Тақырыптық жоспар
Сабақтың тақырыбы: Кері есептер.Заттардың бағасы, саны және құны арасындағы тәуелділік Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға заттардың бағасы, саны және құны арасындағы тәуелділікті үйрету.Кері есептер құрастыру, шығару жолдарын түсіндіру.
Дамытушылық: әрбір оқушының үш деңгейлік тапсырмаларды біртіндеп орындауына жағдай жасау арқылы оның қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды жеке жұмыс жасауға, жауапкершілікті сезіне білуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың типі: жаңа сабақ меңгерту
Оқыту әдістері: «Үшөлшемді әдістемелік жүйе», « Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» стратегиялары
Сабақтың көрнекілігі: 1-кезең: жұмыс дәптері, тақтадағы «ашық журнал»;
2-кезең: оқулық, жұмыс дәптері, слайдтар;
3-кезең: жұмыс дәптері, тақтадағы « ашық журнал»
Қолданылатын көрнекілік: компьютер, проектор, экран.
Болжамдалған нәтиже: Заттардың бағасы, саны және құны арасындағы тәуелділік арқылы кері есеп құрастыра білді
Сабақтың жоспары
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Сыныпта психологиялық оң ахуал тудыру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1.«Көпір» тапсырмалары.
2. Қорытындылау.
ІІІ. Жаңа сабақ:
1.«Білу» теориясы.
Мәтін есепті шығару, берілген есепке кері есеп құру.
2.«Түсіну» теориясы.
Тапсырманы жазбаша орындап, математикалық тілде қорғау.
3.«Талдау» теориясы
Салыстыр. Ұқсастығы мен айырмашылығын табу.
4.«Жинақтау» теориясы
Кесте бойынша жұмыс.
5.«Қолдану» практикасы
Сурет бойынша есеп құрастыру
6.«Баға беру» практикасы.
Тапсырманы қорғау. 7 санына байланысты мақал- мәтел айту.
7. Сергіту сәті.
ІҮ. Сабақты бекіту. «Деңгейлік тапсырмалар»
І –деңгейлік тапсырмалар
1.«Блиц- турнир» ойыны.
2.«Ойлан, тап» тапсырмасы.
3.Ст. «Семантикалық кесте»
4.Ст. « Топтастыру» 5.«Ойланып көр»
ІІ- деңгейлік тапсырмалар
6 .Семантикалық кестені толтыр 7. ст. « Топтастыру»
8.«Ойланып көр»
9. «Ойлан тап» ІІІ – деңгейлік тапсырмалар 10. «Тез есепте, тез ойлан.»
11. Ребусты шеш:
12 .Сұраққа жауап
Ү. Сабақты қорытындылау және оқушыларды бағалау.
1. Ашық журнал арқылы оқушыларды бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма . №4 ә), 6 ә). 124 бет.
Оқушының жұмыс дәптері (кілті) Тақырыбы: Кері есептер.Заттардың бағасы, саны және құны арасындағы тәуелділік
«КӨПІР» тапсырмалары (оқушылар үйде орындап, бүгінгі сабаққа дайындалып келеді)
Амалдарды орында:
783 – 415=368 177 + 194= 371 573 + 377= 950 956 – 388=568 851 – 248= 603 365 – 187=178 169 + 782=951 876 – 159= 1035 725 + 246=971
ІІ кезең: Жаңа тақырып бойынша тапсырмалар ( 15 минут) Теориясы:
«БІЛУ»
(Кім? Не? Нені? Қашан? Қандай? Қалай? Не істеді?)
Есепті шығар және оған кері есептер құрастыр: 4 жапсырма 320 теңге тұрады. Бір жапсырма қанша тұрады?
Жапсырма саны -4 Құны -320 теңге Бағасы - ? теңге Шешуі: 320 : 4 = 80 (теңге) Жауабы: бір жапсырма 80 теңге тұрады. Кері есеп Шешуі: 80* 4 = 320 (теңге) Жауабы: жапсырманың құны 320 теңге Шешуі: 320: 80= 4(дана) Жауабы: 4 жапсырма сатып алынды.
Теориясы:
«ТҮСІНУ»
(Неге?
Неліктен? Себебі? Не үшін?)
Тапсырмаларды орында: 491+249 =740 257+383= 640 477+376= 853 679+142= 821 841-354= 487 694+237= 457 970-593= 377 916-658= 258 956-599=357
(оқушылар математикалық тілде оқып, қорғайды) Қорытындылау: Қосу амалына кері амал азайту амалы. Қосу амалының қасиеті: қосылғыштардың орнын ауыстырғаннан қосындының мәні өзгермейді.
Теориясы:
«ТАЛДАУ»
(Салыстыр, Айырмашылығы неде? Ұқсастығы неде?
Тақырыптың басты идеясын жаз, деген болу керек)
Өрнекте:
1 сағ 13 мин = 73мин 1 мин 10с = 70 с 2сағ 28 мин = 148 мин 1 тәул. 16 сағ = 40 сағ 1мин 30 с = 90 с 2сағ4мин = 124 мин
Ұқсастығы неде? уақыт өлшем бірлікері . Айырмашылығы неде? минутты сағатқа, сағатты минутқа , тәулікті сағатқа.
Теориясы:
«ЖИНАҚТАУ»
(Қорытынды шығар, анықтама бер. Мазмұнды жүйеле, кесте, сызба, т.б. түрінде)
Қорытындылау: бұлар кері есеп болып табылады.
Практикасы:
«ҚОЛДАНУ»
(қарапайым тапсырмалар)
Сурет бойынша есеп құрастыр:
[pic] [pic] [pic] [pic] [pic]
100теңге
Шешуі: 100* 5 = 500 (теңге) Жауабы: Құны 500 теңге
Практикасы:
«БАҒА БЕРУ»
(Сен қалай ойлайсың? Не істер едің?)
Сергіту сәті
7 – ге арттыр
7 есе арттыр 7 санына байланысты қандай мақал-мәтел білесің? «Жігітке жеті өнер де аз»
ІІІ кезең: Деңгейлік тапсырмаларды орындап, балл жинау (15 минут)
І деңгей (5 балл)
Теориясы:
«БІЛУ»
(Кім? Не? Қашан? Қандай? Қалай? Не істеді?)
«Блиц – турнир» ойыны 1. Кесінді дегеніміз - екі ұшы тұйықталған сызық . 2.Палетка дегеніміз – квадрат сантиметрлерге бөлінген мөлдір пластина 3. Бұрыш түрлерін атаңдар – тік, сүйір, доғал. 4. Әріпті өрнек дегеніміз – құрамында әрпі бар өрнек.
Практикасы:
«ҚОЛДАНУ»
(қарапайым тапсырма)
5.Есепті шығар:
Өлең жазылған – 20 кітап
Бұл ертегі жазылған кітаптардан – 2 есе кем Барлығы неше кітап бар?
( 2
0
*
2
)
+
2
0
=
6
0
Ж
а
у
а
б
ы
:
б
а
р
л
ы
ғ
ы
6
0
к
і
т
а
п
б
а
р
ІІ деңгей: (5 балл + 4 балл = 9 балл)
Теориясы:
«ТҮСІНУ»
(Неліктен? Себебі? Не үшін? Неге?)
6.Семантикалық кестені толтыр
Теориясы: «ТАЛДАУ»
(1.Салыстыр, 2.Айырмашылығы неде?
3. Ұқсастығы неде?
4.Тақырыптың басты идеясын жаз, - деген тапсырмалар болу керек. Немесе, 1-3 тапсырмаларды Венн диаграммасы арқылы қамтуға болады.
7.ст. « Топтастыру»
М [pic] [pic] асса өлешем бірлігі Уақыт
[pic]
[pic] [pic]
Сыйымдылық Ұзындық
Практикасы:
«ҚОЛДАНУ»
(2-кезең қарапайым тапсырмаларының өзгертілген жағдайдағы нұсқалары орындалады)
8.«Ойланып көр»
Әр сөреде 8 кітаптан қойылған. Үш сөреде неше кітап бар? 6 сөреде ? 8 сөреде ?
8 *
3
=
2
4
6
*
8
=
4
8
8
*
8
=
6
4
Жауабы: 3 сөреде 24 кітап , 6 сөреде – 48 кітап , 8 сөреде – 64 кітап.
9. «Ойлан тап»
1. Барлығы қанша теңге жұмсадың?
[pic] [pic] Шешуі: 8+4+35+40+40+5=132 (теңге ) немесе 40*2 +8+4+35+5= 132 (теңге ) Жауабы: барлығы: 132 (теңге )
1.Берілген заттар жинағы қалай аталады? Азық-түліктер
ІІІ деңгей: (5 балл + 4 балл + 3 балл = 12 балл)
Теориясы:
«ЖИНАҚТАУ»
(Қорытынды шығаруға бағытталған: Мазмұнды жүйеле, анықтама бер, кесте, сызба толтыр, сөзжұмбақ, ребус шеш сияқты т.б. сөздер тапсырма шартында болу керек )
10 «Тез есепте, тез ойлан.» Арунаның қалтасында 3 кәмпит болды және ол әр жарты сағат сайын 1 кәмпиттен жеді. Барлық кәмпитті жеп тауысу үшін Арунаға қанша уақыт керек болды?
Жауабы: 1 жарым сағат немесе 1 сағат 30 минут
11. Ребусты шеш:
[pic] [pic] Жауабы: «50 жылда ел жаңа»
Практикасы:
«БАҒА БЕРУ»
(сен қалай ойлайсың? Не істер едің?)
12. Сұраққа жауап бере отырып, түсіндір.
[pic] [pic] [pic]
1. Бүтін ірімшіктің массасын тап ?
Жауабы : а ) 8 кг
ә ) 8 кг
б ) 9кг
2. Барлық ірімшіктің массасын тап? 25 кг
3. Ірімшік неден жасалады? сүттен