«Білімпаздар еліндегі Математика патшалығы» сыныптан тыс жұмыс

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


«Білімпаздар еліндегі Математика патшалығына»  саяхат

атты сахналық қойылымы


Сайыстың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың білімге талпынуын, ойлау қабілетін дамыту
Дамытушылық: Математикаға қызығушылығын арттыру, белсенділіктерін дамыту
Тәрбиелік: Есте сақтау, қиыншылықты жеңуге, жауапкершілікке, шапшаңдыққа, тиянақтылыққа баулу, ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу.


Мотивациялық -қозғаушылық

Әли мен Айя ортаға келеді.

-Әли аға біз қайда келдік?

-Білмейм Айя жан! Бірақ мына жер өте әсем безендірілген екен.

- Мұнда бір жазулар бар екен. Не деп жазылыптұр Әли аға? Оқып беріңізші!

-«Білімпаздар еліндегі Математика патшалығы» деп жазылып тұр.А-А-А таптым бұл математика патшалығы.

Сиқырлы музыка ойнайды, осы кезде сиқырлы перде ашылады да, перденің ар жағынан қолдарында бенгаль шамдары жарқыраған қыздар би билеп пердені ашады.

Сулейменов Асқар1 - оқушы:Математика – бір салалы ғылым, жаратылыстық ғылым, ойды жетілдіретін ғылым, тәжірибелік ғылым.
Хозыбай Исламбек2 - оқушы: Математика - қоғамдық ғылымдарды зерттеудің құралы.
Балбаш Назым 3 - оқушы: Математика сурет салу ғылымының құралы.
Баянова Ботагөз 4 - оқушы: Математика – тіл білімін зерттеу құралы. Тіл – адамзаттың балалық ойынның туындысы да, математика – жоғары дәрежеде дамыған абстракт ойынның туындысы.
Қауанұлы Құрманбек 5 - оқушы: Математика – зерттеу құралы.
Әсемжанқызы Аружан 6 - оқушы: Математика – өндірісті еңбек пен күнделікті тұрмыстың құралы.
Аманбекова Айсана7 - оқушы: Математика – бір салалы техника, есептеу техникасы. Санды мәліметтерді бір жақтылы ету техникасы. Кесте, сызу, сурет салу және оны бір жақтылы ету техникасы. Сұрыптау, ой қорыту техникасы.
Азанбай Нұрымхан8 - оқушы: Математика – бір салалы барыс, Математика – абстракциялап жинақтау барысы, Математика – шамалық, сұрыптау, ой қорыту, қолданылмалық барыс.
Ержанқызы Инабат9 - оқушы: Математика –идея – ақиқаттың адам миында бейнеленуі. Адамдардың ақиқат дүниені түсінудегі танымы.
Мақпал 10 - оқушы: Математика – біртүрлі рух, шынайылыққа, қарапайымдылыққа, ақиқатқа жаңалыққа талпынатын рух, Шындыққа, шынайылыққа талпыну - ерекше құнды адалдыққа талпыну рухы. Математика – қарапайымдылыққа талпыну, шыдамдылыққа ұмтылу рухы.

(барлығы бірігіп)

Математика ермек емес балалық,
Математика – көрегендік даналық.
Математика құрметтеуге лайық
Кел достарым, мұны жақсы ұғайық!

(фанфара ойналады, жүргізушліер шығады)

1 – жүргізуші: Армысыздар ағайын,

Нұрдәулет Ағайын тілін табайын.

2 – жүргізуші: Бармысыздар бауырлар,

Арайлым Өкпе жоқ бізде бауыр бар.

1 – жүргізуші: Есенбісіз ұстаздар,

Нұрдәулет Шаршамайтын қыс жаздар.

2 – жүргізуші: Ізетке ие інілер,

Арайлым Інілер еті тірілер.

1 – жүргізуші: Көрермендер аманба?

Отырған анау сайланып.

Бірге: Бәріңізге бір сәлем!

1 – жүргізуші: Қайырлы күн құрметті қонақтар, ұстаздар, білімге құштар жас өрендер! Математика ғылымдар патшасы, ал арифметика – математика патшасы дегендей, бүгінгі математика патшалығына қош келдіңіздер!

2- Жүргізуші
-Уа, халайық, халайық,
Бәріңе жар салайық.
Бүгінгі кеш төрінде
Дарындылар елінде
Тапқыштардың тілінде,
Есеп шешіп, жарысып
Жұмбақ шешіп аңдысып
1- Жүргізуші
Шабыт тасып шалқысып,
Есеппенен ән салысып.
Көңілді кеш жасайық
Жұмбақ шерді шашайық
Ат салысып аянбай
Бар өнерге басайық
2-жүргізуші
Асып әсте саспайық
Батыл қадам бастайық
Еркіңді билеп барынша
Жарыста сірә, қалыспа
Кеш қызығын ей, достар.
Осылайша шабытпен
Кәне енді бастайық

1-жүргізуші
Мұнда қызық табылар
Жаңылтпаш, жұмбақ бәрі бар.
Айтыс, тартыс тағы бар
Сөз жұмбақ та, сан жұмбақ.
Суретті жұмбақ, шеш жұмбақ.
О-о-ой, бір қызық кеш болар,
Өздеріңмен бес болар

Балбаш Назым
Ғылымдардың патшасы атанған,
Евклид, Фалес, Пифагордан бата алған,
Төзбейтін өтірікке жалғандыққа!
Жасықтан емессің сен қаталдансың
Ақыл – ойды тәртіпке келтіретін
Нағыз пән математика атанғансың!
Әбүйір Бекназар

Дүниедегі құбылыстың мәніне
Табиғаттың, қозғалстың бәрінде
Мүмкін емес есептерсіз түсіну
Есебіңіз дүние кілті әлі де.

Балбаш Назым

Математика төрт амал негізінде.

Туындатқан талай заң келбетінде,

Жұмбақ әлем болағанмен, ей замандас,

Меңгерілер еңбек, талап шеңберінде.

Әбүйір Аяжан

Математика, математика қандай қиын,

Оқымасаң шешілмейді ешбір түйін.

Ал өмірде тек соның көмегімен

Орындалар заңдылық, байлам дүйім.

Сулейменов Асқар

Математика ғылымдар патшасы деп

Мойындаған бар ғалым жер шарында,

Сол қағида тағы да дәлелденбек,

Бүгінгі кеш бағдарлы жоспарында.

Азанбай Нұрымхан

Мақтауға математика лайықты да,

Шындық іске бір сәт мойын бұрайық та.

Парақтаумен әр ғалым, әрбір пәнді,

Байланысын ашық айтып тұрайық та.

Хозыбай Исламбек

Елімнің үміт артар ұл-қызымыз,

Дарынды әр оқушы жұлдызымыз.

Математика кешінде бәрің достар,

Ән боп енді шырқалар ғасырымыз.

Ән:Математика

«Ананың тілі» әнінің әуенімен
Мектепке келдім, ұстазды көрдім,
Жазу, сызу мен санау үйрендім,
Сан мен өрнек, теңдеу мен бөлшек,
Сырына аның үңіліп көрсек,
Қайырмасы:
Математика – бар ілімнің басы,
Математика – ғылым патшасы,
Математика – өмір тірегі
Математика – шәкірт жүрегі
Сенсіз дүниеге бара алмаймыз,
Сенсіз үйлерді сала алмаймыз,
Сенсіз уақытты біле алмаймыз,
Сенсіз тарихты жаза алмаймыз.
Қайырмасы


1-жүргізуші: Математика – бұралаңсыз, нақты ілім,
Үйрететін бақыт тілін, бақ тілін,
Айдынында сүңгіп – сүңгіп жүзсең бір,
Тарқалмайды қуаныш пен шаттығың,
Шығамын десең биік шыңның басына,
Адал досың – Біліміңді ал қасыңа,
Зула, топ жар! Бәйгеге түс бекем бол,
Тула, толқы, тебірен бірақ тасыма.
2жүргізуші

Талай жырлап, сан ғасырлар дастанын,

Кең даламнан естіледі асқақ күн.

Талай талант, сенде шыңдалып, сенде өсті,

Талай ғылым сенен алды бастауын - дей отырып,МАТЕМАКТИКА ханшайымын ортаға шақырайық

«Айгөлек» бишілер қыздар билеп ортаға матемиатика ханшайымын алып шығады.

Математика ханшайымы:

Ұл, кыз сәлем береміз,

                          Өнегелі өренбіз.

                          Білер қазақ  баласы,

                          Сәлем -сөздің анасы.

                          Сәлеметсіздер ме қонақтар!

Бүгін менің патшалығыма тез ойлап, армандай алатын , ұшқыр ойлы, белсенді, тапқыр  балалар келіп қалған екен. Біздің математика патшалығына қош келдіңіздер!!!

Математика ханшайымы:Майгуль Рамазановна

Кемелер жүргізіп, ұшу үшін аспанға,

Терең білім, білік керек адамға

Байқасаңыз мұның бәрін меңгеруге қажетті

Маңызды ғылым ма-те-ма-ти-ка

Тоқтамайды кемелер неге қайраңға

Бағытымен қарсы жүріп тұман менен боранға

Байқасаңыз себебі бар мұның да,

Капитанға көмек қылар А-РИФ-МЕ-ТИ-КА

1-жүргізуші: Математика өзі ханшайым болса да, өте еңбекшіл. Ол үнемі өзінің иелігін аралап, ондағы тәртіпті қадағалап отырады. Сонымен Математика ханшайымы өзінің иелігін аралауды бастайды

«Маған Арифметиканы шақырыңдар!»

Арифметика ортаға сандармен билеп шығады Сауле Калыковна

Уа, мәртебелі ханшайым, менің иелігімдегі сандардың бәрі түзу еңбек етуде. Мәртебелі ханшайымым 1 сынып оқушылары енді ғана математиканы үйрене бастағандықтан сандардың не туралы айтатының тыңдаңыздар.

Сандар туралы көріңіс

2-жүргізуші: Ерете,ерте,ертеде арифметика көшесінде сиқырлы сандар тұрыпты.Күндердің күнінде олардың арасында дау болыпты.«Кім күшті?» деп бір-бірімен дауласады.

Бір: АружанМен барлық сандардың ішіндегі ең күштісімін. Мен сендерге қарағанда әдемімін, сүйкімдімін. Әрқашанда тек бірінші орындамын. Тектен-текке 1-қыркүйек күні барлық балалар мектепке бармайды.

Екі:Бекнұр Қараңдаршы, мен қандай кереметпін құдды бір аққу құсындаймын. Өздерің зер салыңдаршы, адамның екі қолы, екі аяғы, екі құлағы, екі көзі бар. Сондай-ақ бір сыныққа екі бүтін беріледі.

Үш:ДаянаОй, Ой, тапқан екенсіндер мақтанатын затты. Ал мен айтатын болсам, менің Үшарал, Үштөбе деген елді мекендерім бар, тіпті көшеде адамдар мен көліктерге арналған бағдаршамда да 3 көз бар.

Төрт:Мақпал Сендер мені барлығы қалай жақсы көретіндеріңізді ұмыттыңыздар. Мен сендерге қарағанда атақтымын. Себебі, әр үйдің төрт бұрышы, стөлдің 4 бұрышы бар. Тіпті бір жылды 4 мезгіл бар. Әлемнің төрт бұрышы бар. Мұныда ұмытпаңыздар.

Бес:Нұрымхан Ал маған көп сөйлеудің қажеті жоқ. Бәрі бірде бәрі мені танып, жақсы көреді. Әр оқушы менің портретімді өздерінің күнделіктері мен дәптерлерінде көргілері келеді. Сонымен қатар қандайда бір іс бес саусақтың көмегімен атқарылады.

Алты:Асқар Мүмкін мен бес сияқты атақты емес шығармын. Бірақ мен бұрыла қалсам, мен екі есе көбейіп шыға келем.

Жеті: Аяжан1 аптада 7 күн, әлемнің 7 кереметі бар. Жәнеде әр бір маңызды іс алдында адамдар жеті рет өлшеп, бер рет кес деген мақалды айтып отырған.

Сегіз:Исламбек Маған қараңдаршы, мен матрешкаға, аққалаға, көзілдірікке ұқсаймын. Мені де барлығы жақсы көреді.

Тоғыз:Назым Мен ең маңызды санмын. Себебі мен барлығынан үлкенмін. Күн жүйесінде 9 планета бар. Соның бірі Жер.

1-жүргізуші: Ал сен неге үндемейсін кішкентай нөл? Сен өзін туралы не айтасың?

Ноль:Айсана Өкінішке орай менін мақтануға лайық айтарым жоқ. Менің сендерсіз ешқандай мәнім жоқ. Егер мен сендердің біреуіңнің қасына тұрсам, онда сендер 10 есе арта түсесіңдер. Достар, біздің әркайсысымызда маңыздымыз. Бізге бір-бірімізсіз қиынға соғады. Біз туралы адамдар зерттейді,балалар да мектепте оқиды.Олар бізсіз еш нәрсе істей алмайды,біз оларға керекпіз.Адамдар бізді жақсы көреді. Өмірде кімнің күшті немесе мықты екені маңызды емес,ең маңыздысы сен біреуге керексің,біреулер сенің көмегіңе мұқтаж.Сондықтанда доста, дауласуды қойып, достықпен өмір сүрейік.

Арифметика:

Уа, мәртебелі ханшайым, менің иелігімдегі сандардың бәрі түзу еңбек етуде. Тек миллион ғана менменсініп кетті. Ол өзін «ең үлкен санмын»- деп есептеп, кішкене сандарға менсінбеушілікпен қарайды. Әсіресе одан кішкене нөл көп жапа шегуде.

Математика Ханшайымы: Маған тез арада менменшіл миллионды шықырыңдар!

Миллион: Ботагөз(әндете кіреді Миллион әніне)Миллион, миллион милион мен үлкен санның бірімін. Кіші сандардың бәрі мені сыйлаулары керек, әсіресе нөл, ешқандай мәні жоқ, тьфу! Бос орын.

Математика Ханшайымы: Миллион, сен жазалануың керек! Сені өзің менсіңбейтің кішкентай нөл жазалайды. Маған нөлді шақырыңдар.

2-жүргізуші: Нөл, өзіңнің ініңмен математика патшайымына кел!

Нөл: Уа, мәртебелі патшайым сіздің шақыруыңыз бойынша келіп тұрмын.

Математика Ханшайымы: Нөл, сен бір математикалық амалдардың көмегімен миллионды жойып жіберуің керек. Балалар, қандай арифметикалық амалдардың көмегімен миллионды жойып нөлге айналдыруға болады?

Барлығы: Көбейтудің көмегімен

Математика Ханшайымы: Дұрыс, көбейтудің көмегімен (1000000*0=0)

Көбейту:Құрманбек Қандай амал көбейту?

Ол ақылмен, тез қосу.

Ыңғайлы ғой әрине

Бірнеше рет көбейту

Көбейтудің кестесі

Өмірде көп пайдалы

Сондықтан да ғылымда

Көбейту деп аталған.

Теңдік:АқеркеАмалдың нәтижесінде

Не шыққаны маңызды.

Анықтайды оны бізге

Осы теңдік таңбасы

Арифметика:Менменсіген миллионды тағы да қандай амалмен сабасына түсіре аламыз?

Бәрі: Бөлу амалы арқылы

Бөлу:Зарина Сақтау үшін достықты

Сүру керек өмірде

Заңдылықтарды меңгеріп

Бар нәрсені тең бөліп.

0:1000000=0

Ноль:Нұрдәулет

Балалар, біздің тұрғанымыз дұрыс па? Сан нөлге бөліне ме? Жоқ





Арифметика:Мәртебелі ханшайым, менің қарамағымда басқа да адамдар бар.

Қосу: Бекназар Мен қосумын

Оған өзім мақтанам

Қосудың нағыз белгісімін

Ізгілікке арналған

Орындау үшін қосуды

Бөлу керек жарасымды.

Ұрыс пен майдан бар жерде

Мүмкін болмас қосуды.

Азайту:Әлия Мен азайтумын,

Ізгі амалдың бірімін

Қастықпенен азайтпаймын

Тек рөлімді орындаймын.


Ән: Санау әні (әнді айтып сандар шығып кетеді)

Сандарды жаттаймын алақай

Санааудыңда келді кезек

1,2,3 баалақай

Қайталаймыз аасықпай

Біір, екі,үш, төрт

Бес, алты

7,8,9,10

Бірден онға дейін мен

Саанауды біілемін

Еенді керсіінше әәндетем

Баалалар қосылыңдар

10,9,7,8

6,5

4,3,2 жәәне бір

1,2,3,4,5 таамаша

6,7,8,9,10 ла-ла

Меен ақылдымын бәәрінен

Сенде санауды үйрен

1,2,3,4,5

6,7,8,9,10

10,9,8,7,6

5,4,3,2,1

1,2,3,4

5,6,7,8,9,10


Математика: Жарайсыңдар, балалар! Арифметика, сен де ақылдысың! Сенің иелігінде тәртіп бар екен.

Арифметика. Рахмет сізге Мәртебелі ханшайымым! Сізге адал қызмет етуге әзірміз. Рұқсат етсеңіз өз иелігіме оралайын.

Математика:Ал менің Геометрия сіңілім қалай жұмыс жасайды екен?

Маған геометрияны шақырыңдар!!!


Қыздар билеп шығады артынан геометрия келеді

Геометрия: Уа, мәртебелі ханшайым сіздің шақыртуыңызбен келіп тұрмын!Менің фигураларым қабырғаларына, бұрыштарына және сызықтарына дамыл бермей күні-түні жұмыс жасайды.

Математика: Сенің қарамағында фигуралар өте көп пе?

Геометрия: Өте көп, кейбіреулерімен балалар танысыпта үлгерген. Ортаға Фигураларды шақырамын.

Фигуралар лентамен билеп шығады

Шеңбер:

Нүктесі жоқ басталған

Аяқталған жері жоқ

Шеңбердің сірә теңі жоқ

Сопақша

Шеңберді сығып бұл енді

Сопақшалап жіберді

Атына сай бағы бар

Үшбұрыш үш жағы бар

ШаршыМақпал

Төрбұрышта да тең түскен

Осынша жақтау және тең

Мұндай шаршы мен білсем

Табылмас-ау еш жерден

Үшбұрыш:

Менің атым үш бұрыш

Менде бар үш қабырға, үш бұрыш

Бұрыштар мен қабырғалар

Болуы мүмкін әр түрлі

Әрбір бала біледі

Менің осы сыйқымды.

Төртбұрышпын Төртбұрышпын

Төрт қабырғасы бар бұрышпын

Қай жағынан қарасанда

Төрт қабырғам тең бұрышпын

Домалақпын Домалақпын

Дөңгелек боп домаладым

Ай сияқты Күн сияқты

Шар сияқты домалақпын

Жұлдыз

Мен жұлдызбын, жұлдызбын,

Аспанда мен тұрамын.

Адамдар маған қараса,

Көкте жарқырап тұрамын

Фигуралар туралы көріңіс

Автор:Ерте-ерте ертеде

Ағайынды екі жігіт болыпты

Үлкені оның шаршылы

Ақ көңіл әрі ұнамды.

Кішісі оның –үшбұрышты

Жүреді үнемі ашулы

Шаршы одан сұрады...

Шаршы: Бауырым, сен неге ашулысың?

Үшбұрышы:

Қарасаңшы жай байқап

Сен толықсың, әрі кеңсің

Менде бар үшеу

Ал сенде ол-төртеу.

Шаршы:Бауырым, мен үлкенмін, мен шаршымын

Кімнің адамдарға қажеттірек екені белгісіз! Сен бе? Әлде мен бе?

Автор: Түн болғанда ұрлана

Шығып алып столға

Ағасының бұрыштарын

Қиып алды жасқана.

Кетіп бара жатып айтты:

Үшбұрыш:Тілектеспін тәтті түстер көруге!

Шаршы едің жатарыңда,

Бұрышсыз қалдың тұрғанда!

Автор: Кіші бауыр ертеңінде

Қуанбады еңбегіне

Шаршы жоғын қалды көріп

Тіл күрмеліп, сөзсіз қалып.

Міне кек!

Сегіз жаңа бұрыш болды пайда

Енді оның ағасында.

Математика:Мен, үшбұрыштың жауыз қылығы өзіне қарсы келгенін көріп тұрмын. Балалар, шаршының барлық бұрыштарын қиып тастағанда қандай геометриялық фигура шықты?

Сен, үшбұрыш, ренжіме

Шаршыменен татулас

Фигуралар маңызды

Олар әрі тату дос.

Үшбұрыш: Аға, мен сізден бұл қылығымды кешіруіңізді сұраймын! Мен енді ешқашан біреуге жамандық жасамауға уәде беремін.

Математика: Міне, енді барлығы өз орнына келді.

Пішіндер әні

Шаршы, шеңбер, тікбұрыш

Сопақ, жұлдыз, үшбұрыш

Шаршы, шеңбер, тікбұрыш

Сопақ, жұлдыз, үшбұрыш

Мен шаршымын төрт жағым бар

Төрт жағым менің біірдей

Кел ойнайық балақай

Би билейік біз солай

Мен суретпін, мен терезе

Мен шаахмат тақтасы

Мен таағы теледидармын

Мен жастайытын жастықпын

Мен шеңбермін, мен шеңбер

Осындай мен дөңгелек

Айналамын күн сайын

Барлығы үшін біз керек

Мен күн және ай

Мен қақпақпын қарасан

Көліктің мен дөңгелегі

Маған жер шары ұқсаған

Мен тікбұрышпын тікбұрыш

Қарама-қарсы жақтарым бірдей

Көңілдімін мен осы

Кел билейміз доосым

Мені сен көөп көресін

Мен тақта мен экран

Мен рюкзакпын, мен какпа

Тез үйренеміз қоорықпа

Мен сопақпын мен сопақ

Ұзартылған домалақ

Соным жол басым жол

Енді бірге шапалақ

Мен жұмыртқамын мен айнамын

Мен міне осындай пішінмін

Мен қоңыз мен картоп

Аяқпенен топ-топ

Мен жұлдыз жанып тұрам

Түңгі аспанға қарашы сен

Бесік өлеңін айтам

Айтшы өлеңді менімен

Қар бүршігі оол мен

Мұхит түбінде де мен

Сен жаттасын дееп мен

Айтып тұрмын саған өлең

Мен үшбұрышпын үш жағым бар

Үш төбеден жасалған

Үй төбесіне қарашы

Мен ғой сонда отырған

Мен сенгвич мен үтік

Мен торғайдың тұмсығы

Мен желкен мен күшік

Аа әзілдеймін күшік емес

Шаршы, шеңбер, тікбұрыш

Сопақ, жұлдыз, үшбұрыш

Шаршы, шеңбер, тікбұрыш

Сопақ, жұлдыз, үшбұрыш

Шаршы, шеңбер, тікбұрыш

Сопақ, жұлдыз, үшбұрыш

Шаршы, шеңбер, тікбұрыш

Сопақ, жұлдыз, үшбұрыш


Би тәжік биі

Математика: Маған сендердегі барлық жердегі тәртіп ұнады. Бірақ балалар менің кетуім керек, өте көп жұмыстарым жиналып қалды. Сендердің табыстарында ықыласпен бақылаймын деп уәде беремін.

Әли мен Айя келеді

Әли: Арман

-Достар мен бүгін сандарды да, пішіндерді де барлығын біліп алдым.

Айя Ақерке:

Иә аға

Сан мен таңба тұр сап түзеп,

Орындап формула әмірін.

Кім айтсын ән жырдан жақсы деп,

Есептің қоңырқай өмірін.

Болмашы ойға алаң, сәл сабыр,

Мен айтсам, ағымнан жарылам.

Сенің бір айналаң, өмірің,

Есептің заңымен бағынған.

Зауыттар салынып нулардан,

Шын оттар жанар ма жалынсыз.

Тепловоз рельспен зулар ма,

Математиканың заңынсыз.

Ұшқыштар дыбыспен қоса өрлеп,

Ғарыштық сапарды мықтасын.

Осының бәрін біз жасар ма ек,

Алдымен есептеп шықпасақ

Әли Айя қосылып барлығы ән шырқайды

Біз ботақан екеуміз

Есептеуге бекембіз

Ақтөс келіп қосылса

Үшеу болып кетеміз

Бір ауылда бірге өскен

Бар қызықты бірге кешкен

Көжек бота Айя және мен

Біз нешеуміз Ақтөспен

Көжек Бота және мен

Біз нешеуміз Ақтөспен

Дейсінбе біз нешеуміз

Біз бесеуміз бесеуміз

Санамаққа жаттығып

Алғыр болып өсерміз

Біз бесеуміз бесеуміз

Алғыр болып өсерміз

Біз балдырған баламыз

Шаттық әнге саламыз

Қосып алып сандарды

Жазу жаза аламыз

Біз бақытты баламыз

Әнші биші балапан

Біз өнерлі балапан

Ән саламыз билейміз

Жайнап өскен гүлдейміз

Жайнап өскен гүлдейміз

Ортақ туған даламыз

Ортақ думан қаламыз

Туған жерден нәр алып

Өнер қуған баламыз

Біз бақытты баламыз.

Барлығы сахнадан шығып кетеді.

Нұрдәулет:

Жүзген кеме тұманда, неге адасып кетпейді.
Немесе ол да бір маңда, төмен неге шөкпейді.
Оны сақтап қалатын, математика - ғылымы бұл.
Сондықтан да ерінбей сол ғылымның тілін біл.
Бүгінгі кеш талайдың, шабыттарын шыңдады.
Кеш қызығын қызықтап, талай адам тыңдады.
Тәрбиелі мол тәлім, болды бүгін әсерлі.
Бүгінгі кеш түйінін көрермендер шешеді.
Арайлым

Ақынжанды болмаған, математик бола алмас,
Қызықты кеш болмаса, көңілге әсте қона алмас,
Бүгінгі кеш көңілді, оған біздер сенімді.
Қошеметпен қол соқты, көрермендер өнімді.
Көңіл бөліп бұл кешке, келгендерге рахмет!
Шын сезінген көрерменге, мың рахмет, мың рахмет!

Мұғалім:

Есептеуге жүйрiк болсаң жасыңнан,

Математикаға орын берсең басыңнан,

Барлық ғылым саған үйiр болады,

Досың солар – табылатын қасыңнан.

Мықты болсаң – алдағыны басып оз,

Мықты болсаң – арттағыны жеткізбе.

Мықты болсаң – тайғанама көк мұзда,

Мықты болсаң – бөгеттерді бұзып өт.

Мықты болсаң – заманыңды көктеп өт

Осымен біздің «Білімпаздар еліндегі Математика патшалығына»  саяхат

атты мерекеміз өз мәресіне жетті. Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

























МАТЕМАТИКА – бір салалы алып білімдік жүйе.

Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы. (К.Гаусс)

Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика. (М.В.Ломоносов)