САБАҚ ЖОСПАРЫ: § 2.4 . 9–ға және 3-ке бөлінгіштік белгілері

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Райымқұлова Салиха Сайфадинқызы,Астана қаласы, Ғ.Орманов атындағы №7 мектеп –гимназия математика пәні мұғалімі [pic] [pic]

Математика 5 сынып

Тақырыбы: § 2.4 . 9–ға және 3-ке бөлінгіштік белгілері

Мақсаты: 1) Оқушыларды берілген санның цифрларының қосындысына қарап, оның 3-ке, 9-ға бөлінетіндігін ажырата білуге үйрету;

2) натурал сандардың 3-ке, 9-ға бөлінгіштік белгісінің тұжырымдамасын айта білуге дағдыландыру; 3-ке, 9-ға бөлінетін көп таңбалы сандарға мысал келтіре білуге үйрету; Оқушылардың іскерліктерін, білімін дамыту. Ойындар арқылы қызығушылықтарын оята отырып, еңбектене білуге үйрету.

3) Шыдамдылыққа, ұйымшылдыққа,топ үшін жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың әдісі: СТО технологиясын қолданылған жарыс түріндегі ойын сабақ

Көрнекілігі: Карточкалар, кестелер.


Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Сабақ жоспарымен таныстыру

Топтарға бөліну. Шарты: оқушыларға 2-нің, 5-тің, 10-ның еселіктері жазылған қима қағаздар таратылады. Сол арқылы 3 топқа бөлініп, топ басшысын сайлап, топқа ат қояды. Еселіктерді кеуделеріне тағып отырады.

Негізгі қағидалар: ешкім шуламайды. Бір топтағы оқушылар кезекпен бір-бірлеп жауап беруі керек. Топ мүшелерінің барлығы бағаланғаны топқа артықшылық береді. Бағалау «+» белгісінің санына және дұрыс нақты жауапқа қойылады.

Сыныптың 2 оқушысы бақылаушы-бағалаушы болады.

Топ басшыларына бағалау парағы таратылады. Оған топ оқушыларының аттары жазылады


3. Үй тапсырмасын тексеру. Топ мүшелері дәптерлерін топ басшысының алдына қояды.

Бақылаушы-бағалаушылардың біреуі үй жұмысын оқиды. Топ басшылары өздерінің жұмыстарын салыстырып,тексереді. Болған соң мүшелерінің дәптерлерін тексереді

206

1) Екі тақ санның қосындысы

2) Үш тақ санның қосындысы:

3) Жұп сан мен тақ санның қосындысы

4) Тіктөртбұрыштың периметрі

5. Квадраттың периметрі

207

0, 3, 4 және 5 цифрларын 1 рет қолданып:

1) 2-ге бөлінетін сан: 30, 54, 2) 5-ке бөлінетін 30, 45

3) 10-ға бөлінетін 40

Топ басшылары үй тапсырмаларын тексеріп, алдарындағы параққа орындаған оқушыларға «+» таңбасын қояды.

4. «Миға шабуыл» ережелерді қайталау. Ереже сақталады, топтан мұғалім атаған еселік –оқушы тез жауап беруі керек.

І-топқа: 1. натурал сандар дегеніміз не?

2. Жұп цифрлар дегеніміз не?

3. Тақ цифрлар дегеніміз не?

ІІ-топқа: 1. 7-нің алғашқы 4 еселігін атаңыз?

2. Жұп сандар дегеніміз не?

3. Тақ сандар дегеніміз не?

ІІІ-топқа: 1. 2-ге бөлінгіштік белгісін айтыңыз?

2. 5-ке бөлінгіштік белгісін айтыңыз?

3. 10-ға бөлінгіштік белгісін айтыңыз?

5. Жаңа сабақты түсіндіру.

9-ға бөлінгіштік белгісі.

Мысал : 783



мысал 3-мысал

3-ке бөлінгіштік белгісі.

4- Мысал : 384



мысал 3-мысал

6. Жаңа сабақты ауызша жаттығулар арқылы бекіту: кітаппен жұмыс

Ереже сақталады. Тыңдаймыз.

219

1) 120, 203, 301; 2) 660,810, 840; 3) 690, 510, 135, 4) 780, 910, 1005.

7. Тақырыпты бекітуге есептер шығарту. №220,

222

1) 1*1, 1*5, 2*8 ,31*, 23*, *53, *49 жазылуындағы жұлдызшаның орнына тиісті цифрды қойып, 3-ке бөлінетін сандардың ең кішісін жазыңдар.

Шешуі: 10 цифрды жазып, ретімен қойғанда бірінші қанағаттандыратын цифр есептің шешімі болмақ.

Цифрлар: 0; 1; 2; 3; 4; 5; 6; 7; 8; 9

1) 111, 105, 228, 312, 231, 153, 249

2) 5*3, 42*, 2*8 , 7*1 , 4*4, *99, *37, *63 жазылуындағы жұлдызшаның орнына тиісті цифрды қойып, 9-ға бөлінетін сандарды жазыңдар.

Шешімінің 1 ғана варианты (нұсқасы бар). Берілген екі санның қосындысын тауып қоямыз да керекті цифрды жаза қоямыз

513, 423, 288,711,414, 999, 837,963

Ереже сақталады. Топпен талдап бітіреміз.бір-біріңе түсіндіріп көмектесесіңдер.

8.Сергіту сәтіне ойын. «Мен жаңылмаймын» (ойын).

- Жүргізуші: ойыншылардың бірін шақырып:

  • Нешеге дейін санай аласыз?

  • Қане, батылдырақ айт. Жүзге дейін? Мыңға дейін? Жақсы! Ендеше біз сенен дауыстап санауыңызды сұраймыз. Миллионға дейін емес, әрине 30 –ға дейін.

  • Ойын шарты 3 санын және 3-ке бөлінетін сандарды сен айтпауың керек(6, 9, 12..) сонымен қатар 13 , 23 сандарды да айтпайсың, оның орнына жаңылмаймын деп айтуың керек. Мысалы: 1, 2, жаңылмаймын, 4, 5, жаңылмаймын ал кеттік тез –тез 30 –ға дейін санап шық!

9. Топ басшыларының оқушыларды бағалауы

10. Сабақты қорытындылау. Үйге тапсырма беру №221

11. Дамыту картасы бойынша сөйлету:

Не білемін?

Не білгім келеді?

Не білдім?





Не білемін?

Не білгім келеді?

Не білдім?

Жалпы жаңа сабақ туралы не білетінімізді жазамыз

Мені қандай сұрақтар қызықтырады? Сол туралы сұрақ беремін

Бүгінгі сабақтан не үйрендім. Соны жазамыз.

« Менің бүгінгі сабақтан алған әсерім» ой қорыту