Сыныптан тыс шара «Не? Қайда? Қашан?»
Мақсаты:
Пән бойынша алған білім дәрежесін анықтап,алған білімдерін тиянақтап қорытындылау.
Оқушының ойлау қабылетін ,тапқырлығын , жылдамдығын, таным белсенділігін арттыру. Оқушылардың логикалық ойлау қабылетін дамыту. Қатысушылардың шеберліктерін шыңдау,тапқырлықтарын бақылау.
Оқушыларды шапшаңдыққа ,батыл шешім қабылдауға үйрету.Топта бірлесіп жұмыс істеу , басқа оқушының жұмысын бағалауға үйрету.
Қатысушылар: 5-6 сынып оқушыларынан құралған 2 топ
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, қара жәшік, секундомер, ойын алаңы, музыка.
Сайыстың өтілу барысы:
Топтардың таныстыруы
1-раунд. «Тапқыр достар» - жеребе таңдау (Қатысушы топтар сұрақтарға дұрыс жауап беру арқылы ойынды бастау құқығына ие болады)
2-раунд. «Білім додасы» - ойын алаңында 11 сектор (жалпы сұрақтар, мультимедиялық , блиц сұрақтар, қара жәшіктегі сұрақ , жанды сұрақтар )
3- раунд. «Жеті керемет» - бұл бөлімде оқушылар «П», «С», «К» әріптерінен басталатын математикалық ұғымдарды айтып жарысады.
Қорытындылау
Мұғалім: «Батылдық – балалық шақта шыңдалады» -дегендей баланы ептілікке , шапшаңдыққа үйрететін тәрбие құралының бірі- ойын екені белгілі. Математика апталығы қарсаңында өткізіліп жатқан «Не? Қайда? Қашан?» -атты математикалық сайысымызға хош келдіңіздер.
Сайыстың жүргізілу мақсаты: Оқушылардың пән бойынша алған білім дәрежесін анықтап,алған білімдерін тиянақтап қорытындылау.
Оқушының ойлау қабылетін ,тапқырлығын , оқушылардың логикалық ойлау қабылетін дамыту. Қатысушылардың шеберліктерін шыңдау,тапқырлықтарын бақылау.
Алдымен ойынға қатысушы 2 топты қошеметпен ортаға шақырайық..
Қазақ деген халықтың баласымыз,
Алда талай алынар асуымыз.
Арман жолы қиын жол, бақыт жолы
Мүмкін емес бұл жолда адасуымыз
Дей отырып әр топ өздерін таныстырумен ойынның есігін ашсын.
1.Таныстыру
І-топ - Пифагор
ІІ-топ - Жас математик
Білімнің ұшқырлығын танып сен,
Асып-тасып асықпа, қалыспа сен.
Уақыт деген зымырап, зулап жатыр,
Шапшаңдық бұл сайысқа керек екен
1- Раунд . «Тапқыр достар» - жеребе таңдау (Қатысушы топтар блиц сұрақтарға жауап береді.)
І- топқа
Ең кіші натурал сан.(1)
Квадраттың периметрі 36см, қабырғасы қанша? (9см)
Шеңбер центрі арқылы өтетін хорда. (диаметр)
Пайыз дегеніміз не? (санның жүзден бір бөлігі )
Екі нүктемен шектелген түзудің бөлігі (кесінді)
Жазықтықтағы қиылыспайтын екі түзу (параллель)
Дөңгелектің радиусы 5см, диаметрі неге тең? (10см)
Квадраттың ауданы 121см2 болса, қабырғасы қанша?
1км- де неше метр бар? (1000м)
6сағат тәуліктің қандай бөлігі? ( [pic] )
ІІ- топқа
Ең кіші жай сан.(2)
Квадраттың қабырғасы 8см, периметрі неге тең? (32см)
Шеңбердің екі нүктесін қосатын кесінді. (хорда)
Санның жүзден бір бөлігі. (пайыз)
Бір нүктеден шыққан түзу. (сәуле)
Тік бұрыш жасап қиылысатын түзу (перпендикуляр)
Дөңгелектің диаметрі 24см, радиусы неге тең? (12см)
Квадраттың қабырғасы 12см болса, ауданы неге тең? (144см2)
1кг –да неше грамм бар?(1000г)
Тәуліктің [pic] бөлігі. (4сағат)
Мұғалім:
Тарихи мағлұмат: Ежелгі грек ойшылы Пифагор(б.э.д VІ ғ.) өзінің өмірінде бірнеше шәкірттер дайындап оларға дәріс берген екен.Ол шәкірттерін 15 жыл бойы шыдамдылыққа , төзімділікке, мәдениеттілікке, математика ілімін зерттеуге төмендегі ұстанымдар бойынша дайындаған. Шәкірттері алғашқы бес жылда – үндемеген екен. Екінші бес жылда олар тек ұстазды тыңдаған, Пифагор шәкірттерімен тек түнгі уақытта ғана перденің келесі жағынан тілдескен- дейді. Тек соңғы бес жылда ғана шәкірттері ұстазбен бетпе- бет тілдескен екен.
Сұрақ: Ежелгі грек математигі Пифагордан: «Сіздің неше шәкіртіңіз бар?» деп сұрағанда, ол «Менің шәкірттерімнің жартысы математиканы оқып үйренеді, ширегі музыканы меңгеруде, ал жетінші бөлігі үнемі ой үстіндегі адамдар, қалғаны 3 қыз»-деп жауап берген екен. Пифагордың неше шәкірті болған?
Жауабы: [pic] ; [pic]
28 шәкірті болған, оның 14- математик, 7- музыкант, 4- ойшылдары және 3 қыз.
2- Раунд . «Білім додасы» - ойын алаңында 11 сектор (жалпы сұрақтар, мультимедиялық , блиц сұрақтар, қара жәшіктегі сұрақ ,жанды сұрақтар )
Мұғалім: Қатысушы топ осы сұрақтарды таңдап отырады. Әрбір дұрыс жауап 1 ұпайға бағаланады, сұраққа дұрыс жауап бермеген топ жүрісті келесі топқа ұсынады.10 ұпай жинаған топ жеңімпаз атанады.
1-сектор.
Бір бөлмеде 3 жарық сөндіретін және жағатын тетік және екінші бөлмеде 3 электр шамы бар. Әрбір тетік бір электр шамын жағады. Бөлмеде бір рет кіру арқылы қандай тетік қайсы электр шамын жағатынын анықтауға болады?
Жауабы: Бірінші тетікті жағып 1 минуттай күтіп тұру қажет.Екінші тетікті қосып бөлмеге кіру керек. Алғашқы қосылған тетік электр шамы жылы болады. Жанып тұрғаны екінші қосылған тетік ,үшінші – жанбағаны суық күйінде қалады.
2-сектор. Сиқырлы квадраттың бос тор көзіне 1,2,3,4,5,6,7,8,9 сандарын толтыру керек. Квадраттың қатар бойындағы, баған бойындағы және диагональ бойындағы сандардың қосындысы тең және бір сан қайталанбау керек .
Жауабы:
3-сектор. Арыстан қойды жеке өзі 2 сағатта жейді, қасқыр 3 сағатта, ит 6 сағатта жейді. Егер үшеүі бірігіп жесе неше сағатта жейді?
Жауабы: [pic] ; 1 сағатта
4-сектор. Тізбектес тақ сандардың қосындысы 153-ке тең. Ең үлкенін нешеге тең.
Жауабы: х+х+2+х+4=153
3х=153-6
3х=147
х=147:3
х =49 І-49, ІІ-51, ІІІ-53
5-сектор. Әкесі 32 жаста, баласы 8 жаста , баласы неше жаста әкесінен 3 есе кіші болады?
Жауабы: 4 жылдан кейін, әкесі 36 жаста, баласы 12 жаста болады.
6-сектор. Төрт қайың өсіп тұр. Әр қайыңда 4 үлкен бұтақ, әр бұтақта, 4 кішкене бұтақ, кішкене бұтақтың әрқайсысында төрт- төрттен алма бар. Барлығы неше алма бар?
Жауабы: Қайыңда алма өспейді.
7-сектор. Музыкалық пауза.
(Жанкүйерлердің және қатысушылардың музыкалық жолдауы)
8- сектор. Көгалда қаз бен қой жайылып жүр. Олардың бастарын санағанда 35 болып шықты, ал аяқтары 94 болды. Қаз нешеу, қой неше?
Жауабы: 23 қаз, 12қой
9- сектор. Қара жәшік
Кубтың үлкен диагоналі дегеніміз - кубтың қарама-қарсы төбесін қосатын кесінді.Кубты кеспей, ешқандай формула қолданбастан кубтың үлкен диагоналін анықтауға болады. Қалай?
Жауабы:
10- сектор. Жанды сұрақ .
Доп, дәптер парағы арқылы доптың диаметрін қалай анықтайсыңдар.
Жауабы: Ұзындығын 3,14 – ке бөлеміз.
11- сектор. Екі дос бір вагонда келе жатыр. Вагон 9 купелі. Бір жолдас соңынан бастағанда 5-ші купеге, келесі жолдас алдынан бесінші купеге орналасты. Екі достың отырған купесін анықта.
Жауабы: Екеуі бір купеде
3-раунд. «Жеті керемет» - бұл бөлімде оқушылар «П», «С», «К» әріптерінен басталатын 7 математикалық ұғымдарды айтып жарысады.
Тарихи мағлұмат: XVIII – ғасырдың соңында балалық шағының өзінде –ақ математикаға деген үздік қабылетімен танылған әйгілі неміс матемтигі К. Гаусс туралы тамаша әңгімелер бар. Мұғалім оқушыларға 1-ден 100-ге дейінгі барлық натурал сандардың қосындысын табуды ұсынады.Кішкентай Гаусс бұл есепті 1 минутта шығарады. Математиктер каролі атанған Гаусс қолданған әдіс-тәсілі
1+2+3+4+5+6+7+8+9+10=(1+11)+(2+9)+(3+8)+(4+7)+(5+6)=11*5=55
Яғни бірдей қосындыны қосынды санына көбейткен.
Мұғалім : 1-ден 100-ге дейінгі жұп сандардың қосындысын тап.
Жауабы: (100+2)·25=2550
«Жеті керемет» - бұл бөлімде оқушылар «П», «С», «К» әріптерінен басталатын 7 математикалық ұғымдарды айтып жарысады.
Мұғалім: Бүгінгі Не? Қайда? Қашан? – атты математикалық сайыс та өз мәресіне жетті. Сайыс болған жерде жеңіс те ,жеңіліс те бар. Сайысымыздың жеңімпаздарын жариялап, оларды марапаттау үшін әділ қазылар алқасын ортаға шақырамыз.