Сабақ жоспары
Пәні: Математика
Күні: 08.09.2016 ж.
Сыныбы: 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Кесінді. Кесіндінің ұзындығы. Сынық сызықтар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Кесіндіні белгілеп, кесіндінің ұзындығын өлшеп таба білуге үйрету. Сынық сызықтардың буындарын, төбелерін дұрыс жазуға үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың қорытынды жасау, нақтылау, жалпылау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту.
Тәрбиелілік: Оқушыларды берілген тапсырманы ұқыпты, шапшаң және тиянақты орындауға, ережелерді есте сақтап дұрыс қолдана білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылармен амандасу, танысу, оқушы қатысын тексеру.
ІІ. Өткенді қайталау.
Екі нүкте арқылы неше түзу жүргізуге болады?
Қандай сәулелер толықтауыш сәулелер деп аталады?
Сүуленің түзуден ерекшелігі неде?
ІІІ. Жаңа материалды игерту.
Кез келген екі нүктені бір ғана кесіндімен қосуға болады. түзуін жүргізіп (1-сурет), оның бойынан А және В нүктелерін белгілейік. Сонда біз түзудің екі нүктемен шектелген бөлігі – АВ кесіндісін салдық. А және В нүктелері кесіндінің ұштары деп аталады.
[pic]
1-сурет 2-сурет
Кесінді – оның ұштары болатын екі нүктемен шектелген итүзудің бөлігі.
Кесіндінің ұзындығы – оның бойындағы таңдап алынған өлшем бірлігі неше рет орналасқанын көрсетеді. Мысалы, 2-суреттегі CD кесіндісінің бойында өлшем бірлігі үшін алынған 1 см ұзындық 4 рет орналасқан. Онда CD кесіндісінің ұзындығы 4 см. Жазылуы: CD = 4 см.
Бір түзудің бойында жатпайтын бірнеше кесіндіден құралған сызық сынық сызық деп аталады. Сынық сызықтар тұйықталмаған және тұйықталған сынық сызықтар болып бөлінеді.
[pic]
3-сурет
IV. Кітаппен жұмыс.
№50. 1) Дәптерге ұзындығы 6 см NP кесіндісін салып, белгіленуімен жазыңдар.
2) Дәптерге ОА сәулесін салыңдар. ОА сәулесінің О басталу нүктесінен бастап, сәуле бойына ұзындығы 2 см кесінді салыңдар. Сәуле бойына осындай 100 кесінді салуға бола ма? Не себепті?
№51. Дәптерге ұзындығы 8 см АВ кесіндісін сызыңдар. Оны бірі екіншісінен 2 см қзын екі кесіндіге бөлетін нүктені табыңдар. Табылған нүктені О әрпімен белгілеп, кесінділердің әрқайсысының ұзындығын көрсетіп жазыңдар.
№52. АВ кесіндісінің ұзындығы 18 см. Оның бойындағы 5 нүкте осы кесіндіні ұзындықтары бірдей кесінділерге бөледі. Әрбір кесіндінің ұзындығы неше сантиметр?
№54. Сәйкес ұзындықты таңдап алыңдар:
Үстелдің биіктігін;
Кітаптың қалыңдығын;
Телеграф бағандарының арақашықтығын;
Сырдария өзенінің ұзындығын.
А. 50 м; В. 75 см; С. 2219 км; D. 18 мм.
V. Қортындылау.
1. Кез келген екі нүктені неше кесіндімен қосуға болады?
2. Сынық сызық дегеніміз не?
3. Сынық сызықтың түрлері.
VI. Үйге тапсырма беру.
№53, №56, №51 (2).
VIІ. Бағалау.
Сабаққа белсене араласқан оқушыларды бағалау.