Сабақтың тақырыбы: Қиылысатын түзулер

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың тақырыбы: Қиылысатын түзулер

Сабақтың мақсаты:

І. Білімділік: Қиылысатын екі түзудің бір ғана ортақ нүктесіболатындығын, вертикаль бұрыштардың пайда болуын, олардың градустық өлшемдерін есептеуді үйрету.

ІІ. Дамытушылық: Оқушылардың өздігінен ойлау қабілетін дамыту,салыстыра білуге,есте сақтауға және пәнге қызығушылығын дамыту.

ІІІ. Тәрбиелік: Оқушының білімге құштарлығын, сөйлеу мәдинетін, тіл байлығын дамытып, еңбек сүйгіштікке, батылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ

Сабақтың әдісі: Білік пен дағдыны қалыптастыру

ІV. Оқытудың әдісі: Түрлендірмелі және практикалық

Көрнекілігі: Парақшалар, сызбалар, интерактивті тақта, батырлар суреті, сызғыш, нақыл сөздер, батырлар киімдері.

Пән аралық байланыс: Ағылшын тілі, сызу, әдебиет.

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі.

ә) Ұрандарын айту, сабаққа әзірлік жасау (ағылшын, қазақ тілдерінде жауап беру керектілігі ескертіледі)

б) Өтілген тақырыптарды еске түсіру.

в) Жаңа тақырыпты түсіндіру.

г) Жарыс ойындарын өткізу

д) Есептер шешу.

е) Пысықтау.

ж) Бағалау.

з) Үйге тапсыма беру.

Сабақ кезеңдері: 1.Танымдық деңгей (ауызша сұрақтар)

2. Алгоритмдік деңгей (сызба жұмысы)

3. Шығармашылық деңгей (есептер шешу)

4. Биіктеу деңгейі (қорытынды жасау, бағалау).

Сабақта оқушылардың әрбір сұрақтарға жауап беруіне қарай, әрбір жауапқа батырлардың бір киім үлгісіне ие болатындығы ескертіледі.

Оқушыларды жігерлендіру мақсатында тарихи оқиғадан азғана үзінді оқылады.

(Бір шайқаста Абылай хан: «Осы ұрыста көзсіз ерлік көрсеткен жігітті табыңдар»,- деп бұйрық береді. Хан алдына бозбала батыр жігіт келеді. Сонда Абылай хан: «Жаудан қайтпайтын бетің бар, менің бірінші айғайыммен неге шаппадың?» - деген екен.

Баян: «Алдымен ханға жол бердім. Одан аға баласы Арғынның жолын кеспедім. Ақыры ажалдан басқа жол болмаған соң өзім шаптым», -деп тапқырлықпен жауап береді.)

1-топ. ”Қабанбай”, 2-топ.”Баян батыр”, 3-топ.”Кенесары”.

(интерактивтік тақта арқылы батырлардың суреті жіберіледі.)

Экспресс сұрақтар: (5-сыныпта өтілген тақырыптарды қайталау).

Парақшалар таратылады әрбір топқа,тез уақыт ішінде жауап берулері керек.

1.Бұрыш дегеніміз не және оны немен өлшейміз?

2.Бұрыштың қандай түрлерін білесіңдер және оны сызу үшін қандай құралдарды пайдаланамыз?

3.Сүйір бұрыш, доғал бұрыш, жазыңқы бұрыш,тік бұрыштарды салыңдар және градустық өлшемдерін көрсетіңдер.

(кейбір терминдерді екі тілде таныстырып отыру және сұрау).

Жаңа сабақ: 1.Екі нүкте белгілеу, оларды қостыру.(өздерінен не шыққанын сұрау) ______

2 [pic] .Кесіндіні әріптермен белгілетіп,енді екі жағына создырып түзу алу.(ағылшын тілінде нүкте, түзу, кесінді,сызғыш деген сөздерді таныстыру). _________

Түзу – шектеусіз фигура.

3 [pic] .Түзу екі үлкен латын әрпімен немесе бір кіші латын әрпімен белгіленетінін таныстыру.(a,b,s,t,…) A B a

[pic]

b

4 [pic] [pic] .О нүктесі а және b түзуіне де ортақ. a b

O

5 [pic] [pic] .Жазықтықтағы екі түзудің қиылысуынан төбелері ортақ төрт бұрыш пайда болады. a b

2

3 4 1 <1, <2, <3, < 4. <1=<3 < 2=<4

Бір бұрыштың қабырғаларының әрқайсысы, екінші бұрыштың қабырғалары-ның созындысы болатын екі бұрыш вертикаль бұрыштар деп аталады.

6.Вертикаль бұрыштар тең.

<1 пен <3 – вертикаль бұрыштар; < 2 пен <4 -вертикаль бұрыштар;

Бір жұбы сүйір бұрыштар, бір жұбы доғал бұрыштар.

Мен ұқыпты баламын” (әрбір топтан бір-бірден оқушы шығып жаңа тақырып бойынша сызба жұмысын жасап, оны түсіндіреді).

Тапсырма: 1. Екі түзудің қиылысуынан пайда болған бұрыштың біреуі 45° қалған бұрыштарды табыңдар?

2. Екі түзудің қиылысуынан пайда болған бұрыштың біреуі 80° қалған бұрыштарды табыңдар?

3. Екі түзудің қиылысуынан пайда болған бұрыштың бірі 120° қалған бұрыштарды табыңдар?

Есептер шешу.№1063.(суреттегі қиылысатын түзулерді тауып,олардың қиылысу нүктелерін оқу керек).

№1064, 1066, 1067.Тақтада жұмыс жасалады.

Сабақты пысықтау: Оқушылар арасында өзара сұрақтар бергізу.

Бағалау.

Үйге тапсырма: 6.1, 1065, № 1070.