Ашық сабақ Ондық бөлшекті натурал санға көбейту

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Пән: математика, 5-сынып

Күні:

Тақырыбы:

Ондық бөлшекті натурал санға көбейту

Мақсаты:

Ондық бөлшекті натурал санға көбейтуді оқып уйрену.

Күтілетін нәтиже

  • Ондық бөлшекті натурал санға көбейту ережесін біледі.

  • Баған түрінде ондық бөлшекті натурал санға көбейте алады.

  • Ережені оқушылар өздері тұжырымдайды.


Колданылатын әдіс-тәсілдер

Оқу мен оқыту үшін бағалау: Формативті, суммативті

АКТ: Интербелсенді тақта, презентация

Сыни тұрғыдан ойлау: Фишбон, тренинг

Диалогтік оқыту:Негізгі бөлімдегі оқулықпен жұмыс.

Керекті жабдықтар

Тапсырма парақтары, оқулық , ватман, түрлі түсті стикерлер,жұлдызшалар

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Уақыт

Кіріспе

Оқушылармен амандасу.

Тренинг: Суретті аяқта.

Сосын топқа бөліп, рөлдерін анықтаймын.



Оқушылар амандасады.

Бірнеше оқушы шыққан сурет бойынша өз ойларын айтады.



6 мин

Тұсаукесер

Өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қойылады.

Ондық бөлшектер деп нені айтамыз?

Оларды қалай қосамыз және азайтамыз?


Презентациямен есеп беріледі.


Сұрақтарға жауап берген оқушылар жұлдызша алады.


Оқушылар оны шығарып болғасын, сабақтың тақырыбын және мақсатын өздері тұжырымдайды.

10 мин

Негізгі бөлім

















Жаңа білім:

Тақырыпты түсіндіру

14,32


Бекіту:

ауызша есептер шығару

0,6 0,9

0,04 1,2

1,5

Ең көп жауап айтқан топ формативті қол шапалақтаумен бағаланады.


Оқулықпен жұмыс:


1056

«Ту-134» ұшағы 1,5 сағ 900 км/сағ жылдамдықпен, ал 0,4 сағ 850 км/сағ жылдамдықпен ұшты. Ол барлығы қанша қашықтықты ұшты?

Шешуі:

(1,5*900)+ (0,4*850)=1350+340=1690

Жауабы: Ол барлығы 1690 км ұшты.


Бір диванды қаптауға 3,25м, ал бір орындықты қаптауға 0,75м матакерек. 2 диванды және 12 орындықты қаптауға неше метр мата керек?

Шешуі: (3,25 *2) + (0,75 * 12) = 6,5 + 9 =15,5

Жауабы: Барлығы 15,5м мата керек.


«Фишбон» әдісі

Берілгені презентация арқылы беріледі.


Оқушылар ережені шығарады.





Топтар бір-бірімен сайысады.





Топтар сөзесептерді шығарып болған соң, спикерлері басқа топқа барып жауаптарын түсіндіреді.












Әрбір топтан бір оқушы шығып жауаптарын тақтаға жазады.


23 мин

.






Қорытынды





Жұлдызша санына және түсіне қарай оқушылар бағаланады.


Бүгінгі сабақ не туралы?

Не оңай болды?

Не қиынға соқты?

Қиындықты қалай жеңуге болады?





Кері байланыс

парақшасын толтырады

6 мин


Үй тапсырмасы

6,1 параграфты оқу.


1036, 1051(жұп)

1 мин



Талдау






Балалар такырыпты өздері аша білді. Мені С бала негізгі ережені өзі тұжырымдағанымен таңқалдырды. Сонымен қатар оның белсенділігі осы сабақта танымастай жоғары болды. Ал бір В бала кішкене отырып қалды, Белсенділігі байқалмады, мүлдем жұлдызша ала алмай қалды. Мұғалім ретінде бұл қателікті болашақта түзеуге тырысамын. А бала сабақтың ортасында сабаққа толығымен кірісті. Мүлдем үндемеген бала болған жоқ. Фишбон бойынша тапсырмаға уақыт жетпей қалды да, оқулықпен жұмыстан кейін бірден қорытынды бөлімге көштім. Бірақ балаларға бұны аңғартпадым.