Сабақ жоспары математикадан 7 санын қосу және азайту 1 сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Құзіреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат – міндеттері


а) ақпараттық

Оқушыларға 7 санын қосу кестесін және азайтудың сәйкес жағдайын тиянақтау, қарапайым өрнектермен,есептеулермен байланыстыра отырып алуан іс – әрекет барысында кестелік қосу мен азайтуды орындауға машықтандыру және жалпы мағлұмат беру;

ә) коммуникативтік

7 санын күнделікті өмірде қайда қолданатыны туралы білім арқылы сәйкес қорытынды жасауға дағдыландыру. Оқушыларды жылдамдыққа, зейінділікке тәрбиелеу;

б) проблеманы шешу

Оқушылардың ой – өрісін, ақыл – ойын дамыту. Тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, алғырлыққа баулу. Пәнге қызығушылығын, белсенділігін арттыру

Сабақтың типі

Аралас

Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар

Ынтымақтастық, ұжымдық және топтық оқыту, дамыта оқыту, ойын технологиясы

Сабақтың әдісі

Түсіндіру, практикалық, сұрақ – жауап, үлестірме

Пәнаралық байланыс

Ана тілі, Еңбекке баулу

Қажетті құрал - жабдықтар

Оқулық, жұмыс дәптерлері

Сабақтың барысы

Оқытушының қызметі

Оқушының қызметі

Күтілетін нәтиже

І. Ұйымдастыру бөлімі

- Амандасу;

- түгендеу;

- оқушылардың назарын сабаққа аудару

- Амандасу;

- кезекшілік міндетін атқару;

- сабаққа дайындалу

Сабаққа дайындық ұйымдастырылып, оқушылардың сабаққа зейінін аударуы

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

1. І топ 4 санын қосу және азайту;

ІІ топ 5 санын қосу және азайту;

ІІІ топ 6 санын қосу және азайту.

2. 1-ден 10-ға дейінгі сандарды өсу және кему ретімен санатам.

Ауызша жауап береді.

Жауаптарды салыстырып, қорытынды жасайды.

Сұрақтың жауаптарының мүмкіндіктерін игереді.

III. Жаңа материалды түсіндіру



[pic]

IV. Бекіту (есептер шығару)

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту. 7 санын қосу кестесін құрастыру. 7-ні басқа санға қоса және азайта білуге үйрету.

- Балалар, біз бүгін «Шалқан» ертегісіндегі адамдарға шалқанды жұлып алуға көмектесеміз. 1 – атайға көмек. Ол үшін кітабымыздың №2 есебіне кесте жазып жаттаймыз.


1 + 7 = 8 8 – 7 = 1

2 + 7 = 9 9 – 7 = 2

3 + 7 = 10 10 – 7 = 3





Шалқанды жұлып ала алмадық. Енді апаны көмекке шақырайық та көмектесейік. Ол үшін № 3 есепке назар аударайық:

Барлығы 6 кәмпит бар еді. 2 кәмпит тарелканың ішінде, қалғандары сауыттың ішінде жатыр. Сауыттың ішінде неше кәмпит бар?

- Есепте не туралы айтылған? Барлығы неше кәмпит бар? Есепте нені тап дейді? Қандай амалмен шығарамыз?

Шалқанда жұлынбады. Енді демалып, сергіту сәтін жасап алайық.

Сергіту сәті: Ал балалар тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Оңға қарай иіліп,

Солға қарай иіліп,

Бір отырып, бір тұрып.

Бір тынығып алайық.


Енді қызын көмекке шақырып соған көмектесейік. Ол үшін мына плакатқа қараңдар. Мына плакаттағы есептеулерді есептейміз. Екі топ болып жарысып шығарсақ. Азайтқыштың астын сыз:


[pic]




[pic]








Шалқанды жұлып ала алмадық. Көмекке итті шақырайық. Оған көмектесу үшін оқулығымыздағы №5 есепті шығарамыз. Тақтадағы көрнекілік арқылы түсіндіріп бірлесе талқылаймыз.

[pic] [pic]

3


[pic]

[pic]

[pic] [pic] [pic] [pic] [pic] [pic]

8


[pic] [pic] [pic] [pic] [pic]

[pic]

[pic] [pic]

6


[pic] [pic]


[pic] [pic]

[pic]

3


[pic] [pic] [pic] [pic]

[pic]

[pic]

6



[pic] [pic]

---


[pic]

Неше үшбұрыш, дөңгелек, түзу бар екендігін табу керек.

Итте жұлып ала алмады. Енді көмекке тышқанды шақырайық та бірге ойын ойналық:

1) «Алма теру» ойыны

Дидактикалық мақсаты: Бір таңбалы сандарды қосу және азайту. Ондықтан аттап қосу және азайтуды үйрену. Балалар ойнай отырып ауызша немесе жазбаша есептеп жаттығады.

Керекті құралдар: Алма бағының суреті, магнит тақтасы жеке – жеке бірнеше алма мен алма салатын себеттер.

Мазмұны: Магнитті тақтаға үлкен алма ағашының суреті орналастырады. Ағашта ілінген алмаларды алманың суреті бар карточкаларды үзіп алып, тиісті себеттерге салады. Себеттің ойын сыртына нәтиже жазылады, ал алмаларға өрнектер жазылған. Балалар өздері қалаған себеттерін таңдап алады да, соған тиісті алманы үзіп салады.

Себетті кім тез толтырса, сол мұғалімге өткізеді.


- Міне, тышқанға көмектесіп шалқанды жұлып алдық. Бірлесіп жұмыстансақ барлық қиыншылықтың бәрін жеңеміз.

Сабаққа зейіндерін аударып, жаңа білімді игереді. 7 санын қосу және азайту кестесіне назар аударып талқылайды.


- Жарайды


Оқулықтарындағы №2 есебіне кесте жазып жаттайды. Оқушылар «ауызша қосылғыштарының бірі 7 болатын қосындылар, азайтқышы 7 болатын айырмалар айтады. Мәндерін табады.

1 + 7 = 8 8 – 7 = 1

2 + 7 = 9 9 – 7 = 2

3 + 7 = 10 10 – 7 = 3





Берілгені:

Т [pic] арелкеде – 2 к 6 к

Сауытта - ? к

Шешуі: 6 – 2 = 4к

Жауабы: Сауытта – 4к




Сергіту сәті: Ал балалар тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Оңға қарай иіліп,

Солға қарай иіліп,

Бір отырып, бір тұрып.

Бір тынығып алайық.




Екі топ болып жарысып есепті тездетіп шығарады. Азайтқыштың астын сыза [pic] [pic] [pic] [pic] [pic] [pic] [pic] [pic] [pic] ды.



















































2) «Кестелік қосу мен азайту» тақырыбына арналған ойын «Ханталапай»

Дидактикалық мақсаты: Санау дағдыларын бекіту. Артық, кем түсініктерін тиянақтау.

Қажетті құралдар: асық саны 10.

Мазмұны: ойынды сыныппен жарыс түрінде өткізуге болады. Әр қатардан оқушы шақырады ойын басқарушы:

Талапай тау талапай,

Табылды ойын, алақай!

Асықты алға шашамыз,

Талапайға басамыз, - деп өлең шумағын айтып, асықты шашып жібереді. Оқушылар шашылған асықты жинап алады. Әр оқушы өзінің қолындағы асығын сыныппен қосыла хормен санап шығады. Асықтың саны анықталған соң, салыстыру жұмысы жүргізіледі.

Кім асықты көп жинайды?

Нешеу қаншасы артық? сияқты сұрау қойылады. Жеңімпаз оқушы марапатталады.

Оқушылар сабаққа зейіндерін аудара жаңа білімді тез игере алады.


7 санын қосу және азайту кестесіне назар аударып талқылайды.




Ақпараттық

берілген тапсырманы орындай отырып, нақты ақпаратты бөліп алады.


Коммуникативтік

берілген тапсырманы орындай отырып, өз ойларын сауаттылықтарын дамытады.


Проблеманы шешу

өздеріне берілген тапсырманы тексере отырып, бағаланады, берілген тапсырманы бір тәртіппен орындайды.


Оқушылар жаңа материалды меңгеріп, берілген есептерді уақытында шығарып сабаққа белсене қатысып отырады.

Оқушылар сабақта артық қимыл жасамай, тынышталып, мұғалім түсіндірген материалды қызығушылықпен тыңдап отырды. Оқушылар сабақтың ортасында бойларын сергітіп, сергіту жаттығуын жасады.


Бүгінгі тақырыпқа байланысты ілінген көрнекіліктер оқушылар кітапта берілген мазмұнды есептерге қолдана білді.









Оқушылар сабақта артық қимыл жасамай, тынышталып, мұғалім түсіндірген материалды қызығушылықпен тыңдап отырды.










Оқушылар тақтадағы көрнекіліктерге қарап суретте

неше үшбұрыш, дөңгелек, түзу бар екендігін таба алады да ажыратады..






Математикалық ойындарда белсенділік танытып жеңімпаздар анықталып марапатталады.



Оқушылар ойлау қабілеттерін дамытып қана қоймай сонымен қатар жылдамдыққа, ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа баулиды.

V. Үйге тапсырма.

Жұмыс дәптерлерінен №5 есепті шығару, яғни сиқырлы шаршыларды салу

Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.

Берілген нұсқауларлы мұқият тыңдап қорытынды шығарып келу.

VI. Қорытындылау.

Тал басында тізіліп,

10 жапырақ тұр еді.

Жел соқтыда үзіліп,

Ұшып кетті біреуі

Ізінше оның жұлынып

Түсті тағы екеуі.

Тұр әлі де ілініп

Жапырақтың нешеуі?

- Әрине дұрыс, бүгінгі тақырыпты түсіндерін көрініп тұр.

- Сау болыңыздар!

Оқушылар ойлана отырып барлығы 7 жапырақ десті.





Оқу құралдарын жинақтап тынышталып отырады орындарынан тұрып қоштасады.

Барлығы оқу құралдарын жинақтап тынышталады. Бүгінгі өткен тақырыпты жақсы меңгереді өз ойларын жинақтайды.