Жәңгір хан атындағы жалпы білім беретін орта мектеп
Тақырыбы:
«Математика – ғылымдар патшасы»
Сыныбы: 7-9
Орда – 2015
Тақырыбы: «Математика – ғылымдар патшасы»
Сыныбы: 7-9
Күні: 21.01.15.
Құзіреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:
а) ақпараттық: дарынды оқушыларды табу, олардың қабілеттерін ашу;
ә) коммуникативтік: оқушылардың танымдық, логикалық, шығармашылық белсенділіктерін дамыту, тапқырлыққа,ұқыптылыққа баулу;
б) проблемалық: Алған білімдерін өмірде қолдана білуге, пәндердің бір-бірімен байланысын көрсету.
Іс-шараның түрі: дәстүрлі емес.
Іс-шараның типі: ойын, сайыс сабақ
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, физика
Көрнекіліктер: слайдтар
Барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Құрметті оқушылар, ұстаздар, қонақтар, бүгінгі «Математика – ғылымдар патшасы» атты сыныптан тыс шараға қош келдіңіздер!!! Бүгінгі сайысқа қатысушылармен таныс болыңыздар:
сынып оқушылары;
сынып оқушылары;
Шараның өтілу барысымен таныс болыңыздар:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Таныстыру бөлімі.
ІІІ. Миға шабуыл.
IV. Мақалшылар сайысы
V. Тапқырлар сайысы
VI. Көрермендер сайысы
VII. Жеңіске таяу, қозғалма баяу
VIII. Қорытынды бөлімі.
ІІ. Таныстыру бөлімі.
Әр топ өздеріне ат қояды және топты таныстырады.
ІІІ. Миға шабуыл.
1-топқа:
Алманың жартысы неге ұқсас? (жарты жазықтық)
2. Бұрышты өлшейтін құрал. (транспортир)
3. Жанұяда 2 ұл және әр ұлдың 2 әпкесі, 1 әкесі бар. Әр қыздың бір анасы бар. Жанұяда барлығы қанша адам бар? (6)
4. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг тартады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша? (3кг)
5. Мектепке келе жатқан 5 балаға қарсы жолда тағы 4 бала жолықты. Мектепке неше бала барды? (5 бала)
6. Ұшақ Семейден Алматыға дейін 1 сағат 20 минут ұшады, ал кері қарай 80 минут ұшады. Бұл айырмашылықты қалай түсінесің? (тең)
2-топқа:
1. Электр поезы шығыстан батысқа жүйткіп келеді. Қарсы бағыттан жел тұрса, жел поезд түтінін қай жаққа қарай айдап әкетеді? (электр поезында түтін болмайды)
2. 1т мақта ауыр ма, 10 ц темір ауыр ма? (тең)
3. Үш әке,үш бала бес орынды жеңіл машинамен қала сыртына демалысқа шығады.Жолда оларды МАИ қызметкерлері тоқтатып,құжаттарын тексереді.Ол жүргізушіге ешқандай шара қолданбай жібереді.Машинада артық адам бар емес пе?Кане,ойланайық,неге байқамады? ( Барлығы 4 адам:әке,баласы,немересі,шөбересі)
4. Қандай үш таңбалы сандардың қосындысы олардың көбейтіндісіне тең? (123)
5. Теректе 10 қарға отырды. Екеуін атып еді нешеуі қалды? (0)
6. Бір жанұяның бес ер баласы және олардың әрқайсысының қарындастары бар. Жанұяның қанша баласы бар? (6)
IV. Мақалшылар сайысы
Бір түйір дәнде, ... ( бір тамшы тер бар)
Алтау ала болса, ауыздағы кетеді. ... (Төртеу түгел болса, төбедегі келеді. )
Екі жақсы қос болмас, ... (Екі жаман дос болмас)
..., жұдырық болады. (Бес бармақ жиылса)
Алдыңа бір қарасаң, ... (Артыңа он қара)
Досыңның мың болғанына мақтан, ... (Дұшпанын жалғыз болсада сақтан. )
Алты аға бірігіп әке болмас, ... (Жеті жеңге бірігіп ана болмас).
V. Тапқырлар сайысы
Логикалық есептер.
1-топқа
Таныс емес қалаға келген математик шашын алмақшы болды. Қалада екі ғана шаштараз бар, әрқайсысының өз орны бар. Біреуіне кіріп, ол оның орны лас екенін көріп, шебердің алқам-салқам киімін көріп, шашы қалай болса солай алынғанын байқады. Ал екіншісінде тап-таза, иесі мұнтаздай таза және шашы тамаша алынған екенін байқады. Аз уақыт ойланып, математик бірінші шаштаразға барды. Неге? (қалада екі ғана шаштараз болғандықтан әрқайсысы да бірін-бірі қырқады. Демек, біріншісі – жақсы шашатараз)
7+7=2 қалай 2 шығады?
2 2 2 2=13 қалай шығады? Кез келген мамалмен шығар.
9 нүктені 4 түзеу сызықпен үзіп алмай қосыңдар.
2-топқа
Жасы жүзге келген қария өзінің туған күнін қалдырмай атап отырған. Сонда ол 25 рет қана атап өткен. Ол қай күні туған? (29 ақпанда туған)
8+8=4 қалай 4 шығады?
2 3 4 5=28 қалай шығады? Кез келген мамалмен шығар.
9 нүктені 4 түзеу сызықпен үзіп алмай қосыңдар.
VI. Көрермендер сайысы.
1. Қай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді? (0)
2. Суда қандай тас болмайды? (құрғақ)
3. Жылдың неше айында 28 күн бар? (барлық)
4. Столдың бір бұрышын кессең неше бұрышы қалады? (5)
5. 4 пен 5-тің арасына қандай таңба қойылғанда 4-тен артық, 5-тен кем сан шығады? (үтір)
6. Үш түйе құс ұшып барады, аңшы олардың біреуін атып алды. Нешеуі қалды? (түйе құс ұшпайды)
7. 3 жұмыртқа 3 минутта піседі, ал 5 жұмыртқа неше минутта піседі? (3)
8. Түнгі сағат 12 де жаңбыр жауып тұр, 48 сағаттан кейін күннің көзін көруге бола ма? (жоқ)
9. Екі қолда 10 саусақ бар, оң колда ше? (5)
10. 86 санын қағаз бетіне жазбастан 12-ге арттыр. (төңкеріп қоясын)
11. 188 ді екіге бөлсек 100 шығады қалай? (қиып тастайсын)
12. Әріптерді дұрыс орналастыру арқылы математикалық терминдерді табу. роаблаап, мсакаио, үпкемөш, лвтьеикра, цналриоа, адмиеан. (Парабола, аксиома, көпмүше, вертикаль, рационал, медиана)
13. “ Екі қарға ”. Екі қарғаның біреуі оңтүстікке, біреуі солтүстікке қарап отыр. Олар біріне –бірі:
- Достым, мен сені көріп отырмын, – дейді.Олар бірін – бірі қалай көреді?
(Қарғалар бір-біріне бетпе-бет отырғандықтан, олар бірін – бірі көреді.)
14. Болат сенбі күні кешкі 9-да ұйықтауға жатты. Ол сағаттың қоңырауын келесі күнгі таңертеңгі 10-ға қойды. Болаттың сағат шырылдағанға дейін неше сағат ұйықтағанын анықта. (1 сағат)
VII. Жеңіске таяу, қозғалма баяу
Бұл кезеңде ұящықтарға жасырынған суреттерді топтар ұпай тігу арқылы ұтып алып, суретті табады.
VIII.
Қорытынды бөлімі.
Әділ-қазы мүшелері ұпайларын санап, қорытындылап марапаттайды.
Математика бұл күнде барлық жерде:
Құрылыста, техникада, өндірісте
Сырларын бұл ғылымның меңгеріңдер,
Шәкірттер зерделікпен үйреніңдер!
Виноградов И.В.: «Математиктер қиыншылықтарды жеңіп барып өседі және кемелденіп отырады».
Қош, сау болыңыздар!!!