Сабақтың тақырыбы: «Қазақстан – жалғыз ұлы қазақтың»
Сабақтың мақсаты: Ел тарихымен, мемлекеттік рәміздерімен таныстыру
және оқушыларды Отанды сүюге тәрбилеу,
патриоттық тәрбие беру мақсатында өтетін тәрбие
сағатымыз оқушыларды өз елінің салт-дәстүрін әрі
қарай жалғатыруға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Тәрбие сағаты.
Сабақтың көрнекілігі: Отан туралы мақал-мәтелдер, Елтаңба, буклеттер, кітаптар.
Сабақтың барысы:
1-жүргізуші: Құрметті ұстазар мен оқушылар! Сыныбымызда өткізіліп жатқан «Қазақстан-отаным» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
Күндер өтті кешегі,
Жігер құм боп жасыған.
Несіне оны жасырам?
Әнұраным бүгінгі,
Баға жетпес асыл ән.
Әнұран орындалады.
2-Жүргізуші: Өз Отаныңның, өз еліңнің, патриоты болғанға не жетсін! Сайын дала - атажұрт бабаларымыздың көздің қарашығындай сақтап, найзаның ұшы, білектің күшімен қорғағанының арқасында біз осындай елде өмір сүріп жатырмыз. Ендеше осындай алып отанды сүйіп өту кімге де болсын парыз әрі қасиетті міндет.
1- Жүргізуші: О, Туған жер! Қасиетті ғажайып
Тамсанамын, қарап тұрып сыртыңнан,
Шыққан балаң қазақ деген халықтан,
Нәр аламын, жер – Анадан алыптан- дей келе оқушылардың отанға деген сүйіспеншілігі мен махаббатын өлең-жырлармен айтып берсін.
1-оқушы: «Туған өлкем»
Жүрегімнен күмбірлеген күй ақты
Арнасынан аққан өзен сияқты.
Арынды күй махабатты шертеді
Туған жерге, Отаныма шуақты.
Жаныма ыстық мөлдіреген бұлағым,
Адалдықдың тәрізді ол тұрағы,
Асқар тауым, жазық далам, арманым,
Туған өлкем-жерұйығым, жұмағым.
Бала кезден артықсың сен мекенім
Сені ғана ардақтаумен өтемін.
Жылдан-жылға арта берсін берекең,
Асқақтай бер жарқын болсын ертеңің!
2-оқушы; «Туған ел»
Аймалайды өркен желі
Нұрға оранып көк пен жері,
Бала сағым бұлдырайды,
Гүлмен ойнап бөктердегі
Қаз-үйректің таныс әні,
Ерке өзенмен табысады,
Бір-бірінен күле қалып,
Ақтолқындар алысады
Терек, қайың жымыңдасып,
Самал желмен, тұр ымдасып
Жапырақтар тербеледі
Бір-бірімен сыбырласып
Гүл жамылған өлкедегі
Бұталар да ән төгеді.
Күн шуағы аймалаған,
Елім неткен көркем еді.
3-оқушы: «Туған жер»
Құрыш болат білектен
Шөл далаға гүл еккен
Қалаларды самсатып түлеткен
Ағаларым көп мұнда
Кешегі елсіз жатқан маң
Аты аңыз боп жаттанған
Жер астының байлығын
Теңіз қылып ақтарған
Апайларым көп мұнда
Зауыттары қаптаған
Зәулім үйлі көп қалам!
Жұрт ержүрек жандардың
Мекені деп мақтаған
Туған жерім бұл менің.
4-оқушы: «Отаным»
Тас құрсаудан азат болған Отаным,
Тәуелсізбін – қадамды нық басамын.
Бұл бақытқа жетпей кеткен қаншама
Жанарлары жәутеңдеумен ботаның
Киелімсің, қасиетімсің сен менің
Қазынаға толы байтақ белдерім.
Атамекен жерін аман сақтаған
Батыр бабам – қасиетті ерлерім.
Шуақ болып атар таң да, батар күн,
Елім алды болып қатардың
Қарыштай бір, менің Қазақстаным!
Мерейі үстем Республика атандық.
5-оқушы: «Менің Отаным – Қазақстан»
Менің Отаным бақыт жолында
Отаным менің - өмірімнің айғағы,
Бұзылмаған ел ғой әлі қаймағы.
Балалық жас, лүпілдеген жүректі,
Желбіретті Отан қанат жайғаны.
Отаным менің кең-байтақ Қазақстан,
Аман өткен талай дүләй азаптан.
Бар әлемді өз аузына қаратқан,
Кім бар, қане, артық дейтін қазақтан.
О, Отаным! Құлыныңмын қойныңда,
Өзіңменен өмірім, өзің де балаң ойым да.
Балағың күлімдеген ертеңгі,
Отан – Ана, мына менің мойнымда.
Би: «Қора жорға»
2-Жүргізуші: Республика! Ерікті ел – Қазақстан!
Келді ақыры көп күткен жаз алыстан.
Келді алыстан аңсатып, армандатып,
Торды бұзған мен де бір мәз арыстан.
“Қазақпын” деп досқа айтам ұғысатын,
Мақтан етсін атақты туыс атын.
1-жүргізуші: Қазақпын деп жауға айтам қасақана,
Біліп қойсын, болса ойы жұғысатын.
Кешір мені, күндеме “тентегіңді”,
Көрдім, рас, көбіңнен ерте күнді.
Әркім, бірақ, не ексе соны орады,
Көсіп алып жатқам жоқ мен тегінді.
Дау – жанжалың сонда еріп келмесін тек,
Жауыздықты Жер-ана жерлесін тек.
Сөйлейін мен төтенше елшіңдей бір,
Адам ұлын мақтан ғып жерлесім деп.
2-жүргізуші: Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім, мәңгі өлмеске,
Айта бергім келеді, айта бергім.
1-жүргізуші: Қандай дүние жетеді балауыңа!
Бәрі сенің, жан Отан.
Қалауыңа!
Өз бейнеңдей әлемге тұр танылып,
Қазақстан гербі де, жалауы да дей келе, отанды сүю, патриоттық тәрбие туралы мәліметтермен танысайық.
1-оқушы: « Патриоттық тәрбие және мәдени мұра» атты баяндама.
Жас ұрпаққа мәдени мұралар арқылы патриоттық тәрбие берудің негізгі идеялары Елбасының «Қазақстан – 2030» стратегиялық жолдауында «олар ... күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы, өз елінің патриоттары болады» делінсе, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеттері: азаматтық пен елжандылықты, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәтүрлерін қастерлеуге, әлемдік және отанық мәдениеттің жетістіктеріне баулу, қазақ халқы мен республиканың басқа халықтарының тарихын, әдеп-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу, мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін меңгеру деп атап өтілген.
Осыған орай, бүгінгі күллі жас ұрпақты мәдени мұралар арқылы патриоттыққа тәрбиелеу, өз халқының тегін, салт-дәстүрін, тілін, білімін меңгерген мәдениетті, адам қасиетті мол шығармашылық тұлға етіп қалыптастыру – заман талабы, қоғам қажеттілігі.
Өскелең ұрпаққа адамзат тарихында ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан патриоттық тәрбиені, отаншыодықты, елжандылықты дарыту қазіргі кезде көкейкесті мәселенің бірі болып отыр. Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасының «Қазақстан мұраты» деп аталатын бөлімінде еліміздің тұтамтығын, оның ішкі және сыртқы күштерден сақтау міндетінің өзі жастарды отаншылдық, елжандылық, патриоттық рухта тәрбиелеуді жүктейді.
Өткенін білмеген халқының қадірін білмейді, халық нені бастан кешірді, бүгінге қол жеткені ненің арқасы, халық өз тарихын жасау үшін тер төгіп, азап шекті, тар жол, тайғақ кешуден өтіп, жерін қорғап, елін сақтады. Патриоттық тәрбие - өлшемдер ретінде таңдап алынған, бірнеше бөліктерден тұратын сабақтас сапа.Оған мыналар жатады.
1.Өзін өз мемлекетінің азаматы ретінде санау.
2.Мемлекеттік рәміздер мен дәстүрлерді қастерлеу.
3.Қазақ халқының тарихын бағалайтын көзқарас.
4.Қазақ халқынң мәдениеті мен дәстүрлерін түсіну.
Бүгінгі « мен патриотпын» деген замандастарымыздың бойынан назыз ұлтжандылық сөзімнен гөрі мендік патриотизм өріс алғанын байқаймыз. Яғни олардың өзінің бас мүддесін бірінші орынға қояды, ұлттық, елдік мақсат келесі орынға қалады, әр адамның бойынан өзімшілдік, менмендік, тек өз пайдасын көздейтін пиғылдан арылу үшін ұлтжандылық тәрбиесіне баулу керек. Олүшін ата – бабаларымыздың ерлік істерінен, аңыз әңгімелерінен,батырлар жырларынан мысал келтіре отырып солардан үлгі беру және өздерін солардың ұрпағы екендігіне көз жеткізе отырып еліктеу арқылы іске асыруға болады.
Ән: «Күй»
2-жүргізуші: XХІ ғасырда қуатты қазақ хандығын құрдық. Алайда тәуелсіз қазақ мемлекеті бейбіт өмір сүре алмады. Ұлан-байтақ елімізге жан-жақтан көз тігіп, ойран салушылар көбейді.
Қазақ жері – қонақжай, төрдің жері,
Қазақ жері – қас сақтай елдің елі.
Елі кедей болмаған – жері байтақ,
Едігедей, Бабырдай ерлер жері.
1-жүргізуші: Иә, бір кезде Отан үшін деп жанын қиған жастар енді тәуелсіздік үшін ар-намысын, ата-баба дәстүрін жоғары көтеру жолында ереуілге шықты. Олардың бұл өжеттігін ұлтшылдықтың белгісі қылып көрсетті. Қаншама қан төгілді. Яғни, 1986 жылғы “Желтоқсан оқиғасы” тарихта мәңгі қалмақ.
1-оқушы:Жас арудың жанарында – желтоқсан,
Қанды ғасыр табанында – желтоқсан.
Қаралы өмір қайыстырған халқының,
Қара тұман қабағында – желтоқсан.
2-оқушы: Әр қазақтың есінде сақталады,
Желтоқсандық өрендер ақталады.
Ел намысын қорғаған сарбаздарым,
Ерліктерің мәңгілік сақталады.
3-оқушы: Егемендік иесі – “мен” деген сөз,
Екі тізгін, бір шылбырын өзі алған,
Көркем жігіт болып өссе көген көз.
Мінбелерден айбарланып сөз алған.
Егемендік ел болудың белгісі,
Басқа жұртпен тең жұлдызы, тең күні.
“Егеменді” деген сөзден естілер,
Ата жұрттың арғысы мен бергісі.
4-оқушы: Желтоқсан – тарихында әйгілі күн
Ерттеп мініп ар-ождан сайгүлігін
Ерлерім елдік үшін атой салып
Еншілерін қайтарған бәйгелі күн.
5-оқушы: Желтоқсан – жадымызда жаралы күн
Жастарым жапа шеккен жаралы мұң
Еркіндік, егемендік, елдігімді
Емірене аңсады саналы ұғым.
6-оқушы: Желтоқсан – тағдырларға азалы күн
Қайраған намыстарын мазалы мұң
Қыршыннан қиылған боздақтары
Қалар мәңгі есінде қазағымның
7-оқушы: Беріспей, батыр бабам армандаған
Арман күн ел-жұртына жалғанды аман
Қаншама құрбандықпен жеткен күнді
Әлдиле, тыныштықты, шың-құздарым
Жарқырап жансын аспан жұлдыздарың
Сусындай мейіріңе, мерейлі күн
Қазақтың асау қанды ұл-қыздарың.
8-оқушы: Жалғасып соғыс өртті сан ғасырға
Біз көрдік қас дұшпанның балтасында
Еліме тәуелсіздік келіп жетті
Мың жылдық күрестердің арқасында.
9-оқушы: Желтоқсан айы естесің
Дауыл боп бұрқап ескенсің
Азаттық күйі қашаннан
Көкейін елдің тескенсің.
10-оқушы: Біз Отанды қаралауға бармадық
Сол үшінде қолға қару алмадық
Қайта қолда қаруымыз сөз болып
Біз Отандық Әділетті қорғадық.
11-оқушы: Желтоқсан-жеңіс. Желтоқсан-ұлы жаңалық
Нохат деп оны наубетке қойған саналық
Жәнібек, Бұқар, Абылайдан қалған бар болсын
Азаттық! Елдік! Даналық!
12-оқушы: Жанымыз жомарт қазақпыз
Мәңгүрт боп кете жаздаппыз
Жасайық басты бауырлар
Жанайық жансақ маздап біз.
Ән: «Қазақстаным»
2-жүргізуші:
Сан ғасырлар бойы исі қазақ, жаны қазақ ата-бабаларымыз, осы қара шаңырақтың астында өсті, өркен жайды, болашаққа ұрпақ жалғастырды. Егемен еліміз бен тәуелсіз жас мемлекетіміздің Елтаңбасын білу, ол бейнелеп тұрған ойды терең түсіну – азаматтық парызымыз.
Қандай бақыт қуанышты күн бүгін,
Дәлелдеуде Қазақстан елдігін.
Арман еткен, қыршын кеткен ағалар,
Елің алды егеменді теңдігін.
Қорытынды: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Осымен,6 «А» сыныбында өткізілген «Қазақстан – жалғыз ұлы қазақтың» атты тәрбие сағатына қатысқандарыңа рахмет! Қазақсан жалауы мәңгі желбірей берсін!
Ән; «Атамекен»