Математика ақыл –ой шұғыласы.

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Математика ақыл –ой шұғыласы.

Мақсаты: Оқушылардың ой өрісін кеңейтіп,қабілеттерін ерекшелеп,белсенділігін дамыту,ұйымшылдықпен жұмыс жасай білуге ,халқымыздың асыл қазынасын дәріптеуге,жылдамдыққа,ширақтыққа тәрбиелеу.

Өлең: -------------------------------------------------

1-жүргізуші: Математика сырлары

Қызықтырды біздерді

Ойынға бірге құатысуға

Шақырамыз сіздерді,-дей отырып,сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз.


2-жүргізуші: Шын жүйрік шабысынан таңылады

Нақты білім,терең ой сыналады.

Баға берер әділқазы ортамызда,

Сіздерге құрметпенен қол соғылады.


Әділқазы алқасы------------------------------------------------------------------------------

1-жүргізуші: Қымбатты білім сүйгіш жас достар!Орыс ғалымы М.Ломоносов «Ақыл-ойды

тәртіпке келтіретін- математика,сондықтанда оны оқу керек»-деген.Олай болса,бүгін сендер қызықты ,математиканың жұмбақты да,тартымды әлемімен танысасыңдар.

Ендігі сөз кезегін топтарға береміз: 1-топ ұраны «Білекті бірді жығар,білімді мыңды жығар» .

2-топ: Ұраны :«Қандай сынақ болсадағы беріспе,әрқашанда үміткерміз жеңіске!»

2-жүргізуші: Математикалық сайыс-бұл еңбек.Сондықтан сайыс кезінде өте ұқыпты,ойларын жинақталған болу керек және тәртіп сақталғаны жөн.

Әр дұрыс жауап:1 ұпаймен бағаланады.

І-сайыс «Кім көп біледі? сайысы (1 мин уақыт ішінде жауап беру)

1-топ:

1.Шеңбердің екі нүктесін центр арқылы қосатын кесінді?(диаметр)

2.Өзара кері сандардың көбейтіндісі неге тең? (1)

3. Оң санға да теріс санға да жатпайтын сан ?(0)

4. 9-ға қарама-қарсы сан?(-9)

5. -99,9 бен 1 қайсысы үлкен? (1)

6. Нольден үлкен сандар қалай аталады? (оң сандар)

1-жүргізуші: 2 топ:

1. Қандай сан барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді? (0)

2. Шеңбердің нүктесін центрмен қосатын кесінді? (радиус)

3. қайсысы үлкен? (10)

4. Екі санның қатынасы не деп аталады? (пропорция)

5. Нөлден кіші сандар қалай аталады? (теріс сандар)

6. Ең үлкен уақыт өлшемі? (ғасыр)


2-жүргізуші: ІІ сайыс: Мақал-мәтелдер сайысы «Ойымды жалғастыр»( мақалдың жалғасын тауып айтады, командаларға кезектесіп беріледі ,жауап бере алмаған жағдайда келесі команда дайын жауап болса айтуға болады). (Ойлануға 30сек)

  1. Жеті жұрттың тілін біл... (жеті түрлі ілім біл)

  2. Екі жақсы қас болмас ... (екі жаман дос болмас)

3. Досыңды үш күн сынама ... (Үш жыл сына)

4. Бір елі ауызға....(екі елі қақпақ )

5. Жүз сомың болғанша (жүз досың болсын)

1 -жүргізуші:

1. Отыз тістен шыққан сөз( отыз елге тарайды)

2. Білгенің бір тоғыз ...(білмегенің тоқсан тоғыз)

3. Бір кісі қазған құдықтан...(мың кісі су ішеді)

4. Екі құзғын таласса ... (бір қарғаға жем болар)

5. Жақсыны 7 жыл жетелесең адам болар ...(жаманды 7 жыл жетелесең надан болар)

Күй: -------------------------------------------

2-жүргізуші: ІІІ сайыс: «Көкпар сайысы» (Топтарға 5 есептен ұсынылады ,әрбір дұрыс жауап 3 балмен бағаланады. бұл сайыста жауапты үш тілде,яғни қазақша,орысша,ағылшынша айтуын сұраймыз) дайындалуға 5 мин жазбаша түрде беріледі.

Қиындықтан ешқашан біз қашпаймыз.

Алғырлықпен тапқырлықты ұштаймыз

Қиялдарға самғап ұшқан құстаймыз,

Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз.

1-топ

  1. 7 жұмырқаның бағасы 7 теңге болса,100 жұмыртқаның бағасы неше теңге? (100)

  2. 1 т темір ауыр ма,әлде 1000 кг мақта ауыр ма? (бірдей)

  3. Сандар қатарындағы келесі санды тап? 20,21,23,24,26,27,... , 29

  4. Дүкенде 16кг,17кг,40кг –дық қораптарға кәмпиттер салынған.Қорапты ашпай-ақ,Аяз Ата балаларға 50 кг кәмпит сатып алуына бола ма? (16кг+17кг+17 кг=50кг)

  5. Квадрат үстелді айнала төрт адам отыра алады(әр жағына бір-бірден)Мектепте дәл осындай 7 үстелді жалғап,бір қатар қойып ұзын стөл құрды.Осы үстелді айнала қанша адам отыра алады. (16)

1-жүргізуші: 2-топ: 1. Әртүрлі сандарды алдымен қосты,одан кейін оларды көбейті сонда оларды қосындымен көбейтіндісі тең болды.Олар қандай сан болғаны? (1,2,3)

2.Студент кешкі сағат 10-да ұйықтауға жатар алдында,шырылдайтын сағатын келесі күні сағат 12-де оянатындай етіп қойды.Сағат шырылдап оятқанша ,ол неше сағат ұйықтайды? (2)

3. Адамның қолында он саусақ бар,он қолда неше саусақ бар? (50)

4. Сандар қатарындағы келесі санды тап? 9,7,10,8,11,9,12,...? (10)

5. Ит түйеден 10 жыл аз,ал түйе есектен 20 жыл аз жасайды.Егер есек 50жыл жасаса,ит пен түйе неше жыл жасайды? ( ит 20 жыл,түйе 30 жыл)



Топтар жұмыс жасап болғанша осы кезде жанкүйерлермен ойын: Жұмбақ жасыру

1.Түйе, бота маң басқан,

төрт аяғын тең басқан.

Шынақ құлақ бес ешкі,

Қос лақпен ,қос ешкі

Төрт қозылы екі қой

Бәрін бірге санап қой (17)

2.Көл тоғанды қырға бар.

Келіп қонды тырналар

Жұптан қонып сол жерде

Отыр екен он жерде

Санап берші тырналар

Қанша болды ол жерде? (20)

  1. Бірдей санды бірнеше рет

Көбейтуден тұрады.

Егер оны ықшамдасаң

Қандай атау болады? (дәреже)

  1. Алды-артымыз шексіз де

Жете алмайсыз біздерге

Сәулемен кесінді

Шыққан тегін білсе де? (түзу)

2-жүргізуші: ІV- сайыс «Есепке кім жүйрік?» (5-мин)

* 2 *

2 7

3 6 * 8

* * * *

* * * * * Жауабы: (524*27=14148)

Қорытынды:

1-жүргізуші: Қиындықтан сірә да біз қашпаймыз,

Алғырлықпен тапқырлықты ұштаймыз.

Қиялдарға самғап ұшқан құстаймыз,

Шегінбейміз,жеңістерге бастаймыз-дей отырып,

жеңімпаз топты анықтау үшін әділқазылар алқасына сөз кезегін берейік.

2-жүргізуші: Көңіл бөліп бұл кешке

келгендерге көп рахмет

Шын сезінген көрермендерге ,

Мың рахмет,мың рахмет! дей келе

Әділқазылар алқасы шешімін шығарғанша, әсем биді тамашалайық!

Би --------------------------------------------

Ал енді қорытынды сөзді әділқазылар алқасына береміз.

Білім деген биік шың

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың Қиындықтан өткізер -дей келе осымен сайысымызды аяқтаймыз.