Тақырыбы: Жас математиктер сайысы

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


«Жас математиктер »сайысы.

Оқушыларды шығармашылық қабілеттерін дамытуда сыныптан тыс жұмыстардың атқаратын рөлі өте зор. Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар оқушыларды өз бетінше жұмыс жасауға үйретеді. Төменде ұстаздарға қажет болар деген ойымен, 5 - сыныптар арасында өткізілген « Өнер білім » сайысын ұсынып отырмын.

Жүргізуші: Қымбатты математика жанкүйерлері мен сайысқа жиналған қонақтар! Сіздерге бізден қатал да, қатесіз математикалық жалынды сәлем!

Біреуінің жүрегінің түгі бар,

Біреуінің күмбірлеген күйі бар,

Біреуінің қатты істейтін миы бар,

Біреуінің дөңгеленген биі бар, -дей отырып ойыншыларымызды ортаға шақырайық

(Ойыншылар ортаға шығып, әділқазылар

алқаларына өздерін таныстырады).

Үшбұрыш тобы:

Топтың аты үшбұрыш,

Қабырғасы мен төбесі

Құрайды оны дұп-дұрыс.

Үйдің де төбесін

Мықты болсын десеңіз

Үшбұрыштан құралған.

Сондықтан біздерді

Көпшілік іске жаратқан.

Сәлем бердік ағаларға

Үшбұрыш інілерден

Ағасы бардың жағасы бар

Демекші, сөз кезегі сіздерден.

Төртбұрыш тобы:

Біз төртбұрышпыз

Сырласуға өзіңмен

Асығып-ақ жүр едік.

Міне, бүгін көрістік.

Бір қабырғасы артық боп

Ағасы болдық үшбұрыштың

Төрт қабырға, төрт төбе боп

Үйдің ішін құрадық.


Үшбұрыш тобы:

Саспаңдар, балалар біз үшін

Көрсетсін төрт бұрыш өз күшін

Ал «Үшбұрыш» батырың

Жылжып келді ақырын.

Саспа «Төртбұрыш »саспа сен

Қайтесің бекер асығып

Жаңылып қалып жауаптан

Қалма артыннан өкініп.

Төртбұрыш тобы:

Атым елге әйгілі

Күштілердің күштісі

Жеңілмейтін жарыста

Төртбұрыш ағаң мен боламын.

Үшбұрыш тобы:

Үшбұрыштың құпиясы салмақты

Сол құпия көп әлемді жалғатты

Үшбұрышта ұлылығы нығайған

Қазағымның «үш жүзі» ғой қазақта

Үш деген сан киелі ғой қазақта

Қарасаңшы міне осындай ғажапқа


жүргізуші: Шындықты алғаш таратқан

Жыл күнінді санатқан

Тауып ғажап жаңалық

Жоқтан барды жаратқан

Есеп –емей - немене ?


Білмегенді білгізген

Өлшеп киім кигізген.

Барлық істі атқарып

Пайдасын елге тигізген

Есеп емей немене ? – дей отырып 5 -6сыныптар арасындағы сайысты бастаймыз.Математикалық атаулармен ұғымдар

Есте болар құрбылар бәріңніңде

Енді бір сәт солар жайлы жұмбақ шешсек

Артық болмас білгеніміз шешімін

. I жұмбақ шешуге шақырамыз шақырамыз

1.Нәрселерді санағанда

Керек ол бізге ауадай

Айтыңдаршы бұл қандай сан

Жан-жағыңа қарамай

(натурал сан)


2. Жоқ өзінде бас та , қас та , мойын да

Ұзындығы жазулы тұр бойында (сызғыш)


3. Алпыс төрт бөлмеде

Отыз екі тұрғын бар.

Ақ , қара қып бөлгенде

Бірін- бірі қуғындар

Ханы үшін де, жаны үшін де

Бермейді олар намысын.

(шахмат)

4.Бір ағаштың он екі бұтағы бар

Әр бұтағында отыздан жапырағы бар.

Жапырақтың бір жағы ақ,

Бір жағы қара кәнеки ойлан тап?

(жыл, ай, тәулік, күн мен түн)

5.Бір-бірімен жарысқан,

Төрт аю бір арыстан

Екі қоймен бір түлкі

Бәрі нешеу кім білді? (8)

6. Түйе ,бота маң басқан,

Екі аяғын тең басқан

Шұнақ құлақ бес ешкі

Төрт қозылы екі қой,

Бәрін бірге санап қой(15)

Жүргізуші:Асыл тастан,өнер жастан

Шығады деп дарынды

Халық айтса қалт айтпайды

Әрқашанда нанымды-деп Абай атамыз айтқандай өмірдің өзі сайыс,ойын.Бүгін 5-6сынып оқушыларының алғырлары математика пәнінен күш сынасып өздерінің білім деңгейлерін көрсетеді .


Ойла-ойла шешілсін қиын түйін

Ойла-ойла,математика қандай қиын

Оқымасаң шешілмейді ешбір түйін

Ал өмірде тек соның көмегімен

Орындалар заңдылық байлам дүйім

II Кім жылдам?


5-6--сынып



49:7= 7 6*7= 42 30:5= 7 4*4=16 15:3=5 2*6=12


81:9=9 121:11=11  196:14 = 14 27*3=81 42*2=84 32*5=160


Тез есепте: + ;+;

Жүргізуші:Шақырамыз келіңдер жарысуға

Күш өнер білімменен алысуға

Бар өнерді салайық ортамызға

Қанеки,қім шығады сайысуға –дей келе

III-Формула білесіңбе? Кезеңіне жол береміз

Кездесті қандай формула

Зейін салып зердеменен

Айтып жібер ойланып тез

Формула қандай болды кез

S=а*в P=2(а+в) V=авс S=а2 P=4а

Жүргізуші :

Кездестік міне тағыда,

Саласында білімнің

Сараптайық асықпай

Логикалық есеп қызығын

IY Л огикалық есептер

1. Екі жылқы 20 км. қашықтыққа жүгірді.Әрқайссы неше км. жүгірді? Жауабы:20км.

2. 7 торғай жерге түсті.Мысық 1 ұстап алды.Неше торғай жерде қалды ? Жауабы:0 торғай,өйткені қалған торғайлар ұшып кетеді.

3. Балық аулаушы 2 минутта 4 балық ұстап алды? 6 балықты неше минутта аулайды? Жауабы:уақыты белгісіз,өйткені балық 2мин. кейін түспей қалуы мүмкін .

4. Тырнаның салмағы бір аяқпен тұрғанда 3 кг. болады.Екі аяқпен тұрғанда неше кг. болады? Жауабы:3кг,өйткені тырнаның толық салмағы 3кг.


5. 3 тауық 3 күнде 3жұмыртқа табады.12 күнде 12 тауық неше жұмыртқа табады.3 тауық 12 күнде 4жұмыртқа табады? Жауабы:12*4═48.

6.188 санын нәтижесінде 1саны шығатындай етіп 2-ге бөлу керек

7. Әтеш жұмыртқа тапты.Ол кімге бұйырады? Жауабы:әтеш жұмыртқа таппайды.

8. Үш түйеқұс ұшып келе жатты.Аңшы біреуін өлтірді.Неше түйеқұс ұшып кетті ? Жауабы: түйеқұс ұшпайды.


9 .Тек қана 6 цифрын 3 рет пайдаланып, 30 санын өрнекте.

Жауабы: 6*6-6=36-6=30

10.П әріпінен басталатын 9 математикалық атауды жылдам атап шық.

Жауабы: параллель, перпендикуляр, параллелограмм, плоюс, проекция, процент, планиметрия

Есте ұстау қабілетің

Қандай екен балалар

Жаңылтпашты айта қойшы

Кім тезірек айтадыдеп кезекті жаңылтпаштарға берейік

1.Рационал сан,иррационал сан,

Иррационал сан, рационал сан

Біріккен сан болған соң

Нақты сан деп аталған

2.Шеңбер,шеңбер доп емес

Доп сияқты доп емес

Доп деп, допдеп шеңберді

Ойлама шеңбер ол емес-

Қызықты викториналық сұрақтар.

1. Ең үлкен жануардың түсі көк.Ол кім? Жауабы:кит.

2. Винни-Пух аспанға ұшу үшін шардың қай түсін тандады? Жауабы:көк.

3. Шарль Перро ертегісінде бұл жауыздың сақалы қандай болған? Жауабы:көк.

4. Біздің «жасыл» достарымыз? Жауабы:өсімдіктер.

5. Шректің терісінің түсі? Жауабы:жасыл.

6. Светофордың «тоқта» сигналы қай түс? Жауабы:қызыл.

Бүгінгі сайыс талай шабыт шыңдады

Кеш қызығын талай адам тыңдады

Тәрбиелер тәлімі мол әсерлі

Жалғастырайық математикалық

Мақал мәтелді

1.бір кісі қазған құдықтан,мың кісі су ішеді

2.бес бармақ жиналса,жұмырық болады.

3.30тістен шыққан сөз 30 рулыелге тарайды

4.Жеті рет өлшеп,бір рет кес

5.10мың сөздің түйінін ,10сөзбен шеш

6. 100сомақшаң болғанша,100досың болсын

7.Бір тал кессең ,он тал ек

8.Алтау ала болса ,ауыздағы кетеді

Төртеу түгел болса ,төбедегі қеледі

9.40 кісі бір жақ,қыңыр кісі бір жақ

10Білекті бірді жығады ,Білімді мыңды жығады.

Ж үргізуші: Сайыс-толқын,жатқандай асып, тасып

Біреу мығым, біреулер шалыс басып ,

Бұл сайыста байқалар ғұлама ойлар

Жеңсеңде,жеңілсеңде қалма жасып, дей келе сөз кезкгін әділ қазылар алқасына береміз

Осымен бұл қызықты тамамдайық

Бұл жайды тағы айтармыз ,аман болсақ,

Үйрендік оы жолы біраз жайды

Тағы да үйренерміз аман болсақдеп кешімізді аяқтаймыз