Қостанай облысы
Әулиекөл ауданы
Аманқарағай ауылы
«Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің
№2 Аманқарағай орта мектебі» ММ
Бастауыш сынып мұғалімі: Багыткуль Какимбекқызы Дощанова
Қосудың қасиеттері
2 - сынып
Қосудың қасиеттері Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға қосудың ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін, өрнектердің мәндерін шешу барысында есептеулерде,жазба жұмыстарды орындауда тиімді қолдануға машықтандыру.
Күтілетін нәтиже
Өрнектердің мәндерін шешу барысында қосудың ауыстырымдылық және терімділік қасиетін қолдана біледі; қосудың ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерінің тиімділігін түсінеді.
Түйінді идеялар
Оқушылардың қызықты ақпарат арқылы мәліметтердің танысуы, топтық жұмыс жасауы.
Сабақтыңтүрі, әдіс-тәсілдері:
Зерттеу сабақ, СТО стратегиясы, «Дұрыс,Бұрыс», ой қозғау, сұрақ – жауап, жеке, жұптық, топтық жұмыстар арқылы оқушылардың ұжымдық ойлау әрекеттерін ұйымдастыру.
Сабақтың көрнекілігі:
Интербелсенді тақта, семантикалық кестелер,үлестірмелі қима қағаздар, слайдтар, бағалау кестесі
Сабақтың жүрілуі бойынша мұғалімнің жазбалары:
мұғалім немен айналысады және оқушылар немен айналысады.
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Психологиялық тренинг (1 мин)
Біз қандаймыз, қандаймыз,
Шұғылалы таңдаймыз.
Күлімдеген күндейміз,
Еш уайымды білмейміз.
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Фигураларға байланысты бөлініп, өз орнын табады.
1-топ: үшбұрыш
2- топ: шаршы
3-топ:тік төртбұрыш
Топ ережесін еске түсіру.
Үй тапсырмасын тексеру(1 мин)
№2, 84-бет.
Жауаптарын оқу.
Қызығушылықты ояту (3мин)
Критерий жетістіктерімен таныстыру
Тақтаға іліп қою.
1 топ
2
топ
3
топ
Жауаптың толымдылығы
Уақыттың үнемделуі
Жұмыстың эстетикасы
Ұпай саны
Ойын: «Сыңарын тап»
Мәндері бірдей өрнектерді оларды есептемей, сызықтармен жалға. Не байқадың?
(5+3)+7 (6+8)+2 4+(5+5)
6+(8+2) (4+5)+5 (5+3)+7
«Кім жылдам?» ойыны
1-топ
13-2-3+4-2-5+6-7=
2-топ
14-5+3-6+2+7+1-7=
3-топ
16-8+1-3+7-5+1-6=
Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып, ерекше ынтамен кіріседі.
Ережелерді айту.
Қосылғыштардың орнын ауыстырғанмен қосындының мәні өзгермейді.
Мысалы: 5+3=3+5
Жақшалардың орнын ауыстырғаннан қосынды өзгермейді.
Жақшаның ішіндегі амал алдымен орындалады.
(5+3)+7 бұл сандық өрнек.
Қызығушылығын ояту:
Жаңа тақырыпқа бағыттау (2мин)
Тақырыпты анықтау үшін анаграмманы шешу
ҚОДЫҢСУ СҚАИЕТТРІЕ
Жауабы: Қосудың қасиеттері
Оқушыларға жаңа сабақтың мақсатын айту.
Нұсқаулық карточка арқылы тапсырма беріледі. (10 минут)
Әр топқа қиынды қағаз, сілтемелер тарату.
1. Әр топқа ойларын айтқызу, дәлелдету;
2. Қорытынды жасата отырып, тақырыптың идеясын ашуға жетелеу.
Нұсқаулық карточка
1-топ:
1.Сурет бойынша теңдіктер құр.
8,7,15,+,-,=
Қосу мен азайту өзара қалай байланысқан?
2. a+b=b+a
2-топ:
1.Есеп-1, 86-бет. Есептің шығарылуын әр түрлі тәсілдермен түсіндір.
2.а+(b+c)=(a+b)+c
3-топ:
1.№3, 87-бет
2.Қорытынды жаса:
(5+4)-2
(5-2)+4
(4-2)+5
Қосындыдан санды азайту үшін:
- бұл санды қосылғыштардыңбірінен азайту керек;
- нәтижесіне келесі қосылғышты қосу керек.
90-(40+20)
(90-40)-20
(90-20)-40
Саннан қосындыны азайту үшін:
- саннан бір қосылғышты азайту;
- нәтижесінен екінші қосылғышты азайту керек.
Бұл азайтудың қасиеттері.
Дәптермен жұмыс
Дәптерімізді ашайық,
Қолға қалам алайық.
Түп-түзу боп отырып,
Көркем етіп жазайық.
Шығармашылық тапсырма: (2 мин)
Математикалық диктант «Дұрыс, бұрыс»
Дұрыс және бұрыс математикалық амалдарын оқимын.
- 7-нің алдында тұрған сан 4.
- 3-тің алдында тұрған сан 2.
- 8+7 өрнегі 15 -ке тең.
- 9 бен 7-нің айырмасы 1-ге тең.
- 4 саны 5-тен кіші.
- 6+7 өрнегі 10-ға тең.
Оқулықпен жұмыс (3мин)жұптық жұмыс
Есеп-4, 87-бет.
Есепті әр түрлі тәсілмен шығар, шешуін түсіндір.
Оқушылар дәптерге дұрыс болса «+», бұрыс болса «-» таңбасын қояды.
Содан кейін мұғалімнің тақтада жазып қойған жауаптарымен салыстырып, қателерін түзеп, өздерін бағалайды.
Шешуі:
(6+4)-3
(6-3)+4
(6-4)+3
Үлестірмелі қима қағазбен жұмыс. (2мин)
Ой шапшаңдылығын жаттықтыру.
Дөңгелектердің ішіндегі сандарға қосындысы сәйкес келетін сандарды қоршан сыз.
3 4 6 5 1 2 7
2 5 15 8 4 7 9
9 7 15 4 1 10 16
Сергіту сәті орындалады
Жеке жұмыс (2 мин)
Көп нүктенің орнына тиісті санды қой.
8+5= (2+7)+4=
...+ ... = (...+...)+...=
Топпен жұмыс (2мин)
Ауыстырымдылық, терімділік қасиеттері жайында топ ішінде білгендерін ортаға салып, ашық хатқа түсіреді.
Сыныппен жұмыс (5мин)
Әрбір топтан бір оқушы шығып жұмысын қорғайды ойларын ортаға салады, қалғаны жауаптарын толықтырады.
Шығармашылық тапсырма (2 мин)
«Математикалық шынжыр»
[pic]
Ауызша есептеу.
Қосудың тиімді тәсілін пайдалан.
(10+10)+(6+4)+(9+1)+(9+1)+(5+2)=57
Бекіту (3мин)
Семантикалық карта
Қосу мен азайтудың қасиеттері 3+(5+6)
50-(10+20)
(8+7)-5
9+8
8+9
Ауыстырымдылық
қасиеті
Терімділік
қасиеті
Қосындыдан санды азайту
Саннан қосындыны азайту
Әр топқа ребус беру, оны шешу. (3мин)
1 топ
А + А = 8
8 – В = 1
В + С = 19
А + В + С =
2-топ
Р+Р+Р=15
Р+А=8
Р+А+С=14
3-топ
Х+Х+Х=9
Х+Е=8
Е-К=1
Х+Е+ К=12
Ой толғаныс (1мин)
Үстелдің 4 бұрышы бар. Бір бұрышын кесіп тастағанда, оның неше бұрышы болады?
Үйгетапсырма (1мин)
Тапсырмалар тақтада жазылады.
Күнделікке жазады
“Бағалай білейік” (2 мин)
Топ оқушыларының жұмысын, топ басшысы бағалайды. Білім баспалдағы
А - түсінбедім, маған көмек керек
Б - түсіндім, әлі де қайталауым керек
В - толық түсіндім, өзгелерге көмектесе аламын.
Топтарды жетістік критерийлер бойынша бағалау.
Оқушы өз біліміне қатысты белгілейді.
[pic] [pic]