Научная работа Использования игровой технологии на уроках математики

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

Гуманитарлық педагогикалық колледжі













ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫС





Тақырыбы: Ойын элементтерін қарапайым математика іс әрекетінде тиімді қолдану 











Орындаған: Н.А.Розакулова











Аксукент 2016ж

Ойын элементтерін қарапайым математика іс әрекетінде тиімді қолдану 

Балабақшадан бастап баланың математикалық түсініктерді дұрыс меңгеруі, баланың дамуы, жас ерекшеліктеріне байланысты болып табылады. Тәрбиеші күнделікті өмірде және сабақта дидактикалық ойындар мен ойын жаттығулар қолданылады. Дидактикалық ойындардың оқу іс - әрекетінен тыс уақытта ұйымдастыру, баланың математикалық түсінігін кеңейтеді, тереңдетеді, ойын бекітеді. Дидактикалық ойындар негізінен оқыту барысында жан – жақты, бағыт – бағдар беріп отырады. Яғни балалардың өй өрісін дамытуға маңызды рөл атқарады
Мектепке дейінгі жастағы балаларға әрбір ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің тақырыбына сәйкес ойын әдіс - тәсіліне ү лкен мән беріледі, сонда ғана оқу іс - әрекет балаларға пайдалы, қызықты болады. қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру геометриялық пішінмен санауды үйрету, 10 көлеміндегі сан туралы түсініктерін дамыту, шартты өлшеуіштің көмегімен өлшемдерді жүргізу, көзбен қабылдау, шамалау қабілетін жеткізу, кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын қалыптастыру, затты тең екі бөлікке бөлу деген мәселелерге назар аударылады.

Ойын арқылы оқыту үшін дидактикалық ойындар құрылған. Балаларға тапсырмалар ойын түрінде беріледі, бұл дидактикалық ойындардың негізгі ерекшеліктері. Балалар ойнау арқылы белгілі бір білім, білік, дағдыларды және ойын әрекеттерін меңгереді. Әр дидактикалық ойынның танымдылық және тәрбиелік мазмұны болады. 
Дидактикалық ойындарда міндетті түрде екі бала қатысатын ойындар түрін пайдаланған тиімді.
 
Ойындардың тиімділігі көп жағдайда тәрбиешінің көңіл–күйіне де байланысты болады. Әр ойынды өткізген кезде тәрбиешіге шығармашылық қажет.
 
Мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінде балалармен өткізілетін математиканың алғашқы ұғымдарын қалыптастыру іс-әрекетте ойынның мынадай түрлерін пайдалануға болады:
 
1) дидактикалық ойындар–логикалық ойлауын, математикалық қабілеттерін дамыту.
 
2) санға байланысты санамақ, жаңылтпаштар, жұмбақтар–балалардың сандарды танып білуін, тілдерін жаттықтыру, есте сақтауын, ойлау қабілеттерін дамыту.
 
3) математикалық сергіту сәттері–кеңістікті бағдарлау, қимыл қозғалысты дамыту. Олар балалардың зейінін, есте сақтауын, байқағыштығын, көзбен мөлшерлеуін, тапқырлығын дамытуға, математикалық білімдерін, икемділіктері мен дағдыларын, заттарды түсі, өлшемі, пішіні бойынша топтастыруға, салыстыруға, ажыратуға, кеңістік пен уақытты бағдарлауға үйрету. Балалардың логикалық ойлау, қабылдау, есте сақтау қабілеттерін, зейінін, қолдың ұсақ моторикасын дамытуға арналған.
 

Сабақта сандар және цифрларды өткен кезде "Жубын тап", "Қандай таңба", "Ұқсастығын тап", "Қашқан сандар", "Бірде бір", "Дүкен", "Сен де сонша көрсет". ойындарын пайдалануға болады. Мысалы 4 санын түсіндірген кезде төрт түлік, төрт кітап, дүниенің 4 бүрышы, жылдың 4 мезгілі, т.б. мағлұматтар беру арқылы сабақта "Поезд құрастыр", "Доп лақтыру", "Қалт етпей қағып ал", т.б. ойындар жүргізіледі.


Ойындар

"Қол соғу" ойыны

Мақсаты: тез, дәл қимыл жасау, есту қабілетін жетілдіру, ретімен санауды, қанша? қанша болса сонша ұғымдарын қалыптастыру үшін жаттықтыру.

Керекті материалдар.

Мұғалім мен әрбір оқушының алдында тілі бар деңгелек (3 сурет) болуы тиіс.

Ойынның мазмұны.

I вариант. Мұғалім қол соғады. Балалар санайды. Одан соң тақта алдына шақырылған балалардың бірі мұғалімнің қол соғуын қайталап, оның неше рет қол соққанын айтуы немесе дөңгелектің тілін қол соғу санына сай келетін сандық фигураға қаратып қоюы тиіс.

II вариант. Ойын күрделенеді. Балалар үндемей, қол соғу санын есептейді, әрқайсысы дөңгелек тілін өздігінен жылжытады. Мұғалім қатарларды аралап, ойын ережесінің дұрыс орындауын тексереді.

Ойын екі-үш рет қайталанған соң оның қорытындысы шығарылады. Ойыншылары қателеспеген қатар ұтып шығады.


"Өз үйіңді тап" ойыны

Бұл ойын биік - аласа, үлкен - кіші, он жақта - сол жақта деген ұғымдарға жаттықтыру мақсатында етіледі.

Мұғалім балаларды екі топқа беліп, әр топтың ойнайтын орнын немесе "үйін" тағайындайды. Екі топқа да есіп тұрған бірі биік, бірі аласа ағашты көрсетеді де, 1-топтағы балалардың үйі биік ағаштың оң жағы, ал 2-топтағы балалардың үйі аласа ағаштың сол жағы" - деп белгілейді. Қай топ өз үйлеріне тез барады (тез табады), ойын 2 рет қайталанады. Бұдан кейін бірінші топ аласа ағаштың сол жағы, 2-топ биік ағаштың оң жағын үй етеді де, ойынды алғашқыдай 2 рет қайталайды. Ойынның соңында әр топтың балаларын мадақтап отырады.


"Апта күндері" ойыны

Мақсаты. Апта күндерін есте сақтау.

Керекті материалдар: Апта күндерін шартты түрде белгілейтін 1-ден 7-ге дейін фигуралардың немесе ұлттық таңбалардың суреті са-лынған 7 және суреті жоқ 1-2 тәж.

Ойынның мазмұны: Мұғалім балалардың мынаған келісіп алуын өтінеді. Бір таңба бар тәж аптанын бірінші күні дүйсенбі, екі таңба бар тәж аптаның екінші күні сейсенбі және т.б. білдіреді. Балалар апта күндерінің атын хормен қайталайды.

Мұғалім тақта алдына 7 баланы шақырып, оларға тәждерді таратып береді. Тақта алдына шақырылған баланың әрқайсысы тәжбен таңбаның санына қарап тұрып: "Сабыр - сәрсенбі", "Мен - жұмамын" және т.с.с. дейді.

Осыдан кейін мұғалім аптаның кез келген күнінің атын дауыстап атайды, мысалы "сәрсенбі" деген соң өзін "сәрсенбі" деп білетін бала алдыға шығып тұрады. "Апта күндері, сапқа тұрыңдар" деген бұйрық берілісімен, басқа балалар оның қатарына дұрыс ретпен сапқа тұруы тиіс. Сапқа тұруда қателік болса, оны орындарында отырған балалар бірден байқайды.

Бұдан соң мұғалім тақта алдына келесі жеті баланы шақырады, т.с.с.


«Шаршы құрастыр» дидактикалық ойыны
Мақсаты: Балаларды бөлшектерден бүтін бір зат құрастыруға үйрету.
Балалар ақ шаршының үстіне бөліктерге бөлінген түрлі-түсті шаршыны құрастырып қояды. Бөлшектерден бүтін бір зат жасайды. Балалар қиналған жағдайда тәрбиеші оларға көмектеседі. Шаршының қанша бөліктен тұратынын санайды, құрастырылған шаршының түсін айтады.
1-нұсқа: әрбір бала өзі жеке жинайды.
2-нұсқа: шаршыны топ болып жинайды (қайсысы жылдам?).
3-нұсқа: жеке немесе топпен, кім тез бітсе, күрделірек түрін беру.

«Айырмашылығын тап» дидактикалық ойыны
Мақсаты: Балаларға екі суреттің немесе заттың айырмашылығын таба білуге; өз ойын айта білуге үйрету; ақыл-ойларын дамыту; шыдамдылыққа, досының жауабын тыңдай білуге дағдыландыру.
Мазмұны.
Бұл ойында тәрбиеші сенсориканы, көлемді, кеңістік қатынасын, санын салыстыру үшін белгілі бір мақсатты көздейді. Ары қарай салыстыратын заттардың санын арттыра отырып, бірнеше нұсқаларын қатарынан істеуге болады. Ойын өткен материалды бекітуге арналған. Тәрбиеші балалардың сөйлемді дұрыс байланыстырып сөйлеуін қадағалайды.
Балалар екі сайқымазақты салыстырады. Салыстыруда мына сөздер пайдаланылады: кең – тар, қалың – жұқа, ұзын – қысқа.

1 - 10 - ға дейін санау ойыны
Ойын шарты:
Бала 1 - 10 аралағында таңбаларды тани білуі ерек. Аталған санға байланысты қимыл жасап үйренеді. Мысалы шапалақтап санау, немесе түрлі санамақпен жаттатуға болады.


"Жоғарыда - төменде".

Кім биік? Кім аласа?" жаттығуы

Керекті материалдар. Көгілдір аспан, жасыл алқап, өзен бейне-ленген декоративтік таблица.

Таблицаның әр жеріне ілмек тігіледі. Беті жабық қорапта жұлдыз-шаның, самолеттің, құстың, инеліктің, балықтың, түрлі аңдардың кар-тоннан немесе фанерадан ойылып алынған фигуралары қойылады.

Жаттығудың мазмұны.

Бала қораптан қолын салып, фигураның біреуін алады. Алған фигурасын атайды да, оның орнын анықтап, декоративтік таблицаға бекітеді. Мысалы, бала самолетті таблицаның жоғарғы жағына - аспанға, ал балықты - төменгі жағына судың ішіне іледі. Бұған қоса ол: Самолет жоғарыда аспанда ұшады, балық төменде - су ішінде жүзеді" дейді, т.с.с.

Бұл жаттығу "жоғарыда - төменде", "биік - аласа" ұғымдарын пы-сықтауға жәрдемдеседі. Балалар нәрселерді олардың табиғи жағдай-ымен салыстыра білуді үйренеді. Сонымен қатар, жаттығу байқағыш-тықты, зейінді, қиялды дамытады.


Дүкен

Ойыншық таразысына дүкенші бала сатып алушының сұраған нәрсесін өлшеп беріп тұрады. Керек заттар (таразы, қалақша, күріш, шырын, бидон т.б.), сатушы баланың дүкеншілер киетін бас киімі болу керек. Ойынның барысында сусымалы зат пен сұйық заттың өлшеу ай-ырмасына жаттығады, демек сұйық заттар белгілі келемдегі ыдыспен өлшенеді, сусымалы заттар таразыға салынып өлшенеді. Ойынның мақсаты сұйық зат пен сусымалы заттың қалай өлшенетінін балаларға үйретіп жаттықтыру.


"Дабыл соғу" жаттығуы

Керекті материалдар. Бірден тертке дейінгі нәрсенің суреті салынған карточкалар (әр балаға бір карточка берілуі тиіс).

Жаттығудың мазмұны. Мұғалім дабыл соғады немесе столды та-қылдатады. Балалар неше соққы болғанын іштерінен санап, карточка-сында осыншама нәрсенің суреті бар бала оны жоғары көтереді. Бала-лардың бір тобы ауызша жауап беруі тиіс. Мысалы: "Сіз үш рет соқты-ңыз, ал менің карточкамда үш балапанның суреті бар".


"Кім алғыр"

Қолданылатын көрнекіліктер: (+ - =) таңбалары 10 көлеміндегі сандар.

Ойынның барысы:

Оқушылардың қолдарына сандар мен таңбалар үлестіріледі. Ойын мазмұнын түсіндіргендер кез келген түпкі нәтижемен таңбаны ескере отырып, өрнектерді құрастырту. Ойлаған өрнектерін тақтада жазбаша орындауларына болады.

Ойын барысында: таңбалар арасындағы байланысты жете түсінуіне, сан құрамын анықтай білуге, жазбаша есептеуге дағдыландыру кезделеді.



"Сен де осынша көрсет" ойыны

Мақсаты: Балалардың көрген нәрселерін немесе естіген дыбыста-рын санап, есте сақтап, оған басқа нәрселерді сәйкестендіруге үйрету.

Керекті материалдар: фигуралардың ою-таңбалардың суреті са-лынған карточкалар бала санайтын материалдар.

Ойынның мазмұны:

1 вариант. Мұғалім карточканы көрсетеді де, алып қояды. Балалар карточкада неше фигура, ою-таңба бар екенін айтып, сонша жалауша немесе басқа нәрсе көрсетуі тиіс. Тапсырманы дұрыс әрі тезірек орын-даған қатар жеңімпаз атанады.

2 вариант. Мұғалім бірнеше рет алақанын (барабан, дабыл) соғады. Балалар оны зейін қоя тыңдап, одан соң соншама жалауша көрсетеді.


"Өз жұбыңды тап" ойыны

Мақсаты: Санды көру, есту және қимыл арқылы қабылдау қабілетін пысықтау.

Керекті материалдар. Балалар 10 адамнан командаларға бөлініп ойнайды. Ойынға қатысушылар қарама-қарсы қарап, сапқа тұрады. Бір қатардағы балалардың омырауында - суреттер салынған карточкалар. Екінші қатардағы ойнаушының біреуі алақанын соғады. Бәрі неше соққы болғанын санайды. Омырауында осы соққы санына сай келетін карточкасы бар бала ойын бастаушының қасына жүгіріп келеді де, екеуі бірге ойыннан шығады.

Барлық балалар өзіне жұп болғанда ойын аяқталады. Ойынға қатысушылар жеңімпаз команданы атайды.

Ескерту. Ойын бастаушы алақанын қарсы команда балаларының карточкасындағы санға сай соғуы тиіс, өйтпейінше ол өзіне жұп таңдай алмайды.


"Қапшықтан неше ойыншық алдың" ойыны

Мақсаты: Балаларға заттың санын қолмен сипалап білуді үйрету.

Керекті материалдар: Әрбір балаға ішіне шошқа-жанғақ, ұсақ тастар, түйме т.с.с. санайтын заттар салынған қапшық берілуі тиіс.

Ойынның мазмұны. Мұғалім балаларға қолдың саусақтарымен сипалап білу арқылы қапшықтан 4 шарик алуды тапсырады. Балалар тапсырманы орындау үшін қапшықтан шариктерді алып, стол бетіне қояды және санайды. Осыдан кейін балалар тапсырманы орындауын өзара тексереді, қателік жөнінде мұғалімге айтады.

Тапсырма бірнеше рет қайталанады. Ешқандай қателік жібермеген балалар жеңімпаздар атанады.


"Үй тұрғызайық" ойыны

Мақсаты: Балаларға заттарды үлкен-кішілігі бойынша салыстыруды, үлгіге қарап керекті нәрсені таңдай білуді үйрету.

Керекті материалдар. Әрбір балада үлкен-кішілі үйдің бөлшектері (төбесі, есігі, терезесі т.с.с).

Мұғалім үйдің бөлшектерінен құрастырылған үлгіні қыстырады.

Балаға тапсырма. Үй тұрғызу, үлгіге қарап оның бөліктерін тауып, тиісті орындарына орналастыру.

Ойынның мазмұны. Мұғалім балаларға ағаш ұстасының үлкен-кішілі төрт үй тұрғызғанын айтып, оларды көрсетеді. Балалар үй бөліктерінің пішінін, үлкен-кішілігін атап, үй мен оның бөліктері арасындағы кеңістік қатынастарды анықтайды. Балалар табылған бөліктерді үлгіге қарап салыстырып көріп, оларды тұрғызатын үйдің тиісті жерлеріне қояды. Балалар тапсырманың орындалуын өздері бағалайды, үздік "ағаш ұстасын" атайды.


"Үқсасын тап"

Мұғалім балаларға зат көрсетеді, балалар алдарындағы геометри-ялық фигураларды көрсетеді, мысалы, мұғалім балаларға кітап көрсетеді, балалар алдарындағы геометриялық фигуралар ішінен тік төртбұрышты көрсетеді. Ойынның мақсаты балалардың естерінде геометриялық фигураны қалыптастыру.


"Көрші - көрші" ойыны

Керекті материалдар. 1-ден 10-ға дейінгі сандар жазылған кар-точкалар.

Мұғалім бір санды атайды, мысалы, "Жеті" дейді. Омырауына жеті саны тағылған бала ілгері шығып, балалардың алдына тұрады. Мұғалім былай дейді: "Бұл санның көршілері, қатарына тұрыңдар!". Оның қата-рына 6 және 8 деген карточкалар тұрып, 6,7,8 сандарын құрайды. Одан соң 6 және 7 сандары салыстырылады. Омырауында 6 цифры қадалған бала былай деп түсіндіреді: 6-ның 7-ден 1-еуі кем. 6-ға 1-ді қоссақ 7 болады. 6 саны алты бірліктен тұрады".

Одан кейін 7, 8 сандары да осылайша түсіндіреді.

Жаттығу қайталанады, ойнаушылардың құрамы өзгереді. Отырған балалар тапсырманың дұрыс орындауын қадағалайды.


"Өз орныңды тап"

Бұл ойынды 10-ға дейінгі натурал сандар қатарын өтіп болғаннан кейін жүргізуге болады. Мұғалім 10 баланы тақтаға шақырып, омырауына кеспе цифрлар жапсырылған карточка тағады. Балалар ретсіз, ара-ласып тұрады. Мұғалім балалардың ретімен қатарға тұруын талап етеді. Мен бірмін деп, бір цифры тағылған бала бірінші тұрады. Екі цифрын ұстап тұрған бала мен екімін деп, бір цифрын ұстап тұрған баланың жанына келіп тұрады, қалған балалар да өздеріндегі цифрға байланысты өз орындарын тауып тұруы керек.

Ойынның мақсаты - алғашқы ондықтағы сандар қатарын, оның атауын, белгісін, орнын қайталап, есте сақтау.


"Бірде бір ойыны" ойыны

Тақта алдына 10 оқушы шығып, қатар тұрады. Ең бірінші тұрған бала бір деп, бір қадам алға шығып тұрады, бір қосу бір болады екі деп, екінші бала бірінші баланың қатарына барып тұрады, екі қосу бір болады 3 деп, екінші баланың қатарына тұрады, қалған балалар да ойынды осылайша жалғастырады. Ойынның барысында балалардың натурал сандар қатарының қалай құрылатыны туралы түсініктері дами түседі.


"Поезд құрастыр" ойыны

Қолданылатын көрнекілік: 1-ді қосу таблицасы берілген карточкалар, 0+1, 1 + 1, 2+1, т.с.с. Ойынның барысы.

Мұғалім карточкаларды оқушыларға таратып береді, оларды вагондар, ал бір оқушыны тепловоз деп тағайындайды. Оқушылар қолдарындағы карточкаларына қарай отырып, алдымен "тепловозға" ретімен тіркелуі тиіс.

Ойынның мақсаты: 1-ді қосу таблицасын қайталату.


"Доп лақтыру" Көрнекілік: доп.

Ойынның барысы: Мұғалім допты жоғары лақтырып, немесе еденге ұрып балаларға санатуы, сонша немесе біреуі (екеуі) артық (кем) ойын барысында неше болса сонша, содан (артық), "кем" деген өзінің допты еденге ұруының балалар шапалағымен сәйкес келуін қада-ғалауы, қол шапалақтатуы, әлде қарындашпен тықылдатуы керек.


"Қалт етпей қағып ал, жауабын тауып ал" ойыны

1 -вариант.

Балалар дөңгелене тұрады. Ортада тұрған мұғалім мысалы: "Қалт етпей қағып ал, жауабын тауып ал", 3 және 2" - деп бір балаға допты лақтырады. Допты қағып алған бала 3 және 2 болады, бес деп, допты мұғалімге қайтарады.

2-вариант.

Балалар 2 командаға белініп 2 жаққа белініп тұрады да допты кезек-кезек бір-біріне лақтырады. Лақтырған жақтың баласы мысал айтады, қағып алған жақтың баласы лезде жауабын айтып оны қайтарады. Жауапты дұрыс бермеген бала ойыннан шығады.


"Көп - аз, бір"

Ойынға қажет материалдар: үлестірмелі заттар немесе суретті карточкалар (он - оннан).

Ойынның барысы: әр оқушыда он-оннан карточкалар және түрлі заттар. Үлестірмелі заттарды пайдалана отырып мұғалім "көп" десе балалар заттардың кебін (8-10), "аз" десе азын (2-3 немесе 3-4), ал "бір" десе тек қана бір затты көрсетулері керек.

Бұл ойынды керісінше "бір", "аз", "көп" деп айтып та ойнатуға болады.


"Қай қолымда көп" ойыны

Мақсаты. Заттардың екі жиынтығын салыстыра білуге үйрету.

Керекті материалдар. Ұсақ нәрселер.

Ойынның мазмұны. Топ екі командаға белінеді, оның әрқайсысы алма-кезек мұғалімнің столына өз өкілін жібереді. Стол қасына келген бала қолын артына ұстайды. Алдымен мұғалім, одан соң балалардың бірі оның қолына кубик, түйме, шарик секілді әр түрлі ұсақ нәрселерді ұстатады, бірақ олар бір қолда көп, екіншісінде - аз болуы тиіс. Бала алдымен көз мөлшерімен нәрсенің қай қолында көп екенін анықтауы, одан кейін нәрселерді бірінің қатарына бірін қойып, қайсысында қатар-да көп, қай қатарда аз екенін салыстыруы тиіс.

Мұғалім екі қатардағы нәрселердің санын тенестіру үшін не істеу керектігін (қысқа) 2 тәсілмен орындауы керек.


"Қандай сандар жетіспейді?" жаттығуы

Жаттығудың мазмұны. Мұғалім екі санды атайды, ал балалар олардың арасындағы санды атауы тиіс. Мысалы, мұғалім "Үш, бес" десе балалар: "Төрт, жеті, тоғыз" десе, балалар "Сегіз" және т.с.с. деп жауап беруі керек.


"Қай вагонға мінемін?" ойыны

Қажет материалдар: тепловозға нөмірленіп тіркелген сан өрнектері жазылған карточкалар.

Ойынның барысы: Амалдарға берілген сан өрнектері жазылған үлестермелі карточкаларды тарату. 1+4, 9-4, 2+3, 10-5 т.е.с. Олардың мәні бала отыратын вагонға сәйкес. Мысалы, 5-ші нөмерлі вагон, өрнектерінің жауабы 5-ке тең оқушылар, сан вагонға ілесіп, тіркелуге тиіс.

Ойынның мақсаты: сандардың құрамын білу, таңбаларды айыра алуға, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.


"Тізбек құрайық"

Көрнекілік: суретке салынған толқындар, таңбасымен сандар.

Ойынның барысы: Тақтаға теңіз толқындарының суретін салып, сол толқын бетіне кезектестіре +, - таңбаларын жазып қою керек. Сол таңбалардың ара-арасына сандарды қойғанда, нәтижесі 10 болуы керек. Нәтижесі 10 болғанда ойынды жалғастыруға болады.

2 вариант. Дәл ойынды ондықтарды қосып, азайтып нәтижесі 100-ден аспайтындай етіп өткізуге болады.

Мақсат: таңбалардың ретіне қарай, таңбаларды дұрыс қоя білу ауызша есептеу дағдысын қалыптастыру.


"Балық ұстау ойыны" ойыны

Қолданылатын көрнекілік. Аквариум ішінде жүзіп жүрген балықтар суреті.

Ойынның барысы: Аквариум ішін, ондағы жүзіп жүрген балықтар көрінісін ілу. Екі түрлі түске боялған балықтардың келесі бетіне толық ондықтарды, 1,2... - 9-ды қосып, азайтуға 8-ді өрнектер жазулы тұруы керек. Ойынды топқа бөліп ойнатсақ, аквариум ішінен алынған балықтағы жазылған өрнектің нәтижесін тез ойлап, дұрыс шешсе, көп ұстаса сол топтың жеңгені болып табылады.

Ойын нәтижесінде толық ондықтарды қосу және азайтуғы жаттық-тыру көзделеді.