалады?

А. 4;      В.6;      С.5

  1. Есепте: (78)2*76*72/ 722

А.7;   В.1;   С.49;

 

VII. Сабақты қорытындылау (бағалау парағы бойынша, оқушылардың балдары есептелініп, нәтижесі арқылы бағаланады)

 

VIII. Үйге тапсырма беріледі