Сабақ реті 67
Пәні: Математика
Сынып 5 А, Б
Пән мұғалімі: Тулешова Н.Е.
Сабақтың тақырыбы: §4.8 Ең кіші ортақ еселік
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың өткен тақырыптардағы білімдерін еске түсіре отырып, ең кіші ортақ еселікті табуды үйрету.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік мақсаты: Оқушыларға ең кіші ортақ еселік туралы түсінік беру және ең кіші ортақ еселікті таба білуге үйрету
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды ұқыптылыққа және еңбекке тәрбиелеу
Дамыту мақсаты: Танымдымдық қызығушылықты дамыту
Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты меңгерту сабағы
Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі Оқушыларды түгендеу және сыныптың тазалығына мәнберу
Олардың сабақта жұмыс істеу дайындығын тексеру
Үй тапсырмасын тексеру, қайталау
Сұрақтар:
Ең үлкен ортақ болгіш дегеніміз не?
Өзара жай сандар дегеніміз не?
І-ІІІ деңгейдегі есептер толық тексеріледі
Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі:
3 санына еселік сандар:
3, 6, 9, 12, 15, 18, 21, 24, 27, 30, 33, 36, 39, 42, 45, ...
5 санына еселік сандар:
5, 10, 15, 20, 25, 30, 35, 40, 45,...
Осы еселік сандардан 3 пен 5 сандарының екеуіне де еселік болатын сандарды, яғни ортақ еселіктерін табайық, олар 15, 30, 45, ..., бұл сандардың ең кішісі -15 саны . Сонымен мынадай ережені аламыз:
Берілген натурал сандардың әрқайсысына еселік болатын ең кіші натурал санды, сол сандардың ең кіші еселігі деп айтады.
Жазылуы: ЕКОЕ(3;5)=15
Енді, ең кіші ортақ еселікті табу тәсілдері:
1-тәсіл. Берілген натурал сандарды ең кіші ортақ еселігін, сол сандарды жай көбейткіштерге жіктеу арқылы табу. Ол үшін:
а) берілген натурал сандарды жай көбейткіштерге жіктеу керек;
ә) берілген сандардың ең үлкенінің жай көбейткіштерін теріп жазып, оны оның жіктелуінде жоқ, бірақ басқа сандардың жіктелуінде бар жай көбейткіштермен толықтыру керек.
б) шыққан көбейткіштердің көбейтіндісін табу керек.
Мысалы: 36 және 30 сандарының ең кіші еселігін табу үшін, оларды жай көбейткіштерге жіктейміз.
36 2 30 2
18 2 15 3
9 3 5 5
3 3 1
1
Егер берілген натурал сандардың үлкені кішілеріне еселік болса, онда үлкен сан осы сандардың ең кіші ортақ еселігі етіп алынады.
Мысалы: ЕКОЕ(23;69)=69; ЕКОЕ(4;12;24)= 24
Өзара жай екі санның ең кіші ортақ еселігі, осы сандардың көбейтіндісіне тең.
Мысалы: ЕКОЕ(3;5)=15; ЕКОЕ( 11; 7)=77; ЕКОЕ(25; 6)=150
2-тәсіл:
Үлкен санды еселей отырып, берілген сандардың ең кіші ортақ еселігін табу.
Мысалы: ЕКОЕ(12;16)=48
48=16·3; 48:12=4
Сыныпта шығарылатын есептер:
І-деңгей №716, 718 тақтарын, ІІ-деңгей №720,721 ІІІ-деңгей № 722, 723
жұптарын шығару керек
шығармашылық деңгей қиындығы жоғары есептер
Оқушыларға берілетін таратпалар мұғалімнің қалауы бойынша жасалады.
І деңгей
№716
2*3 және 2*7 ЕКОЕ(6;14)=2*7*3=42
5*7 және 2*3*5 ЕКОЕ(35;30)=5*7*2*3=210
22*33 және 2*32 ЕКОЕ(108;18)=22*33 =108
№718
Орамды сымды 12 метрден немесе 18 метрден қалдықсыз бөлу үшін орамда кемінде неше метр сым болу керек?
ЕКОЕ(12;18)=216
№720
ЕКОЕ(3;40)=40*3 =120
ЕКОЕ(7,;33)=33*7=231
ЕКОЕ(21;14)=21*2=42
ЕКОЕ(12;8)=12*2=24
ЕКОЕ(28;20)=28*5=140
ЕКОЕ(38;19)=38
№721
ЕКОЕ(26;13)=26
ЕКОЕ(39;13)=39
№722
ЕКОЕ(а;b)=23*52*3=600
ЕКОЕ(c;d)=24*5*32=720
ЕКОЕ(e;f)=23*7*32=504
ЕКОЕ(m;n)=22*5*33=540
ЕКОЕ(p;t)=23*11*32=792
ЕКОЕ(x;y)=24*52*3=1200
№723
ЕКОЕ(28;70;35)=70*2 =140
ЕКОЕ(18;24;27)=27*8 =216
ЕКОЕ(36;54;81)=81*4 =324
ЕКОЕ(88;132;264)=264*1 =264
ЕКОЕ(25;75;150)=150*2=300
ЕКОЕ(54;90;135)=135*2 =270
ІІ деңгей Оқушылардың өздігінен жұмыс жүргізіледі.
ІІІ деңгей
Оқушыларды бағалау
І-деңгей «3»
ІІ-деңгей «4»
ІІІ-деңгей «5»
Сабақты бекіту: Ең кіші ортақ еселікті оқушылардан сұрап, қайталатып бекіту.
Үй тапсырмасы: №715, №717,