|
Тіктөртбұрыштың биіктіктері арқылы оның периметрін табады. Тіктөртбұрыштың қабырғаларының айырмасын және периметрін қолдана отырып, оның қабырғаларын анықтайды. Тіктөртбұрыштың қабырғаларының айырмасын және қабырғаларының қатынасын қолдана отырып, оның қа
Автор публикации: Копанова Н.Л.
Дата публикации: 2016-04-11
Краткое описание: ...
Тақырыбы: Тіктөртбұрыш оның қасиеті мен белгілері | Мақсат: |
| Жаңа білім | Тіктөртбұрыштың биіктіктері арқылы оның периметрін табады. Тіктөртбұрыштың қабырғаларының айырмасын және периметрін қолдана отырып, оның қабырғаларын анықтайды. Тіктөртбұрыштың қабырғаларының айырмасын және қабырғаларының қатынасын қолдана отырып, оның қабырғаларын есептейді. | Жаңа түсінік | Барлық тіктөртбұрыш параллелограмм екенін түсінеді. |
| Қолданым әрекеті | Тіктөртбұрышты берілген элементтері арқылы салуда, оның анықтамасын қолданады. | Талдау әрекеті | Тікбұрыштың анықтамасын қолдана отырып, ABCD тіктөртбұрышындағы DBC бұрышын талдайды. | Шығармашы-лық әрекет | Тіктөртбұрыштың бір белгісін дәлелдейді. |
| Бағамдау әрекеті | Параллелограмм мен тіктөртбұрыштың байланысын түсінеді. Тіктөртбұрыштың қасиеттері мен белгілерін ұғынады. | Сабақ құрылымы: |
| І. Ақпарат алмасу (14 мин.). ІІ. Алғашқы бекіту (4 мин.). ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (16 мин.). ІV. Шығармашылық қалыптастыру (8 мин.). V. Бағамдау-бағалау (3 мин.). | Сабақ типі: фронтальді, топтық | Оқыту әдісі: репродуктивті, ішінара ізденушілік. | Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі: |
| Оқушыға жол сілтеу, кей кездері көмектесу және оқушының индивидуалдылық қасиеттерін дамыту. | Негізгі ұғымдар мен терминдер: Тіктөртбұрыш, параллелограмм, диагональ. | Оқушыда дағды қалыптастыру: |
| Тақырып бойынша әртүрлі ерекше сұрақтарды шешу, белгілеген мақсатқа қол жеткізу, өзін-өзі дамыту, топпен жұмыс істеу және топ жұмысының нәтижесін көру, өз ойын сынып алдында қорғай білу, өзгелердің жауабын көңіл бөліп оларды талдау. | Ақпарат көздері: Қайдасов, Ж., Хабарова, Г., Абдиева, А. Геометрия 8 сынып оқулығы. Алматы «Мектеп» 2012. Жаров, В.А., Марголите П.С., Скопец, З.А. Геометрия бойынша Сұрақтар мен Тапсырмалар. Москва, Просвещение, 1965.
| Оқушы жетістігін бағалау: Оқушыға сабақ блоктарының деңгейлік тапсырмаларын уақытылы орындауы, топтық жұмысқа қатысуы мен үй жұмысын орындауына байланысты баға қойылады. | Үй тапсырмасы: ABCD тіктөртбұрышы берілген. AB – BC = 3 см, P = 14 см. Қабырғаларын табыңыз ABCD тіктөртбұрышы берілген. AB = 2BC. P = 12 см. Қабырғаларын табыңыз Тіктөртбұрыштың “Егер төртбұрыштың үш бұрышы тік болса, онда ол фигура тіктөртбұрыш” деген белгісін дәлелдеңіз.
|
|
|