Өткізілген күні: 22.04.2015 жыл
Сыныбы: 5 «Г»
Пәні:Математика
Сабақтың тақырыбы: Бөлінді бойынша бірінші сан екінші санның неше процентін құрайтынын табу.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Бөлінді бойынша бірінші сан екінші санның неше процентін құрайтынын толық меңгерту.
2.Дамытушылық: Оқушылардың жан – жақты ойлау қабілетін дамыту.
3.Тәрбиелік: Мұқият тыңдауға, өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу,оқушылардың сабаққа қатысымына көңіл аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: Үй тапсырмасының шығару жолын атап көрсету.
III. Жаңа сабақты түсіндіру.
Бөлінді бойынша бірінші сан екінші санның неше процентін құрайтыны табу үшін:
1) бірінші санды екінші санға бөлу керек;
2) шыққан бөліндіні процентпен өрнектеу керек.
Мұндағы: Р – процент саны. а – берілген (100%-ке сәйкес) сан, в – процентін табуға тиісті сан.
1-мысал. Фермер 140 гектар жердің 91 гектарын картоп екті.Фермер жердің неше процентіне картоп екті?
Шешуі: Есептің шарты бойынша 140 га аудан 100 %-ке сәйкес.
91 га аудан 140 гектардың қандай бөлігі?
Фермер жердің неше процентіне картоп екті?
Қысқаша:
Жауабы: 65%.
IV.Бекіту.
№1342.
5 саны 20 – ның
9 саны 60 – дың
7 саны 3,5 – тің
неше процентін құрайды?
Шешуі:
№1343.
480 санының
96 саны 3) 144 саны
336 саны 4) 672 саны
неше процентін құрайды?
Шешуі:
№1344.
250 кг қант қызылшасынан 45 кг қант алынды. Қант қызылшасынан неше процент қант алынды?
Шешуі:
Жауабы: Қант қызылшасынан 18% қант алынды.
V. Сабақты қорытындылау.
Үйге тапсырма. №1342 – 2),3),№1346
VI. Бағалау.