Сабақ: Математика
Сынып: 5
Тақырыбы: Жай бөлшектердің негізгі қасиеті.
Мақсаты
білімділік: Оқушыларға үлес пен жай бөлшек ұғымдарымен таныстырып, есеп шығара білуге үйрету.
дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін кеңейту, және де
өз бетімен қорытындылау дағдыларын жетілдіру.
тәрбиелік: ұқыптылыққа, зеректілікке, шыдамдылыққа және де өз-өзіне деген сенімділігін арттыруға тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар, көрнекі құралдар: Оқулық/Т. Алдамұратова, Е.Байшоланов. – 3 басылымы. – Алматы: Атамұра,2010. – 368 бет.
Слайдтар мен тарататын карточкалар
Сабақтың типі: жаңа материалмен таныстыру
Оқыту әдісі: сұрақ-жауап.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу;
Сыныпты түгендеу;
Сынып тазалығын тексеру
II. Үй тапсырмасын тексеру: дәптерлерін жинап алу
III. Өтілген материалдарды қайталау сұрақтары:
1.Шеңбер дегеніміз не?
2.Қандай кесінді шеңбердің радиусы деп аталады ?
3.Диаметр радиустан неше есе ұзын?
4.Дөңгелек деген не?
5.Натурал сандар деп қандай сандарды атаймыз?
6.Екі натурал санның бөліндісін қалай атаймыз?
Өткен сабақта танысқан:
натурал сан, шеңбер, дөңгелек, Үлестер. Жай бөлшектер.
радиус, диаметр ұғымдарының
анықтамаларын білулері тиіс
IV. Жаңа материалмен таныстыру:
1.Тең бөліктер үлестер деп аталады.
Фраза мәтінін аяқтаңдар:
Әркімнің дәптер бетінен
Көреміз бөлшек сызығын.
Үстіндегі – алымы, білсеңіз
Астындағы – бөлімі.
Бөлшекті біз әрқашан,
Жай бөлшек деп айтамыз
Алымы
Бөлімі
2.Жай бөлшек - алымы
бөлімі
3.Екі натурал санның бөліндісін бөлшек түрінде жазғанда, бөлшектің алымына бөлінгіш жазылып, бөліміне бөлгіш жазылады.
немесе
V. Есеп шығару
Кітаппен жұмыс
№392 (а у ы з ш а) бөлшектің әрқайсысын оқып шығып, олардың әрқайсының бөлімі мен алымын атаңдар, олардың нені білдіретінін түсіндіріңдер.
Төртен үш; алымы 3 саны, бөлімі 4 саны; олар 3-тің 4-ке бөліндісін білдіреді, мұндағы 3 бөлінгіш саны болса, 4 саны бөлгіш сан.
Алтыдан бес; алымы 5, бөлімі 6 саны; олар 5-тің 6 бөліндісін білдіреді.
Жетіден үш; алымы 3, бөлімі 7 саны; олар 3-тің 7-ге бөліндісін білдірсе, мұндағы 3 бөлінгіш, ал 7 саны бөлгіш
№ 393 Суреттегі фигуралардың:
1)Қандай бөлігі боялған?
2)Қандай бөлігі боялмаған?
Үшбұрыштың төртен үш болігі боялған, ал төртен бір бөлігі боялмаған.
Дөңгелектің алтыдан екі бөлігі боялған, ал алтыдан төрт бөлігі боялмаған.
Шаршының сегізден бес бөлігі боялып, сегізден үш бөлігі боялмаған.
№394 Бір бүтінде неше?
а) үлес бар;
ә) үлес бар;
б) үлес бар.
№ 396 Жай бөлшек түрінде жазыңдар.
1)жетіден екіні; 4)сегізден бесті;
2)бестен үшті; 5)оннан тоғызды;
3)алтыдан бірді; 6)жүзден үшті.
№ 399
1) Бақтағы 120 ағаштың -і шырша ағаштары. Бақта неше шырша ағаштары бар?
Шешуі: 120/5 бөлу арқылы бақтағы ағаштардан шырша ағашының үлесін анықтаймыз.
Жауабы: 24 шырша ағашы бар.
2) көрмедегі 57 суреттің -і бояулы суреттер. Көрмеде неше боялаулы сурет бар
Шешуі: 57/3 амалынан көрмедегі суреттердің ішінен бояулы суреттердің үлесі табамыз.
Жауабы: 19 бояулы сурет бар.
№ 406 Гүл шоғында 5 қалампыр гүлі, 13 түймедақ гүлі және бірнеше раушан гүлі бар. Егер гүл шоғында барлығы 27 гүл болса, ондағы раушан гүлі барлық гүлдердің қандай бөлігі?
Шешуі: 1) 27-(5+13) барлық гүлдерден қалампыр мен түймедақ гүлдерінің қосындысын азайтсақ, раушан гүлінің санын аламыз
2) 9/27 барлық гүлдердің қанша үлесі бар екенін бөлу амалы арқылы анықтаймыз.
Жауабы: раушан гүлі барлық гүлдердің бөлігін құрайды.
VI. Қорытынды
1.Үлестер дегеніміз не?
2.Бөлінді де, бөлшектің алымы мен бөлімі нені білдіреді?
3.Бөлшекті бөлінді ретінде жазуға бола ма?
4.Керісінше, бөліндіні ше?
5.Жай бөлшекке мысал келтіріңдер?
VII. Үйге тапсырма
Ережелерді жаттау
№ 397
№ 403
VIII. Бағалау