Урок на тему «Ондық бөлшектерге амалдар қолдану»

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


267 орта мектеп. Қызылорда қаласы

Сабақтың тақырыбы:

Математика. «Ондық бөлшектерге амалдар қолдану»

Пән мұғалімі: А.Байманова

Математика

Сабақтың тақырыбы: «Ондық бөлшектерге амалдар қолдану» тақырыбына есеп шығару

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға ондық бөлшек туралы ұғымды меңгерту.

Ондық бөлшектің бүтін бөлігі мен бөлшек бөлігін айыра білуді қалыптастыру.

Санның ондық бөлшекпен жазылуында үтір қойылуымен ондық таңбалар санын қалай анықталуын түсіндіру.Тақырып бойынша алған білімдерін тиянақтау, білімін есеп шығару барысында тексеру, міндетті деңгейін бақылау;

Дамытушылық: Оқушылардың ойлауын, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру, өз ойын сауатты түрде жеткізе білуді қалыптастыру;

Тәрбиелілік: Пәнге, білімге, шығармашылыққа, ойын еркін жеткізе білуге, тәртіптілікке, сабырлылыққа, еңбек сүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу, ұшқыр ойлы, шығармашылық қабілеті бар жеке тұлғаны қалыптастыру.

Сабақтың түрі: қайталау, бекіту сабағы

Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, тест жұмысы, өз бетімен жұмыс Деңгейлеп –саралап оқыту технологиясы

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, деңгейлік тапсырмалар, кестелер

Пән аралық байланыс: тарих, география,информатика.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру .№1228

  1. (2,88:3,2+4,75:1,25)*0,5-2,05=0,3

  2. (32,12*0,15+1,82*0,1):1,6-1,525=1,6

  3. 9,396:(7-2,65)+3,05*(12,54-8,34)=14,97

  4. 3,82*2,15-5,75:(1,68+2,92)-4,463=2,5

ІІІ.Топқа бөлу (психологиялық ақуал қалыптастыру)

ІV. «Қайталау оқу- анасы» (топтық жұмыс. Өткен тақырып бойынша үш топ сұрақтарға жауап беріп, мысалдар арқылы түсіндіреді және тақтада қорғап шығады.)

V. «Білімдіге биіктен орын» (үш топ ауызша есептерге жауап береді, топтар бір-бірін бағалайды)

1-топ: Есепте: 2,5:0,05=50 ; 14,52-8,41=6,11 ; 1,3*0,3=0,39 ; 0,5*0,8=0,4 ; 0,6*7=4,2 ; 2,78+6,4=9,18

2-топ: Семантикалық карта:

18,6 :3=6,2 -ү ;

8,13*5=40,6 -с ;

12,36+2,64=15-т ;

0,6:25=0,024-і ;

18-15,21=2,79-р ;

5,476*100=547,6-т

3 [pic] [pic] [pic] [pic] [pic] [pic] [pic] [pic] [pic] [pic] -топ: Есепте: 8 Тізбектегі амалдарды орындау арқылы сұраққа жауап береді.

VІ. Сергіту бөлімі: «Миллион кімге бұйырады?»

VІІ. Үш топқа жұптық тапсырма беріледі. ( жұптар тақтадағы жауап арқылы өздерін тексеріп, бағалайды)

1-топ: 1. Теңдеуді шешіңдер: 0,3х-7=23,3 ; х=101

[pic] 2. Координаталық сәуледе кескінделген нүктелердің координаталарын салыстыру.

0,2<0,7 ; 0,7<1,3 ; 0,2<1,3

2-топ: 1. Теңдеуді шешіңдер: 1,1х-5,2=27,8 ; х=30

2. Координаталық сәуледе кескінделген нүктелердің координаталарын натурал сандармен салыстыру.

[pic]


0,5<1 ; 1,6<2 ; 1<1,6 2<2,2

3-топ: 1. Теңдеуді шешіңдер: 2,7х=24,5+32,2 ; х=21

2. Ондық бөлшектерді өсу ретімен орналастырыңдар: 12,01; 9,3; 12; 9,09; 9,35

9,09; 9,3; 9,35; 12; 12,01

VІІІ. Кітаппен жұмыс. №1239, №1242 (тақтада орындалады)


ІX. «Білгенге маржан» 603 ∙ 971 = 585513 болатынын пайдаланып, есептемей-ақ көбейтіндінің мәнін табыңдар.Мәнін дұрыс тапсаңдар тұсындағы әріптерден сөз құрастыруға болады.

6,03*97,1= 585,513 - б ;

6,03*971= 5855,13 - ө ;

6,03*9,71= 58,5513 - л ;

0,603*0,971= 0,585513 - ш ;

603*9,71= 58,5513 - е ;

0,603*9,71= 5,85513 - к ;

(Оқушылар тапсырманы орындау арқылы жасырылған «бөлшек» сөзін табады. Тарихи мәліметтер беріледі.)

Жай және ондық бөлшектерді Венн диаграммасы арқылы салыстырып, сабақты қорытындылау.

[pic] [pic]



X. Үйге тапсырма беріледі: №1237 есеп,310 бет.

XІ. Оқушыларды бағалау.