Математика апталығы 5-6 сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


ОҚО Сарыағаш ауданы

127 Т.Бердияров атындағы

жалпы орта мектебінің математика пәні

мұғалімі Аулан Анар



Тақырыбы: «Тапқыр математик» математикалық сайыс

Мақсаты: Оқушыларды ойлана білуге, тапсырмаларды тиянақты, тыңғылықты орындауға баулу, әділ шешім айтуға, бірлікке ынтымақтастыққа, әдептілікке тәрбиелеу.

Міндеттері:

Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, математикалық ойлау қабілетін дамыту, алған білімдерін тереңдету, кеңейту, есептеу дағдыларын жетілдіру.

Оқушылардың зейінін, ойлау, зерде процестерін дамыту. Қиялын ұштап, қабілеттерін шыңдау, шығармашылық қабілетін дамыту.

Дидактикалық, логикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың ақыл-ой белсенділігін тәрбиелеу, ұйымшылдыққа, мәдениеттілікке, тиянақтылыққа баулу.

Түрі: Жарыс сабақ

Әдістері:Сұрақ –жауап, сұхбаттасу, түсіндіру, көрнекілік, демонстрация

Сабақтың өткізілу формасы: Топпен жұмыс

Көрнекілігі: Газеттер,кеспе қағаздары,шарлар,математикалық ребустар,сөзжұмбақтар.

1-Жүргізуші: Қош келдіңіздер, қадірлі ұстаздар және оқушылар!

Уа, жарандар, жарандар!

Мына бізге қараңдар

Мінекей залда тыныштық

Естілмейді дыбыс түк

Мұны біз де қостаймыз

Кешіккенді тоспаймыз

Ғылымдардың атасы

Математика пәнінен

Тапқыр математик ” сайысын бастаймыз.

2-Жүргізуші: -Қымбатты білім сүйгіш жас достар! Орыс ғалымы М.Ломоносов «Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін –математика, сондықтан да оны оқу керек, » — деген. Олай болса, бүгін сендер қызықты, математиканың жұмбақты да, тартымды әлемімен танысасыңдар. Сендер бұл әлемнің қаншалықты қызықты, әрі сан түрлі екендігіне көз жеткізесіңдер.

1-Жүргізуші: Сайыста сендерге әр түрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар

ұсынылады. Сайыста жеңу үшін сендер белсенділік танытып,

берілген сұрақтарға өзгелерден тезірек ойланып, жауап берулерің

керек.

Сайысымыздың бағдарламасымен таныстырайық:

1 «Кел, танысайық!» (топтардың атымен, ұранымен танысу)

2 «Кім жылдам?»

3. «Сандар сыры»(мақал-мәтелдер сайысы)

4. «Ойлан, тап!»(сөзжұмбақ)

5. Би(испанский 5класс)

6. Ойын(стакандағы суды төкпей есеп шығару)

7. Жаңылтпаштар сайысы

8.Көрермендер сайысы(жұмбақтар сайысы)

9.Ребус шешу

10. Бәйге(топ басшылар сайысы)

«Ән ұран» айтылды

2-Жүргізуші:

Бүгінгі күн сайыста

Ешкімнен сен қалыспа

Білімі кімнің көп болса,

Сол озады сайыста дегендей сайысқа қатысушылар:

І топ: «Зерек» тобы

ІІ топ: «Жігер» тобы

Бағдарлама бойынша І кезең «Кел танысайық».

1-топ: « Зерек» тобы

Топ басшысы: Марданбай Нұрғазы

Біздің ұран: « Егеменді елдің тірегі- оқу мен білім»

2-топ: « Жігер» тобы

Топ басшысы: Манапова Балжан

Біздің ұран : «Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ»

2 кезең «Кім жылдам»

Қадірін білсең егер сен,

Қол ұшын берер ол саған

Есептеп жүрсең бәрін де,

Сүрінбейсің өмірде – дегендей сайысымызды «Кім жылдам?» деген кезеңінен бастайық.

Әр топ мүшелері шарларды таңдайды, сұрақ оқылады, сол сұрақтарға лезде жауап беру керек.

3-кезең «Сандар сыры»

Өнерлі балаларға кім жеткен,

Әр салада небір өнер көрсеткен,

Төртінші сайысты біз бастайық,

Өнерлінің әрқашанда өрісі кең – деп «Сандар сыры» атты келесі кезеңге көшейік.

Мұнда екі топ бір-бірімен мақал-мәтелдер айтып жарысады.

4-кезең «Ойлан,тап»

(Әр топ бір-біріне өздері жасаған сөзжұмбақтарын береді.)

5-кезең «Би»

( 5а сыныбының испанша биі)

6-кезең «Кім жүйрік»

(Бұл кезеңде әр оқушы стақандағы суды төкпей алып барып,есепті дұрыс шығаруы керек. Әр дұрыс шығарылған есепке 1 ұпайдан қосылады)

7-кезең «Жаңылтпаштар сайысы»

(Әр топ кезек-кезек жаңылтпаштар айтып жарысады)

8-кезең «Көрермендер сайысы»

Бұл кезеңде көрермендерге және әр топқа жұмбақтар жасырылады. Көрермендерге сұрақтар беріліп, дұрыс жауапқа сыйлықтар беріледі.

І топқа: 1. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды? Жауабы: үш стакан

2. Жүгіру жарысынан Асет, Марат, Талғат үш орынды алды, егер: Марат екінші орын алмаса, ал Талғат – үшінші орын алмаса, кім қандай орын алды? Жауабы: 1 - Марат, 2 - Асет, 3 - Талғат

3. Бес шырпы таяқшасынан екі үшбұрыш құру керек. Құраңдар

4. Көшеде екі әкесі, екі баласы, және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр? Жауабы: үшеу

ІІ топқа: 1. Екі бала шахматты екі сағат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойлады? Жауабы: екі сағат

2. Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек? Жауабы: жоғары

3. Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз? Жауабы: шырпы

4. Суға қай кезде қолды кесіп алуға болады? Жауабы: егер оны мұз етіп қатырса

6 кезең « Бәйге» қорытынды кезең .

Ғылымның сырын ұғына

Шығыңдар білім шыңына.

Ұқыптылық пен зеректік

Жеткізер сіздердей өренді

Жеңістің мынау шыңына –дей келе, «Бәйге» кезеңіне де жеттік. бұл кезеңде топ басшылары сайысы. Берілген сұраққа 1 мин ішінде қай топ басшысы көбірек жауап береді.

Зерек тобына

  1. Ең кіші жай сан(2)

  2. 30минут шамамен неше сағатқа тең?(жарты сағат)

  3. 378 саны 3-ке бөлінеді ме?(ия)

  4. Қарама-қарсы сандардың қосындысы(0-ге тең)

  5. Жарты алманың жартысы неге тең?(1/4төрттен бир)

  6. Тік төртбұрыш ауданының формуласы(S=a*b)

  7. 60 санының 50%-ын тап(30)

  8. 1 метрде неше сантиметр бар(100см)

  9. Сәуленің ұшы болады ма?(ия)

  10. Ең кіші үш таңбалы сан(жүз)



Жігер тобына

  1. Қандай сандар 5-ке бөлінеді(соңғы цифры 0-ге және 5-ке аяқталатын сандар)

  2. Бір жылда неше күн бар?(365, 366)

  3. Құрамында әріпі бар өрнек қалай аталады?(әріпті өрнек)

  4. 90 градустан кіші бұрыш(сүйір бұрыш)

  5. Квадраттың ауданын есептейтін формула(S=a^2)

  6. Қандай сан 9-ға бөлінеді?(цифрлардың қосындысы 9-ға бөлінетін сан)

  7. Қай санды бөлуге болмайды?(0)

  8. Ең кіші натурал сан(1)

  9. Барлық қабырғасы тең төртбұрыш(квадрат,шаршы)

  10. Ең үлкен екі таңбалы сан(99)



Жүргізуші:

-Ендеше, сайыстың қорытындысын шығарып, бүгінгі сайысымыздың ең тапқыр оқушылар тобын атап өтсек.( Оқушыларды грамотамен марапаттау.)

Математика-толған тәртіп, мағына мен мән

Математика-толған тамаша заңдылық пен сән

Математика-толып жатқан терең сыр

Шетсіз, шексіз дариядай бейне бір-дей отыра бүгінгі сайысымызды аяқтауға рұқсат етіңіздер.





























Оңтүстік Қазақстан облысы

Сарыағаш ауданы

127 Т.Бердияров атындағы жалпы орта мектебі



Тақырыбы:

«Тапқыр математик»

Сыныбы: 5-6 сыныптар аралығындағы апталық

Математика пәнінің мұғалімдері:

Раева Гүлдана

Налибаева Роза

Аулан Анар

Келдебекова Гуля







2016 оқу жылы