Екі айнымалысы бар теңсіздіктер.

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Тексерілді:

Күні: 26.10.16 Пәні: алгебра Класс: 9а

Сабақтың тақырыбы: Екі айнымалысы бар теңсіздіктер.

Сабақтың білімділік мақсаты: екі айнымалысы бар теңсіздік ұғымымен, екі айнымалысы бар теңсіздіктің шешу алгоритмімен таныстыру.

Дамытушылық мақсаты: екі айнымалысы бар теңсіздікті шешу алгоритмін қолданып есептер шығару. Оқушылардың таным қабілеттерін арттыру, ойлау қабілеттерін дамытып, білімдерін тереңдету.

Тәрбиелік мақсаты: оқушыларды мақсатына жете білуге, шапшаң ойлауға, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгеру.

Сабақтың әдісі: жаңа білім беру үрдісі бойынша жаңа әдіс-тәсілдер,проблемалық жағдай туғызатын әдістер, ішінара іздену, зерттеу әдістері.

Көрнекілігі: интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үйге берілген тапсырманы пысықтау.

ІІІ.Жаңа сабақты меңгерту

Сонымен бүгінгі өтетін тақырыбымыз: Екі айнымалысы бар теңсіздіктер

Анықтама: Екі айнымалыдан тұратын теңсіздікті екі айнымалысы бар теңсіздік деп атайды.

Мысалы, 3х+7у>9; -2y+5x0;-6у0.

Екі айнымалысы бар теңсіздіктерді шешу алгоритмі:

1.Теңсіздікке сәйкес теңдеудің немесе функцияның түрін анықтаймыз.

2.Ол теңдеудің немесе функцияның графигін координаталар жазықтығына салып, жазықтықты бөліктерге бөлеміз.

3.Жазықтықтың қай бөлігі теңсіздіктің шешімі болатынын анықтаймыз.

[pic] [pic]

[pic] [pic]

Сергіту сәті.

ІV. Жаңа сабақты бекіту.

  1.  теңсіздігінің шешімдері болатын нүктелерді табыңыз:

1)(6;10)

2)(-12;0)

3)(8;9)

4)(9;7)

5)(-12;12)

  1. x2+y2≥100 теңсіздігінің шешімдері болатын нүктелерді табыңыз. 1) (6;10)

2) (-10;0)

3) (8;5)

4) (9;7)

5) (-10;10)

V. Үйге тапсырма:№102-105,108.


VI.Бағалау. Оқушыларға «Сіздер менің орнымда болсаңыздар сыныптастарыңызды қалай бағалар едіңіздер?» деген ой тастаймын. Әр топтың топ басшылары топтық жұмыс кезіндегі іс-әрекеттерді талдайды, бағалайды.


Рефлексия. Балалар бүгінгі сабақтан сендер қандай әсер алдыңдар?

Не ұнады,не ұнамады?