Сабақтың тақырыбы: Геометриялық пішін - дөңгелек
Сабақтың мақсаты:
Геометриялық пішін – дөңгелекпен таныстыру.
Балалардың танымдық қабілеттерін арттыру,ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, кеңістікті қабылдауын дамыту, дөңгелекты ұқсас заттармен салыстыра отырып сөздік қорын дамыту, пішінді қабылдауын қадағалау.
Ойын-тілін, танымдық әрекетін дамытып, баланы өзін қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, сұрақ-жауап,сергіту сәті.
Көрнекі-құралдар: үшбұрыш, суреттер, ойыншықтар, тақта, бор.
I апта
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: Балаларды түгендеу, оқу құралдарын жинақтау, балалардың зейінін сабаққа аудару. Бүгін геометриялық пішін дөңгелекпен танысамыз. Балалар мынау – дөңгелек. Оның бұрыштары жоқ. [pic]
III. Жаңа сабақ. Танымды оятушылық.
Жылулық шеңбері: -Үлкенге де «Сіз»
-Кішіге де «Сіз»
-Баршаңызды құрметтеп
-Бас иеміз «Біз»
Балалар мынау – дөңгелек. -Дөңгелектың бұрыштары бар ма? Дөңгелекке ұқсас заттарды көрсету: доп, шар, т.б
Альбоммен жұмыс: Балалар барлығымыз көңілді отырып дөңгелекке ұқсас бейнеленген суреттерді су бояумен бояймыз.
[pic] [pic] [pic]
IY.Сергіту сәті: Бойыңды сергек ұста
Емін еркін тыныста
Деміңді ішке тез ал да,
Сол қолыңды соз алға,
Қол ұшына қара да,
Үшбұрыш сыз ауада
Оң қолда бос тұрмасын,
Дөңгелек сызып зырласын
Екі қолды қосайық
Төртбұрышты сызайық
II апта
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: Балаларды түгендеу, оқу құралдарын жинақтау, балалардың зейінін сабаққа аудару.
Шаттық шеңбер: Қуан, шаттан алақай,
Қуанатын күн бүгін.
Қайырлы таң, қайырлы күн!
Қызықты өтсін бүгінгі күн!
Альбоммен жұмыс: Балалар барлығымыз көңілді отырып дөңгелекке ұқсас бейнеленген суреттерді су бояумен бояймыз.
[pic] [pic] [pic]
IY.Сергіту сәті: Бойыңды сергек ұста
Емін еркін тыныста
Деміңді ішке тез ал да,
Сол қолыңды соз алға,
Қол ұшына қара да,
Үшбұрыш сыз ауада
Оң қолда бос тұрмасын,
Дөңгелек сызып зырласын
Екі қолды қосайық
Төртбұрышты сызайық
III апта
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:Балаларды түгендеу, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы)
Тапсырма: Альбом парақта бейнеленген суреттерге қарап пішіндерді құрастыру.
[pic] [pic] [pic]
IY.Сергіту сәті: Бойыңды сергек ұста
Емін еркін тыныста
Деміңді ішке тез ал да,
Сол қолыңды соз алға,
Қол ұшына қара да,
Үшбұрыш сыз ауада
Оң қолда бос тұрмасын,
Дөңгелек сызып зырласын
Екі қолды қосайық
Төртбұрышты сызайық
IY апта
I. Ұйымдастыру кезеңі: Балаларды түгендеу, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).
Шаттық шеңбер: Қуан, шаттан алақай,
Қуанатын күн бүгін.
Қайырлы таң, қайырлы күн!
Қызықты өтсін бүгінгі күн!
-Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш! Күлкімізбен, жақсылықпен бөлісуді үйренейік!
Біздің күлкіміз көңілді ( қолдарын еріндерінің шетіне жақындатады)
Жеткізсін жылу мен шаттықты ( қолдарын жүректерінің тұсына қояды)
Бөліскен жақсы ғой өмірде, ( қолдарын алға созады, саусақтары күн сияқты)
Қуаныш, Мейірім, Бақытты! ( қолдарын екі жаққа созады)
IY.Сергіту сәті: Бойыңды сергек ұста
Емін еркін тыныста
Деміңді ішке тез ал да,
Сол қолыңды соз алға,
Қол ұшына қара да,
Үшбұрыш сыз ауада
Оң қолда бос тұрмасын,
Дөңгелек сызып зырласын
Екі қолды қосайық
Төртбұрышты сызайық
Тапсырма: Нені құрастырдың? (Геометриялық пішіндерден өздерінің қалаған заттарын құрастыру)
[pic] [pic] [pic]
Сурет бойынша әңгімелесу. Оқушылар суреттерге қарап мұғаліммен бірге суреттеп айтып береді. Суреттерді бояу. Пазл.
V. Бекіту.
" Жоғалған пішінді тап" ойыны.
Ойын шарты: Тақтада үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек, сопақша ілулі тұрады. Мұғалім балаларға көзін жұмғызып, бір пішінді алып тастайды. Ал, балалар көздерін ашып қай пішін жоқ екенін табады.
Сұрақ-жауап, ойын ойнату арқылы тақырыпты бекіту.
VI. Қорытынды.
Геометриялық пішін дөңгелекпен танысып, дөңгелек бейнеленген суреттерді бояп үйрендік.
VII. Бағалау.
Балаларды жеке-жеке мадақтау.