11 сынып оқушыларына арналған «Элементар математика» қолданбалы курсының бағдарламасы
Бағдарламаға түсінік хат
Қазіргі кезеңдегі ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы және терең білімінің болуын, олардың шығармашылықпен жұмыс істеуін,жан-жақты ойлауға қабілетті болуын талап етеді.Қазіргі заман математика ғылымының өте кең жан-жақты тараған кезеңі,ал талапқа сай білім математикалық білім берудің басты шарты математикалық мәдениеттің деңгейін көтеру болып табылады.
Математикалық есептерді шешу,теоремаларды дәлелдеу оқушылардың ойын оятып ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамытуды,батыл қимылдар жасауға шығармашылық ізденіске тәрбиелейді.
Қазіргі кезеңдегі мектеп математикасындағы әлі шешімі табылмаған проблемалар аз емес.Соның бірі оқушылардың ойлау қабілетін дамыту,білім алуға деген құштарлығын арттыру.Курс бағдарламасы бойынша оқушылар алгебралық,модуль таңбасы бар,жоғары және функцияналдық теңдеулер мен олардың жүйелерін шешудің жолдарын,тригонометриялық өрнектер мен тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу жолдарын туынды мен интегралдарды табу тәсілдерін,геометриялық есептерді шешудің негізгі принциптері мен әдіс-тәсілдерін қарастырады.
Мақсаты:
- оқушылардың ойлау қабілетін қиындығы жоғары логикалық есептер арқылы дамыту;
- ҰБТ-дағы берілген тапсырмаларды орындауда оқушыларға қиындықты жеңу үшін көмектесу, математикадан білімін тереңдету;
- Оқушылардың шығармашылық ізденістерін дамыту;
Міндеті:
1)Оқушының теориялық білім деңгейін арттыру;
2) алған білімдерін өздігінен дамытып,қолдана білу;
3)оқушылардың шығармашылық қабілетін жоғары деңгейлік тапсырмаларды орындауға оқушының дарындық қабілетін анықтау;
4)математикалық есептерді шығару үрдісінде оқушының қабілетін және тұлға қасиетін дамыту;
5)Оқушыны олимпиадаға дайындауда жетістікке жете алатындай деңгейде жұмыс жасау;
Талаптар:Кез-келген оқушы қандай кәсіби мамандықты таңдасада олардан математикалық білім қажет етіледі.Математика туралы тереңірек білім беру арқылы оқушылардың математикалық логикалық және сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін арттыру.
Пәнаралық байланыс: Математика,геометрия,физика,биология,сызу,химия, экономика
Кәсіпке бағдарлау:Математик,инженер-информатик,экономист,бухгалтер, менеджер
Күтілетін нәтиже:
-математикалық ғылымның өзінің таңдаған мамандығында қажеттігін сезінуі,қалаған мамандығына дұрыс таңдау жасауы;
-оқушылардың математикалық білімінің жоғарылауы;
-өзінің теориялық білімін практикамен ұштастыра білуі;
-логикалық ойлау қабілетінің дамуы;
-қиындығы жоғары есептер шығару арқылы шығармашылық жұмыс жасау деңгейінің жоғарылауы;
Курстың уақыт көлемі:34 сағат,аптасына 1 сағат.
Курстың ұйымдастыру формасы:лекция,практикалық жұмыс,тест
Курсты оқытуды аяқтау формасы:реферат, тест
Бағалау жүйесі:білімдерін есепке алу,сынақ
«Элементар математика» 11 сыныпқа арналған қолданбалы курстың күнтізбелік жоспары
Бағдарлама мемлекеттік оқу стандарты негізінде жасалынды.
Пайдаланылған әдебиеттер
«Математика және физика журналы»
«Репититор»журналы
Дидактикалық материалдар
Анықтамалықтар
Тесттер
«За страницами учебника» Л.Ф.Пичурин
И.П.Рустюмова,С.Т.Рустюмова Пособие для подготовки к единому национальному тестированию (ЕНТ) по математике.
«Математикадан таңдамалы есептер»-І,ІІ-Қаниев
Самостоятельная деятельность учащихся при обучении математике»-С.И.Демидова
«Справочник по методам решения задач по математике»-А.Г.Цыпкин
Нестандартные методы «решения уравнения и неравенств»-С.Н.Олехник
«Тригонометрические уравнения и неравенства»-Барадуля
«Сборник задач по математике»-М.И.Сканави
Математикалық олимпиада есептері –ЖанасбаеваҰ.Б. Жанасбаев К.Б.