Сабақ: «Квадрат теңдеу түрлері» |
|
Күні: | Мұғалімнің есімі: Муратова Шолпан Ергалиевна |
Сынып: 8 | Қатысқандар саны: 12 | Қатыспағандар саны: 2 |
Сабақ негізделген оқу мақсаты:
| Квадрат теңдеудің түрлерінің формулаларын қайталап, олардың шешу жолдарын еске түсіріп, есеп шығару |
Сабақ мақсаттары: | Барлық оқушылар: Квадрат теңдеу түрлерінің формулаларын еске түсіріп, есеп шығара білу керек |
Оқушылардың басым бөлігі: квадрат түбірдің 3 түріне де есеп шығара білу керек |
Кейбір оқушылар: деңгейлік тапсырма есептерін шығара білу керек. |
Тілдік мақсат: | Оқушылар: Квадрат теңдеу формулаларын математикалық тілде оқи алады |
Негізгі сөздер мен тіркестер: Дискриминант, канондық түрі |
Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: Квадрат түбір белгісі, D=в2-4ас |
Талқылауға арналған тармақтар: |
1.Квадрат теңдеу дегеніміз не? 2.Квадрат теңдеудің түрлері 3.Теңдеудің неше түбірі бар екенін анықтау жолдары |
Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба? |
1.Квадрат теңдеу деп аталуының себебі не? 2.Квадрат теңдеуден неліктен екі түбір шығады? |
Жазылым бойынша ұсыныстар: |
1.Квадрат теңдеу түрлерінің формулаларын, дискриминант, түбір табу формулаларын жаза білу |
Алдыңғы тақырып: | У= функциясы және оның қасиеттері мен графигі |
Жоспар: |
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз) | Ресурстар |
2 мин | Ұйымдастыру кезеңі (психологиялық ахуал) Оқушылар айналдыра шеңбер құрып отырады, бір қағазға аттарының тұсына өзінің жаман қасиетін жазады да, қасындағы оқушыға береді, басқа оқушылар ол туралы не ойлайтынын бір сөзбен жазып береді. Соңында оқушы өзін-өзі бағалайды. | Оқулық А.Әбілқасымова- «Мектеп»-2016 |
Білу 4 мин
«Миға шабуыл» - мультимедиа арқылы ах2+вх+с=0 формуласы көрсетіледі, оқушылар бұл формула бойынша не білетіндерін айтып, жуан және жіңішке сұрақтарға жауап береді
Интерактивті тақта (слайдтар)
2 мин
Топқа бөлу: «Толымды», «Толымсыз» «Келтірілген» таңдау арқылы бөлінеді
Үлестірме карточкалар
Түсіну
6 мин
«Постер қорғату»- диалогтік әңгімені дамыту, топпен бірлесіп жұмыс атқаруға жағдай жасалады
Флипчарт, маркерлер, стикерлер
Қолдану
10 мин
«Кім есепке жүйрік»- топтық жұмыс- бірін-бір оқытуға мүмкіндік беру үшін үлестірме материалмен әр топтың атына сай есептер беріледі
«Математика және физика» ғылыми- әдістемелік журнал №5- 2015 жыл, үлестірме карточкалар
2 мин
«Сергіту сәті»- видеоролик көрсету, 1,2,3 санату арқылы топ мүшелері алмастырылады
Интерактивті тақта
Талдау
8 мин
Шығармашылық тапсырма «Кубик» әдісі- өзара білім алмасуға жағдай жасай отырып, кубик жағындағы есептің әрқайсысы өз деңгейіне қарай орындайды
«Есептер жинағы»- «Мектеп»-2012 ж, «Кубик» макеті
5 мин
«Кері байланыс- «Инсерт» әдісі- Сабақтан қандай әсер алғанын жазады.
Стикерлер
3 мин
Үйге тапсырма: Квадрат теңдеу түбірлерін табудың басқа әдіс- тәсілдерін іздеп келу
3 мин
Бағалау: қалыптастырушы бағалау (мадақтау), топтық, жұптық
Смайликтер
Саралау- Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?
Бағалау- Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік және еңбектегі қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтарды байланыс
Топқа тапсырманы қалай шешу туралы кеңес беру
Талқылау кезінде жетіспейтін пікірді ұсыну
Көптеген деректер ішінен қажетті дереккөзді таңдау, команда мүшелері арасында тарату
«Миға шабуыл»- теңдеу түрлерін ауызша еске түсіреді
«Постер қорғау» - теңдеу түрлерін ажыратып, жазады
«Кім есепке жүйрік»- теңдеу түрлеріне есептер шығарады
«Кубик»- шығармашылық есеп шығарады
Интернет желісінен алынған мәліметтер,бейнелеу сабағы, музыка
Ақпататтық – коммуникациялық технологияларды қажет кезде қосып- айырып отыру
Ынтықмақтастыққа, өзін-өзі басқаруға, ұқыптылыққа тәрбиелеу
Рефлексия
Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарланған саралау шаралары тиімді юолды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзуетулер енгіздім және неліктен?
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?